Етті-эластинді артерияларға қолқа мен өкпе артериясы баға-нының
жүректен алыс жатқан ірі тармақтарын жатқызуға болады. Жүректен
алыстаған сайын аталған тамырлар қуыстарындағы қанның қысымы
төмендейді.
Сондықган,
аталған
қан
тамырларында,
олардың
қабырғаларының серпімділігімен қатар, қосымша жиырылып, қанды əрі
қарай айдап, жүрекке жəрдем беретін жиырылғыш құрылым пайда болады.
Осыған байланысты артериялар медиасы құрамында эластинді жарғақтардың
аралықтарында, сақина төрізді орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасы
миоциттерінің шоғырлары жетіледі де, аталған құрылымдар тең мөлшерде
араласып жатады. Қалган қабықтары мен қабаттарының қүрылысы эластинді
артерия қабырғасының қүрылысына ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: |