13 — сурет. Жұлын ганглийінің нейроциті цитоплазмасындағы Гольдж кешені
(Алмазов пен Сутулов бойынша, 400 есе үлкейтілген, осмиймен боялған)
1 - ядро (ішіндегі ядрошық), 2 - цитоплазма, 3 - Гольдж кешендері.
Лизосомалар немесе еріткіш органеллалар — қабырғасы жарғақпен
шектелген,
қуысында
ас
қорыту
ферменттері
-
гидролазалардың
(протеиназалар, нуклеазалар, глюкозидазалар, фосфатазалар, липазалар,
сульфатазалар жəне т.б.) 50 шақты түрлері жинақталған, мөлшері 0,2-0,4 мкм
ұсақ көпіршіктер. Лизосомалар ферменттері күрделі биополимерлер мен
істен шыққан жасуша құрылымдарын қышқыл ортада белсенді
ыдыратады. Лизосомаларды 1949 жылы де Дюв ашқан. Жануарлар
жасушасында лизосомалардың құрылысы мен қызметі жағынан бір-бірінен
анық ажыратылатын 3 түрі кездеседі. Олар: біріншілік лизосомалар,
екіншілік лизосомалар жəне телолизосомалар (қалдық денешіктер).
Достарыңызбен бөлісу: |