Несеп-жыныс өзегі шəует жолы мен несепшығар өзегінің қосылуынан
пайда болады.
Жыныстық қатынас мүшесі (айғырда — қаса, күйісті жануарларда —
қамшы, төбетте — шүкі) несеп-жыныс өзегінен жəне оны сыртынан қаптаған
кеуекті денеден тұрады.
Енқап (семенниковый мешок) — saccus testicularis — құрсақ қабырғасы
қабаттарынан дамып жетілген, пішіні дорба тəрізді куысты мүше. Енқаптың
қуысы құрсақ қуысымен шап өзегіндегі қынаптық өзек арқылы жалғасады.
Оның куысында ен жəне ен қосымшасы орналасады. Енқаптың қабырғасы
ұмадан, еннің сыртқы көтергіш бұлшық етінен жəне жалпы қынаптық
қабықған тұрады. Ұма(scrotum) екі қабаттан: сыртқы теріден (cutis scroti)
жəне ішкі етті-серпімді қабаттан (tunica dartos) құралған. Етті-серпімді
қабат беткей шандыр мен бірыңғай салалы ет ұлпасынан түзілген. Етті-
серпімді қабық ұма куысын, ұма пердесі (septum scroti) арқылы екіге бөледі.
Əрбір қуыста жалпы қынаптық қабықпен жəне сыртқы ен көтергіш бұлшық
етпен (m. cremaster externus) қапталған ен орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |