Морфология


Аталық  көбею  мүшелерінің  дамуы



Pdf көрінісі
бет731/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   727   728   729   730   731   732   733   734   ...   1132
Аталық  көбею  мүшелерінің  дамуы  кезінде  жыныс  қатпары 

бастамасының  мезотелий  жасушалары  белсенді  түрде  көбейіп,  пішіні 

сопақша  келген  жыныс  безі  бастамасынын  ішіне  қарай  енеді  де,  ирек 

тұқымдық  өзекшелерге  айналады.  Осы  кезде  аралық  бүйрек  жартылай 

ыдырайды  да,  оның  қалған  бөлігі  жыныс  безі  бастамасымен  өрекеттесіп, 

көбею  мүшелерінің  қалыптасуына  қатысады.  Аралық  бүйректің  несеп 

шығару  түтікшелерінін  алдыңғы  бөлігі  жыныс  безінің  ішіне  қарай  өсіп, 

ендегі  ирек  тұқымдық  өзекшелермен  жалғасады  да,  түзу  тұқымдық 

өзекшелерді,  ен  торын  жəне  ен  қосымшасының  басын  құрайтын  тұқым 

өкеткіш  өзекшелерді  түзеді.  Ал  оның  артқы  бөлігі  ыдырап,  одан  қалған 

қалдық  ен  қосымшасының  маңында,  "ен  маңы"  (парадидимис)  деген  атпен 

организмде  өмір  бойы  сақталады.  Аралық  бүйректің  негізгі  (Вольф)  өзегі 

ен қосымшасының өзегіне жəне шəует жолына айналады. Еркек жануарларда 

мюллер өзегінің тек ыдыраған алдыңғы бөліктері ғана ен маңында сақталып, 



гидатида  —  деп  аталады.  Ыдыраған  оң  жəне  сол  мюллер  өзектерінің 

сақталған  соңғы  бөліктері  бір-бірімен қосылып,  еркек  жатыры жəне  қынабы 

деген  атпен  қалдық  ретінде  шөует  жолдары  аралығындағы  несеп-жыныс 

қатпарында орналасады.  

Жетілген  жыныс  безі  ен  құрсақ  қуысының  қабырғасымен  бағыттағыш 

байлам арқылы байланысады. Бұл байламның аралық бүйрек (Вольф) өзегіне 

дейінгі бөлігі, еннің арнайы байламы (ligamentum testis propriura), ал оның 

қалған  соңғы  бөлігі  шап  байламы  (ligamentum  testis  inguinale)  —  деп 

аталады. Сүтқоректі жануарларда дамып жетілген ен қалыпты жағдайда өзін 

қаптаған  сірлі  қабықпен  бірге,  құрсақ  қуысы  қабырғасынан  пайда  болған 

қалта тəрізді мүше —  ұмаға түседі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   727   728   729   730   731   732   733   734   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет