Бастапқы бүйрек немесе бас аумагындағы бүйрек (pronephros)
дененің бас бөлігінде, 2-10 -ыншы дене сегменттері тұсында қалыптасады.
Бүйрек негізінен 3-4 жұп құйғышты (воронкалы) өзекшелерден тұрады.
Əрбір өзекше қүйғышы маңында қан капиллярлар шумақшасы дамып
жетіледі. Бастапқы бүйрек дөңгелекауызды жəне кейбір сүйекті балықтарда,
қосмекенділер дернəсілдерінде болады.
Аралық бүйрек немесе тұлғалық бүйрек (mesonephros) бастапқы
бүйректен кейін, 10-30 -ыншы дене сегменттері тұсында, яғни дене
тұлғасында қалыптасады да, бастапқы бүйректі алмастырады. Аралық
бүйректе нефрондардың денедегі метамериялық (сегменттік) орналасуы
бұзылады жəне целомамен байланысы үзіледі. Осының нəтижесінде ол
қомақты бүйрекке айналады. Бүйрек нефрондарының тостаған тəрізді
кеңейіп басталатын ұшы, қан капиллярлары шумақшасының қапшығына
(капсуласына) айналып, бүйрек денешіктерін түзеді. Аралық бүйрек
балықтар мен қосмекенділер сыныптары (кластары) өкілдерінде негізгі зəр
түзуші мүше болып табылады. Ал құстар мен қосмекенділерде ол тек
эмбриондық даму кезеңінде ғана уақытша қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |