М.Өтемісов атындағы БҚму ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата22.01.2017
өлшемі1,88 Mb.
#2422
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1. ҚАЛАНЫҢ 1946-1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ 

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ   

ЖАҒДАЙЫ

1.1 Қала экономикасының негізгі салаларының дамуының 

      бағыт-бағдарлары

Қазақстанның  солтүстік-батыс  аймағында,  Каспий  ойпатының 

солтүстік  беткейінде  орналасқан  орал  қаласы  жақын  маңдағы  елді 

мекендерді  қоса  есептегенде  700  шаршы  километрден  астам  жер 

көлемін  алып  жатыр.  Қалада  100-ден  астам  ұлт  өкілдері  тұрады. 

Қалыптасу тарихы ерте кезеңдерден бастау алғанмен қала 1613 жы-

лы  бекініс  ретінде  рәсімделген.  1868  жылы  қала  орал  облысының 

әкімшілік орталығы болды, оған Арал мен Каспий теңіздері аралы-

ғындағы Қазақстанның бүкіл батыс бөлігі енді.  Қаладағы бүкіл билік 

генерал-губернаторлықтың  қолына  шоғырланған  еді.  Бұл  кезеңде 

оралда екі көпір, екі мыңнан астам ғана үй болды, қалада шамамен 

12400  адам  тұрды.  ХІХ  ғасырдың  аяғында  қала  экономикасында 

кірпіш, тері тағы басқа ұсақ өндіріс түріндегі кәсіпшілік сипаттағы 

қолөнер  өнеркәсібі  дамыды.  Әрине  бұл  аталған  кәсіпорындар  ерек-

ше  ғимараттар,  техникалық  жабдықтар  иеленген  жоқ.  осыған 

қарамастан бұл кезеңде орал қаласы ірі сауда орталығы болды. онда  

дүкендер  мен  түрлі  сауда  сөрелері  болды.  олар  негізінен  қаланың 

орталығындағы Михайлов көшесінде (достық даңғылы) орналасты. 

осы  жерде  қаланың  бүкіл  әкімшілік  мекемелері  шоғырланды.  Қала 

өмірінде болған басты өзгерістердің бірі 1926 жылдың басында орал-

да өнеркәсіп мекемелерін қалпына келтіру ісінің толық аяқталуы бол-

ды. 1927 жылы қалада үш тері зауыты, екі кірпіш, сыра, механикалық, 

ізбес зауыттары жұмыс жасайды. Бұл соғысқа дейінгі кезеңде қаланың 

қандай деңгейде болғанының көрсеткіштері болды.

1932 жылдың 10 наурызынан Батыс Қазақстан облысының орта-

лығы болып келе жатқан орал қаласында кеңестік құрылысты жүзеге 

асыру партиялық, кеңестік органдардың басшылығы арқылы жүрді. 

Сұрапыл соғыс жылдарында қала Ресейден келген кәсіпорындармен 

біріге отырып майданға қызмет атқарды. Ал соғыстан кейін қаланың 

барлық кәсіпорындарында қайта құрылу ісі жүзеге асырылды. Өйткені 

Ұлы отан соғысынан кейінгі КСРо Жоғарғы Кеңесінің 1946 жылғы 

18-науырыздағы алғашқы сессиясы елдің соғыстан кейінгі дамуының 

бағдарламасын  бекіткен  еді.  Қабылданған  жарлық  «КСРо  халық 

шаруашылығын қалпына келтіру мен дамытудың 1946-1950 жылдарға 

арналған бесжылдық жоспары» туралы заңда негізделді. Бұл жоспар 


14

15

халық алдына жаңа міндеттер бағытын қояды. Бағдарламада «...елдің 



зардап шеккен, соғыс ауқымында болған аудандарын қалпына келтіру, 

өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығының  соғысқа  дейінгі  дәрежесін 

қалпына келтіріп, содан кейін осы көрсеткіштен асыра түсіру жоспар-

ланды».


осындай одақтық бағдарламаға сәйкес әрбір республикада оны 

орындау бағыттарына қарай директивалық жоспарлар қабылданады. 

Көп салалы өнеркәсібі бар Қазақстан республикасы да соғыстан кейін 

халық шаруашылығын бейбіт бағытқа көшіруге, азаматтық өндірісті 

дамытып,оның деңгейін одан әрі арттыруға кіріседі.

1946 жылдан бастап орал қаласының тұрғындары да одақ тап-

сырмаларына  үндеу  қосып,  партия  жетекшілерінің  ұйымдастырған 

жұмысшы  отрядтарымен  шаруашылық  жұмыстарына  белсене 

қатысады.

Жалпы  соғыстан  кейін  Қазақстан  соғыстан  зардап  шеккен  ау-

дандарды қалпына келтірудің тірек базаларының бірі болды. осыған 

орай  республиканың  әрбір  аймағынан,  соның  ішінде  өнеркәсіпті 

қалалармен бірге орал қаласынан да Украинаның аудандарына металл, 

шикізат қорлары, отын, құрылыс материалдары, өнеркәсіп тауарлары 

мен азық-түлік, асыл тұқымды малдар мен мал өнімдері жіберілді.

Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы майданның мұқтажына жұмыс 

істеп  келген өнеркәсіп орындары  да бейбіт өнімдерді шығаруға кіріседі. 

Соғыстан  кейінгі  уақытта  Халық  шаруашылығын  қалпына  келтіру 

ісіне  бөлінген  күрделі  қаржы  негізінен  кәсіпорындарды  қалпына 

келтіруден гөрі бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан өнеркәсіп орын-

дарын  кеңейтіп,  жаңа  кәсіпорындарды  салуға  бағытталды.  Әсіресе 

эвакуацияланған,  одақтың  орталық    аудандарынан  келген  өнеркәсіп 

орындары  бейбіт  өнім  өндіруге  ауысады.Соғыстан  кейінгі  осындай 

игі істің белді ортасында болған орал қаласындағы К.Е.ворошилов 

атындағы  машина  жасау  зауыты    мен  Р.С.Землячка  атындағы  зауыт 

болды. Бұлардың қатарында 1942 жылы воронеж облысының Усмань 

қаласынан келген құйма бұйымдар жасау зауыты да болды. Бұл зауыт 

1956 жылы Сантехдеталь зауыты, ал 1962 жылы(СМо) құрылыс мон-

таж бұйымдарын жасау зауыты болып өзгерді. Сондай-ақ Арматура 

зауыты  1942  жылы  Ресейден  көшіп  келген  «Арманит»  зауытымен 

біріктіріліп,  1946  жылдан  бастап  өнеркәсіп  арматураларын  жасауға 

маманданады. Соғыстың барлық азапты кезеңдері артта қалған кезде 

1946 жылдан бастап бұл өндіріс орындары тұрғындардың сұранысын 

өніммен  қамтамасыз  ете  бастады.  Бұл  кезеңде  қаланың  өнеркәсіп 

орындары 5 топқа бөлінді. олар:

одақтық деңгейдегі кәсіпорындар

Республикалық деңгейдегі кәсіпорындар

Жергілікті кәсіпорындар

Өнеркәсіп кооперативтері

Жеке кооперативтер.

Бұл кәсіпорындардың мақсаты 4-ші бесжылдық жоспарын орын-

дау мен халық сұранысын өтеу болды. осы  мақсатты жүзеге асыру 

үшін  өздеріне  алған  міндеттемелерін  орындауды  белсене  жүргізді. 

Мысалы,  1947  жылы  орал  өндіріс  орындары  8-айлық  жоспарын 

артығымен  орындаған.  олардың  ішінде  орал  механикалық  зауыты 

жоспардан тыс 193 мың сомның өнімін, «Красный октябрь» зауыты 

1120  аяқ  киімді  жоспардан  артық  шығарған.Сондай-ақ  осы  кезде 

жұмыс жасаған қаладағы 11 артельдің ішінде «Ремонт», «Шорник», 

«Светлый  путь»  тағы  басқа  артельдер  де  өз  жоспарларын  орындап, 

соғыстан кейінгі қала экономикасының дамуына үлес қосқан.

Соғыстан кейінгі бесжылдықтағы еңбек ету әдістерінің ең тиімді 

бұқаралық  формасы  -  өнеркәсіп  орындарында  ұйымдастырылған 

жаңашылдық  мектептер  болды.  Бұл  мектептердің  жұмысының 

маңызды    көрсеткіші  -  өнеркәсіп  орындарындағы  шаруашылық  іс-

әрекетін сипаттайтын өнім сапасын артыру болды. Бұл көрсеткішке 

жетудегі  жұмыстың  негізгі  бағыттарының  біріншісі,  көптеген 

кәсіпорындарда  өткізілген  үздік  сапа  үшін  жарыстар;  ал  екіншісі, 

үнемділік үшін қозғалыс болды. Көптеген кәсіпорындарда үздік сапа 

үшін  жарыстар  өткізіліп,  оған  смена,  бригада,  цехтар,участоктар 

қатысты. Кең таралған жарыс түрі-стахановшылар қозғалысы еді. Бұл 

қозғалыс  соғыстан  кейінгі  орал  кәсіпорындарында  жұмыс  жасаған 

4000-дай әйелдердің  арасында кең орын алған.

1947  жылы  23  қыркүйекте    қалада  жалпы  қалалық  стаха-

новшылар  жиыны  өтіп,  оған    500  алдыңғы  қатарлы  стахановшы-

лар  қатысқан  [33].  Еңбекте  үлкен  үлгі  көрсетуші  стахановшылар 

мен  екпінділер  саны  1948  жылы  қаладағы  өндіріс  орындарында 

өскен.  Мысалы,  1.01.1948жылы  өнеркәсіп  пен  транспорт  саласын-

да  -2403  стахановшылар,  1740-екпінділер  еңбек  етсе,  1948  жылдың 

1  сәуірінде  стахановшылар  саны  -2883-ке,  екпінділер  -1892-ке  жет-

кен.  Ең  жоғарғы  көрсеткіште  еңбек  еткен  Механикалық  зауыт  ста-

хановшылары в.Артоманов, Р.Абзуқанов, П.Грязнов тағы басқалары 

болды.  орал  қаласының  өндіріс  орындарында  жүргізілген  мұндай 

жарыстар  мемлекеттік  жоспарды  орындауға  мүмкіндік  береді. 

Үнемділік  жаңашыл  ұсыныстарды  енгізу  арқылы  жүзеге  асырылып 

отырды. 1948ж орал қаласының техниктері, жұмысшылары 500-дей 


16

17

рационализаторлық  ұсыныстар  енгізіп,  3,5  млн  сомды  үнемдеуге 



мүмкіндік берген. Мысалы, Арматура зауытында в.Плозунов бірқатар 

жаңашылдық ұсыныстар жасаса,  ворошилов зауытында 1948 жылы 

9 ай ішінде 220 ұсыныс жасалып, оның 129 өндіріске енгізілген және 

зауытқа  1536  мың  сом  пайда  әкелген.  Жаңашылдық  ұсыныстардың 

авторларының  55%-жұмысшылар,45%-инженер-техниктер  болған. 

Жұмысшы  в.А.Чувилиннің  өзі  двигательді  жетілдіру  арқылы  350 

сомға  үнем  жасаған.  Сондай-ақ  Москвалықтардың  өнімділік  пен 

жоспардан  тыс  қор  жасауға  шақыруына  үн  қосып  орал  қаласының 

өнеркәсіп орындары  алғаш рет жылдық өндіріс жоспарларын 109%-ке 

орындап, жоспардан тыс 6,5 млн сомнан астам пайда әкелген. Әсіресе 

облпромсоюз, Коопинсоюз жүйесіндегі артельдер, облместпромның 

қалалық  кәсіпорындары  өз  жұмыстарын  жолға  қойып,  жақсартқан. 

Москвалықтардың  үндеуін  қолдаған  ворошилов  атындағы  зауыт  – 

1800 мың сом, Нан комбинаты – 1162 мың сом, Совхоздар министрлігі 

зауыты 675,7 мың сом жоспардан тыс қор берген.

Мұның өзі  қала кәсіпорындарының өндіріс жоспарларын мына-

дай деңгейде орындауына әкелді:

облпромсоюз  артельдері  –  122,7%,  Коопинсоюз  артельдері  – 

118,7%

облместпром  кәсіпорындары  –  105%,      Артель  «Шорник»  - 



157,8%

Киров атындағы артель – 132,3%,    Гор пищекомбинат – 116,7%.

Қала  өнеркәсібіндегі  жалпы  өнім  1947  жылмен  салыстырғанда 

1948  жылы  13640  сомға  өссе,  1946  жылмен  салыстырғанда  өсім 

17700 сом асып түсті. Бұл кезеңде өндірілген өнімнің өзіндік құнын 

төмендету  ісі  де  жүрді.  Мысалы,  1948  жылы  өнімнің  өзіндік  құны 

Землячка атындағы зауытта -2,7%-ке, №22 жарма зауытында -8,6%-

ке,  ворошилов  атындағы  зауытта  -5,5%-ке  төмендетілген.  Жал-

пы  жылдық  жоспарды  5  одақтық,  8  республикалық,  14  жергілікті 

деңгейдегі  кәсіпорындар  орындап  шыққан.  олардың  жалпы  қанша 

көлемде  өнім  шығарғанын  А.1-  қосымшадан  көруге  болады  [37;6]. 

Мұның  өзі  өнеркәсіп  мекемелерінің  күшінің  өсіп  келе  жатқанын 

көрсетті.  Қалалық  партия  ұйымы  кәсіпорындардың  ел  алдындағы 

қарызын жою жолында үлкен жұмыстар жүргізді. 1948 жылы жоспар-

ды орындай отырып кәсіпорындар 4 миллион 745 мың сомға жоспар-

ды асыра орындады. Бірақ осыған қарамастан қала кәсіпорындары әлі 

де 2,3 миллион сомның өнімін беруі керек болды.

Өнім сапасын арттыру жолындағы күресте кейбір кәсіпорындар 

біраз жетістіктерге қол жеткізді. Мысалы, совхоздар министрлігінің 

зауыты  (дир.  Карасаев)  жарамсыздықты  5,1%-ке  азайту  мен  43,5 

мыңның  шығынын  төмендету  арқылы  үнемділік  жасаған.  Мұндай  

істер Землячка  атындағы зауыт, қалалық сүт зауытында да жүргізілді.   

Жалпы алғанда бұл жылдарда  өндіріс жоспарлары орындалғанмен, 

кейбір кәсіпорындар  жоспарларын орындай алмай жұмыстары ақсап, 

артта қалып та отырған. Мысалы, 1948 жылы 11 кәсіпорын мен үш 

өнеркәсіп  артелі  өз  міндеттемелерін  орындамаған.  оның  ішінде 

облпромсоюздың  «Заря»  артелінің  жұмысы  нашарлап,  ай  сайын 

төмендеген, 1948 жылы жоспарды тек 67,1%-ке ғана орындаған. «Соц-

труд» артелінің жағдайы да сондай күйде болды, ол жоспарын 70%-ке 

орындаған. Чапаев атындағы артельде 3254 пар аяқ киім даярлау ке-

рек болса, тек 1879 пар  ғана даярлап, 57,7% орындаған. оның себебін 

артель басшылары балалар аяқ киімінен пайданың аз түсетіндігімен, 

сапаның төмендігімен түсіндірген.

Ет  комбинаты,  арақ-шарап  зауыты,  жиһаз  фабрикасы 

сияқты  кәсіпорындар  өздерінің  өндірістік  мүмкіндіктерін  толық 

пайдаланбаған,  шикізатты,  материалды,  отын  мен  электр  қуатын 

үнемдеу тәртібі сақталмаған, өндіріске жаңашылдық ұсыныстар өте 

баяу енгізілген. Мұның өзі мемлекеттік бюджетке 1,5 млн –нан астам 

сомды бере алмауға әкелді. осы кезеңде қаладағы өнеркәсіп орында-

ры товарлық өнімді 5-8%-ке орындамаған.

Бұл кезеңде орын алған кемшіліктер ең алдымен соғыстан кейінгі 

кезеңдегі  өндірістегі  бастауыш  партия  ұйымдары  мен  қалалық  пар-

тия  комитеті  басшылығының  деңгейінің  төмендігімен,  әкімшілік 

қызметтің  тиісті  дәрежеде  бақыланбауымен,  талап  қоюшылықтың 

тиісті дәрежеде болмауымен түсіндіріледі.

Соғыстан кейінгі жылдарда орал қаласы кәсіпорындары екі ау-

дан: Приреченская және орталық аудандар бойынша топтастырылған. 

осы екі аудан кәсіпорындары арасында өнім сапасын көтеру, жоспар 

орындау  бағытында  жарыстар  өткізіліп,оның  қортындысы  қалалық 

кеңесте  қаралып  отырған.  Мысалы,  Приреченская  ауданында  19 

кәсіпорын  жарысқа  қатысқан,  ондағы  1372  жұмысшыдан  жарысқа 

1333  қатысқан.  Бұлардың  ішінде  жақсы  жұмысымен  көзге  түскен 

кәсіпорындар  К.Цеткин  атындағы  артіль  (дир.Приятелева)  мен  Ча-

паев  атындағы  артель  (дир.Шнейдерман)  болды.  Қаланың  өндіріс 

орындарында  жүргізілген Стахановшылық жарыстар жыл сайынғы 

мемлекеттік  жоспарды  орындауға  мүмкіндік  берді,  нәтижесінде 

1949  жылы    қаладағы  21  кәсіпорын  өздерінің  9  айлық  өндіріс  жо-

спарын  мерзімінен  бұрын  аяқтаған.  Мысалы,  1949  жылы  қаңтарда 

орал кәсіпорындары өз жоспарларын қандай деңгейде орындағанын 

1-кестеден көруге болады]:



18

19

1-кесте



Рс

Кәсіпорындардың

тізімі

Жоспар


жоспар

орындағаны

%

1

2



3

4

5



одақтық деңгейдегі өнеркәсіптер:

Землячка атын. зауыт

№21 бор зауыты

Ет комбинаты

Жалпы 9 кәсіпорын бойынша

Республикалық 

деңгейдегі 

кәсіпорындар:

Сүт зауыты

Нан комбинаты

Жалпы 14 кәсіпорын бойынша

Жергілікті кәсіпорындар:

Мебель фабрикасы

өнеркәсіп комбинаты

тамақ комбинаты

Жалпы


Жалпы  өнеркәсіп  кооперативтері   

бойынша


Жеке кооперативтер бойынша 

Жалпы қала бойынша

216

324,1


190,0

2239,6


24,1

180,0


980,8

46,0


54

53

153,0



604,0

103,6


4091,1

230,2


97,2

194,0


1746,4

17,4


210,7

950,4


30,2

32,7


33,8

96,7


719,8

69,6


3597,4

106,6


30,8

102,1


78,0

72,0


117,0

97,0


66,0

60,6


64,0

63,2


118,9

57,9


87,9

                                                     

ақпан  айында  қала  бойынша  кәсіпорындар  836,0  жоспардың  827-ін, 

яғни 98,93% орындады. 

Қаланың  тек  артельдерінің  өзі  1949  жылдың  тоғыз  айындағы 

өндіріс  жоспарын  102  %,  ал  жылдық  жоспарды  75%-ке  орындады. 

осылардың ішінен бір ғана «Заря» артелін алсақ, 1949 жылдың қаңтар-

ақпан екі ай ішінде 19,7 мың сом қор жинаған, ондағы еңбек жарысының 

барысында  М.Бурмистров  өз  жоспарын  -215%,  в.Сидорова  -205%, 

барлығы 7 адам жаңашылдар өз жоспарларын артық орындап, осыған 

дейін артта қалып келген артельдің жоғарғы көрсеткішке жетуіне өз 

үлестерін қосқан.

Сөйтіп  соғыстан  кейінгі  жылдарда  қала  экономикасы  біртіндеп 

реттеліп, өндіріс орындарының жұмыстары жолға қойыла бастайды. 

1946  жылы  барлық  одақтық  және  республикалық  министрліктерге 

қарайтын қаладағы кәсіпорындарда 6133 адам жұмыс жасаған, оның 

924-сі  жұмысшылар  болған.  Жұмысшылар  жайында  әңгіме  қозғаған 

кезде  ерекше  көңіл  аударар  жайт  өнеркәсіп  орындарында  жұмыс 

жасаған әйелдердің үлесі туралы мәселе. Соғыстан кейінгі жылдарда ер 

азаматтардың көбінің майданнан оралмауына байланысты өндірістегі 

жұмысшылар  қатарын  әйелдер  толықтырды.  Әйелдер  арасында 

жұмыс  жүргізуді  ұйымдастыру  үшін  әйелдер  Кеңестері  құрылған.  

