алдыңғы бүйірлік мұрын артериясы (a. lateralis nasi rostralis), ал екіншісі,
жоғары жəне артқа қарай бағытталып, бастың көз аумағын тамырландыратын
көз бұрышы артериясы (a. angularis oculi).
Ерекшеліктері. Жылқы мен итте бет артериясының тармағы тіласты
артериясынан бастың иек аумағын қоректендіретін иек артериясы ажырайды.
Сиыр мен шошқада тіласты артериясы тіл артериясынан бөлінеді.
Тамырлы ойық маңында, ол төменгі жақтың медиальды бетінде, жылқы мен
шошкада жұтқыншаққа артерия тармағын, ал төменгі жақтың латеральды
бетінде, жылқы мен сиырда үлкен шайнау бұлшық етіне артерия
тармақтарын бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |