Морфология



Pdf көрінісі
бет90/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   1132
4.гистогенез — ұрық жапырақшаларынан ұлпалардың дамуы; 5.органогенез 

— ұлпалардан ұрық денесі мүшелері мен урықтан тыс мушелердің дамуы; 6



системогенез — мүшелерден ұрық организмі мүшелер жүйелерінің дамуы.  

Эмбриогенез  процесі  ұрықтанғаннан  бастап  ұрғашы  жануарлар 

қурсағында  немесе  жұмыртқада  жүреді.  Эмбриогенезден  бұрын  еркек  жəне 

ұрғашы 


жануарлар 

организмдерінде 

аталық 

жəне 


аналық 

жыныс 


жасушаларының даму процесі жүреді. Бұл процесті прогенез — деп атайды. 

Прогенез — жыныс жасушаларының (гаметоциттердің) дамуы мен пісіп 

жетілу  кезеңі.  Құрылысы  жағынан  гаметоциттер  дене  жасушаларына  ұқсас, 

яғни олар да цитоплазма мен ядродан тұрады. Бірақ, жыныс жасушалары, біз 

алдыңғы 


тарауда 

сипаттап 

кеткен 

дене 


(сома) 

жасушаларымен 




65 

 

салыстырғанда,  тек  өздеріне  тəн  кейбір  касиеттерімен  ерекшеленеді.  Атап 



айтқында, пісіп жетілген гаметоциттерде: 1) зат алмасу процесі (метаболизм) 

тым  төменгі  деңгейде  жүреді;  2)  олар  бөлініп  көбеюге  қабілетсіз;  3)  жыныс 

жасушалары  ядроларындағы  хромосомалардың  саны  сома  жасушалары 

ядроларындағы  хромосомалар  санына  карағанда  екі  есе  кем,  яғни  олардың 

ядроларында хромосомалардың жартылай (гаплоидты) жиынтығы болады. 

Бастама  жыныс  жасушалары  —  гаметобласттар  (гонобласттар)  ұрық 

эмбриогенезінің алғашқы сатыларында сарыуыз қапшығының қабырғасында, 

қан  тамырлары  маңында  энтодермадан  қалыптасып,  митоз  арқылы  көбейіп, 

дамып  жетіледі  де,  қан  тамырлары  куысына  өтіп,  қанның  ағысымен  ұрық, 

организміндегі  жыныс  бездері  (гонадтар)  бастамасына  барып  орналасады. 

Жыныс  бездерінде  олар  қоректік  заттармен  қамтамасыз  етеұлпа  тіректік 

жасушалармен қоршалып, дамып жетіліп, жануарлардың болашақ жынысына 

байланысты  аталық  (сперматозоидтар)  немесе  аналық  (овоциттер)  жыныс 

жасушаларына айналады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет