Морфология



Pdf көрінісі
бет113/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Бөлшектену  —  бір  жасушалы  ұрық  —  зиготаның  митоз  арқылы 

бластомерлерге  бөлініп,  көп  жасушалы  ұрық  —  бластулаға  айналатын, 

эмбриогенездің  екінші  кезеңі.  Бөлшектену  нəтижесінде  пайда  болған 

жасушаларды ұрықтың бөліктері немесе бластомерлер (грех, hlastas— өскін; 

meros  —  бөлік)  —  деп  атайды.  Олар  бір-бірімен  өзара  тығыз  байланыста 

болады.  Бөлшектену  кезінде  митоздық  айналым  қысқа  болғандықтан, 

бластомерлердің 

мөлшері 


бөлінген 

сайын 


кішірейе 

береді. 


Бірақ, 

бластомерлер 

ядроларының 

мөлшері 


кішіреймей, 

ұсақталу 

тек 

цитоплазманың  есебінен  жүреді.  Бластомерлердің  саны  көбейгенімен,  көп 



жасушалы  ұрықтын    жалпы  көлемі  зиготаның  молшеріндей  болады. 

Бөлшектену  бластомерлер  ядролары  мен  цитоплазмаларының  ара  қатынасы 




76 

 

дене  жасушаларындағы  қатынасқа  жеткенше  жүреді  де,  сонан  соң 



бластомерлердің  бөлінуі  тоқтайды.  Бөлшектену  кезеңі  нəтижесінде  пайда 

болған  көп  жасушалы  ұрықты  бластула  (грек,  blastos  —  ескін)  —  деп 

атайды. 

Зиготаның  бөлшектенуі  əр  түрлі  жануарларда  түрліше  жүреді. 

Бөлшектенудің түрлері жұмыртқа жасушаларындағы сарыуыздың мөлшеріне 

жəне сарыуыздың овоцит цитоплазмасындағы таралу сипатына байланысты. 

Бөлшектену  процесі  ұрықтанған  жұмыртқа  жасушасы  цитоплазмасының 

сарыуызы  аз  бөлігінде  жүреді.  Ал  жұмыртқаның  сарыуызы  көп  мөлшерде 

жинақталған 

цитоплазма 

бөлігі 

бөлшектенуге 

қатыспайды. 

Осыған 


байланысты 

бөлшектенудің 

екі 

түрі 


ажыратылады. 

Олар: 


толық 

(голобластикалық) 

бөлшектену 

жəне 


жартылай 

(меробластикалық) 

бөлшектену.  Голобластикалық  бөлшектенудің  түрінде  зигота  толығымен 

бөліну  процесіне  қатысады,  ал  меропластикалық  бөлшектену  зиготаның 

тек  сарыуызы  аз  жоғарғы  анимальды  полюсінде  ғана  жүреді.  Ал  сарыуызы 

көп  мөлшерде  жиналған  зиготаның  теменгі  вегетативті  цитоплазма  бөлігі 

бөлшектену  процесіне  қатыспайды.  Ұрыктанған  жұмыртқа  жасушасында 

сарыуыз  аз  мөлшерде  болып  (олиголецитті  овоцит)  жəне  ол  цитоплазмада 

біркелкі  таралса  (гомолецйтті  овоцит),  онда  бөшектену  толық  жəне  біркелкі 

жүреді  Ал  жұмыртка  жасушасында  сарыуыз  орташа  мөлшерде  (мезолецитті 

овоцит)  болатын  жəне  ол  негізінен  жұмыртканың  төменгі  вегетативті 

полюсінде  жиналатын  (телолецитті  овоцит)  болса,  онда  бөлшектену  толық 

жəне  əркелкі  жүреді.  Сондай-ак,  жұмыртқада  сарыуыз  тым  көп  мөлшерде 

(полилецитті  овоцит)  болса  жəне  ол  цитоплазманың  (телолецитті  овоцит) 

вегетативті  полюсінде  жиналса,  онда  бөлшектену  жартылай  жəне  əркелкі 

болып жүреді. 

 Ұрықтың  бөлшектенуі  белгілі  тəртіппен  жүреді.  Бірінші  жəне  екінші 

бөліну сайлары ұрықтың жоғарғы анимальды полюсінен төменгі вегетативті 

полюсіне  қарай  өтіп,  меридианды  сайлар  —  деп  аталады.  Үшінші  сай  ендік 

бағытта, одан соң меридианды, ендік жəне тангенциальды (ұрықтың сыртқы 

беұлпае  параллельді)  бағыттардағы  сайлар  кезегімен  əркелкі  жəне  əр 

мезгілде  жүріп,  түзілген  бластомерлердің  орналасу  төртіптері  бұзылады. 

Бластомерлердің  қалыпты  да  дұрыс  орналасу  тəртібі  толық  жəне  біркелкі 

бөлшектенуде  (қандауыршадағы  целобластула)  ұзағырақ  сақталады,  ал 

жартылай  бөлшектенуде  —  2  жəне  3  бөлінуден  кейін-ақ,  бластомерлердің 

қалыпты  орналасу  тəртібі  бұзылып,  олар  əр  мезгілде  бөлініп,  мөлшері  əр 

түрлі бластомерлер түзіле бастайды (құстардағы дискобластула). Бөлшектену 

нəтижесінде  түзілген  бластомерлер  бастапқы  кезде  бір-бірімен  тығыз 

байланысып,  пішіні  тұт  ағашының  жемісіне  ұксас  жасушалар  жиынтығы 

қалыптасады.  Мұндай  көпжасушалы  ұрықты  морула  (лат.  morum  —  тұт 

ағашының жемісі) — деп атайды. Бөлшектенудің соңына қарай бластомерлер 

аралықтарында  қуыс  пайда  болып,  əр  түрлі  жануарларда  пішіні  əр  түрлі 

қуысты  ұрық  —  бластулаға  айналады.  Бластуланың  бластомерлерден 

құралған қабырғасын бластодерма (грек, бластос жəне derma — тері, қабық), 




77 

 

ішіндегі  куысын  біріншілік  дене  қуысы  немесе  бластоцель  (грек,  бластос 



жəне koilos — куысты) — дейді. Ұрықтың анимальды полюсінде орналасқан 

бластомерлер  бластодерма  төбесін,  вегетативті  полюсіндегі  бластомерлер 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет