Жыныстық қатынас мүшесі (половой член) —penis — кеуекті дене
мен несеп-жыныс өзегінен құралған. Жыныстық қатынас мүшесінің
үңгіркуысты денесі (corpus cavernosus penis) екі жыныетық мүше
аяқшасынан (crus penis) тұрады. Олар оң жəне сол шонданай төмпектерінен
басталады. Əрбір аяқшаны жақсы жетілген шонданай-үңгіркуысты
бұлшық ет (m. ischio-cavernosus) сыртынан қаптап жатады. Жыныстық
қатынас мүшесінің аталған екі аяқшасы өзара бірігіп, жыныстық мүшенің тақ
денесін (corpus penis) қүрайды. Ол өз кезегінде сүйірленіп келіп, үңгірқуысты
дене ұшына (apex corporis cavernosi penis) ауысады. Үңгіркуысты дененің
ортасында, жыныстық қатынас мүшесінің ұзын бойымен бойлай орналасқан
жыныстық мүше пердесі (septum penis) болады. Үңгірқуысты денені
сыртынан тығыз дəнекер ұлпалы ақ қабық қаптап жатады. Қабықтан
үңгіркуысты дененің ішіне қарай серпімді талшықтар жəне бірыңғай салалы
ет миоциттерімен арқауланған тығыз дəнекер ұлпалы перделіктер
(трабекулалар) бір-бірімен торлана байланысып, кеуекті денені құрайды. Ішкі
беті эндотелиймен астарланған қан тамырларынан дамыған үңгірқуыстар осы
тордың ішінде жатады. Қан үңгірқуыстарға терең жыныстық мүше
артериялары (а.а. penis profundi) арқылы ағып келеді. Жыныстық қозу кезінде
жүйкелік
тітіркеністің
əсерінен
шонданай-үңгірқуысты
бұлшық
ет
жиырылып, жыныстық мүшеден қанды алып шығатын жыныс венасын
қысып, қанның əрі қарай ағуын тоқтатады. Осының нəтижесінде
үңгірқуыстар қанға толып, көлемі мен ұзындығы үлкейіп қатаяды. Бұл
процесті эрекция — деп атайды.
349
Жыныстық қатынас мүшесі айғырда қаса, күйісті жануарлар мен
Достарыңызбен бөлісу: |