М.Өтемісов атындағы Батыс


Тақырыбы: Жабық тұқымдылардың теориялары. Магнолиялар. Сарғалдақтар түқымдасы. Бұршақ, құлқайыр, шытырша тұқымдастары. Терминдер мен анықтамалар



бет12/44
Дата14.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82636
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
Тақырыбы: Жабық тұқымдылардың теориялары. Магнолиялар. Сарғалдақтар түқымдасы. Бұршақ, құлқайыр, шытырша тұқымдастары.
Терминдер мен анықтамалар:
Терминальді аналық мойын - аналық мойын жатынның жоғарғы бөлігінде шығыңқы орналасады.
Мирмекохорлы - тұқымдары құмырысқалар арқылы тарайтын өсімдіктер топтары.
Эндозоохорла - жемістері жануарлар арқылы тарайды
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер):Жабық тұқымдылардың пайда болу теориясы: псевданация, эванция, гибридация қағидалары. Жаңа мүше – гүлдің пайда болуы. Дара және қосжарнақтылардың филогенетикалық байланысы. Тахтаджянның филогенетикалық кестесі. Магнолиялар, раушангүлділер. 120 000 түр белгілі. Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Гүлдің құрылысы, жапырақтың орналасуы. Тұқым. Сиыр жоңышқа, асбұршақ, егістік беде, үрмебұршақ, соя туыстары. Шытырша тұқымдасына жататын туыстар: сәбіз, ақжелек, балдырған туыстары.
Бұл түқымдаста 200-ден аса түр бар (20 туыс). Қазіргі кезде магнолиялардың ареалы үзік, оның өзі осы тұқымдастың бүтіндей ертеде пайда болған өсімдіктер екендігін көрсетеді. Қазіргі кездегі түрлерінің ең көп таралған Қытайдың Онтүстік-Шығысы, Индоқытай, Индияның Солтүстік-Шығысы жатады. Гүлдері үлкен, әдетте өсімдіктің сабағының жоғарғы жағында орналасады, гүл серігі қарапайым немесе қосарланған болып келеді және шеңбердің бойымен орналасады. Аталықтары мен аналықтары жеке-жеке тұрады, олардың сан мөлшері ерекше көп және спиральдың бойымен орналасады. Жемістерінің дәні көп жағдайда үлкен болады. Олар таптамалардың жиынтығынан (сборная листовка), сиректеу жаңғақшалардың жиынтығынан тұрады.
Магнолия туысы (магнолия - Magnolia). Бұл туыста 70-тей түр бар, олардың 20-дайы сәндік өсімдіктер ретінде мәдени жағдайда өсіріледі. Солтүстік Америкада (мәңгі жасыл түрлері) және Азияның Оңтүстік шығысында (жапырақты түрлері) кең таралған. Гүлінің формуласы: * Са3Со АG.
Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында табиғи жағдайда сібір магнолиясы (магнолия сибирская - M.obovata) деп аталынатын бір ғана түр өседі (курил аралдарында). Мәдени жағдайда ең көп отырғызылатын түріне үлкен гүлді магнолияны (магнолия крупноцветковая - M.grandiflora) жатқызуға болады. Ол Флоридадан шыққан мәңгі жасыл ағаш, гүлі үлкен, түсі балауыз (воска) тәрізді ақ және жағымды иісі болады. Магнолияның кесілген бөренелері әртүрлі бұйымдар жасауға қажетті аса құнды материал болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет