Морфология


несепағар түзіледі.  Омыртқалы  жануарларда  нефридийлер  құрылым  бірлігі  ретінде  зəр  шығару  мүшесі  бүйректі



Pdf көрінісі
бет698/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   694   695   696   697   698   699   700   701   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

несепағар түзіледі. 

Омыртқалы  жануарларда  нефридийлер  құрылым  бірлігі  ретінде  зəр 

шығару  мүшесі  бүйректі  құрайды.  Бүйрек  филогенезіңде  зəр  бөлу  қызметі 

дененің алдыңғы жағындағы нефридийлерден, оның артқы жағыңца дамыған 

несеп  өзекшелеріне  ауысады.  Соңғы  өзекшелер  бірігіп,  құрылысы  қомақты 

бүйректі түзе бастайды. Бүйректен шығатын несепағар ішектің соңғы бөлімі 

клоакаға ашылады. 

Омыртқалы  жануарларда  бүйрек  бірін-бірі  алмастырып  отыратын  үш 

сатыдан  өтеді.  Олар:  бастапқы  бүйрек  —  пронефрос,  аралық  бүйрек 

мезонефрос  жəне  тұрақты  бүйрек  —  метанефрос.  Зəр  бөлу  мушелерінің 

дамуы  көбею  мүшелерінің  дамуымен  қатар  жүреді.  Пронефрос  маңында 

ұрғашы  жануарлардың  көбею  мүшелері  дамып,  кейінірек  пронефрос 

несепағары  аналық  көбею  мүшелерінің  жыныс  жолдарына  айналады.  Ал 

мезонефрос  несепағарынан  аталық  көбею  мүшелерінің  жыныс  жолдары 

дамиды. 


Нефридийлердің қүрделеніп, қан капиллярларымен өзара əрекеттесуі 

нəтижесінде  əр  түрлі  бүйрек  сатыларына  сəйкес  бүйрек  өзекшелері 



нефрондар  дамиды.  Біріншіден,  қан  капиллярлары  шумақшасы  нефронның 

басталар 

ұшындағы 

пішіні 


ыдыс 

тəрізді 


екі 

қабат 


қапшығымен 


325 

 

(капсуласымен)  қапталып,  бүйрек  денешігін  құрайды.  Бұл  денешіктерде  қан 



сұйығынан  (плазмасынан)  сүзілу  процесі  арқылы  алғашқы  зəр  түзіледі.  Ал 

қабырғасы эпителий ұлпасынан тұратын бүйрек өзекшелері, алғашқы зəрден 

организмге  керекті  заттар  мен  суды  кері  сорып,  керексіз  ыдырау  өнімдерін 

зəрге қосымша бөледі. Нефрон қабырғасының эпителиоцитгері экскреторлық 

(организмге  керек  емес  ыдырау  өнімдерін  бөлу)  қызметті  атқаруының 

нəтижесінде, нефронның соңын бөліктерінде нағыз зəр түзіледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   694   695   696   697   698   699   700   701   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет