Морфология


Аналық көбею мүшелерінің дамуы



Pdf көрінісі
бет732/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   728   729   730   731   732   733   734   735   ...   1132
Аналық көбею мүшелерінің дамуы кезінде, жыныс безі бастамасының 

ішіне  енген  мезотелий  жасушалары  көбейіп,  жұмыртқалықтағы  алғашқы 

фолликулдердің  сыртқы  тіректік  (фолликулалық)  жасушаларына  айналады. 

Ал  фолликул  ішіндегі  алғашқы  жыныс  жасушалары  сарыуыз  қапшығынан 

қан арқылы келіп қоныстанған бастама жыныс жасушаларынан қалыптасады. 

Сөйтіп,  жыныс  безі  бастамасынан  жұмыртқалық  дамиды.  Жұмыртқалық 

негізгі  аналық  жыныс  безі  ретінде  жануарларда  құрсақ  қуысының  бел 

аумағында орналасады. 




340 

 

Аралық бүйректің алдыңғы бөлігі ыдырап, одан ен қосымшасының басы 



іспеттес  қалдығы  эпоофорон,  ал  оның  ыдыраған  артқы  бөлігінің  қалдығы 

"жұмыртқалық  маңы"  (пароофорон)  деген  атпен  сақталады.  Пароофорон 

еркек  жануарлардағы  парадидимиске  сəйкес  қалдық  құрылым.  Ұрғашы 

жануарларда  аралық  бүйрек  өзектері  (Вольф  өзегі)  толығымен  ыдырау 

процесіне  ұшырайды.  Олардың  нашар  жетілген  соңғы  ұштарының 

қалдықтары "гартнер өзегі" деген атпен ғана сақталады. 

Бұған  керісінше,  бастапқы  бүйрек  өзектері  (Мюллер  өзектері)  белсенді 

жетіліп,  жұмыртқа  жолына,  жатырға  жəне  қынапка  айналады.  Ал  қынап  өз 

кезегінде  несеп-жыныс  кіреберісіне  ашылады.  Мюллер  өзектерінің  бір-

бірімен  өзара  əр  түрлі  дəрежеде  қосылып  бірігуіне  байланысты,  түрлі 

жануарларға  тəн  жатыр  түрлері  дамып  жетіледі.  Аталған  өзектердің  бірігуі, 

олардың соңғы бөліктерінен алдыңғы жақтарына қарай бағытталады. Егерде 

Мюллер өзектері бір-бірімен қосылмай, олардың əрқайсысы жеке дара несеп-

жыныс  кіреберісіне  ашылса, онда олардан  қосқынапты  қосжатыр  дамиды. 

Əрбір  жатырдың  өзіне  тəн  жұмыртқа  жолы  жəне  қынабы  болады.  Бұндай 

жатырда  іштөлі  ұзақ  мерзім  дами  алмайды.  Оның  себебі,  іштөлінің  ұрық 

қабықғары  мен  ұрықжолдасы  (плацента)  толық  жетілмейді.  Сондықтан, 

қосқынапты  қосжатырлы  жануарлар  күшігін  кішкентай,  соқыр,  қызылшақа 

түрінде  шала  туып,  дене  қалталарында  асырайды.  Күшіктері  іштөліне 

(ұрыққа)  ұқсас  болады.  Бұндай  жануарларға  қалталы  хайуанаттар  (кенгуру, 

қалталы аю — коала, қалталы пері, қалталы көртышқан т.б.) жатады. 

Мюллер  өзектерінің  соңғы  ұштарының  қосылуынан,  бірқынапты 



қосжатыр (uterus duplex) дамиды. Əрбір жатыр өзінің жеке дара тесігімен бір 

қынапқа  ашылады.  Бірқынапты  қосжатырда  іштөлінің  ұзақмерзім  дамуына 

толықжағдай болады. Бұндай жатырлар пілде, кейбір кеміргіштерде болады. 

Мюллер  өзектерінің  соңғы  ұштарының  бір-бірімен  көбірек  бірігуінен 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   728   729   730   731   732   733   734   735   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет