жылмен салыстырғанда -137% болды. Бірақ өнеркәсіп салаларының
үлес салмағы біркелкі болған жоқ. Мысалы, 1950 жылғы бүкіл
өнеркәсіптің жалпы өнімінің ортақ көлеміндегі жекелеген өнеркәсіп
салаларының үлес салмағына келсек, машина құрастыру, металл өңдеу-
12,9%, жеңіл өнеркәсіп-13,8%, тамақ өнеркәсібі-24,7% болған. осыған
қарамастан соғыстан кейінгі бесжылдықтың тапсырмалары мерзімінен
бұрын орындалды. оның басты себебі соғысты жеңіспен аяқтаған
Кеңес елі адамдары сияқты орал қаласы еңбекшілерінің де еңбектегі
шабыт-жігері болды. Бұл кейінгі жылдарда өз жалғасын тапты.
1950 жылдарда Қазақстанның экономикасының күш-қуаты-
ның өсуі үшін алғы шарттар жасалып, бұл жылдары халық
шаруашылығының материалдық және техникалық базасын нығайту,
шаруашылық айналымға жаңа ресурстарды тарту, өндірістің
техникалық дәрежесін арттыру шаралары жүзеге асырылды. Қала
экономикасы одақтық және республикалық жоспарлармен қоса
қалалық еңбекшілер депутаттарының Кеңесінің атқару комитетінің
шаруашылық және мәдени-әлеуметтік шараларды дамыту жоспарына
сай жұмыстанды. Басты міндеттері халық шаруашылығы жоспарын
орындау мен өнім шығару болған орал қаласының кәсіпорындары
еңбектің әртүрлі әдістерін қолдана отырып өз жоспарларын орындауға
ат салысты. Соның нәтижесінде орал қаласы республикадағы жеңіл
және тамақ өндірісі орталықтарының біріне айналды. Бұл кезеңде
өнімнің негізгі түрлерін өндіру көлемі ұлғайды. Мысалы, қаладағы
мия зауыты ұжымы өнім шығарудың жылдық жоспарын 29%-ке, еңбек
өнімділігін 34%-ке асыра орындап, өнімнің өзіндік құнын 6,5%-ке,
яғни жоспардағыдан 12,8%-ке кеміткен. Сондай-ақ өндірістік қуаттар
мен алаңдарды толық пайдалану жолымен негізгі өнім шығаруды
1948 жылмен салыстырғанда 10 есеге арттырды. Мұның өзі қала
кәсіпорындарының жылдық жоспарларын орындауының нәтижесі еді.
Мысалы, 1952 жылы статистикалық Басқарманың мәлімдемесі бой-
ынша орал қаласының халық шаруашылығының жоспарын орындауы
мынадай болған:
Қалалық сүт зауыты - 105 %; Механикалық зауыт -89%;
Кірпіш зауыты- 105; Қалалық тамақ комбинаты - 136%;
Ет комбинаты- 78%; Қалалық өнеркәсіп комбинаты –113%;
Киіз-байпақ зауыты - 64%; Тері-тон зауыты- 86%.
Қалалық өнеркәсіп орындарының халық қажетін өтеуіне өз үлестерін
қосып отырған қаланың маңындағы қосымша шаруашылықтардың
да жұмысын атап өтуге болады. Бұл кезеңде қаланың қосымша оқу-
тәжірибелік және мемлекеттік шаруашылықтары өз жерлерін иеле-
не отырып бақша өнімдерін өсірген. Мысалы, тәжірибе станциясы,
селекциялық станция, құс комбинаты, ет комбинатының, жем совхо-
зы, сондай-ақ педагогика институты, ворошилов атындағы зауыт тағы
басқа жер үлестерінде түрлі өнімдер өндірген. Бұл шаруашылықтар
1951 жылы өз жоспарларын мынадай тұрғыда орындаған(5-кесте):
5-кесте
№
Өнім түрлері
Жоспар
орындағаны
%
1
Картоп
Көкөніс
250
150
211,24
130,4
85
87
№
Құ с
Ірі қара мал
4885
1561
3847
1217
Басқа бақша өнімдері
140,5
103,30
73,5
Мұндай қосымша шаруашылық өнімдері қала халқын азық-
түлікпен қамтамасыз етудің бір тетігі болса, әрі бұл кәсіпорын халқын
пайдалы еңбекпен шұғылдандыру мәселесін шешу жолы да болды.
1950-1960 жылдардағы экономиканы дамыту бесінші
бесжылдықпен байланысты болды. 1952 жылы қазандағы КоКП-
ның XIX сьезі қабылдаған халық шаруашылығын дамытудың бесінші
бесжылдық жоспарында ауыр өнеркәсіпті дамытуға ерекше мән берілді.
Сондықтан орал қаласы кәсіпорындары да бүкіл республикадағыдай
бесжылдық жоспарды орындауға жұмылдырылды. Ал 1950 жылдар-
да орал қаласында мынадай өндіріс орындары болды және ондағы
жұмысшылар мен өнім шығару көлемі төмендегідей көрсеткішті
көрсетті(6-кесте):
6-кесте
№
Өндіріс орындары
Өнім көлемі
Жұмысшылар саны
1.
Арматура зауыты
7300
251
2.
Горпромкомбинат
4500
190
3.
Гор пищекомбинат
5550
71
4.
Землячка ат. зауыт
38127
615
5.
Ет комбинаты
69800
581
6.
Мия зауыты
1422
34
24
25
Бұл кәсіпорындарға мамандарды қаладағы №15 қолөнер училищесі
-340, №11 ФЗо мектебі -118 кадр даярлады.
Қаладағы жетекші ұйым ретіндегі партия комитетінің ықпалымен
бұл кәсіпорындарда жоспарды орындау үшін, әрі жұмысшылардың
еңбек ету белсенділігін арттыру үшін әртүрлі әдістер қолданылды.
Соның бірі рационализаторлық ұсыныстарды енгізу және оны қолдау
болды. Мысалы,
1952 жылдың өзінде тері-тон зауытының слесары в.Клочков-6
ұсыныс, механик С.И.Селенцов – 2 ұсыныс беріп, олардың тәжірибелік
жұмысына 0,3 мың сом жұмсалып, авторлар 2,7 мың сом сый алған. Бұл
ұсыныстар нәтижесінде зауытта 35,8 мың сомға үнемділік жасалған.
Мұндай ұсыныстар өнім шығарудың өсуіне де ықпал етті. Мы-
салы, 1952 жылы Арматура зауытында өнім шығару – 10 есеге, еңбек
өнімділігі 1950 жылмен салыстырғанда 48% өссе, өнім құны 25 %
төмендеді.
Сөйтіп 1950-1954 жылдар арасында облыс пен оның
орталығындағы өнеркәсіп орындарының жұмысы қарыштап алға ба-
сты. Әсіресе өнеркәсіп орындарында өндірілетін бұйымдардың түрлері
1950 жылмен салыстырғанда едуәір дәрежеде көбейіп, олардың сапа-
сы да жақсарды. облыс кәсіпорындарының тұтас алғанда жалпы өнім
шығаруы 1945 жылға қарағанда 237,9 пайызға көбейді.
1950-1954 жылдары өнеркәсіпте істейтін әрбір жұмысшының
айлық еңбек ақысы орта есеппен 73,85%-ке артқан. Ал өнеркәсіп орын-
дарында жұмыс жасайтын жұмысшылардың саны осы кезеңде 43,3%-
ке көбейген. Бірақ ондағы қазақ ұлтының үлес салмағы төмен болды.
Бесінші бесжылдықтың 1950-1954 жылдарында өнеркәсіпте
жалпы өнім өндіру 1950 жылмен салыстырғанда 121 миллион сомға
немесе 54%-ке артқан. Бесінші бесжылдық жоспарын қаланың он
алты кәсіпорны мерзімінен бұрын орындаған. Әсіресе КСРо совхоз-
дар министрлігінің механикалық зауытының, №17 жарма зауытының
коллективі өндірісті ұйымдастыру, техникалық прогресті енгізу, сапа-
лы өнім шығару, өндірістік жоспарларды орындауда алдыңғы қатарда
болған. 1950 жылы облыс кәсіпорындары 144 миллион сомның өнімін
шығарса, 1959 жылы 700 миллионның, ал 1960 жылы 800 миллионға
жуық сомның өнімін өндірген. осы жылдағы қала өнеркәсібінің
өндірген жалпы өнімі мен өндірістегі жұмыс жасаған жұмысшылардың
саны қандай болғанын А.2-қосымшадан көруге болады.
1960 жылы қаладағы кәсіпорындарға қажетті мамандарды қаладағы
кәсіптік бағыттағы оқу орындары мынадай көлемде даярлаған:
№9 техникалық училище -250;
ауыл шаруашылық механизациясы училищесі – 530.
Кейбір кәсіпорындар өнім өндіруде республикада жетекші орында
болды. Мысалы, Тері комбинатын алсақ, ол республикада өндірілетін
мехтың жартысынан астамын беріп отырған. Комбинат өндірген
негізгі бұйымдар балалардың тері пальтосы, жаға, манто, тері бөріктер
жақсы сұранысқа ие болған. 1960 жылы комбинатта өндірістік про-
цестер механикаландырылып, киім тігуде конвейер бағыты жұмыс
жасаған. Москваның тері фабрикасының тәжірибесі бойынша тері
жағаларды пішуде үдемелі әдіс қолданылған. Бұл жартылай фабри-
каттарды үнемдеуге жағдай жасады. осындай республикалық маңызы
бар тағы бір кәсіпорын Землячка атындағы былғары зауыты болды. ол
республикадағы былғары өндіретін қуатты кәсіпорындардың біріне
айналды. оның қуатының өсуін өндірген хромының көлемінен көруге
болады. Мысалы, кәсіпорын 1951 жылы 76 миллион шаршы дециметр
хром өндірсе, 1960 жылы 127 миллион шаршы дециметр хром өндірген.
Сөйтіп 1950-1960 жылдарда қала кәсіпорындары республикалық
деңгейдегі басымдыққа ие бола бастады.
Экономиканың дамуында КоКП орталық Комитетінің 1955
жылғы шілде Пленумы өнеркәсіптегі ғылыми-техникалық прогрестегі
бетбұрыс кезең болды. Пленум «өндіріс процестерін электрлендіру,
комплексті механикаландыру және автоматтандыру, мол өнімді ең жаңа
станоктарды, машиналар мен аппараттарды енгізу, өндіріс технология-
сын үнемі жетілдіріп отыру, атом қуатын бейбіт мақсаттарға қолдану
негізінде өнеркәсіптің барлық салаларында техниканы жетілдіру
қарқынын мықтап арттыруды» талап етті.
Сөйтіп Пленум өнеркәсіпті алға қарай дамыту, техникалық про-
гресс пен өндірісті ұйымдастыруды жақсарту жөнінде кең көлемді
бағдарлама жасау міндетін қойды. Қаладағы өнеркәсіп орындары осы
шілде Пленумының қаулысын жүзеге асыра отырып, өнім шығаруды
арттырып, құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану ісін жүзеге асырды.
Қаланың өнеркәсіп орындары бүкіл облыс өнеркәсіп орындары сияқты
бесжылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындауға ат салысты. Мыса-
лы, К.Цеткин атындағы тігін артелі бесжылдық жоспарды мерзімінен
бұрын орындап, 1956-1960 жылдардың есебіне өнім берген. Ал Земляч-
ка атындағы зауыт 1959 жылдың 10 айының ішінде 70 тонна шикізатты
үнемдеп, өнімнің өзіндік құнын 800 мың сомға кемітті.
1950-1970 жылдарда қаланың шаруашылық дамуы бүкіл елдегі
сияқты сандық мазмұн алды. Мұның негізі сталинизм идеяларынан
бас тартып, Хрущевтің жылмық кезеңі басталған кезде қалыптасып
еді. Өйткені осы өтпелі кезеңде кеңес елінің де, оның құрамындағы
Қазақстанның алдында да дамудың екі жолын таңдап алу мүмкіндігі
тұрды. ол жолдың біріншісі нарықтық механизмдер тетігін іске қосып,
26
27
қоғамдық меншік көзқарасынан арылып, еңбекшілердің өз еңбегінің
түпкілікті нәтижелеріне деген қызығушылығын арттыру, осы арқылы
еңбек өнімділігін көтеру, оның жаңа биік сатысына шығу жолы бол-
ды. Ал екіншісі бұрынғы қалыптасқан қоғамдық-шаруашылық
қатынастарды ішінара өзгерте отырып, адамдардың белсенділігін
көтеру арқылы сандық өсімді арттыру арқылы биік белестерге жету
бағыты болды. осы екі жолдың ішінен қайсысын таңдау керек деген
мәселе қойылған кезде өкінішке орай кеңестік кезең басшылары екінші
жолды таңдап алды, өйткені алғашқы бағыт бүкіл қоғамның негізін,
партияның жетекшілік құдіретін шайқалтады деп қауіптенді.
Кеңестік кезеңдегі орал қаласы да осы екінші жолға түсіп
экстенсивті экономикалық саясатты басшылыққа ала отырып,
кәсіпорындар жұмыстарын жүргізіп, жаңа өндіріс орындарын іске
қосты. Өндірістің барлық салаларында жоспарды орындау, асыра орын-
дау, жаңа сандық көрсеткіштер беру жолында көптеген социалистік
жарыстар ұйымдастырылды. оған қаладағы көптеген өндіріс орын-
дары қатысты. Мысалы, 1955 жылы қарашада Р.С.Землячка атындағы
тері өңдеу зауыты еңбекшілері Бүкілодақтық социалистік жарыста үш
айлық қорытынды бойынша 3-орын алады.
Бұл жылдарда жүргізілген бәсекелестік жарыс көшіне ілесе алмай,
сол кезең талаптарына жауап бере алмай көптеген кәсіпорындардың
басқа кәсіпорын түрлерінің қалыптасуына жол беруіне алып келді.
Өйткені бәсекелестік жарыста жоғарғы көрсеткіштерге жету үшін ұсақ
кәсіпорындарды ірілендіру істері жүзеге асырылды. Мысалы, 1957
жылы тамызда №5 ұн зауыты мен №17 жарма зауытының базасында
ұн-жарма комбинатының құрылуы осындай мақсаттан келіп шыққан
еді. Қазақстанның жалпы одақтық экономикадан қалмауын қамтамасыз
ету кезек күттірмейтін, әрі үнемі бақылаудағы мәселенің бірі болды.
осыған орай 1951-1955 жылдар арасында Қазақстан өнеркәсібіне 12
миллиард сом ақша қаржысы бөлінген, соның 94,7% ауыр өнеркәсіпке,
5,3% жеңіл өнеркәсіпке бағытталды. Мұндай мөлшердегі қаржының
бөлінуі барысында осы жылдарда Қазақстанда 480 кәсіпорын мен
ірі обьектілер іске қосылған. Қаражат бөлу 1954 жылға таман 1231,9
млн. сомды құрады, ал 1954 жылы- 23,2 есе өсіп, 1954 жылы-360%
құрады.
1956 жылдың 14-25 ақпаны аралығында Компартияның ХХ сьезі
болды. Сьезде қабылданған КСРо-ның 1956-1960 жылдарға арналған
халық шаруашылығын дамыту жөніндегі алтыншы бесжылдық жо-
спары экономика мен мәдениетті дамыту, халықтың тұрмыстық
деңгейін көтеру жөнінде нақты міндеттерді белгіледі. Барлық
Қазақстан қалаларындағы сияқты орал кәсіпорындары да бесжылдық
жоспардағы өнім шығару жоспарын мерзімінен бұрын орындау
ісіне жұмылдырылды. Мысалы, 1957 жылы қазан төңкерісінің 40
жылдығына орай орал өнеркәсібі өнім шығару жоспарын 9 айда 106%
орындаған.
Жалпы бұл жылдарда Халық шаруашылығы Кеңесіне қарайтын
11 кәсіпорынның тоғызы өз жоспарларын асыра орындаған. оның
қатарында орал қаласының байырғы кәсіпорындары Р.Землячка
атындағы зауыт, ет комбинаты, Арматура, Кірпіш зауыттары тағы
басқалары болған. 1958 жылы орал қаласының 19 өнеркәсіп
кәсіпорны мемлекеттік жоспарды мерзімінен бұрын орындап, келесі
жылдың 12 миллион сом өнімін шығарған. 1959 жылы жалпы өнім
өндіру облыс кәсіпорындары бойынша 101%, қала бойынша 102,4%
орындалған. оның ішінде Совнархоздар кәсіпорындары бойын-
ша -106,5%, жергілікті өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша-103%,
кооперативтік-өнеркәсіптік кәсіпорын бойынша -105,8% орындалған.
Қала кәсіпорындары бұл кезеңде 12 млн. сом жоспардан тыс өнім бер-
ген. Мұндай артық өнім беру осы кезеңдегі еңбек өнімділігінің өсуін
көрсетті. 1959 жылы еңбек өнімділігі 102,4%-ке өскен.
1950 жылдардың екінші жартысы өндіріс техникасы мен
технологиясының одан әрі жедел дамып, жұмысшылардың
өнертапқыштық пен жаңашылдыққа деген ынта-ықыластарының
артқан кезі болды. Кәсіпорындарда өнертапқыштық пен жаңашылдық
жөніндегі бюролардың, техникалық прогресс жөніндегі секциялардың
жұмысы күшейді, көптеген салалық өндірістік кеңестер құрылып,
қоғамдық байқаулар мен конкурстар өткізілді. Тұрақты өндірістік
кеңестерде жұмысшылар мен қызметкерлер өз ұсыныстары арқылы
өндірісті басқаруға қатысып отырған. 1958 жылы тамызда рациона-
лизаторлар мен өнертапқыштардың қазақстандық бірінші конферен-
циясы өткізіліп, онда республикалық қоғам құрылып, ол облыстағы
рацианализаторларды топтастырды. Ғалымдар, өндіріс жаңашылдары
мен өндірісті ұйымдастырушылар техникалық прогресс мәселелері
жөнінде лекциялар оқыды. 1964 жылдың аяғы мен 1965 жылдың
басында республикада ғылым мен техника жетістіктерінің халық
шаруашылығында игерілуіне байқау өткізілді. Тексеру 6,5 мың
обьектіні қамтып, оған 145 мыңнан астам жұмысшылар мен ма-
мандар қатысты [56;404]. Тексерудің барысында еңбек өнімділігін
арттырудың резервтері ашылып, техникалық прогресті жеделдету
мүмкіндіктері табылды. Бұл кезеңде Қазақстанның 23 мыңнан астам
жас жұмысшы, колхозшы мен маманы «Бесжылдыққа – жастардың
28
29
шеберлігі мен ізденісі» деп аталған бүкілодақтық конкурсқа қатысқан,
олардың қатарында «Қаланың үздік токары», «Жас және үздік маман
жұмысшы» атақтарын алу үшін орал қаласының жастары да болды
Жалпы бесінші, алтыншы бесжылдықта еңбек өнімділігін
арттыру,өнімнің өзіндік құнын кеміту, зауыттардың өндірістік қуатын
кеңейте отырып, өнім шығаруды ұлғайту тапсырмалары орындалды.
Қала еңбекшілерінің өмірлік мүдделеріне сай келетін партияның
ХХ сьезінің шешімдері де оларды жаңа еңбек өрлеуіне ынталандыр-
ды. Бұл қала кәсіпорындары ұжымдарының техникалық прогресті
жеделдетуге ұмтылыстарынан нақты көрініс тапты. Мұнда өндірістің
жаңашылдары- өнертапқыштардың ролі айырықша болды. 1960 жылы
облыс кәсіпорындары мен құрылыс орындарында 1209 жаңашыл
ұсыныстар өндіріске енгізіліп, осының нәтижесінде 778,5 мың сом
үнемделген. осы кезеңде бір ғана Механикалық зауыттың өзінде 1960
жылы 156 жаңашылдық ұсыныс өндіріске енгізіліп, 400 мың сомдай
қаржыны үнемдеген.
орал қаласы кәсіпорындары 1958-1961 жылдарда жетіжылдықтың
осы жылдардағы жоспарын жалпы өнім өндіру жөнінен 101,2%-ке
орындады. Бұл кезеңде өнеркәсіп өнімінің жылдық орта өсімі 13,9%,
еңбек өнімділігінің жылдық орта өсімі 8% болды. Жалпы өнім өндірудің
жоспары 1961жылдың жеті айының ішінде 103,6% орындалған. осы
кезеңде 1 млн 679 мың сомның жоспардан тыс өнімі шығарылды.
Жылдық жоспардан тыс мынадай мөлшерде өнім өндірілген: 113 пар
киіз аяқ киім, 888 мың құты консерві, 252 тонна шұжық тағамдары,
1898 тонна қаймағы алынбаған сүт өнімдері, 3164 мың шаршы дице-
метр қой терісі. Өнім шығаруды өсіруде кәсіпорындарда коммунистік
еңбек коллективі атағын алу жолындағы жарыс үлкен роль алды.
осы кезеңде экономиканы басқарушы партия-үкімет ұйымдарының
нұсқауымен жұмыс жасаған, әрі осы кезеңдегі еңбек етудің озық үлгісі
болған коммунистік еңбек бригадаларының белсенділігінің ролі зор
болды. 1958 жылы қала кәсіпорындарында 40 коммунистік еңбек бри-
гадасы болса, 1959 жылы оның саны 180-ге, ал 1961жылы тамызда 304
коллективке жеткен, оның ішінде 1 зауыт, 2 депо, 27 цех, 20 смена, 247
бригада және 700-ден аса екпінділер болған. Бұл құрметті атақты 51
коллектив, 170 екпінді жеңіп алған.Коммунистік еңбек үшін күреске
5 мыңнан астам жұмысшылар, инженер-техниктер, 1500 коммунистер
мен комсомолдар қатысқан.
Өнеркәсіп мекемелері жылдан жылға өнім өндіру көлемін
өсіріп отырған. Жетіжылдықтың бірінші жылымен салыстырғанда
жалпы өнім көлемі 9137 мың сомға немесе 262%-ке өскен. оның
ішінде Совнархоз мекемелері бойынша – 32,7%, жергілікті өнеркәсіп
мекемелері бойынша – 12,6% болған. Ал жекелеген кәсіпорындар
бойынша алып қарасақ 1961жылдың 7 айының ішінде 1959 жылдың
осы кезеңімен салыстырмалы түрде алғанда Жөндеу зауытында –
44,6%, Механикалық зауытта – 95,6%, СМо зауытында – 60,7%,
Металл жасау зауытында -49% өскен. Жекелеген кәсіпорындардағы
өнім өндірудің өсімін алып қарасақ, бір жылдың ішінде ворошилов
атындағы зауыт трактор бөлшектерін шығаруды 2 есеге, токарлық ста-
ноктар мен үтіктерді шығаруды -2,5 есеге арттырған. Алайда осындай
көрсеткіштерге қарамастан кәсіпорындарда едәуір кемшіліктерде орын
алып отырған. Сондай кемшіліктердің бірі жұмыстың бірқалыпты
еместігі, коллективтердің көпшілігі товарлық өнімді шығару жоспа-
рын айдың соңғы үшінші декадасында орындап отырған. Бұл сапасыз
өнімдердің шығуына, тек сандық көрсеткіштердің ғана орындалып,
сапалық көрсеткіштің ақсап қалуына әкеліп отырған. Жалпы қала
кәсіпорындары бұл жылы өндіріс жоспарын асыра орындағанмен
жергілікті өнеркәсіптің 13 кәсіпорнының 9 өндіріс жоспарын
орындамаған. олар: Чапаев атындағы тері аяқ киім зауыты (дир.Саль-
ников), К.Цеткин атындағы фабрика (дир.Гриченко) тағы басқалары
болды. Нәтижесінде жергілікті өнеркәсіп кәсіпорындары жеті айда
439,9 мың сомның өнімін бермеген. 170 түрлі зат түрлерінің тек 75 по-
зициясы бойынша ғана жоспар орындалған.
Бұл кезеңдегі өнеркәсіптің дамуындағы тағы бір кемшілік –
қалалық партия комитетінің өндірістен тыс шығындардың орын
алуына тиісті дәрежеде көңіл бөлмеуі. Өндірістік емес шығындар
вагондардың тұрып қалуына, өнімдерді уақытында жеткізбеуге
байланысты салынған айыптардан, өндірістік сапасыз өнімдер
шығындарынан құралған. Мысалы, Механикалық зауыттың өндірістік
емес шығынының өзі 1961 жылы 16,4 мың сомды құраған. дегенмен
осы кемшіліктердің орын алуына қарамастан қала кәсіпорындарының
өндірістік қуаты едәуір кеңейді. орал жылу электр орталығы,нан зауы-
ты, сүт зауыты тағы басқалары салынып, пайдалануға берілді. Өндіріс
орындарында жұмыс жасайтын жұмысшылардың жалақысы 8-10 %-ке
өскен. Жаңашыл өнертапқыштық жұмыстар күшейтілген. Мыңнан
аса адам 1300 рационализаторлық ұсыныстар берген, оның 971
өндіріске енгізіліп, 600 мың сомнан астам экономикалық тиімділікке
қол жеткізілген. Бірақ техникалық сауатты адамды қолдау, еңбекті
марапаттау тиісті дәрежеде болмады, кейде рационализаторлық
ұсыныстың авторлығын өндіріс басшыларының өз аттарына жазып
алу жағдайлары орын алған.
30
31
Жаңашылдар мен өнертапқыштар қызмет саласы аясының кеңеюі,
техникалық прогресті жеделдетудегі жаңашыл ойдың өскелең ролі өзінің
орталығын құруды талап етті. Республиканың барлық аймақтарында
жаңашылдар мен өнертапқыштар қоғамының ұйымдастыру бюро-
сын құру туралы қаулы қабылдаған кезде оралда да 1960-жылдарда
қоғамдық бастама негізінде кәсіпорындар мен мекемелерде 24
қоғамдық-конструкторлық бюролар құрылып, оның жұмысына 175
адам қатынасқан. 1962 жылдың І кварталында 32 жаңашыл болған,
1962 жылы Жергілікті өнеркәсіп Министрлігі ұйымдастырған конкурс
бойынша «Металл бұйымдар жасау» зауытына 2-ші сыйлық беріліп, 3
шығармашылық бригада мен 5 рационализатор сыйлыққа ие болған.
1963 жылдың І кварталында 53 жаңашылдар болған. олардан 55 ұсыныс
түсіп, оның 24 ұсынысы өндіріске енгізіліп, 32 мың сом экономикалық
тиімділік әкелген. Жеке кәсіпорындардың өзі бұл жаңашылдық іске бел-
сене қатысып отырған. Мысалы, Механикалық зауыт жаңашылдарын
алсақ 1963 жылдың І кварталындағы жаңашылдық ұсыныстардың
нәтижесінде 4 тоннадан астам қара металды, 2 тоннадай шойынды, 23
мың квт сағат электр энергиясын үнемдеген. Жалпы 1962-63жж. 971
жаңашылдық ұсыныс түскен, оның 625-сі (64,3%) өндіріске енгізілген.
223 ұсыныс бойынша 148,8 мың сомға экономикалық тиімділікке қол
жетті. Бірақ 1963 жылы қала кәсіпорындарындағы жаңашылдық бойын-
ша жалпы экономикалық тиімділік 1962 жылмен салыстырғанда төменгі
көрсеткіште болды. Мысалы, 1962 жылдың І кварталында үнемділік
378,9 мың сом болса, 1963 жылдың І кварталында 148,8мың сом болған.
Бұлайша төмендеу ең алдымен 178 мың сом пайда әкелген №412 Мосто-
поезд коллективінің Пенза облысына көшуімен, содан соң осы жұмысқа
жауапты адамдардың жауапсыздығы мен немқұрайлығына байланысты.
Яғни бұл алдыңғы қатарлы тәжірибенің зерделенуі, жинақталуы мен
таратылуы тиісті дәрежеде жүргізілмеді және ғылымның жетістіктерін
өндіріске енгізуде белсенділік жекелеген кәсіпорындарда төмен бол-
ды. Мұның өзі экономикалық дамудың барысына өз зиянын тигізгені
сөзсіз, яғни өндіріс орындары техникалық дамудан кенжелеп қалып от-
ырды. дегенмен өндіріс орындарындағы тұрақты өндірістік кеңестер
еңбекшілерді өндірісті басқаруға қатыстыруды күшейту шараларын
жүргізіп, өндірістік кеңестер мәжілістерін өткізіген. Мысалы, 1964
жылы құрамында 90 адам болған, оның 68-і жұмысшылардан тұрған
орал ет-консерві комбинатында алты айда өндірістік кеңестің 4 мәжілісі
өткізіліп, өндірістік маңызы бар мәселелер талқыланған. Кеңесте
15 рационализаторлық ұсыныс қабылданып, оның 9-ы өндіріске
енгізілген.
Кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарында прогрессивтік бастама-
лармен қатар кері жағдайлар да орын алып отырған. Мысалы, воро-
шилов, Землячка атындағы зауыттарды еңбекті қорғау мен техникалық
қауіпсіздіктер дұрыс сақталмаған жағдайлар орын алған.
Жалпы 1960 жылдарда Қазақстанда бұрын болып көрмеген
өнеркәсіп құрылысы жүргізілді. Өнеркәсіптің негізгі салаларының
өмір сүруі мен дамуы өндірісті интенсивтендіру арқылы емес,
негізінен күрделі қаржыны молайту, жаңа қуаттарды іске қосу есебінен
жүргізілгеніне қарамай республиканың базалық, әсіресе шикізат сала-
ларында тоқырау байқалған жоқ. Тек 1961-1965жж. ғана республиканың
халық шаруашылығындағы күрделі қаржының бұрынғы кезеңдермен
салыстырғанда көп игерілуінен республиканың өнеркәсіп потенциалы
екі есеге өсті. 729 ірі өнеркәсіп орны және 535 цех қатарға қосылды.
60-жылдардың екінші жартысында тағы да 445 ірі кәсіпорын және цех
іске қосылды, жүздеген зауыттар мен фабрикалар қайта құрылып және
техникамен қайта жабдықталды[62; 63]. 60-жылдардың басында жұмыс
жасап отырған кәсіпорындармен қатар орал қаласында да жаңа өндіріс
орындары да іске қосылды. Мысалы, 1960 жылы қарашада «Сантех-
деталь» кәсіпорны (СМо зауыты) жаңа техникамен жабдықталса, 17
желтоқсанда орал жылу электр орталығы (ТЭЦ) сияқты кәсіпорындар
іске қосылып, қала кәсіпорындарының қатарын толықтырды. Қала
кәсіпорындары тек құрылып қана қоймай өз өнімдерін шығарып,
Қазақстанды әлемге танытуға да өз үлестерін қосты.
1960-жылдар орал қаласының кәсіпорындарының өнімдерінің
экспорт үшін шығарыла бастау кезеңі болды. Мысалы, 1961 жылы
сәуірде орал Арматура зауыты өз құбырын 16 шет елге шығарса, 1962
жылы 20 елге экспортқа шығарады.1962 жылы науырызда «Қызыл
октябрь» фабрикасының мия цехы АҚШ, ФРГ, Югославия елдері са-
тып алатын экстракт шығаруды ұлғайтса, 1964 жылы қаңтарда экстракт
үлгісі Жапониядағы халықаралық арнаулы дәрілік шөптер көрмесінде
көрсетіледі. Мұндай жетістіктер жалпы одақтық нұсқауларды орында-
умен қатар Қазақстан, соның ішінде орал қаласы кәсіпорындарының
даму, жетілу сатысы, жаңа өзгерістерге икемделу кезеңі болғанын
көрсетеді. Тек қана 1954-1964 жылдар арасында жеке аймақтардағы
кәсіпорындардың жұмысы нәтижесінде Қазақстанда металл өңдеу
өнеркәсібі -3 есеге, жеңіл өнеркәсіп 3,5 есеге, қабырға металлдарының
өндірісі-7есеге өскен. 1964жыл жетінші бесжылдықтың жоспарла-
рын орындау кезеңі болғандықтан орал кәсіпорындары 1963 жыл-
мен салыстырмалы түрде алғанда өз жоспарларын мынадай тұрғыда
орындаған(7-кесте):
32
33
7-кесте
№
Кәсіпорындар
1963ж %
1964 %
1.
орал механикалық зауыт
89
100,4
2.
орал ет комбинаты
103
100,2
3.
орал сүт комбинаты
105
92
4.
орал тері комбинаты
100,2
97
5.
орал тігін фабрикасы
105
85
6.
Кондитер өнімдер фабрикасы
100,7
103
Жылдық жоспарды орындағанмен 1964 жылы көптеген қала
кәсіпорындары төмен деңгейде жұмыс жасаған. Өндіріс жоспары
1963 жылдың 2 айының ішінде 97,6 % орындалса, 1964 жылдың екі
айында 96,9%-ке орындалған. Өндіріс жоспарын қаладағы 8 кәсіпорын
орындай алмай, 400 мың сомның даяр өнімін шығармаған. олар: аяқ
киім, тері, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаттары, жиһаз фабри-
касы тағы басқалары. Бұл жағдай 1964 жылы 17 наурызда болған
қалалық партия-шаруашылық активтерінің жиналысында көтеріліп,
себебі анықталған. Себеп көптеген басшылардың цех, бригада,
кәсіпорын жұмысын терең жан-жақты талдамауы, өздерінің өндірістік
қызметке енбеуі, тек нұсқау берумен шектелуі, өз коллективтерін
міндеттемелерді орындауға нашар ұйымдастыруы деп атап көрсетілген.
Бұл кезеңде қала экономикасында өндірістен тыс шығындар да кең
орын алған. Мысалы,1964 жылы қаңтарда қала кәсіпорындары бой-
ынша шаруашылық айналымнан алынған қаржы 1789 мың сом болған.
Сондай-ақ қала кәсіпорындарында нормадан тыс қорлар 846 мың сомға
жинақталған, оның ішінде даяр өнім 387 мың сом болған. Нормадан
тыс даяр өнім қорлары жекелеген кәсіпорындар бойынша былайша
көрініс алған: Механикалық зауыт – 152 мың сом, Арматура зауыты –
58 мың сом, қалалық тұрмыстық комбинат – 27 мың сом, жиһаз фабри-
касы – 27 мың сом. Айналымдағы қаржыны дұрыс пайдаланбау кейбір
кәсіпорындарда қаржы тапшылығын туғызды. Бюджетке, тапсырыс
берушілерге төлем, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы
кешіктірілді. Бұл қала экономикасының дамуының көлеңкелі жақтары
болды.
Кәсіпорындардың қатарының өсуі үнемі болып тұрған процесс
болды. оның дәлелі 1965 жылы орал кәсіпорындарының қатарының
жаңа асфальт зауытымен, 60 мың бөтелке сүт, мыңдаған сыр
шығаратын сүт зауытымен, қабырға материалдарын шығару зауыты-
мен, жылу-энергетикалық орталықпен, нан зауытымен толығуы бол-
ды. Жалпы 1965 жылы Қазақстан өнеркәсібінің, соның ішінде орал
кәсіпорындарының шарықтап, даму кезеңі, әрі жетіжылдық жоспар-
ды орындау кезеңі болды. орал қаласының кәсіпорындары жетінші
бесжылдық жоспарын 1965 жылдың 10 желтоқсанында орындап, жо-
спардан тыс 6,7 миллион сомның өнімін шығарған. Бұл кезеңде орал
қаласындағы ірі кәсіпорындар 9 министрліктің қарамағында болды.
1965 жылғы өндіріс қорытындысын, яғни өндірілген өнім мен өндіріс
орындарында жұмыс жасағандар санын А2-қосымшадан көруге бола-
ды . Кәсіпорындарды жекелей алсақ, мысалы, Р.С.Землячка атындағы
тері аяқ-киім комбинаты тері шикізатын өңдеудің жылдық жоспарын
1 миллион 150 мың сомға орындаса, орал тері комбинаты 77 милли-
он 789 мың сомға, орал жөндеу зауыты 10 миллион 118 мың сомға
орындаған. Әсіресе орал жөндеу зауыты жоспар орындауда алдыңғы
орындарда болды.
1966 жылдың 29 наурызы мен 8 сәуірі аралығында болған
СоКП-ның ХХІІІ сьезі партияның орталық Комитетінің саяси
бағыты мен практикалық қызметін мақұлдап, халық шаруашылығын
дамытудың 1966-1970 жылдарға арналған бесжылдық жоспарының
нұсқанамаларын бекітіп, сегізінші бесжылдықтың басты міндеттерін
нақтылады. онда: «...ғылым мен техниканың жетістіктерін, барлық
қоғамдық өндірістің индустриялық дамуын, еңбек өнімділігі мен оның
тиімділігін арттыруды жан-жақты пайдалану негізінде өнеркәсіптің
одан әрмен елеулі өсімі, ауыл шаруашылығы дамуының жоғары
тұрақты екпіні қамтамасыз етілсін және осылардың негізінде халық
тұрмысының материалдық және мәдени деңгейін елеулі түрде көтеруге
мүмкіншілік жасалсын»- деп тұжырымдалған.
осы бесжылдық міндеттеріне сай 1960-жылдардың аяғынан қала
еңбекшілері бесжылдық жоспарын орындау жолында еңбек етті.
одақтық тапсырмаларды орындауда ерен еңбектері үшін
кәсіпорындар мемлекеттік деңгейде мараппатталып отырды. Мыса-
лы, тапсырманы орындағаны үшін орал жөндеу зауытына 1967 жылы
22 шілдеде Ленин ордені берілген. Өнеркәсіп орындарының жоспар-
ларды орындауы бір жағынан халық тұтынатын тауарлар өндірісінің
өсуіне әкелсе, екінші жағынан Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңмен
салыстырғанда Қазақстанның өнеркәсіп өнімінің 20 есеге өсуіне
әкелді.
Қаладағы экономика, өндіріс мәселелері қаланың партия ұйымы
тарапынан үнемі бақыланып отырды, әрі өндіріс мәселесін жолға қою
мәселелері көтеріліп отырды. Мысалы, 1968 жылы 17 шілдеде орал
қалалық партия комитетінде өнеркәсіп кәсіпорындарында, транспорт
пен құрылыста еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру мен өндіріс
мәдениетін көтеру жөнінде 1-қалалық конференция өткізіліп, онда
өндірістегі жаңашылдық ұсыныстарды қолдау, еңбек жарыстарын
34
35
кеңінен қолдану, партиялық бақылауды күшейту мәселелері көтерілді.
Еңбекті ұйымдастырудың жетілдірілуі мен еңбек жарыстары
1968 жылы орал жөндеу зауыты, Землячка атындағы зауыт, орал
механикалық зауыты, Арматура зауыттарының жылдық жоспарды
орындауға қол жеткізуіне ықпал етті. Өндірістегі еңбекті белсендендіру
мен еңбекшілерді ынталандыру мақсатында 1969 жылы «ең үздік ма-
ман» атты облыстық жарыстар өткізіліп, оған орал жөндеу зауытының
токарлары в.Киренюк, А.Цой, С.Мартыненко ие болған. Мұндай
жетістіктер басқа жұмысшыларға үлгі болып табылды[70;25].
Өндірістің дамуы ондағы жұмысшылар саны мен кәсіптік білім
сапасына да байланысты. 1960-жылдары Қазақстан жұмысшылары
қатарының сан және жағынан өсу кезі болды.1970 жылы Қазақстанда 3,4
миллионнан астам жұмысшы болды, бұл 1940 жылғыдан 5 есе көп еді.
1960-жылдардың ортасына дейін жұмысшылар санының өсуі
республика халқының өсуінен шамамен 1,5 есе озып, олардың үлес
саны тоқтаусыз артты. 1960-жылдардың ортасында жұмысшылардың
жалпы саны үнемі өсіп отырған жағдайда өнеркәсіп-өндірістік
персоналдың құрамында олардың үлес саны біраз төмендеді, бұл
инженер-техникалық қызметкерлер санының шапшаң өсуімен байла-
нысты болды.
1960-1970 жылдарда өнеркәсіп жұмысшылары 39,6 процент
(530 мыңнан 877 мыңға дейін) өсті. 1960-1970 жылдардан бастап
өнеркәсіптің жаңа салаларының пайда болуы еңбекшілердің жұмыс
қабілетін арттырып, олардың еңбек ақысының өсуіне де әкелген. Мы-
салы, еңбекшілердің жылдық табысы облыс бойынша 7702 мың со-
мнан 83589 мың сомға дейін өссе, әрбір жұмысшының еңбек ақысы
74,6 сомнан 135 сомға дейін өскен.
1950-1970 жылдар өндірістің қарқыны экстенсивті сипатта болды.
1958-1965 жылдар арасында республикада машина құрастыру, металл
өңдеу -13,3%; жеңіл өнеркәсіп-14,4%; тамақ өнеркәсібі-18,9% болған.
Республика кәсіпорындарының ішінде жеңіл және тамақ өнеркәсібінің
дамуы аймақтық сипатта болды. Мұның өзі бұл салалардың әртүрлі
аймақта түрлі деңгейде дамуына әкелді. Сондықтан республикадағы
бұл салаларды белгілі бір жүйеге келтіру үшін 1958-1965 жылдар ара-
сында жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамыту үшін едәуір дәрежеде
қаражат бөлініп, өндіріс көлемі кеңейтіледі. Әсіресе, бұл кезеңде даму-
да тежеліп қалған жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл
аударылады. 1960-жылдарда республиканың 64 қаласының тек 30-да
ғана жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары болды. жалпы жеңіл өнеркәсіптің
бұйымдарына деген қажеттілік, әрі арнаулы қаржы қорларының бөлінуі
осы жеңіл өнеркәсіптің үлес салмағын 28%-ке жеткізген. Ірі өндірісті
дамытып, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне тежеу салудың нәтижесінде
1970 жылы республиканың жеңіл өнеркәсібі жалпы республикалық
өнеркәсіп өнімдерінің небары 16% шығарды. Жеңіл өнеркәсіп
кәсіпорындарының өнім шығаруында өңдеу бағыты тігін, трикотаж,
аяқ киім жасауға қарағанда шапшаңырақ өсті соның салдарынан ре-
спубликада жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру еліміз бойынша орташа
дәрежеден екі еседей аз болды. Әсіресе тамақ өнеркәсібін дамытуға
ерекше көңіл бөлініп, бұл салада 1960-жылдардың екінші жартысында
ғана 40 жаңа кәсіпорын салынып, қатарға қосылды. Ал 1970-жылдарда
тамақ өнеркәсібінің үлесіне негізгі өнеркәсіп өндірістік қорларының
небары 75% және жалпы өнеркәсіп көлемінің 17% тиді, бұл одақты
тұтас алғандағыдан әлдеқайда аз еді.
Бұл кезеңдегі орал қаласындағы жеңіл өнеркәсіптің даму жағдайына
келсек негізінен алпысыншы жылдарға дейін қаладағы тұтыну затта-
рын болар-болмас мөлшерде кәсіпшілік артельдер шығарып келген.
Ал 60-жылдары қаланың Батыс Қазақстан облысының экономикалық-
әкімшілік орталығына айналуына орай ұсақ артельдер тарап, жеңіл
өнеркәсіп салаларының өсіп, дамуына жағдай жасалды. Қаладағы
таратылған кәсіпшілік артельдердің орнына тігін, мебель, аяқ киім, фа-
брикалары құрылған. Қалада жеңіл өнеркәсіппен қатар тұрғындардың
өскелең талап-тілегін күнделікті қанағаттандырып отыратын тамақ
өнеркәсібі де дамиды. олардың қатарын ет комбинаты, кондитерлік
тағамдар фабрикасы, сүт зауыты толықтырды. Тамақ өнімдерінің сапа-
сы жақсарып, түрлері көбейіп, көлемі ұлғаяды. Жеңіл, тамақ өнеркәсібі
бұйымдарына деген халық қажеттілігін өтеу үшін, әрі арнаулы қаржы
қорларының бөлінуі осы жеңіл өнеркәсіп аймақтарының бірі болған
орал қаласындағы кәсіпорындар қатарын 1970-жылдардың басында
орал кондитер фабрикасы, орал ет комбинатының жаңа цехтарының
іске қосылуымен толығуына әкелді. Өндірістің дамуы мен өсуі, ондағы
жоспар орындау жолында еңбекшілерді ұйымдастыру әдістері 1970
жылы орал өнеркәсібінің 8-бесжылдықтағы өндіріс көлемінің тапсыр-
масын 4 жыл 8 айда орындауға мүмкіндік берді.
Қала өнеркәсібінің дамуы 1970-жылдардың басынан бұл өңірге
републикалық партия, кеңес органдарының көңіл аударуына мәжбүр
етті. оның дәлелі ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 1971 жылы «орал қаласы
мен орал облысының Чапаев орталығын дамыту туралы» қаулысының
шығуы. Мұның өзі өнеркәсіпке жаңа техниканы қолдануға және
ауыл шаруашылығының дамуына жол ашуға мүмкіндік берді. Қала
кәсіпорындарының халық шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі,
еңбекшілердің социалистік жарыстағы жетістіктері жоғары жақтың
қолдауы мен марапаттауына ие болып отырды. Мысалы, орал қаласы
еңбекшілерінің социалистік жарыстағы жетістіктері үшін КСРо-ның
құрылуының 50-жылдығына орай ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Пре-
36
37
зидиумы, республиканың Министрлер Кеңесі, кәсіподақтар кеңесі
орал қаласына 1972 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Коммунистік
Партиясының орталық Комитетінің Қызыл Туын тапсырды. Сондай-
ақ социалистік жарыс жеңімпазы болғаны үшін өтпелі Қызыл Ту
1974,1975 жылдарда да орал қаласы еңбекшілеріне берілді. Мұның
өзі орал қаласы еңбекшілерінің үлкен серпіліспен, әрі жоғарғы жақтың
бұйрығын бұлжытпай орындай отырып жұмыс жасағанының дәлелі
болды.
Жалпы 1950-1970 жылдар Қазақстан өнеркәсібінің дамуының
экстенсивті негізде жүруіне орай орал кәсіпорындары да осы негізде
дамыды.1950-1970 жылдарда өнеркәсіптік даму жалпы одақтық
өнеркәсіптік экономикалық бағдарламаны қамтамасыз ету бағытында
жүрді де, онда Қазақстан республикасының өнеркәсібі КСРо-ның
шикізат базасы ролін орындады.
1970 жылдардың аяғында қаланың өндірістік-экономикалық
потенциалы алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда айтарлықтай
дәрежеде өскенмен, ол өзінің даму мүмкіндігін толық пайдаланды
деп айта алмаймыз. Себебі экономикада үлкен алшақтық, сөз бен істің
сәйкессіздігі, жоспар орындаушылық бағыт ұстау сияқты жартыкеш
жағдайлар орын алып тұрды.
1960-жылдардың басынан бастап Халық шаруашылығының кең
көлемде дамуы, соның ішінде өнеркәсіпте күрделі құрылыс көлемінің
едәуір өсуі құрылыс индустриясын жасауды талап етті. 1953 жылы
қаладағы құрылыс ісіне 843,6 мың сом жұмсалған. Бұл қаржыға қалада
құрылыс жұмыстары басталып, Маметова, Баскакчи, восточный
көшелерінде 8 пәтерлі үш кірпіш үй мен 2 пәтерлі 3 қамыс-ағаш үйлер
салу басталады, бірақ олар осы жылы пайдалануға берілмеген. Өйткені
1954 жылға тиісті деңгейде құрылыс ісін жүргізетіндей облыста бірде
бір құрылыс ұйымы болмаған. Сондықтан 1954 жылы күзде бірінші
хатшы болып келген Сабыр Біләлұлы Ниязбеков басқарған облыстық
комитеттің одақтық және республикалық органдар алдына қойған
ең алғашқы мәселелерінің қатарында – орал жылу-электр орталығы
құрылысын бастау, Жайық және Шаған өзендерінің үстінен тарты-
латын автокөлікке арналған көпірлер құрылысын жүргізу, арматура
зауытын қала орталығынан шетке көшіру, телеорталық салу тағы басқа
мәселелер болды. осындай көлемдегі күрделі құрылысты жүргізу үшін
1955 жылы «Уральскстрой», «Бурлинстрой» сияқты алғашқы құрылыс
трестері, ауыл шаруашылығы басқармасы жанынан құрылыс-монтаж
Кеңесін құру ісі қолға алынады.
Партияның ХХ сьезінің қарарларында және КСРо Министрлер
Кеңесі мен КоКП орталық Комитетінің 1957 жылғы 31 шілдедегі
«КСРо-да тұрғын үй құрылысын дамыту туралы» қаулысына сәйкес
10-12 жыл ішінде тұрғын үй мәселесін шешу басты мәселелердің
бірі болды. Бұл кезеңдегі қала мен облыс көлеміндегі құрылыс
индустриясының базасы жылына 2-2,5 млн. дана кірпіш шығаруға
қабілетті төңкеріске дейін салынған ескі зауыт пен қарапайым үлгідегі
әктас пештері мен Теректі ауданындағы алебастр кенішінен тұрды.
Мұндай база ірі көлемдегі құрылысты жүргізу үшін мардымсыз еді.
осындай құрылыс саласындағы кемшіліктер құрылысқа бөлінген
қаржының толық игерілуіне мүмкіндік бермеді. Мысалы, 1959 жылы
құрылысқа бөлінген 116,7 миллион сом қаржының тек 60,1 милли-
он сомы ғана игерілген. 10 мың шаршы метр тұрғын үй салу қажет
болғанмен, оның 51,8% ғана орындалған. Сондықтан құрылыс трестері
өздерінің өнеркәсіп базаларын ұйымдастыруға шешім қабылдап,
шақпақ тастарды, қиыршық тас пен құм қоспасын өндіру ісі баста-
лады, асфальт-бетон зауытының құрылысы қарқынды жүріп, қалада
құрылысшылар даярлайтын мектептер, училище ашылады. Мыса-
лы, №11училище мен №30 мектеп. 1960жылы құрылыс жұмыстары
үшін №11 құрылыс училищесі -150, №30 құрылыс мектебі -326 ма-
ман даярлаған. осындай игі істердің нәтижесінде 1960 жылы қалада
құрылыс өнеркәсібі дами бастайды. Бұл кезде қалада жұмыс жасаған
құрылыс мекемелері мен күрделі қаржы көлемінің қандай болғанын
және құрылыс саласында жұмыс жасаған жұмысшылар санын мына
8-кестеден көруге болады:
8-кесте
№
Құрылыс мекемелерінің
атаулары
Күрделі қаржы
көлемі (мың сом )
Жұмыс жасайтындар саны
Барлығы
жұмысшылар
1
412-мостопоезд
11377
408
356
2
Казстрой электромонтаж
6279
140
113
3
«Уральсксантехстрой»
ҚММ
5082
149
120
4
8- жол құрылыс участогы
4304
221
159
5
одСР-27
6344
186
144
6
обл.тұтыну
одағының
құрылыс басқармасы
2988
161
140
7
Құрылыс
жөндеу
конторасы
3182
135
114
8
№1 Құрылыс басқармасы
3400
76
68
38
39
Құрылыс мекемелерінің ішінен ең жақсы көрсеткіш берген №412
Мостопоезд және «Гордорстрой» құрылыс басқармасы болды. Негізгі
құрылыс жұмыстарын осы мекемелер жүргізді. 1961жылы қаладағы
өнеркәсіптік, мәдени-тұрмыстық және тұрғын үй құрылысына 15 млн.
895 мың сом қаржы бөлінген. Қаладағы құрылыс жұмыстарын жүргізу
үшін жоспардан тыс 1457 куб метр жиналмалы темір бетон, 350
мың күйдірілген кірпіш, 890 тонна ізбест алынған. осындай істердің
атқарылғанына қарамастан қала құрылысы бұл кезеңде өте баяу
қарқынмен жүрген. Мысалы, 1961 жылы 9600 шаршы метр тұрғын үй
салынып, пайдалануға берілуге тиіс болған, бірақ 5600 шаршы метрі
ғана берілген. Қаладағы ең ірі құрылыс ұйымы «Уральскпромстрой»
өз жоспарын 21% ғана орындаған.
Жалпы 1960-жылдарға дейінгі кезеңдегі құрылыстың баяу жүруі
құрылыс техникасының нашар жабдықталуымен, құрылысшы кад-
рларды даярлау мәселесінің төмендігімен түсіндірілді. осы кезеңде
қалада жұмыс жасаған №11 училище мен №30 құрылыс мектебі
бүкіл қала құрылысына қажетті мамандарды даярлауды материалдық-
техникалық базасы төмен болғандықтан толық жүзеге асыра алмады.
Қала құрылысын жолға қою мақсатында қала құрылысын жоспар-
лайтын жобалау ұйымы оралда 1962жылы дүниеге келеді, ол 1975
жылы мемлекеттік құрылыс жұмысының ең қуатты мекемелерінің
бірі – «Уральскгорсельпроект» жобалау институты деп аталды (дир.
Г.И.Пустобаев). осы ұйымның басшылығымен жетінші бесжылдық
жылдарында қалада 13 обьект салынған. олар сүт зауыты, мәдени-
тұрмыстық обьектілерден 90 және 140 орындықты бала бақшалар,
саңыраулар қоғамының клубы, 964 орындықты мектеп үйлері
салынған.
Республиканың бүкіл экономикасы сияқты өнеркәсіп те өндіріс
алаңдарын кеңейту, шаруашылық айналымға шикізаттың жаңа көздерін
тарту, кадрлардың санын көбейту есебінен дамып отырды. Табиғатты
қорғау мәселелерін шешуге комплексті көзқарасты қамтамасыз ете
алмаған, қалыптасқан, мейлінше орталықтандырылған әкімшілік жо-
спарлау жүйесі, демократия мен жариялық дәрежесінің жеткіліксіздігі,
экологиялық мәдениеттің болмауы салдарынан индустрияның дамуы-
мен бірге зиянды қалдықтардың қоршаған ортаға әсері қауырт күшейе
түсті. осы кезеңде өмір сүрген саяси жүйе табиғи ресурстарды игеру
мен өндіріс орындарын дамытуда варварлық механизмді қолдан жаса-
ды.
Әрине кеңестік кезеңде табиғи ресурстарды пайдалану мен
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы ондаған нормативті
актілер қабылданды. олар 1950 жылы одақтас республикалардың
табиғатты қорғау туралы Заңы мен 1951 жылғы Қазақстандағы
табиғатты қорғау Заңы. Бірақ олардың барлығы дерлік декларативтік
сипаттағы құжаттар болды. Нақты шешімдердің қабылданып, жүзеге
асырылуына ықпал етпеді. Сондықтан бұл жылдарда экология мәселесі
назардан тыс қалды, басшылық органдар бұл мәселеге мән де бермеді.
Экономикада экологиялық «лас» шикізат салаларының басымдығы
жағдайды қиындатып, бұл салаларда жетілдірілмеген, табиғатқа за-
лалды технология пайдаланылды. Шынтуайтқа келгенде бұл халық
назарындағы мәселе еді.
Қорыта айтқанда 1960-жылдардан бастап халық шаруашылығына
ендігі жерде бюрократтық жолмен басшылық жасаудың өміршең
еместігі аймақтағы қала өнеркәсібінің ұйымдастырылуынан айқын
сезіле бастады. осыған орай елдің жоғарғы билігі өзгеріс жасаудың
қажет екенін түсініп, экономиканы қайта құруға әрекет жасай ба-
стады. Көптеген кәсіпорындар республиканың қарамағына берілді.
Жалпы осы кезде республика қарамағына өткен 144 кәсіпорынның
ішінде орал ет комбинаты да болды. Мұндай жағдай жер-жерде
кәсіпорындарды басқаруды жақсартып, белгілі бір деңгейде олардың
дамуына көмектесті.
КоКП орталық Комитетінің 1965 жылғы науырызда, қыркүйекте,
қазанда өткен пленумдары өнеркәсіпке басшылықты жақсарту, жоспар-
лауды ынталандыруды жетілдіру шараларын белгіледі. осыған орай
кәсіпорындар мен салаларда шаруашылық есепті жүргізудің аясын
кеңейту көзделіп, кәсіпорындардың қызметін шектен тыс шектеу жойы-
лып, олардың шаруашылықты жүргізу дербестігі кеңейтілді. Экономи-
ка саласындағы ынталандыру әдістері сияқты пайда, баға, сыйлық, не-
сие сияқты аса маңызды экономикалық тіректер тиімді пайдаланылды.
Нәтижесінде неғұрлым жоғары жоспарлы тапсырма алуға, өндірістік
қорларды, жұмысшы күшін, материалдық және ақша ресурстарын толық
пайдалануға, өндіріс техникасын жетілдіруге және өнімдердің сапасын
жақсартуға деген қызметкерлер мен коллективтердің материалдық
ынтасы артты. Шаруашылық реформасы жалпы республикамен қатар
орал қаласы экономикасының дамуына да белгілі бір дәрежеде қозғау
салды. Бірақ реформаны жүзеге асыру біркелкі жүзеге асты деп айта
алмаймыз, өйткені жоспарларға түзету енгізу, кәсіпорындардың құқын
шектеу, орталықтың өктемдігін күшейту сияқты әрекеттер дамуға
кедергі жасап, жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа
принциптерінің артықшылықтары мен мүмкіндіктері толық пайда-
ланылмады. Саяси жүйеге өзгеріс жасамай, басқарудың әкімшілік
әдістері мен экономиканың жаңа әдістерін үйлестіруге әрекет жасау
40
41
бюрократизмнің өрістеуіне және кәсіпорындардың дербестігін шек-
теуге әкелді. Соның салдарынан экономикада қымбатшылық, бағаның
өсуі сияқты жағдайлар көрініс алды.
ХХ ғасырдың 80-90-жылдарында Қазақстан халқының
экономикалық-әлеуметтік жағдайы бір қарағанда тұрақты сипатта
көрініс алды. Бірақ шын мәнісінде «тоқырау кезеңі» деп аталатын
1971-1985 жылдарда экономика бұрынғысынша, техникалық прогре-
ске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамытылып, елде терең дағдарыстық
процестер басталған еді. дағдарыс қоғамдық өмірдің барлық саласын
толықтай қамтыды. Әсіресе партиялық элитаның билікті узурпация-
лауына халықтың наразылығының өсуіне, ұлттық мәдениет пен тілдің
дамуының күрделі мәселелеріне, шаруашылықтағы ұйымдастыру ісінің
төмендеуіне байланысты дағдарыс қоғамдық-саяси саланы да қамтыды.
1966 жылы басталған елдегі экономикалық реформа экономикалық
дамуға белгілі бір дәрежеде серпін берді. Бұл жылдарда өнеркәсіпті
дамытудың барысында республиканың индустриялық потенциа-
лы едәуір дәрежеде өсті. осы жылдарда жалғасын тапқан жарыстың
көптеген жеке түрлері әрбір жұмысшыға өзінің кәсіптік шеберлігін,
мәдени-техникалық дәрежесін көтеруге мүмкіндік берді. Жарысқа ын-
таландыруда 1972 жылы өнеркәсіп бұйымдарына үш категория бой-
ынша аттестациялаудың бірыңғай жүйесінің енгізілуі маңызды роль
атқарды. Жоғарғы категориялы (отандық және дүниежүзілік таңдаулы
станоктарға сай келетін) бұйымдарға мемлекеттік Сапа белгісі берілді.
Қаланың көптеген кәсіпорындары тоғызыншы бесжылдықты табысты
аяқтап, социалистік жарыста жоғарғы көрсеткіштерге жеткені үшін
1975 жылы «облыстық Еңбек даңқы» құрметті кітабына жазылған.
Х-бесжылдықтың басында орал қаласының негізгі өндірістік
қоры жаңарды. Көптеген цехтар қайта құрылып, машина жасау, металл
өңдеу мен құрылыс материалдарының өнеркәсіптері тез қарқынымен
дами бастады. Бұл кезеңде қаладағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі
13% дейін өсті. 10-бесжылдық жоспарын мерзімінен бұрын орын-
дау үшін жарысушы 40 цех, бригада, 600-ден астам алдыңғы қатарлы
өндіріс озаттары өздерінің бесжылдық жоспарын орындады. Бұл
кезеңде еңбекшілерді өндірісті басқаруға тарту және техникалық ойды
өркендету жөніндегі экономикалық талдау мен нормалау жөніндегі
қоғамдық бюролар, техникалық информация және озық тәжірибені
қорыту топтары, техникалық прогресс, өндірістің тиімділігі мәселелері
жөніндегі әртүрлі творчестволық бригадалар мен бірлестіктер секілді
талапкерлік, өндірістік ұйымдар, қоғамдық кадрлар бөлімдері көп
жұмыс атқарды. Яғни оныншы бесжылдық жылдарында, одан кейінгі
жылдарда да рационализаторлар мен өнертапқыштар техникалық
прогреске үлкен үлес қосты. Әсіресе ворошилов, Землячка сияқты
кәсіпорындардың жаңашылдық іс-тәжірибелері кеңінен орын алып,
насихаттауға тұрарлықтай дәрежеге жеткен. Мысалы, вороши-
лов зауытының өзі өндіріске 52 өнертабыс енгізіп, 892 мың сом
экономикалық тиімділікке қол жеткізген. Бұл кезеңдегі жаңашылдардың
ой-пікірлері мен ұсыныстары өндірістегі еңбек шығынын кемітуге, үнем
жолындағы күресті күшейтуге, өнім сапасын жақсартуға бағытталған.
дегенмен барлығы бірдей жақсы жетістіктерге жетті десек шындыққа
жанаспас еді, өйткені өздерінің өндіріс жоспарларын орындай алмаған
көптеген кәсіпорындар да болды. Мысалы, 1979ж қорытындысында
12 кәсіпорын немесе өндірістің 13,3% өз өнімін шығарудың жоспарын
орындай алмаған. Әсіресе өз мүмкіндіктерін төмен жұмыс жасаған
кәсіпорындар қатарында «оралөнеркәсіпқұрылысы», «Уральсксель-
строй», «Уральскводстрой» мекемелері болды. Бұған себеп болып
отырған ең алдымен «жоғарыдан» басқарылатын қатаң директивалық
бақылау, еңбекақы төлеудегі теңгермешілік принциптер болып та-
былды. Бұл жағдайлар еңбекшілердің белсенділігін, ынтасын күрт
төмендетті. Өнім сапасы төмендеп кетті, көптеген өнімдерде стан-
дартты, гост нормаларын бұзу белгілері орын алды да, олар өтпей, кері
қайтарылып отырды. Бұл сапасыз өнімдердің көбеюіне әкелді. Жоспар
орындауды мақсат етіп, жоспар қуушылық бағыт ұстаған көптеген пар-
тия, кәсіподақ ұйымдары шикізатты үнемді жұмсау, материал, отын,
электро-энергиясын тиімді пайдалану сияқты мәселелерге жеткілікті
көңіл аудармады. Мысалы, 1979 жылдың тоғыз айының ішінде
қаладағы 17 кәсіпорын материалдық-энергетикалық ресурстарды өте
көп шығындаған. Бұл кәсіпорындардың өз ресурстарын тауысуына,
қордың жойылуына әкелді.
дегенмен, осындай кемшіліктерге қарамастан X-бесжылдықта
орал қаласы едәуір жетістіктерімен де көзге түсті. Ірі кәсіпорындар:
тас кірпіш зауыты, механикалық зауыттың балқыту цехы, №3 нан
зауыты іске қосылды. Арматура зауыты, «Союзлакрица» өндірістік
бірлестігінің өнімдері халықаралық рынокта бәсекеге түсіп, әлемнің
39 еліне экспортқа шығарылды орталық Статистикалық Басқарманың
мәліметі бойынша 1980 жылдың 1 қаңтарында республиканың
өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1913 жылмен салыстырғанда 252 есе-
ге, ал соғысқа дейінгі дәрежесімен салыстырғанда, яғни 1940 жылы
салыстырғанда 30 есеге өскен.
Елдің экономикалық дамуында ерекше орын алған өнеркәсіп сала-
сы болды. Бірақ өнеркәсіп саласы 70 жылдардың аяғы – 80 жылдардың
басына дейін толық қарқынмен дами алмады. оның басты себебі об-
лыс орталығында орналасқан зауыттар – ворошилов атындағы маши-
42
43
на жасау, механикалық, металл бұйымдарын жасау тағы басқалардың
негізінен Қорғаныс Министрлігіне бағындырылып, әскери күштерге
қажетті өнім шығарып келсе, екіншіден, облыстағы жеңіл және тамақ
өнімдерін шығаратын кәсіпорындар республикаға, одаққа қажетті
өнімдерді шығаруда мардымсыз болды. Тек 1970-1980 жылдардың
басында ғана өнеркәсіпке жұмсалатын қаржы көлемі ұлғаяды. осы
кезеңде халық шаруашылығына жұмсалған қаржының 32% құрайтын
40,8 млрд. сом қаржы өнеркәсіпті өркендетуге жұмсалған. Нәтижесінде
1970-1985 жылдары өнеркәсіпті дамыту барысында республиканың
индустриялық потенциалы едәуір дәрежеде өскен.
Жалпы орал қаласының өзінде 1980 жылы өнеркәсіп өндірісінің
көлемі 16,1% құраған. Бұл кезеңде Қазақстанның экономикалық да-
муында ерекше орын алған 1578 кәсіпорын болды, оның ішінде 250-ге
жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар 1980 жылға дейінгі уақытта
қатарға қосылып, өндірістің жаңа салалары ретінде пайда болған.
оның қатарына орал қаласында №3 нан зауыты, силикат кірпіш за-
уыты, механикалық зауыт сияқты кәсіпорындар да іске қосылды.
Бұл кәсіпорындар мемлекеттік тапсырмалардан тыс қосымша 7,8
млн сомның өнімін шығарып, 56 бұйымға мемлекеттік сапа белгісін
алды. Сөйтіп бұрын қазақ даласына өнеркәсіп өндірісінің өнімдерінің
барлық түрі сырттан әкелінетін болса, енді Қазақстанның өзі өз
өнімдерін экспортқа шығара бастайды. осыған орай бұл кезеңде қала
кәсіпорындарының көпшілігіне өнім сапасын басқарудың кешенді
жүйесі енгізілді, еңбек өнімділігін арттыру бағытында бірқатар істер
жүзеге асырылды. Өнім сапасын басқару жүйесінің нәтижесінде 300
мыңдай сомға экономикалық тиімді пайдаға қол жеткен. Ал еңбек
өнімділігін арттыру ісіне қала кәсіпорындары мен ондағы еңбекшілер
белсене қатысқан. Мысалы, К.Цеткин атындағы тігін фабрикасы
коллективінің өзі 1980 жылы еңбек өнімділігін 20% өсіріп, мемлекеттік
сапа белгісімен 2 млн. 48 мың сомның бұйымын шығарған. Бұл жыл-
дарда орал қаласы кәсіпорындарында шығарылған көптеген бұйымдар
халықаралық рынокта бәсекелесіп, әлемнің 39 еліне экспортқа
шығарылған. Бұлар негізінен арматура зауытының, «Союзлакрица»
өндірістік бірлестігінің бұйымдары болды. Қалада машина жасау, ме-
талл өңдеу, құрылыс материалдарының өнеркәсіптері тез қарқынмен
дамыған. Сондай-ақ Батыс Қазақстан өнеркәсібінің дамуына 1977-
1978 жылдары ашылған Қарашығанақ газ-конденсат өндіру кешенінің
зор ықпалы болды. Өйткені осы өндіріс орнының ықпалымен Ба-
тыс Қазақстан өңірі аграрлы-индустриялы елден индустриялы-
аграрлы аймаққа айналды. Бұл кезеңде қалада халық тұтынатын
тауарлар шығаратын кәсіпорындардың көлемі 13% өсті. Алдыңғы
бесжылдықтардан келе жатқан бесжылдық жоспарын мерзімінен
бұрын орындау жолындағы жарыс пен еңбекшілердің белсенділігі де
бұл кезеңде де өз жалғасын тапты. Бұл жарысқа қатысқан қаланың 40
шақты цехы, бригадалары, 600-ден астам өндіріс екпінділері өз тапсыр-
маларын мерзімінен бұрын орындаған. Мысалы, қалалық өнеркәсіп
саудасы мекемесінің 414 қызметкеріне «Коммунистік еңбек екпіндісі»
атағы, қала кәсіпорындарындағы 53 бригадаға, 18 комсомол-жастар
бригадасына «Коммунистік еңбек бригадасы» атақтары берілген.
Қаланың өнеркәсібінің басқа салаларымен қатар жеңіл өнеркәсіп
орындарында да мемлекеттік сапа белгісін алған өнімдер шығарылған.
Мемлекеттік сапа белгісін алған өнімдер қатарында бас киімдер,
балалар пальтосы, әйелдер пальтосы болған. 1980 жылы жоғарғы
категориялы өнімдер шығару көлемі 5034 мың сомды құраған.
Өнеркәсіп саласының үлес салмағы 1980 жылы -24,8%, 1981 жылдың
9 айының ішінде – 28,9% құрады. осындай жетістіктерге қарамастан
15 кәсіпорын еңбек өнімділігі бойынша өз жоспарларын орындай
алмаған. 1980 жылы әрбір төртінші кәсіпорын еңбек өнімділігінің жо-
спарлы өсімін қамтамасыз ете алмай 10 млн-нан артық сомның өнімін
бере алмаған. Қаланың жұмысшыларының төрттен бірі қол еңбегімен
жұмыс жасаған. Кәсіпорындардың көбінде өнімі сапасын арттыруға
байланысты өнеркәсіп мәселелері баяу шешімін тауып отырған. Х
бесжылдықтың басынан бастап кәсіпорындардағы сапасыз өнімінің
салдарынан 4,5 млн. сом шығын болған. Көптеген өнімдер стандарт
пен ГоСТ талаптарын бұза отырып өндірілді де, нәтижесінде өңдеу
үшін кері қайтарылды. Бұған әсер еткен жағдайлардың бірі кәсіподақ
комитеттерінің жұмысының төмен деңгейде болуы, олардың бұйым
сапасын жетілдіруге нашар ықпал етуі болды. Сондай-ақ осы кезеңде
кадрлардың тұрақсыздығы да орын алған. 1976-1980 жылдардың
арасындағы кәсіпорындардағы кадрлардың тұрақсыздығын 9-кестеден
көруге болады:
9-кесте
Өндіріс орындары
Қабылданғандар
саны
Шығып кеткендер
Механикалық зауыт
Тері комбинаты
Қалалық өнеркәсіп саудасы мекемесі
Сауда басқармасының асханамен
ресторандар тресі
1353
2536
704
1745
1424
1974
564
1596
44
45
Мұндай тұрақсыздықтың басты себебі тұратын орынның жоқтығы
болды. Бұл кезеңдегі орал қаласы экономикасында орын алған
кемшіліктер орталық Комитет Пленумдарында Қазақстан КП хатшы-
сы д.А.Қонаев «еңбек бастамаларын қолдаудағы, кәсіпорын жұмысын
бақылаудағы, ұйымдастырушылық қызметтегі кемшіліктері үшін» орал
қалалық партия ұйымын сынға алған. Шын мәнінде 1980 жылдың өзінде
78 бастама болғанмен 18 еңбек бастамасы тек қағаз жүзінде қалып
қойған. дегенмен осындай кемшіліктердің орын алғанына қарамастан
қала кәсіпорындарының көпшілігінің өз жоспарларын орындауы 1980
жылы орал қаласына өтпелі Қызыл тудың берілуіне мүмкіндік берді.
Бұл төрт жыл ішіндегі қала өнеркәсібі мен құрылысындағы өз жоспар-
ларын мерзімінен бұрын орындау жолындағы еңбек коллективтерінің
жұмысының нәтижесі болды. Себебі 4 жылда қаланың негізгі өндірістік
қоры 1,5 есеге, кәсіпорындар кірісі 2 есеге дейін өскен. Тек 1980 жылдың
І жарты жылдығының өзінде «К.Цеткин коллективі» еңбек өнімділігін
20% өсіруге қол жеткізіп, мемлекттік сапа белгісі бар 2 млн. 48 мың
сомның өнімін шығарған. Мұның өзі 1978 жылмен салыстырғанда
3,5 есеге өсу көрсеткішін білдірді. Өндіріс жоспарларының орында-
луына кәсіпорындардағы рационализаторлық ұсыныстар мен жастар
еңбегінің зор ықпалы болды. 1980 жылы жекелеген кәсіпорындардың
өзінде бірқатар рационализаторлық ұсыныстар едәуір дәрежедегі
экономикалық тиімділікке қол жеткізуге әкелген. Мысалы, Ет комби-
натында 42 рационализаторлық ұсыныс 59,2 мың сом, Механикалық
зауыт 1980 жылы 44 ұсыныс пен 2 өнертабыстан 96,5 мың сом,ал 1981
жылдың 8 айының ішінде 34 ұсыныс пен 1 өнертабыстан 72 мың сом,
Сауданың облыстық басқармасының асханалар мен ресторандар тресті
2 ұсыныстан 65 мың сом, «омега» зауыты 1980 жылы 130 ұсыныстан
105 мың сом, ал 1981 жылдың 8 айының ішінде 85 ұсыныстан 52 мың
сом экономикалық тиімді пайда алған.
Бұл жылдарда кәсіпорындар жұмысында ерекше орын алған
комсомол жастар бригадаларының жұмысы болды. 1981 жылдың
30-қарашасында қалада комсомолдың 250 бастауыш ұйымы, 336
комсомолдық топтары болған. Өнеркәсіпте 5298 жастар жұмыс
жасаған, оның 4682-сі комсомолдар болған. Қалада жүргізушілердің
«Маяк»(бр.Р.Солдатов), Желаев мекемелері тресінің «Урал» (бригадирі
А.Поторочин), ворошилов зауытында электрмонтажшылардың
комсомол-жастар бригадасы (бр. Г.Б.Игнатьева) тағы басқалары
белсенді еңбек етті.
1980-1981жылдардағы
қала
экономикасының
басты
салаларындағы жаңашылдық ұсыныстар саны мен одан түскен пай-
даны, осы салаларда еңбек еткен жастар үлесінің қандай деңгейде
болғанын А3-қосымшадан көруге болады. Бірақ кәсіпорындар өз жо-
спарларын орындап экономиканың дамуына өз үлестерін қосқанмен
экономиканың көкейтесті мәселелерінің көпшілігі әміршіл-әкімшілік
әдістермен шешілді. Кәсіпорындарға директивалық жоспарлы тап-
сырмалар еңбек коллективтерінің келісімінсіз жоғарыдан жіберілді, ал
еңбек коллективтері оны орындауға тиісті болды. Сөйтіп жоғарыдан
келген нұсқау кәсіпорынды қандай да болсын шығынға қарамай жо-
спарды оындауға мәжбүр етті.
Экономиканың осындай жолмен дамуы кезеңінде 1981 жылдың 23
ақпаны мен 3 наурызы аралығында партияның ХХҮІ сьезі болып өтті.
КоКП сьезі «КСРо-ның 1981-1985 жылдарға арналған экономикалық
және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттарын» бекітті. Сьезд «ХІ
бесжылдықтың басты міндеті – халық шаруашылығын тұрақты ілгері
дамыту, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету және экономиканы
интенсивті даму жолына көшіру, елдің өндірістік әлеуетін неғұрлым
тиімді пайдалану, қорлардың барлық түрлерін барынша үнемдеу
және жұмыс сапасын жақсарту негізінде кеңес адамдарының тұрмыс
жағдайларын арттыруды болашақта да қамтамасыз ету» деп белгіледі.
Партия сьезі белгілеген міндеттерді іске асырудағы күрес
кеңес қоғамының барлық саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани
саласының басты мазмұнына айналды. Партиялық, мемлекеттік және
қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары, бүкіл кеңес халқы өздерінің
қызметтерінде пария сьезінің нұсқауларын басшылыққа алды. КоКП
орталық Комитетінің 1982 жылғы мамыр Пленумы КСРо-ның
тоқсаныншы жылға дейінгі кезеңге арналған азық-түлік бағдарламасын
қарап, бекітті. Бұл бағдарлама азық-түліктің барлық түрлерімен
қамтамасыз етуге, тамақ түрлерін елеулі түрде жақсартуға арналған.
Бұл бағдарламаны орындаудан орал қаласы да шет қалмады.
ХІ бесжылдық пен 1985 жыл орал қаласы үшін экономика мен
мәдениетті дамытудағы жаңа кезең болды. Бесжылдық жылдарында
қала өнеркәсібі 2 миллиард 147 млн. сомның өнімін шығарып, жылдық
жоспар сомасының үстіне 10 млн. сомның артық өнімін шығарған.
1985 жылдың өзінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1980 жылғы
деңгейінен орташа жылдық 19%-тік өсімнен 32%-ке өсті. ХІ
бесжылдық жылдарында 300 млн. сомның негізгі қоры іске қосылған
және оның құны 448 млн. сомды құраған, 1980 жылмен салыстырғанда
24%-ке өскен. Социалистік жарыстың жеңімпаздары болған көптеген
өнеркәсіп орындары тұрақты түрде жұмыс жасаған. Мысалы, К.Цеткин
тігін фабрикасы, тері комбинаты, кондитерлік фабрика, Металл
өнімдері зауыты, оларда в.в.Молосай, К.А.Нығметова, Т.И.Коновалова
сияқты депутаттар еңбек еткен. Бұл жылдарда шаруашылық механизмі
46
47
мен басқаруды жақсарту ісі бойынша біршама шаралар атқарылған.
Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсарту есебінен 1984 жыл-
мен салыстырғанда 1985 жылы өндірістік шығын 18%-ке қысқарып,
кадрлардың кету коэффициенті төмендеген. Барлық өндіріс орын-
дарында еңбекті ұйымдастырудың бригадалық формасы кеңінен
таралған. Алдыңғы жылдардағы жаңашылдық ұсыныстар бұл кезеңде
де жалғасын тапқан. Мысалы, электр желілерін бөлу кәсіпорнындағы
рационализаторлардың 17 жаңашылдық ұсынысының нәтижесінде 6,3
мың сомға экономикалық тиімділік алынып, 39,7 мың сом жылдық
үнемдеудің жеті түрлі шарасы енгізілген. Бұл кезеңдегі жекелеген
кәсіпорындардың экономикалық даму мүмкіндігін алсақ, Механикалық
зауыт тракторларға қосымша бөлшектер шығару нәтижесінде еңбек
өнімділігін 160%-ке, яғни 2 есеге өсірген. 1985 жылдың 1 қаңтарынан
зауыт ірі масштабты экономикалық тәжірибе жағдайында жұмыс
жасаған, ондағы басты көрсеткіш келісімдер бойынша міндеттерінің
есепке алынуы. 11 айдың ішінде тапсырма 109,5% орындалды. Зауыт-
та ХІ бесжылдықтың жоспарын 252 адам, 9 бригада мерзімінен бұрын
орындаса, 1985 жылдың тапсырмасын 302 адам, 18 бригада орындаған.
Қаланың байырғы кәсіпорны ретіндегі Арматура зауытын алсақ, 1984
жылға қарағанда 1985 жылы арматура шығару ісі 119,3%-ке өскен.
11 айдың ішінде халық шаруашылығы үшін 210 мың өнеркәсіп ар-
матурасы шығарылған. Әсіресе экспортқа арматура шығару жоспары
мерзімінен бұрын орындалған. Жалпы ХІ бесжылдықтың жоспарын
экспорт цехы, 3 участок, 6 бригада, 300 өндіріс озаттары орындаған. Ал
88 адам өз міндеттемелерін 4,5 жылда орындаған. олардың қатарында
М.Н.Аубакиров, Н.С.Қарабасов, Н.П.Сургучева, С.Ж.Тлепова және
тағы басқалары болды.
Қала
экономикасының
дамуын
жетілдіру
бағытында
жұмыс орындарын инвентаризациялау мен аттестациялау ісі
жандандырылған. Мысалы, 1985 жылы өнеркәсіп орындарында 11500
орын инвентаризацияланған, оның 63%-і еңбекті тиісті деңгейде
ұйымдастыру талаптарына сай келмеген. Нәтижесінде 288 жұмысшы
орны жойылып, 490 жұмысшы жұмыстан босатылған. Сөйтіп бұл
жылдарда инвентаризация мен аттестациялау нәтижесінде өндіріс
орындарындағы жұмыстан қысқарту науқаны басталады. Сондай-ақ
өндіріс орындарының жұмысында тоқтап қалу, бірқалыптылықтың
бұзылуы, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді орындамау
сияқты жағдайлар да орын ала бастаған. оны ХІ бесжылдық жоспар-
ларын орындау барысы көрсетті. Мысалы, ет-консерві комбинаты ХІ
бесжылдық жоспарын орындауда қарыз болып, жылдық жоспар со-
масына қарай 26 млн сомның өнімін шығармады. Мұның қатарында
Землячка атындағы зауыт та болды. ол 1981жылы 9,5 млн сомның
өнімін шығарса, 1985 жылы 7,9 млн-ға, яғни 18%-ке қысқарып, 2,6
млн. сомның өнімін бермеген.
Бірақ бұл кезеңде экономикада өндірістің теңестірілмеуі, нұсқау
арқылы басқарылу жағдайында жылдық, тоқсандық, айлық тапсырма-
ларды өзгертіп отыру үйренішікті іске айналды. Мысалы, 1981-1985
жылдары республиканың әртүрлі министрліктері мен ведомствола-
рында жоспарлар 300-ден астам рет өзгертілген. Мұндай жағдай
қала экономикасына да өз әсерін тигізбей қоймады. Сонымен қатар
халық шаруашылығының да бірқалыпты даму мүмкіндігінен айыры-
луына әкелді. Кәсіпорындардың өз жоспарларын орындай алмауы,
бітпеген құрылыстардың санының көбеюі сияқты келеңсіз жағдайлар
орын алып, қаладағы әрбір үшінші өнеркәсіп кәсіпорыны өнім беру
жөніндегі өздерінің міндеттерін орындамаған. Сөйтіп бесжылдық
жылдарында еңбек өнімділігінің өсуімен қатар 11%-ке жоспарлық тап-
сырма орындалмаған.
дегенмен бұл кезеңде товарлы өнім шығару жоспары 111,9%-
ке орындалып, еңбек өнімділігінің жоспары 1985 жылғы деңгейден
15,1%-ке артық орындалып, қала кәсіпорындары 600 түрлі тұтыну
товарларын шығарған, еңбек өнімділігінің жоспары 110,7%-ке
орындалған. одаққа бағынышты кәсіпорындар арасындағы өндірісті
ұлғайту мен халық тұтынатын товарлар сапасын жақсарту жөніндегі
1985 жылғы республикалық жарыс қорытындысында ҚазКСР мен
кәсіподақ Кеңесінің өтпелі Қызыл Туын ІІІ квартал бойынша «омега»
прибор жасау зауыты, ІҮ квартал бойынша ворошилов атындағы ма-
шина жасау зауыты жеңіп алған. 1986 жылдың екі айының жұмысының
нәтижесі бойынша халық тұтынатын товарлар өндірісінің жоспары
117,8%-ке орындалған және 2,2 млн. сомға артық шығарылған. Бірақ
ассортиментті кеңейту мәселелері өте баяу шешілген. Кәсіпорын
басшыларының барлығы бірдей жергілікті шикізатты қолдану арқылы
қарапайым товарларды шығаруды кеңейтуге тиісті дәрежеде көңіл
бөлмейді, өндіріс күші тиісті мөлшерде пайдаланбаған. Мұндай
жағдайлар әсіресе СМо зауытында, үй еңбегі фабрикасында ерекше
орын алған. Сондай-ақ қалалық жоспарлау комиссиясы (А.Т.Бижанов,
А.Ф.Солодовников) да экономика салаларын дамытуға, кәсіпорын
қызметін тиісті дәрежеде бақылауға жүйелі түрде көңіл бөлмеген.
Қала экономикасының сәтті дамуының маңызды жағдайы күрделі
құрылыс ісі болып табылады. КоКП оК және Министрлер Кеңесінің
1969 жылғы 28 мамырдағы «Азаматтық тұрғын үй құрылысының са-
пасын жақсартудың шаралары туралы» қаулысы мен 1969 жылғы 22
шілдедегі қаулысына сәйкес тоғызыншы бесжылдықта (1971-1976
48
49
жылдары) қалада біршама игі істер атқарылған. Тұрғын үй, бала бақша,
мектеп тағы басқалары да салынған. Мұндай обьектілердің салынуы
қалада осы кезде жұмыс жасаған құрылыс трестері мен құрылыс
басқармасына біріккен жұмысшы-құрылысшылардың еңбегінің
нәтижесі еді.
1975 жылы қалада алты жобалау институты жұмыс жасап,
құрылыс мекемелері ретінде «Уральскпромстрой», «Уральсксель-
строй», «Уральскводстрой», үй комбинаты құрылып, жұмыс жасаған.
Бірақ шашыраңқы түрде жүргізілген құрылыс осы кезеңде қала ажа-
рын ашпады, әрі құрылыс саласының төмен деңгейде екенін көрсетті.
дегенмен 1975 жылы облыс басшылығына келген М.Б.Ықсанов
пен өнеркәсіп пен күрделі құрылыс жөніндегі салалық басшы
М.К.Гиззатулиннің басшылығымен мамыр айында өткен партияның
облыстық Пленумында «облыстағы күрделі құрылысты күшейту
жөніндегі» мәселе талқыланды[90;7]. Пленумнан кейін көп кешікпей
қаланың орталық бөлігіндегі көптеген мекеме-кәсіпорындардың
мекен-жайлары ауыстырылып, жедел қарқынмен бірнеше зауыттар
салынып ірі құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне жол ашылады.
1975 жылы қаладағы бұрынғы автокөлік жөндеу шеберханасының
орнына «Рахат» дүкені, тігін фабрикасы цехтарының орнына «газжо-
балау» институты бой көтереді. Қала мен облыс көлеміндегі құрылыс
үшін польшалық жабдықтармен жарақтандырылған силикат кірпіш
зауыты жылына 120 млн дана кірпіш, әктас зауыты – 50 мың тонна
әктас және 100 мың текше метр керамзитті қиыршық тас, темір бетон
конструкциялар зауыты 25 мың текше метр кірпіш шығарған.
Негізі Қазақстан ауыл шаруашылықты аймақ болғанына қарамастан
КСРо Қазақстанды, оның бір аймағы ретіндегі орал қаласын өзінің
әскери-өнеркәсіп кешендерінің бір буыны ретінде ұстаған. оны орал
қаласындағы әскери өнімдер шығаруға маманданған зауыттардың
жұмыс жасағанынан көруге болады. олар ворошилов атындағы зау-
ыт, Метал жасау зауыты. Бірақ жоғарыда атап кеткеніміздей Қазақстан
бірінші кезекте ауыл шаруашылықты аймақ болғандықтан, оның
қалаларының кәсіпорындары өнеркәсіп өнімдерінің кейбір түрлерін
өндіруден КСРо-да елеусіз орында тұрды. оны жеңіл өнеркәсіп
саласының дамуынан көруге болады. Бұл кезеңдегі Қазақстандағы
9 мыңға жуық ірі және ұсақ өнеркәсіп кәсіпорындарының ішінен
65-і ғана жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны болды, олардың кейбірі орал
қаласында орналасты, әрі көбінің тарихы төңкерістен бұрын басталған
еді. олардың көпшілігінің құрал-жабдықтары, технологиясы ескі бол-
ды да көбінесе сапасыз өнімдер шығарды. Бірақ осы қайта жабдықтау
ісі көбінесе салғырттау жүргізіліп, қолда бар мүмкіндіктер толық пай-
даланылмады. Кейбір кәсіпорындар мен өндірістік бірлестіктер өз
өндіріс орындарын кешенді түрде техникалық қайта жабдықтаудың
орнына өндіріс қуатын арттыруға шамасы келмейтін жекелеген ме-
ханизмдер мен машиналарды ғана жаңартумен шектеліп отырған.
Бөлінген күрделі қаржының өзі де жартылай игерілген. Кейде
кәсіпорындарды техникалық қайта жабдықтау мен қайта құру шара-
лары ресурстарды үнемдеу жағына жеткілікті көңіл бөлмеген.
Жалпы 1970-1980-ші жылдардағы қоғам дамуындағы
тоқыраудың, экономикалық дағдарыстың айқын салдарын, яғни
халықтың қатысуынсыз, зауыттардың күш-қуатын есептемей, шикізат
қорларын ескермей жасалған жоспарлардың өнім шығаруда сапа
емес, сан қууға, жұмысшылардың ынта-ықыласын төмендетуге әкеліп
соқтырғанынан көреміз. Сөйтіп бұл жылдарда КСРо-ның бірыңғай
халық шаруашылығы жүйесіне кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы
да, оның бір аймағы орал қаласы өндірісі де қалыпты да, қарқынды
дами алмады.Қалада маман жұмысшылар саны өсіп, творчестволық
белсенділік жетілдіріліп, өнеркәсіп орындарының үздіксіз дамуы-
на жағдай жасалғанмен оның өзі орталықтың саясатының әсерінен
қарама-қайшылыққа толы болды. Өйткені бұл кезеңде республи-
ка өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктердің
қарамағында болды. одақтық ведомстволар республикадан шикізат ре-
сурстарын алып, зор пайда тауып отырды. Бірақ Қазақстан бюджетіне,
оның экономикалық аудандарына инфрақұрылымды дамыту үшін
қаржы бөлмеді. Бұл кезеңде одақ республика кәсіпорындарынан
жылына 15 млрд сом жалпы табыс алып отырса да республикалық
бюджетке тек қана 31 млн. сом немесе 1%-тей ғана қаржы аударған.
Мұндай қаржы көлемі кең байтақ Қазақстан жеріндегі өндіріс
ошақтары үшін тамшыдан да аз болатын еді. осындай қаржы бөлу
мәселесіндегі кемшіліктер өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін
өндіруде жоспарлық тапсырмалардың орындалуын тежеді. Сондай-ақ
өндірісті жоспарлауда, еңбек тәртібін бұзуда, технология, ғылым мен
техника жетістіктерін өндіріске енгізуде кемшіліктер орын алды. Бұл
жылдарда жалпы өнім көрсеткішін өсіру ауыр өнеркәсіп пен күрделі
құрылыс саласында басты орын алды. Әсіресе бұл салаларда қымбат,
бірақ жоғары ғылыми-техникалық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз
ете алмайтын обьектілердің салынуы негізгі орын алды. олардың
салынуының ұзақ мерзімге созылуы ұлттық байлықтың шығынының
орын алуына әкелді. Бірақ партия сьездерінде бұл кемшіліктердің
аталып өтуінің орнына ірі зауыттардың қатарға қосылуы туралы зор
мақтанышта есеп беріліп отырған. Еңбекті, материал мен ақшаны көп
жұмсаған қызметкер мен кәсіпорын көрсеткіштері жоғары бағаланып,
50
51
марапаттталған. Сондықтан кемшіліктерді атап, сынға алмау, түземеу
салдарынан республикада да, оның аймақтарының экономикасыда
ілгерілеу қарқынынан айырыла бастап, шаруашылық пен мәдениет
салаларында іркілістер көбейіп, қиыншылықтар жинақталып,
шешілмеген мәселелер көбейді.
Республиканың орталықтың шикізат базасы ретінде сақталуы,
әрі экономиканы басқарудың қатаң орталықтандырылған жүйесі
өнеркәсіптің шикізат өндірушілік сипатын сақтады. Сондықтан
орталық үкімет республика экономикасында кен шығаратын салаларға
басымдық беріп, одақтық министрлікке бағынышты өнеркәсіпке
жеткілікті көңіл, қаржы бөлмеді. одақтық ведомстволар республикалық
шикізат ресурстарын құныға алғанмен, одан орасан зор пайда
тапқанмен, республика бюджетін инфрақұрылымды дамытуға қаржы
жұмсамады. Сөйтіп халық шаруашылығында істі жүргізудің дұрыс
ұйымдастырылмауы елде дағдарысты тереңдетті.
Қорыта айтсақ соғыстан кейінгі кезеңдегі жалпы Қазақстанда да,
орал қаласында да өнеркәсіптің экстенсивті даму сипаты басым бол-
ды. осы кезеңдегі экономикадағы нұсқаулық, ғылыми тұрғыдан жо-
спарланбау шалағай жоспар, шамадан тыс міндеттемелер алу тағы сол
сияқты экономикалық өсім көрсеткіштері арасынан жалпы тауарлық
өнімді үстем көрсеткіш ретінде пайдалану Қазақстанның да, оның
аймағының бірі орал қаласының да индустриалдық дамуын бұзушы
негізгі элементтерге жатты. 1950-1970-жылдарда бүкіл Қазақстандағы
сияқты орал қаласының дамуында бірқатар кемшіліктер де орын
алды. олар:
1 экономиканың шикізаттық бағытта дамуы;
2 өндіруші секторға сай өңдеуші сектордың дамытылмауы.
3 өндірістің ысырапқорлық сипаты;
4 жоспар қуушылық;
5 құрылыс өнеркәсібінің баяулығы.
Бұл кемшіліктер ең алдымен орталықтың біріншіден, өлкедегі
аса бай табиғи ресурстарды қолдан келгенше көбірек пайдалану;
екіншіден, қоршаған ортаны ластайтын, экологиялық зиянды, қуатты
көп жұмсайтын өндіріс орындарын ұлттық шет аймақта қалдыру;
үшіншіден, ұлттық аймақты мәңгілікке тәуелді аймақ ретінде қалдыру
мақсатынан туындаған еді. ол үшін аймақта сапалы бұйымдарды,
машина, станок, электротехника тауарларын, көпшілік тұтынатын
бұйымдарды шығармай, олардың негізгі бөлігін орталықтағы өндіріс
орындарынан әкелу саясатын жүргізді. Соғыстан кейінгі Қазақстан
экономикасының дамуын зерттеген батыс зерттеушілерінің бірі
Зев Кац пен ағылшын зерттеушісі Ги Имарт 1946 жылды Қазақстан
экономикасының кеңестік модернизациясының басталған кезі деп
көрсетеді. олардың Достарыңызбен бөлісу: |