Морфология


 - сурет. Бауыр жасушаларыңдағы май қосыңдылары (осмий қышқылы жəне



Pdf көрінісі
бет83/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   1132
15 - сурет. Бауыр жасушаларыңдағы май қосыңдылары (осмий қышқылы жəне 

сафранинмен боялған, 900 есе үлкейтілген) 

1 - бауыр жасушасы (а - цитоплазмадагы май тамшылары, б - ядро), - қан 

капилляры (куысындағы эритроциттер) 

 

16 — сурет. Бауыр жасушаларындағы гликоген (көмірсу) қосындылары Бест 



əдісі бойынша карминмен боялған, 900 есе үлкейтілген 

1 — бауыр жасушалары, 2 - жасушалар цитоплазмасындағы гликоген дəншелері, 3 - 

ядро (ішіндегі ядрошық), 4 - қойнауша капилляр 

 

 



17 - сурет. Меданоциттердегі пигменттік қосыңдылар 400 есе үлкейтілген 

боядмаған препарат 


60 

 

1 - пигментті жасуша (меланоцит) ядросы, 2 - меланоцитгер цитоплазмасындағы 



меланин дəншелері 

 

 



 

 

 



 

 

Ядро  —  тұкым  қуалаушылық  ақпараттың  сақталуы  мен  (ұрпактарға 

берілуін жəне жасушадағы белоктардың түзілу процесін камтамасыз етеұлпа 

жасушаның 

негізгі 

бөлігі. 


Ол 

кариолеммадан 

(ядро 

қабыкшасы), 



хроматиндерден (хромосомалардан), ядрошықтан жене кариоплазмадан (ядро 

сөлі) тұрады. 



Кариолемма  —  ядроны  цитоплазмадан  бөліп  тұратын,  оның  сыртқы 

қабықшасы.  Ол  бір-бірінен  аралығы  20-100  нм  ядро  маңы  (псринуклеарлы) 

саңылауымен  ажыратылған,  екі  (сыртқы  жəне  ішкі)  жалаң  қабат 

липопротеиді жарғақтан тұрады. Диаметрі 80 — 90 нм кариолемма тесіктері 

тұсында  ядро  қабықшасының  сыртқы  жəне  ішкі  жарғақғары  өзара  қосылып 

кетеді.  Ал  сыртқы  жарғақ  өз  кезегінде  цитоплазманың  эндоплазмалық  торы 

жарғақтарына  жалғасып,  ядро  мен  цитоплазма  арасындағы  зат  алмасуды 

қамтамасыз  етеді.  Кариолемма  тесіктерінің  саны  жəне  олардың  диаметрі 

жасушадағы зат алмасу белсенділігімен тікелей байланысты болып келеді. 

Хромосомалар — генетикалық ақпараттарды сақтап, олардың ұрпақтан 

ұрпаққа  берілуін  жəне  цитоплазмадағы  жасуша  белогінің  синтезделуін   

қамтамасыз   етеұлпа   ядро   бөлігі.   Олар дезоксирибонуклеопротеидтерден 

(ДНП)  түзілген  жіпше  түріндегі  күрделі  кешен.  ДНП  -ның  40%  -ы 

дезоксирибонуклеин  қышқылдарынан  (ДНК),  60%  -ы  белоктардан  тұрады. 

Белоктардың  85%  -ы  негіздік  белоктар  (гистондар),  ал  15%  -ы  қышқылдық 

белоктар,  Құрамында  аздаған  рибонуклеин  қышқылдары  (РНҚ)  болады. 

Хромосомалар  жасушаның  бөлінуі  кезінде  ғана  анық  көрінеді.  Ал 

интерфазалық  жасуша  (жасушаның  бөлінбейұлпа  кезеңі)  ядросында 

хромосомалардың  тек  ширатылған  бөліктері  ғана  қаракөк  дəншелер  түрінде 

көрінеді.  Бұлар  хромосомалардың  қызметі  жағынан  енжар  бөліктері. 

Бұларды  гетерохроматин  —  деп  атайды.  Ал  хромосомалардың  қызметі 

белсенді бөліктерін эухроматин — дейді. Эухроматин интерфазалық жасуша 

ядросында  тарқатылып  жатқан  хромосомалар  бөліктері  болғандықтан, 

гистологиялық препараттарда көрінбейді. 

Дене  жасушалары  ядроларындағы  хромосомалардың  саны  əр  түрлі 

жануарларда түрліше болады. Мысалы, жылқыда — 66, сиырда — 60, қойда 

—  54,  шошқада  —  40.  Əр  түрлі  жануарлар  хромосомалары  санының 

жиынтығын  жəне  олардың  құрылысы  мен  мөлшеріне  байланысты  орналасу 

тəртібін  жасуша      кариотипі  —  деп  атайды.  Жасуша  ядроларындағы 

гомологиялық  хромосомалар  жұп-жұп  болып  орналасады.  Бір  жұп  жыныс 

хромосомалардан  басқа  хромосомаларды  аутосомалар  —  деп  атайды. 




61 

 

Сүтқоректі еркек жануарларда бір жұп жыныс хромосомалардың біреуі — X, 



ал екіншісі — Ү хромосомалар. Ұрғашы сүтқоректі жануарларда жұп жыныс 

хромосомалардың 

екеуі 

де 


хромосомалар. 

Ал 

құстар 


жыныс 

хромосомаларының  орналасуы  керісінше.  Ұрғашы  құстарда  жұп  жыныс 

хромосомалардың біреуі W, ал екіншісі — Z  хромоеомалар. Еркек құстарда 

жыныс хромосомалардың екеуі де — Z хромосомалар. 

 

 

18 — сурет. Хромосомалар морфологиясының жалпы нобайы 



1 — метацентрлік хромосома (тең иықты хромосома, бірінші тартылым — 

центромер арқылы хромосома тең екі иыққа — теломерлерге бөлініл тұрады), 2 — 

субметацентрлік хромосома (хромосома иықтары — теломерлері тең емес), 3 — 

акродентрлік хромосома (центромері хромосома ның бір ұшына жақын орналасады), 4 — 

серіктік немесе ядрошықтық  хромосома (хромосомада центромерден басқа екінші 

тартылым болады. Екінші тартылым — ядрошық ұйымдастырғыш аймағында 

рибосомалык РНҚ түзіледі.). Т — теломерлер (хромосома иыктары), Ц — центромерлер 

(бірінші тартылым), ЯО — екініиі тартылым (ядрошык ұйымдастырғышы) 

 

Ядрошық  —  мөлшері  1  —  5  мкм,  пішіні  дөңгелекше  келген  тығыз 

денешік.  Оның  негізін  жуандығы  60  —  80  нм  жіпше  торы  құрайды.  Жіпше 

торы  аралықтарындағы  ядрошықтың  біркелкі  бөлігі  мөлшері  5  —  8  нм  ұсақ 

түйіршіктерден  тұрады.  Ядрошықта  рибосомалық  РНҚ  жəне  рибосомалар 

түзіледі. 

Кариоплазма (ядро сөлі) — ядроның бірыңғай қоймалжың сұйық бөлігі. 

Ядро 


сөлінің 

құрамында 

күрделі 

белоктар 

— 

нуклеопротеидтер, 



гликопротеидтер,  ядро  тіршілігіне  қажет  энергия  алмасуын  реттейұлпа 

ферменттермен  қатар,  нуклеин  қышқылдарының,  белоктардың  жəне  т.б. 

заттардың түзілуіне керекті əр түрлі қосылыстар болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет