кроссинговер (дат. crossing — будандасу, over — арқылы) процесі — дейді.
Пахитен (грек, pachys — жуан) сатысында жұп гомологиялық
хромосомалар бірігіп, тығыз ширатылып жуандайды да, ұзындығы
қысқарады.
Диплотен (грек, diploos — қос-қосынан) сатысында пахитен сатысында
ширатылып жуандаған жұп гомологиялық хромосомалардың қайсысының
жанында, интерфазада қорланған ДНК, мен белоктардан, олардың
көшірмелері — жаңа хромосомалар тузіліп, олардың саны eкі еселенеді де,
төрт-төрттен орналасқан тетрадалар пайда болады. Хромосомалары
тетрадалардан құралған біріншілік сперматоциттер мейоздың профазасынан
бөлінуге дайындық, кезендері — метафаза мен анафазаға, одан соң бөліну
кезеңі — телофазаға өтеді. Бөлінуге дайындық жəне бөліну кезендерін
біріктіріп, диакинез (екіге бөліну) сатысы — деп атайды.
Сперматогенездің жегілу кезеңіңде — диакинездің нəтижесінде əр бір
біріншілік сперматоцит екіге бөлініп, олардың əр қайсысынан екі екіншілік
сперматоцит пайда болады. Біріншілік сперматоциттер ядроларындағы
хромосомалар тетрадалары да екіге ажырап, екіншілік сперматоциттер
ядроларының хромосомалары қосарынан орналасқан диадтарға (диплоидты
жиынтық – 2n) айналады. Екіншілік сперматоциттер келесі бөліну процесі
кезінде интерфаза кезеңінен өтпейді, яғни хромосомалардың екі еселену
процесі (редупликация) жүрмейді. Олар жедел бөлінеді де, нəтижесінде бір
екіншілік
сперматоциттен
екі
сперматидалар
пайда
болады.
Сперматидалардың ядроларында хромосомалардың гаплоидты (n) жиынтығы
болады. Демек, бөліну кезінде жасуша ядроларындағы хромосомалар саны
екі есе кемиді. Сондықтан, жыныс жасушалары дамуы кезінде байқалатын
жасуша бөлінуінің бұл түрін редукциялық бөліну (лат. reductio — кему)
немесе мейоз (грек, meiosis — кему) — деп атайды. Қатарынан екі рет
бөлінудің арқасында бір біріншілік сперматоциттен төрт сперматида пайда
болады. Олардың екеуінің ядроларында — X, ал қалған екеуінде — Ү жыныс
хромосомалары болады.
Сперматогенездің
Достарыңызбен бөлісу: |