Морфология


Артериялар  (қызылтамырлар)



Pdf көрінісі
бет798/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   794   795   796   797   798   799   800   801   ...   1132
 Артериялар  (қызылтамырлар)  —  arteria  —  қабырғасының  құрылыс 

сипатына  байланысты  эластинді,  етті-эластинді  (аралас)  жəне  етті 

қызылтамырлар  болып  үш  топқа  бөлінеді.  Артериялар  құрылысы  жағынан 

түтікше  мүшелер.  Олардың  қабырғалары  үш  қабықтан  тұрады.  Олар:  ішкі 

интима, ортаңғы медиа жəне сыртқы адвентиция қабықтары. 

Эластинді артерияларға қолқа мен өкпе артериясының бағаны жатады. 

Қанның  жүректен  жоғары  қысыммен  (150-200  мм  сынап  бағанасы)  жəне 

үлкен  жылдамдықпен  (0,5-1,3  м/сек.)  ағып  шығуына  байланысты  аталған 

артериялардың  қабырғалары  қалың  болып  келеді  жəне  олардың  серпімділік 

қасиеттері  күшті  жетілген.  Ішкі  қабығы  интима  екі  қабаттан  тұрады.  Ішкі 

бетін  астарлайтын  эндотелий  қабатын  негіздік  жарғақта  бір  қабатта 

орналасқан  жұқа  эндотелиоциттер  құрайды.  Оның  астындағы  екінші 



373 

 

эндотелийасты  қабатын  жіңішке  талшықгы  борпылдақ  дəнекер  ұлпасы 



түзеді.  Бұл  қабатта  зақымдалған  эндотелий  қабатын  қалпына  келтіру 

қызметін  атқаратын  жас  жұлдызша  жасушалар,  макрофагтар,  кейде  аздаған 

ет 

миоциттері 



болады. 

Дəнекер 


ұлпасының 

аморфты 


заты 

гликозаминогликандарға бай. Ортаңғы кдбығы медианы пішіні терезе тəрізді 

(фенестрлі)  тесіктері  бар  40-50  шақты  эластинді  жарғақгар  кұрайды.  Олар 

бір-бірімен өзара эластинді талшықтармен жəне қиғаш орналасқан миоциттер 

шоғыр-ларымен  қосымша  байланысқан.  Сыртқы  қабығы  адвентиция 

борпылдақ  дəнекер  ұлпасынан  тұрады.  Оның  коллаген  талшықгары  артерия 

бойымен  үзынынан  орналасады.  Адвентицияда  артерияның  қабыр-ғасын 

қоректендіретін қан тамырлары мен жүмысын реттейтін жұйкелер болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   794   795   796   797   798   799   800   801   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет