2. Микроскопиялық кезең. Үлкейткіш линзалар жүйелерінен жасалған
оптикалық микроскоптың дүниеге келуі морфологиялық зерттеулердің
ауқымын кеңейтіп, адам мен жануарлар организмі мүшелерінің бұрын
қаруланбаған көзге көрінбейұлпа тым майда жаңа құрылымдарының
(ұлпалар мен жасушалардың) құрылысын аныктап, терең зерттеуге мүмкіндік
берді. Морфологиялық зерттеудерде микроскопты бірінші болып 1625 жылы
Стеллутти қолданды.
3. Электронды микроскопиялық кезең. Электронды микроскопты
үлкейткіш аспап реұлпаде, 1931 жылы Кнолл мен Руска Алманияда (А. Хэм
жəне Д. Кормак бойынша) бірінші рет құрастырып, ал оның жетілдірілген
моделін 1933 жылы шығарды. Солтүстік Америкада бірінші электронды
микроскопты 1932 жылы Торонто университеті физика факультеұлпаің
оқымыстылары Пребус, Хилье жəне Бартон жасаған. 1930 жылдардың
ішінде-ақ электронды микроскоп көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарына
пайдаланыла бастады. Биология саласында электронды микроскоп 1946
жылдан бері, ал 1 гистологияда 1950 жылдан бастап кеңінен қолданылып,
адам жəне жануарлар организмі мүшелері мен ұлпалары жасушаларының
тым ұсақ та нəзік (субмикроскопиялық) құрылысын зерттеуге толық
мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |