Морфология



Pdf көрінісі
бет746/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   742   743   744   745   746   747   748   749   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

шəуетағар  өзегіне(ductus  ejacula-torius)  айналады.  Бұл  өзек  қуық  мойнынан 

кейінірек  несепшығар  өзегімен  қосылып,  несепжыныс  өзегінтүзеді. 

Шəуетағардың  қабырғасында  көптеген  бездер  орналасады.  Соңдықтан, 

шəуетағардың  соңғы  қалындау  бөлігін  безді  бөлік  немесе  шəуетағар 



ампуласы (ampulla ductus ejaculatorius) — деп атайды. 

Шəуетжолының  қабырғасы  үш  қабықтан:  кілегейлі,  етті  жене  сірлі 

қабықтардан 

тұрды. 

Кілегейлі 

қабығында 

екі 


қабат 

болады. 


Ен 

қосымшасынан  басталған  бөлігінің  ішкі  бетін  екіқатарлы  кірлікшелі 

эпителий,  ал  несеп-жыныс  өзегіне  жақын  соңғы  бөлігінің  ішкі  бетін 

бірқатарлы  призма  тəрізді  эпителий  астарлайды.  Сыртқы  қабаты  борпылдақ 

дəнекер  ұлпалық  өзіндік  тақташадан  тұрады.  Шөуетжолы  несеп-жыныс 

өзегіне  ашылар  алдында  кеңейіп,  ампула  тəрізді  без  түзеді.  Ол 

сперматозоидтар  қоректенетін  сөл  бөледі.  Шəуетжолының  ортаңғы  етті 

қабығы  бірыңғай  салалы  ет ұлпасының  ішкі  сақинаша  жəне  сыртқы ұзынша 

қабаттарынан тұрады. Етті қабығы жиырылып, ампула безі сөлін шəует жолы 

қуысына  шығарады.  Шəуетжолы  сыртынан  сірлі  қабықпен  қапталған.  Ол 

ішкі  дəнекер  ұлпалық  қабаттан  жəне  сыртқы  мезотелийден  (бірқаббаты 

жалпақ эпителий) құралған. 



Енбау  (семенной канатик)  —  funiculus  spermaticus  —  еннің  қан,  лимфа 

тамырлары мен жүйкелерінен құралған, пішіні кесілген конус тəрізді, ен мен 

ен  қосымшасын  құрсақ  қуысымен  жалғастырып  тұратын  құрылым.  Ол  өз 

кезегінде  тамырлар  жəне  шəует-жолы  қатпарларынан  тұрады.  Енбау 

сыртынан  өзіндік  қынаптық  қабықпен  (сірлі  қабық)  қапталып,  қынаптық 



346 

 

қуыстың  жоғарғы  бөлігінде  орналасады.  Қынаптық  қуыстан  сыртқы  жəне 



ішкі  қиғаш  құрсақ бұлшық  еттердің  аралығындағы  шап  өзегінде  (canalis іп-

guinalis) жатқан қынаптық өзек (canalis vaginalis) басталады. Қынаптық өзек 

құрсақ куысымен жалғасады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   742   743   744   745   746   747   748   749   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет