Сиырдың негізгі сынаша сүйегі самай қанатында сопақ тесік (foramen
ovale) болады. Қанатша қыралдындағы көздік саңылау мен дөңгелек тесік
бірігіп, көздік-дөңгелек тесікті (foramen orbitorotundum) құрайды.
Қойда сынаша қойнау болмайды. Түрік ершігінің арқалығы айқын
көрінеді. Самай қанатындағы сопақтесік төбе сүйекке дейін созылып жатады.
Шошқада самай қанатының каудальды жиегінде үйқы жəне сопақ
ойықтар жақсы көрінеді, жота ойығы болмайды. Көздік
саңылау мен дөңгелек тесік бірігіп, көздік-дөңгелек тесікті құрайды.
Сынаша сүйектің қойнау қуысы таңдай сүйектің қойнауы қуысыкен
байланысады.
Итте самай қанатының каудальды жиегіндегі ойықтар орнында аттас
тесіктер болады. Ал самай қанатының ішкі бетінде қиылыс сайы болмайды.
Көздік саңылау мен дөңгелек тесік бірігіп, көздікдөңгелек тесік — деп
аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |