а) сүйекаралық каудальды артерия (a. interossea caudalis) дорсальды
тізе торын (rete carpi dorsale) жəне терең пальмарлық доғаны (arcus
palmaris profundus) түзуге катысады. Терең пальмарлық доғадан өз кезегінде
жіліншіктің пальмарлық терең артериялары (аа. metacarpeae palmaris
profundae) шығады.
Ерекшеліктері. Жылқыда жəне күйіс кайтаратын жануарларда
сүйекаралық каудальды артерия жетілмеген. Шошқа мен итте сүйекаралық
каудальды артерия сұйекаралық краниальды артерияға қарағанда ірі болып
келеді.
ə) сүйекаралық краниальды артерия (a. interossea cranialis) білек
аумағының алдыңғы бүйір бетімен өтіп, тізе жəне бақай буындарының
жазғыш бұлшық еттерін тамырландырады.
Ерекшеліктері. Сүйекаралық краниальды артерия жылқыда жəне
Достарыңызбен бөлісу: |