Морфология



Pdf көрінісі
бет85/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

жасуша айналымы   (циклі) деп атайды. Жасуша айналымы митозда жəне 

интерфазадан  (интеркинез)  тұрады,  яғни  бұл  кезенде  жасушаның  бөліну, 

бөлінуден кейінгі тіршілік ету, өсіп жетілу жəне керекті заттармен қорлануы 

арқылы келесі бөліну процесіне дайындалу сатылары қамтылады. 



62 

 

Интерфаза  өз  кезегінде  үш  сатыдан:  түзілісалды  (пресинтетикалық  – 

G1),  түзіліс  (синтетикалық  -  S)  жəне  түзіліссоңы  (постсинтетикалық  –  G2  ) 

сатыларынан құралады. 

Интерфазаның  түзілісалды  сатысында жасуша  көлемі жағынан  ұлғайып 

өседі,  ДНҚ  бастамалары  -  нуклеотидфосфокинездерді  синтездеуге  қажет 

ферменттер,  РНҚ  мен  белоктар  алмасуының  ферменттері  тузіліп  РНҚ  мен 

белоктардың синтезделу белсенділігі артады. 

Интерфазаның  түзіліс  сатысында  жасуша  ядросында  ДНҚ  -  ның  жəне 

гистон  белоктарының  синтезделу  белсенділігі  артып,  олардың  мөлшері  екі 

еселенеді.  Нəтижесінде  əр  бір  хромосоманың  жанында  жаңа  хромосома 

түзіліп,  хромосомалардың  жалпы  саны  да  екі  есе  көбейеді.  Бұл  процесті 



редупликация  —  дейді.  ДНҚ-ға  сəйкес  РНҚ-нын  синтезделу  деңгейі  де 

артып,  оның  ең  жоғары  деңгейі  түзіліссоңы  сатысына  дəл.  Бұл  саты  5-7 

сағатқа созылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет