Морфология



Pdf көрінісі
бет697/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   693   694   695   696   697   698   699   700   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

протонефридийлер 

дене 


паренхимасында 

тарамдалып, 

түйықтаушы  жасушалардың  көмегімен,  ыдырау  өнімдерінен  несеп  түзеді 

жəне  оны  сыртқа  шығарады.  Жəндіктерде  протонефридийлер  эктодермадан 

дамып жетіледі. 

Жануарлар  денелерінің  одан  əрі  күрделеніп,  екінші  дене  қуысының 

(целоманың) пайда болуына байланысты, мысалы буылтық құрттарда (жауын 

құрты),  протонефридийлер  дене  сегменттеріне  сəйкес  орналасады.  Олардың 

алғаш  рет  зəр  бөлуге  маманданған  жасушалары  соленоциттер  —  деп 

аталады. 

Жануарлар 

оргйнизмдері 

құрылысының 

одан 


əрі 

күрделенуі 

нəтижесінде, 

мысалы, 


қылтанаяқты 

құрттарда, 

зəр 

түзу 


қызметі 

мезодермадан  дамыған  өзекшелер  нефридийлерге  ауысады.  Олардың 

шөлмек тəрізді кеңейген үштары екінші дене куысындағы сегменттер санына 

сəйкес  орналасып,  куыс  ішіндегі  сұйық  ыдырау  өнімдерін  ірпікшелерінің 

көмегімен сорып сыртқа шығарып отырады. Нефридийлер жөндіктердің дене 

қуыстарынан  иректеліп  басталып,  сол  кеңейіп,  одан  кейін  сыртқы  ортаға 

ашылады.  Бұларда  нефридийрден  басқа,  екінші  дене  куысынан  шөлмек 



324 

 

тəрізді  кеңейіп  басталатың  өзекшелер  де  болады.  Оларды  целомодуктер 



(қуысты  өзекшелері)—  деп  атайды.  Целомодуктер  арқылы  жыныс  өнімдері 

дене  куысы  целомадан  (coeloma)  сыртқа  шығарылады.  Целомодуктер  де, 

нефридийлер  сиякты  мезодермадан  калыптасып,  көп  жағдайда  нефридийлер 

өзекшелерімен бірігіп, екі жүйеге ортақ мүше нефромикцияны түзеді. 

Екінші  дене  қуысты  құрттарда  целомодуктер  тек  жыныс  өнімдерін 

шығару  қызметін  атқарады.  Ал  басқа  екінші  дене  куыстары  жоқ 

буынаяқтылар  мен  былқылдақ  денелілерде  (моллюскаларда)  аталған 

өзекшелер несеп шығару қызметін де атқарады.  

Насекомдарда  организмнен  несепті  бөлу  қызметі  зəр  бөлу  (мальпиги) 

өзекшелерінің  үлесіне  тиеді.  Мальпиги  өзекшелері  ас  қорыту  жүйесі 

куысына, ортаңғы жəне артқы ішектер шекарасына ашылады.  

Төменгі  сатыңағы  хордалыларда,  мысалы,  қандауыршада  (ланцетникте) 

несеп  шығару  қызметін  мезодермадан  дамыған  нефридийлер  тəріздес 

түтіктер  атқарады.  Бұлардың  саны  —  жұз  шақты  жұп  өзекшелер.  Олар 

дененің  желбезек  аумағында,  дене  сегменттеріне  сəйкес  жұп-жұбымен 

орналасады.  Нефридийлердің  ішкі  ұштары  бірнеше  тесікпен  дене  қуысы 

целомадан  басталып,  ал  екінші  ұштары  сыртка  желбезек  маңындағы  куыска 

ашылады. Целомадағы нефридийлер ұштарының тесіктері басталар тұсында, 

қан  капиллярларының  жиі  торы  капиллярлар  шумағы  түзіледі.  Осы  шумақ 

капиллярларының  қабырғалары  арқылы  қаннан  сүзіліп  бөлінген  зəр 

нефридийлердің  көмегімен  сыртқа  шығарылады.  Айта  кету  керек, 

ланцетниктер нефридийлерінің жыныс мүшелерімен ешқандай да байланысы 

болмайды.  Жануарлар  денесінің  күрделенуіне  сəйкес,  нефридийлердің 

сыртқы  ұштары  бірігіп,  олардың  барлығына  ортақ  бір  өзек  қарапайым 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   693   694   695   696   697   698   699   700   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет