Лейкоциттер — жануарлар организмінде қорғаныс (бөгде денелер мен
бактерияларды фагоцитоз арқылы жою, олардың уларын бейтараптандыру,
жасушалық жəне гуморальдық иммунитеттерді қалыптастыру) қызметін
атқаратын жəне əр түрлі жарақаттан кейінгі қалпына келу (регенерация)
процесін
реттеуге
қатысатын
қанның
ақ
жасушалары.
Қандағы
лейкоциттердің саны эритроциттерге қарағанда əлдеқайда аз, 1 мкл қанда
мыңдап саналады. Қалыпты жағдайда (норма) орта есеппен жылқыда — 7-12,
сиырда — 4,5-12, қойда — 6-14, шошқада — 8 -16, итте — 8,5-10,5, тауықта
— 20-40 мың лейкоцит болады. Қандағы лейкоциттер санының көбею
процесін лейкоцитоз дейді. Қалыпты жағдайда лейкоцитоз жас төлдерде
болады. Ол ас қорыту процесінің белсенді жүруі кезінде де байқалады.
Лейкоцитоз көп жагдайда патологиялық процестер кезінде жəне жануарлар
организмдерінің əр түрлі аурулар қоздырғыштарына қарсы күресуі кезінде де
өрбиді. Лейкоциттер қан жасау мүшелерінен қанға өткеннен кейін, қан
айналымында бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін болып, өздерінің тиісті
қызметтерін белсенді атқару үшін, қан арнасынан қоршаған ұлпаға (негізінен
борпылдақ дəнекер ұлпасына, одан соң басқа ұлпаларға да) өтеді.
Лейкоциттер — қозғалмалы қан жасушалары. Олар плазмолемма астындағы
актин микрофиламенттері кешенінің арқасында қозғалысқа келетін
жалғанаяқтарының
(псевдоподийлердің)
көмегімен,
калиллярлар
эндотелиоциттерінің аралығындағы саңылауға сəйкес пішінін өзгерте
отырып қозғалып, негіздік жарғақ арқылы қоршаған борпылдақ дəнекер
ұлпасына өтеді. Лейкоциттердің ядролары болады, органеллалары өте жақсы
жетілген, Олардың цитоплазмасындағы дəншелердің (гранулалардың) болу-
болмауына байланысты лейкоциттер: гранулоциттер (дəншелі) жəне
агранулоциттер (дəншесіз) болып екі топқа бөлінеді. Гранулоциттердің
ядролары сегменттерге (бөлімдерге) болініп тұрады. Сондықтан, оларды
сегментті ядролы лейкоциттер — деп те атайды. Дəншелерінің боялу
сипатына қарай гранулоциттер: нейтрофилдер, эозинофилдер, базофилдер
болып үшке бөлінеді. Нейтрофилдер цитоплазмасындағы майда дəншелер
қышқылдық жəне негіздік бояулармен қызғылт түске, эозинофилдердің ірі
дəншелері қышқылдық бояулармен қызыл түске, базофилдердің дəншелері
негіздік бояулармен көгілдір түске боялады. Агранулоциттердің ядролары
сегменттерге бөлінбейді. Агранулоциттерге: лимфоциттер мен моноциттер
112
жатады. Қандағы лейкоциттер санының өзара пайыздық ара қатынастарының
көрсеткішін лейкоциттер формуласы — деп атайды. Жануарлардың түріне,
тұқымына, жасына, жынысына байланысты лейкоциттер формуласының
көрсеткіштері тұракты болып келеді. Корсеткіштердің бұзылуы белгілі бір
ауруларға тəн құбылыс. Сондықтан, лейкоциттер формуласын анықтаудың
ветеринариялық практикадағы маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |