Етгі артерияларға мүшелерге қан əкелетін қызылтамырлар немесе
мүшелер ішіндегі артериялар жатады. Етті артериялардың ішкі қабыгы
интима үш қабаттан құралған. Олар: ішкі қабаты — эндотелий, ортаңғы
қабаты эндотелийасты қабаты жəне сыртқы — ішкі эластинді жарғақ. Ішкі
эластинді жарғақ артерияның ортаңғы қабығы медиамен шектеседі. Медиа
толығымен
сақинаша
орналасқан
бірыңғай
салалы
ет
ұлпасының
миоциттерінен
тұрады.
Ортаңғы
қабық
миоциттері
шоғырларының
аралықгарында эластин талшықтарының торлары болады. Ірі етті
артерияларда медианың сыртқы жағында сыртқы эластинді жарғактың
пайда болуы мүмкін. Адвентиция қабығында айтарлықтай айырмашылықтар
болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |