Морфология


Флексорлар: 1. Үлкен бел бұлшық еті



Pdf көрінісі
бет489/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   1132
Флексорлар: 1. Үлкен бел бұлшық еті (m. psoas major) соңғы көкірек 

жəне алдыңғы бел омыртқалардың денелерінен басталып, ортан жіліктің кіші 

ұршығында аяқталады. 

2.  Мықын  бұлшық  еті  (m.  iliacus)  мықын  жəне  құйымшық  сүйектері 

қанаттарынан  басталып,  ортан  жіліктің  кіші  ұршығында  аяқталады.  Үлкен 

бел  жəне  мықын  бұлшық  еттері  ортан  жіліктің  кіші  ұршығында 

аяқталатындықтан, оларды біріктіріп, мықын-бел бұлшық еті (m. iliopsoas) 

— деп те атайды. 

Қызметі.  Мықын-бел  бұлшық  еті  жамбас-ортан  жілік  буынын  бүгеді 

жəне сыртқа қарай бұрады. 



3.  Санның  жалпақ  шандырын  кергіш  бұлшық  ет  (m.  tensor  fasciae 

latae)  санның  алдыңғы  бетін  ала  сербек,  жамбас-ортан  жілік  жəне  тобық 

буындары  аралығындағы  үшбұрышты  кеңістікте  орналасады.  Оның  сіңірлі 

басы  сербектен  жəне  ортаңғы  бөксе  бұлшық  етінен  басталады.  Бұлшық  ет 

құрсағы  желпуіш  тəрізді  каудо-вентральды  бағытта  тарамдалады  да,  оның 

сіңірлі құйрығы  санның  жалпақ  шандырымен бірігіп кетеді.  Санның  жалпақ 

шандырын  кергіш  бұлшық  ет  тобық  сүйек  пен  асықты  жіліктің  қырында 

аяқталады. Еттің каудальды бөлігі беткей бөксе бұлшық етімен бірігіп кетеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет