Жыныс жасушаларының дамуы — гаметогенез
Сперматозоидтардың даму процесі — сперматогенез еркек
жануарлардың жыныс безі — енде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтеұлпа
төрт кезеңнен тұрады: көбею, өсу, жетілу жəне қалыптасу.
Сперматогенездің көбею кезеңінде гаметобласттардан жетідген жас
жыныс жасушалары — сперматогониялар еннің ирек тұқымдық өзекшелері
қабырғаларында,
өздерін
қоршаған
тіректік
жасушалардан
(сустентоциттерден) тиісті қоректік заттарды қабылдап, митоз арқылы
бөлініп үздіксіз көбейеді. Олар дөңгелекше келген ұсақ ядролы шағын
жасушалар. Сперматогония ядросында хроматинге бай хромосомалардың
диплоидты (2n) жиынтығы болады. Сперматогониялардың біраз бөлігі
бөлінуін тоқтатып, келесі өсу кезеңіне өтеді. Ал қалғандары бөліну процесін
жалғастырып, сперматогенез процесінің ендегі тұрақты жүруін қамтамасыз
етеұлпа діңгекті жасушалар қызмеұлпа атқарады.
Сперматогенездің өсу кезеңінде сперматогониялар өсіп, бірішнілік
Достарыңызбен бөлісу: |