Бұл  Кеңестер  әйелдердің  өндірістегі  еңбегін  ұйымдастырумен  қатар 

әйелдерді басшылық орындарға ұсынып, стахановтық қозғалысқа да 

тартып  отырған.  Мысалы,  қаланың  өнеркәсіптік-әкімшілік  ауданда-

ры  бойынша  құрылған  әйелдер  Кеңесін  алсақ,  ол  мынадай  көлемде 

болған.  оны 2-кестеден байқаймыз: 

2-кесте


Қала 

аудандары

Әйелдер 

Кеңесі


Өнер кәсіптегі 

жұмысшы әйелдер саны

Стаханов-

шылар


Екпінділер

Жалпы


қазақ

орталық


7

2000


белгісіз

350


136

Приреченск

28

844


165

203


72 (30қазақ)

Теміржол


20

1211


155

356


618

Ал  жекелеген  кәсіпорындар  бойынша  алсақ,  ондағы  жұмыс 

жасаған  әйелдер  санын,  стахановшылар  мен  екпінділер  қатарын, 

олардың орындаған нормаларын 3- кестеден көруге болады: 

3-кесте

Өндіріс 


орындары

Жұмыс 


жасаған 

әйелдер саны

Стахан

овшы


Екпінді

Бригада 


саны

орындаған

норма %

Механика. з-т



95

57

34



6

75

Нан комбинаты



104

57

47



3

104


Кр.октябрь ф-ы

70

45



10

8

55



Арматура з-ты

68

55



12

3

67



Мия зауыты

45

14



-

-

14



Бұл  көрсеткіштер  осы  кезеңде  қала  өнеркәсібінің  дамуында 

әйелдердің  еңбегінің  өте  маңызды  орын  алғанын  көрсетеді.  Яғни 

әйелдер  де  шаруашылық-қоғамдық  өмірден  тыс  қалмай  партияның 

шақыруына  үн  қосып,  одақтық  қорды  жасауға  қатысып,  қала 



20

21

экономикасының  дамуына  өзіндік  үлестерін  қосқан.  Сондай-ақ  осы 



кезеңдегі ең алғашқы кезектегі мәселелердің бірі өндіріс орындарын  

маман  жұмысшылармен  қамтамасыз  ету  болды.  Өйткені  соғыстан 

кейінгі  жылдарда  еңбекке  жарамды  адамдар  санының  азаюы  мен 

кәсіпорында  жұмыс  жасайтын  маман  кадрлардың  көбінің  майдан-

нан оралмауына байланысты қала кәсіпорындарының  көпшілігі бұл 

кезеңде мамандармен толық қамтамасыз етілмеген еді. 

Мысалы, тек 1946 жылы жекелеген кәсіпорындардағы мамандарға 

деген  сұраныстың  қанша  болғанын  және  қанша  маман  даярлағанын  

мына 4-кестеден көруге болады: 

4-кесте


Кәсіпорындар

Қажетті


жұмысшы 

саны


Нақты 

жұмыс


жасағаны

даярланғандар

саны

Механикалық зауыт



148

60

32 



Землячка атын. зауыт

95

47



29

ворошилов ат.зауыт

3421200391

«Красный октябрь» байпақ фабрикасы

60123142

 

осындай жағдайлардың көрініс алуы кадрлар даярлау ісін қолға 



алып, оны жаңадан даярлау, қайта даярлықтан өткізу, жеке-бригадалық 

оқу,  арнаулы  курстарда  оқыту  бағыттары  арқылы  жүзеге  асырып, 

әрбір кәсіпорынға жұмысшыларды даярлау міндеттері жүктеледі. осы 

міндетті жүзеге асыру үшін және өз қажеттіліктерінің орнын толтыру  

үшін 1946 жылы ворошилов зауыты 90 маманды жаңадан даярлау, 252 

адамды  қайта  даярлықтан  өткізу  ісін  жүргізеді.  Мұның  ішінде  111-і 

әйелдер, төртеуі -16 жасқа дейінгі балалар болған. «Красный октябрь» 

фабрикасы  15  адамды  жеке-бригадалық  оқу  арқылы,  10  адамды 

стахановтық мектепте, 35 адамды арнаулы курстарда оқытқан. Ет ком-

бинаты 16 адамды, облыстық өнеркәсіп одағы -78 адамды оқытқан.

Сондай-ақ мамандарға деген қажеттілікті  соғыстан кейінгі жыл-

дарда ФЗо мектептері орындады. 1947 жылы ФЗо мектептерінен мы-

надай көлемде мамандар бітіріп шыққан:

Землячка атындағы тері зауыты-196 адам.

Арматура зауыты-92.

Жарма зауыты-84.

Әрине мұндай мөлшердегі даярланған мамандар соғыстан кейінгі 

өндіріс  орындарына  қажет  мамандарды  толық  қанағатттандыра  ал-

мады  десек  қателеспеген  болар  едік.  Мысалы,  осы  кездегі  қаладағы  

16 артельдің тек 4-уі ғана жұмыс күшімен қамтылып, қалғандарына 

150 маман жұмысшы жетіспеген.Бұл мәселені уақытында шешу кезек 

күттірмейтін мәселе болды. осыған орай 1947 жылы оралда облыстық 

еңбек  резервтерінің  басқармасы  ұйымдастырылады.  оның  мақсаты 

кадрларды даярлау мен тәрбиелеу болды. осы басқарма басшылығымен  

1947  жылы  9  сәуірде  қаладағы  кәсіпорындардың  дені  шоғырланған 

екі ірі өндірістік аудандар Приречная мен орталық аудандардың ара-

сында  өндірістің  ұйымдастырылу  мен  мамандар  деңгейін  анықтау 

мақсатында  еңбек  жарысы  өткізіледі.  онда  Приречная  ауданының 

кемшіліктері анықталып, кейін ол партия ұйымының мәжілістерінде 

сынға  алынады.ол  кемшіліктер  негізінен  жоспарларын  орындай  ал-

мау, шикізатты үнемдемеу, қосымша шаруашылықтарға көмек бермеу 

сияқты мағынада орын алды. Бұл кемшіліктер аудандағы басшылардың 

жиі ауысуымен де  байланысты болды. Мысалы, 1947 жылдың өзінде 

Приречная  ауданында  2  бөлім  басшысы  ауысса,  орталық  ауданын-

да  нұсқаушылардың  80%  ауысқан,  мұндай    тұрақсыздықтың  басты  

себептері:

1 басшылық орынға асығыс қою,

2 партия ұйымдарының өз қатарларын үнемі толықтырмауы

3 кадрларға жағдай жасамауы болды.

осындай  жағдайлардың  орын  алуына  қарамастан  қала 

экономикасының  дамуы  тоқталған  жоқ  оның  дамуына  елеулі  үлес 

қосқан ірі өндіріс орындарынан басқа оқу-өндірістік кәсіпорындары 

да болды. Бұл кәсіпорындар  көру және есту қабілеті нашар мүгедек 

адамдарды  кәсіпке  баулып,  қоғамдық  пайдалы  еңбекке  тартатын 

өндіріс  орны  болды.  Мұндай  кәсіпорындар  1948  жылы  құрылған 

«Қазақ  зағиптар  қоғамының  тәжірибелік-өндірістік  шеберханасы» 

мен  «Қазақ  саңыраулар  қоғамының  тәжірибе-сынақ  шеберханасы» 

болды. Бұл кәсіпорындар соғыстан кейінгі уақыттағы қала халқының 

сұранысын өтеуге қатысы, халық тұтынатын товарларды өндірді.

Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстан экономикасының ең дамыған 

саласы    өнеркәсіп  саласы  болған.  Өйткені  соғыстан  кейінгі  кезеңде 

өнеркәсіпке қаражат жұмсау көлемі өскен. Мысалы, 1940 жылы 53,1 

млн. сом болса, 1950 жылы ол-177,3 млн. сом болған. осылайша, 1940 

жылмен салыстырғанда қаражат жұмсау көлемі 1950 жылы - 3,3 еседен 

астам болған. оның үстіне өнеркәсіп орындарының көпшілігі одаққа 

бағынған.  Мысалы,1950  жылы  өнеркәсіптік  кәсіпорындардың  одаққа 

бағынатындары- 64%, республика, облысқа бағынатындары -36% бол-


22

23

ды. Жалпы өнеркәсіптен түсетін түсімнің өсу қарқыны 1945 жылы 1940 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет