Біріншілік лизосомалар — мөлшері 0,2 - 0,5 мкм, қуысындағы
ферменттік заттары біркелкі, белсенді қышқыл фосфатазаға бай, ұсақ
жарғақты көпіршіктер. Бұлар гранулалы эндоплазмалық тордың шеткі
ұштарында түзіледі.
Екіншілік лизосомалар біріншілік лизосомалардың жасушадағы басқа
заттармен қосылуы нəтижесінде түзіледі. Екіншілік лизосомалардың 2 түрі
болады. Егер біріншілік лизосомалар фагоцитоз немесе пиноцитоз кезінде
жасушаға
енген
бөгде
заттармен
қосылатын
болса,
онда
олар
фаголизосомалар немесе гетерофагосомалар, ал істен шыққан жасушаның
өз органеллаларымен байланысқан жағдайында аутофагосомалар — деп
аталады. Екіншілік лизосомалар ферменттерінің көмегімен қосылған
заттардың күрделі биополимерлерін мономерлерге ыдыратып, жасуша
гиалоплазмасына өткізеді.
Телолизосомалар немесе қалдық денешіктер екіншілік лизосомалар
қуысына жиналған қорытылмаған заттардан пайда болады.
Пероксисомалар — биологиялық жарғақпен қапталған, мөлшері 0,2 -
0,5 мкм шар тəрізді денешік. Пероксисома қуысында каталаза жəне оксидаза
ферменттері жинақталған. Каталаза жасушалар үшін улы зат — сутегтің
асқын тотығын (сутег перекисі) ыдырату арқылы қорғаныс қызмеұлпа
атқарады. Сонымен қатар, ол жасушадағы холестериннің алмасуына жəне
стероидтардың түзілу процесіне қатысады. Оксидаза амин қышқылдарының
алмасу процестерін реттейді.
58
Рибосомалар — жасушадағы белоктардың түзілуін қамтамасыз етеұлпа,
құрамы күрделі рибонуклеопротеидтерден тұратын мөдшері 20 - 25нм ұсақ
денешіктер. Рибосомаларды 1958 жылы Робертс ашқан. Олар екі: үлкен жəне
кіші суббірліктерден құралған. Эндоплазмалык тор жарғағына жанаса
орналасқан рибосомалар жасушадан сыртқа шығарылатын белоктарды, ал
гиалоплазмадағы бос рибосомалар жасушаның өз мұқтажына керекті
белоктарды синтездеуге қатысады. Рибосомалар кешенін полирибосомалар
(полисомалар) — деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |