М.Өтемісов атындағы Батыс



бет30/44
Дата14.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82636
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44

Тапсырма 2.


Қылқан жапырақты өсімдіктердің жапырағының құрылысының зерттеп белгілеп анықтау.(5-сурет)

Тапсырма 3.


Қылқанжапырақты өсімдіктердің сабағының анатомия- лық құрылысын талдау 1) Қылқанжапырақты өсімдіктердің сабағының анатомиялық құрылысына тән ерекшеліктерін белгілеу (қыртыс, флоэма, ксилема, камбий аймағы, шайыр жолдары, өзек). 2) Өткізгіш жүйенің құрылысына көңіл аудару.

Қарағай қылқан жапырағының көлденең кесіндісі.



5 - сурет. 1 - эпидерма 2 - қатпарлы паренхима; 3 - шайыр жолы; 4 - устьица; 5 - эндодерма; 6 - жиекті саңылаулары бар паренхималық клеткалар; 7- өткізгіш ұлпаның флоэмасы;
8 – склеренхима; 9 – гиподерма.
Тапсырма 3.
Аналық бүрдің құрылысын зерттеп білу: 1) Кәдімгі қарағайдың бүрлері жалғыздан (біреуден) орналасады. Бірінші жылы көктемде өркеннің ұшында қызғылт түсті кішкене келген бүрлері түзіледі. Онда тозаңдану жүреді. Екінші жылы бүрлері жасыл түсті болады, онда тозаңдану жүреді. Үшінші жылы бүрлері қоңыр түске айналып, онда тұқымы піседі, осы ерекшеліктеріне көңіл аудару. 2) Жетілген аналық бүрлерінің кесіндісінің құрылысының суретін салып, белгілеу: жабындық қабыршақ, тұқымдық қабыршақ, тұқым бүрі. 3) Тұқымбүрінің кесіндісінің суретін салып және суретте белгілеу: интегумент, микропиле, нуцеллус және архегонии, алғашқы эндоспермде батып тұрады (6-сурет)
Тапсырма 4.
Аталық бүрлердің құрылысын зерттеп білу: 1) Спора түзетін масақшаларының топтасып жиналуына, негізгі осьтен тұратын микроспорофиллдерінің орналасуына көңіл аудару. 2)
Микроспорофиллдерінің төменгі жағынан микроспорасы бар микроспорангийді табу. 3) Аталық бүрлердің тікесінен жасалған кесіндісінің суретін салып және оның құрамдық бөлігін белгілеу. 4) Тозаңның құрылысының суретін салып, суретте оның бөліктерін белгілеу: экзина, интина, ауа қапшығын, вегетативтік және антиридиальды жасушаларды. (6-сурет)
Тапсырма 5. Қарағайдың даму циклінің жүйесін талдау. Сызбасын салу (6-сурет) Тапсырма 6 Тұқымның морфологиялық құрылысын талдап және суретін салу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет