əкеткіш өзекшелер (ductuli aberrantes) құрайды. Олар бір-бірімен қосылып,
ен қосымшасының өзегін (ductus epididymidis) түзеді. Бұл өзек ен
қосымшасының денесі мен құйрығын құрайды. Ен мен ен қосымшасын
сыртынан қаптайтын өзіндік қынаптық қабық (сірлі қабық), ен мен ен
қосымшасын бір-бірімен өзара жəне оларды енқаппен байланыстырып, ен
шажырқайын (mesorchium) құрайды.
Ен қосымшасы өзегі қабырғасының гистологиялық кұрылысы. Ен
қосымшасы өзегінің қабырғасы да екі қабаттан тұрады. Оның ішкі бетін
бірқабатты екіқатарлы эпителий астарлайды. Эпителий қабаты екі түрлі
эпителиоциттерден тұрады. Призма тəрізді секреторлы эпителиоциттердің
сопақ келген ядролары негіздік жарғақтан жоғарырақ бір қатарда
орналасады. Олар сел бөледі. Екінші аласа келген текше тəрізді
эпителиоциттердің дөңгелек ядролары негіздік жарғақкд жақын бір қатарда
жатады. Бұлар камбиальды қызмет атқаарады. Сыртқы дəнекер ұлпалық-етті
қабатын құрамында бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері бар дəнекер
ұлпалық қабықша құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |