63
байланыстыратын ахроматин ұршығының жіпшелері толық жетіледі.
Микротүтікшелерден
құралған
ахроматин
жіпшелерінің
бір
бөлігі
жасушаның қарама-қарсы полюстеріндегі центросома центриольдерін бір-
бірімен, ал екінші бөлігі центриольдерді аналық хромосомалардағы екі жас
хроматидтердің (хромасомалардың) центромерлерімен байланыстырып
тұрады.
Анафазада
екі
жас
хромосомаларды
байланыстырып
тұрған
центромерлер ыдырайды да, хромосомаларды центриольдермен байланыс-
тырып тұрған ахроматин жіпшелері қарама-карсы полюстерге қарай тартып,
екі еселенген гомологиялық хромосомаларды бір-бірінен ажыратып,
жасушаның қарама-қарсы полюстеріне жақындатады.
Телофазада жасушаның қарама-қарсы екі жақ полюстеріне ажыраған
хромосомалардан екі жас ядро түзіліп, жасуша цитоплазмасы созылып екіге
бөлінеді. Бұл процесті цитотомия — деп атайды.
Митоздың маңызы — екі еселенген хромосомалардың (тұқым
қуалаушылық қасиеттерді анықтайтын материал — ДНҚ) екі жас жасушаға
тең мөлшерде бөлінуі.
Эдомитоз — түрлі себептерге байланысты жасушалардың бөлінуі
бұзылады. Нəтижесінде аналық жасуша жекеленген жас жасушаларға
бөлінбейді де, жасуша ядросындағы ДНҚ-ның мөлшері бірнеше есеге
көбейеді. Бұндай жасушаларды полиплоидты жасушалар — деп атайды.
Эндомитоз
жануарлар
организмінде
бауыр
гепатоциттерінде,
қуық
эпителиоциттерінде, сілекей бездері гландулоциттерінде кездеседі.
Амитоз (грек, а — жоқ) — цитоплазма мен ядрода морфологиялық
өзгерістер болмайтын жасуша бөлінуінің түрі. Амитоз кезінде жасуша
ядросында хромосомалар көрінбейді. Алдымен ядрошыктың
пішіні мен саны өзгеріп, ядрошықтардың санына сəйкес ядро бірнешеге
бөлінеді. Одан соң, ядро санына байланысты жасуша да бірнешеге бөлінеді.
Жануарлар организмінде амитоздың үш түрі кездеседі. Олар: генеративті,
реактивті, дегенеративті амитоздар.
Достарыңызбен бөлісу: