4. Құйып толтыру (инъекция) жəне бұзу (коррозия) əдістері түтікше
мүшелердің тарамдалу заңдылықтарын зерттеу үшін, мүшелер куыстарын
қатаятын заттармен толтырып, құйылған зат катайғаннан соң, мүшелерді
қышқылға салып, оның жұмсақ ұлпаларын ерітіп жіберу арқылы
препараттарды дайындауға арналған əдістер.
5. Жидіту (мацерация) əдісі дененің жұмсақ ұлпаларын шіріту арқылы
сүйек препараттары мен майда жануарлар қаңкасын дайындау үшін
қолданылады.
6. Молдірлендіру əдісі қан тамырларының тарамдалу заңдылықтарын
зерттеу үшін, олардың куысын боялған затпен толтырып, тамырлардың
сыртындағы ұлпаларға мөлдір сұйықты көп мөлшерде енгізу арқылы
молдірлендіреді.
7. Авторадиографиялық əдіс радиоактивті изотоптардың комегімен
арнайы аспап арқылы дене мүшелерінің даму кезеңдерін тексеруге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |