М.Өтемісов атындағы Батыс


Раушангүлдер тұқымдасы (розановые) — Rosaceae



бет15/44
Дата14.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82636
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Раушангүлдер тұқымдасы (розановые) — Rosaceae
Түрлерінің саны 3 мындай (115 туыс), олар солтүстік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты елдерінде кеңінен таралған, кейбір түрлері оңтүстік ендіктегі елдерде де өседі. Раушангүлдер жалпы алғанда табиғи тұқымдас болға- нымен, олардың вегетативтік және генеративтік (репродук- тивтік) оргаңдарының қүрылысы алуантүрлі болып келеді. Өмірлік формалары — мәңгі жасыл ағаштардан шөптесін өсімдіктерге дейін (негізінен көпжылдық) болады. Жапы- рақтары қарапайым және күрделі, жапырақ серігі бар немесе жапырақ серігі жоқ, қауырсынды және саусақ- салалы жүйкеленген болып келеді. Бір түрлерінде гүлдерінід және жемістерінің белгілерінің біршама қарапайым болып келуі, бұларды көп жемістілерге жақындатады, мысалы пестик - терінің санының көп болуы. Екінші біреулеріне гүлдің жеке- леген бөліктерінің (мүшелерінің) редукцияға үшырауы және прогрессивтік белгілерінің болуы, мысалы жатынының томен болуы тән. Гүлдерінің мамандануы көп жағдайда жемістерімен дәндерінің таралуына негізделіп бағытталған бейім- делушіліктің пайда болуына қарай жүрген. Тұқымдастың негізгі қасиеті оның гинецейімен гүл табанының қүрылысында. Гүлдерінің гүл табаны конус тәрізді жөне гинецейі көп апокарпты немесе гүл табаны ойыс және гинецейі ценокарпты болып келеді. Осындай бір-бірінен алыс жататын екі форманың арасында көптеген аралық формаларыда болады. Табақша, тостағанша немесе бокал тәрізді болып үлғайған гүл табанын гипантия деп атайды. Оның түзілуіне гүл табанынан басқа, гүлдің басқада бөліктері тостағанша жапырақшаларының, күлте жапырақшалардың, аталық- тарының түп жағы кейде тіптен тостағаншаның астыда қатысады. Көп жағдайда жемістер піскен кездерде гүл табаны ашық түске боялып етженді және шырыңды жағдайға келеді, ол дегеніміз жемістерімен дәндерінің жануарлар арқылы таралуына мүмкіндік туғызады. Раушангүлдер сарғалдақ гүлдерден мынадай белгілері арқылы ажыратылады:. гипантиі жақсы жетілген; жапырақ- тарында жапырақ серіктерінің болуы; кейде гүлдерінің астында тостағанша асты жапырақшаларының (подчащия) болуы, әсіресе шөптесін формаларында, гүлдері барлық уақытта актиноморфты, циклді, гүлсерігі қосарланған 5 мүшелі (сиректеу 4 мүшелі) және аталықтары көп мүшелі, олар 5 қатар шеңбер түзіп орналасады. Раушангүлдердің шөптесін формаларының ішіңде сарғалтақгүлдер тұқымдасы секілді мал азығы ретінде пайдаланылатын өсімдіктер жоқтың қасы, алайда улы түрлері өте сирек кездеседі. Раушангүлдер тұқымдасын гүлдерінің және жемістерінің құрылысының ерекшеліктеріне қарай төрт тұқымдастармағына бөледі: тобылғылар, итмұрындар, алмалар, қараөріктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет