Морфология



Pdf көрінісі
бет748/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   744   745   746   747   748   749   750   751   ...   1132
Қосымша  жыныс  бездері.  Бұл  бездерге:  көпіршікше,  куықалды  жəне 

баданалық  бездер  жатады.  Бұлар  уретраның  жамбас  бөлігінің  қабырғасында 

орналасып,  өздерінің  өзектерімен  оның  қуысына  ашылады.  Құрылысы 

жағынан көпіршікше-түтікше бездерге жатады. 



Көпіршікше без (glandula vesicularis) қуықтың жоғарғы жағында, шəует 

жолының  екі  бүйірінде  орналасқан  жұп  без.  Оның  езегі  шəует  жолымен 

бірігіп, шəует төбешігіне (colliculus seminalis) ашылады. 

Ерекшеліктері.  Айғырда  көпіршікше  бездің  сырты  тегіс,  пішіні 

алмұртқа ұқсас көпіршік тəрізді болып келеді. Ұзындығы 12-15 см. 



Бұқаның,  қошқардың,  текенің  көпіршікше  безі  көпбөлікті,  тығыз, 

сырты бұдырлы, пішіні сопақша болады. Бұқада бездің ұзындығы 10-12 см. 



Қабанда без өте көлемді келеді, ұзындағы 15 см. 

Итте бұл без болмайды. 

Көпіршікті  бездің  гистологиялық  құрылысы.  Без  қабырғасында  бір-

бірінен  анық  бөлінбеген  үш  қабық  болады.  Олар:  кілегейлі,  етті  жəне 

адвентиция  қабықтары.  Кілегейлі  қабығын  бірқабатты  призма  тəрізді  безді 

эпителий  астарлайды.  Оның  астындағы  өзіндік  тақташаны  борпылдақ 

дəнекер ұлпасы құрайды. Қатпарланып жатқан кілегейлі қабығында кілегейлі 

сөл  бөлетін  копіршікті-түтікшелі  бездер  болады.  Етті  қабығы  нашар 

жетілген. Адвентицияны борпылдақ дəнекер ұлпасы құрайды. 

Куықалды  без  (glandula  prostata)  орналасу  орнына  қарай  қабырғалық 

жəне  қабырғадан  тыс  жатқан  бездер  болып  екіге  бөлінеді.  Қабырғадан  тыс 

жатқан  без  қуық  мойнының  дорсальды  бетінде  орналасады.  Оның  оң  (logus 

dexter) жəне сол бүйір бөлігі (lobus sinisler lateralis) мен олардың аралығында 




347 

 

ортаңғы  мойыншығы  (isthmus  prostatae)  жəне  денесі  (corpus  prostatae) 



болады.  Без  озектері  шəует  төбешігінің  екі  бүйіріне  келіп  ашылады. 

Қабырғалық  бездер  аталық  уретра  жамбас  бөлігінің  кілегейлі  жəне  етті 

қабықтарының арасындағы кеуекгі денеде шашырай орналасқан. Сондықтан, 

оны  шашыранды  қуықалды  без  (glandula  prostata  disseminata)  —  деп 

атайды.  Без  өзектері  уретраның  дорсальды  қабырғасында  екі  қатар  болып 

ашылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   744   745   746   747   748   749   750   751   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет