Несепшығар өзек (мочеиспускательный канал) — urethra — қуық
мойнынан басталып, өзінің соңғы бөлігімен жыныс мүшелеріне жалғасып
кетеді. Еркек жануарларда ол жыныс мүшесі өзегімен қосылып, несеп-жыныс
өзегін, ал ұрғашы жануарларда жыныстық кіреберіске ашылып, несеп-жыныс
кіреберісін немесе несеп-жыныс қойнауын құрайды.
Аналық уретра (urethra feminina) жамбас қуысындағы қынаптың
вентральды бетінде қуық мойны мен несеп-жыныс кіреберісі аралығында
жатады. Оның сыртқы тесігі кынап пен несеп-жыныс кіреберісінің
шекарасына ашылады. Аналық уретраның кілегейлі қабығы көпқабатты
ауыспалы эпителиймен астарланған. Онда ұсақ кірмелер болады. Кілегейлі
кабықтың астында бірыңғай салалы ет ұлпасынан түзілген етті қабығы
жатады. Уретраның соңғы бөлімінде етті қабық сыртынан көлденең жолақты
бұлшық ет ұлпасы қабатымен қапталып. оның қысқыш бұлшық етін түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |