198
Итте асықты жіліктің пішіні имектеу келеді. Проксимальды эпифиздің
буындық бетіндегі айдаршықтараралық төмпешіктердің биіктігі шамалас.
Латеральды айдаршықтың сыртқы бүйір бетінде шыбық сүйек басымен
байланысуға арналған бұдырлы ойыс, ал дистальды эпифизінің латеральды
бетінде бұдыр болады.
Шыбық сүйек (малая берцовая кость) — fibula — əр түрлі жануарларда
түрліше дəрежеде дамыған. Жылқада шыбық сүйектің проксимальды бөлігі
жалпақ жəне бұдырлы келеді. Ол дистальды бағытта жіңішкеріп үшкірлене
келе сіңірлі байламға айналып, асықты жіліктің дистальды эпифизінің
латеральды бетіне бекиді.
Достарыңызбен бөлісу: