Морфология


Қуықалды бездің гистологиялық құрылысы



Pdf көрінісі
бет750/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   746   747   748   749   750   751   752   753   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Қуықалды бездің гистологиялық құрылысы. Без құрылысы жағынан 

қүрделі  көпіршікше-түтікше  бездерге  жатады.  Куыкдлды  безінің  құрылысы, 

олардың орналасу орындарына байланысты. Без сыртынан дəнекер ұлпалық-

етті  қапшықпен  қапталған.  Қапшықтан бездің  ішіне қарай дəнекер ұлпалық-

етті  перделіктер  тарала  еніп,  без  паренхимасын  бөлікшелерге  бөледі. 

Бөлікшелерді  қабырғасы  бірқабатты  (эпителиоциттердің  биіктігі  əр  түрлі 

жануарларда  түрліше)  безді  эпителийден  тұратын,  секреторлы  соңғы 

бөлімдер  құрайды.  Соңғы  бөлімдерден  шығатын  өзекшелер  бір-бірімен 

қосылып,  несеп-жыныс  өзегіне  ашылатын  куықалды  безінің  негізгі  өзегін 

құрайды.  Оның  қабырғасы  көпқабатты  ауыспалы  эпителийден  тұрады. 

Қуықалды безінің секреті шəуетпен бір мезгілде бөлініп, қышқылдық ортаны 

бейтараптандырып, сперматозоидтардың қрімыл-қозғалысын арттырады. 



Баданалық  без  (glandula  bulbourethralis)  несеп-жыныс  өзегінің 

(уретраның)  жамбастық  бөлімінің  соңғы  бөлігінде  орналасқан  жұп  без. 

Баданалық  безді  жоғарғы  жағынан  бадана-кеуекті  бұлшық  ет  (m. 

bulbocavernosus) жауып жатады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   746   747   748   749   750   751   752   753   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет