ойығы (incisura tympanica) жатады. Шүйде өсіндісінің медиальды бетінде
жəне тастық бөліктің емізікше өсінділері мен төбе сүйегі аралығында самай
жолы (meatus temporalis) орналасады. Бұл бөліктен шығатын бет өсіндісі
(processus zygomaticus) алдымен латеральды, одан соң, краниальды бағытқа
бұрылып, бет сүйектің самай өсіндісімен (processus temporalis) қосылып,
самай шұңқырының сыртқы қабырғасын шектейтін бет доғасын (arcusygo-
maticus) құрайды. Оның дорсальды жиегі өткір қырлы болып келеді.
Сондықтан, оны самай қыры (crista temporalis) — деп атайды. Бет
өсіндісінің вентральды бетінде төменгі жақсүйекпен буынды байланыс
түзетін буын төмпешігі (tuberculum articularis) бар. Оның артқы жағында
Достарыңызбен бөлісу: |