2. 1946-1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЛАНЫҢ
ӘКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН
МӘДЕНИ ДАМУЫ
2.1 Қаланың әкімшілік басқару құрылымы
Қала тарихы, оның экономикалық-әлеуметтік дамуы қаланың
саяси жүйесі мен әкімшілік құрылымымен өте тығыз байланысты.
Өйткені қаланың жалпы даму барысы оның әкімшілік құрылымымен
басқарылып, саяси сипат алып отырады. Сондықтан да соғыстан кейінгі
жылдардағы қаланың әкімшілік құрылысына келсек соғыстан кейінгі
уақытта қала негізі үш әкімшілік ауданға бөлінді. олар: орталық, При-
реченск және Теміржол аудандары. Қаланың басқарылуы қалалық де-
путаттар Кеңесі, облыстық, қалалық және осы әкімшілік аудандардың
атқару комитеттері, партия комитеттері арқылы жүзеге асырылды.
Атқару комитеттерінің арнаулы бөлімдері шаруашылықтың жекеле-
ген салаларын, мәдениет пен білім беру ісінің жағдайларын бақылап,
бағыттап, басшылыққа алып отырды.
облыспен қатар қалалық партия комитетінің жоғарғы орга-
ны – облыстық, қалалық партия конференциясы мен Пленумдары
болды. Партия конференциялары мен Пленумдарда қалалық атқару
комитетінің, партия комитетінің, қалалық депутаттар Кеңесінің
есебі, тексеру комиссиясының есебі, мандаттық комиссия есептері
тыңдалды.
Бұл есептер халықшаруашылығы мен мәдениетінің дамуындағы
атқару комитеттерінің атқарған істерін, оның жетістіктері мен
кемшіліктерін анықтап, партиялық басшылықтың дәрежесін көтеруге
көмектесті. Негізі соғыстан кейінгі кезеңде партия ұйымдарының ал-
дында партия қатарын өсіру және реттеу, кадрларды идеялық-саяси
жағынан тәрбиелеу мәселелері тұрды. Бұл мәселелер Қазақстан КП
(б) облыстық комитетінің 1946 жылдың 1-4 желтоқсанындағы ХҮІІІ-
ші Пленумында қарастырылған «облыстық партия ұйымдарының өсу
жағдайы мен жас коммунистерді тәрбиелеудегі жұмыстар туралы»
мәселеде, сондай-ақ Қазақстан К(б)П орталық Комитетінің ХІХ-шы
пленумында қабылданған «Қазақстан партия ұйымының идеологиялық
жұмыс деңгейі туралы» қаулысын жүзеге асыруға бағытталған шара-
лар жөніндегі облыстық комитеттің 1948 жылдың 1-3 сәуірінде өткен
ІІ-Пленумында, 1950 жылдың 28-29 наурызындағы «облыстық партия
ұйымдарының мамандарына большевиктік тәрбие туралы» ІҮ Плену-
мында, 1951жылғы наурыздағы ҮІІ Пленумда талқыланды.
70
71
Пленум материалдары осы кезеңде партия қатарының өскендігін
де көрсетті. Мысалы, 1946 жылғы он айда облыстық партия ұйымына
3532 адам қабылданса, 1948 жылы орал қаласының өзіндегі 168
бастауыш партия ұйымында 3753 адам, ал 1949 жылы 203 партия
ұйымының қатары 3886 адамға жеткен. Бұлардың білімділік деңгейіне
келсек, 275-жоғарғы білімді, 115-аяқталмаған жоғарғы білімді, 811-
орта білімді, 866- аяқталмаған орта білімді, 1565-бастауыш білімі бар-
лар, 254-білімі жоқтар болған. Ұлттық құрамына келсек, 435-қазақтар,
2812-орыстар, 186-татарлар, 318-украиндар, қалғандары басқа ұлт
өкілдері болды. осы жылдардағы коммунистік партияның негізі, оның
саясатын жүргізуші, бұқараны ұйымдастырушы –бастауыш партия
ұйымдары қаладағы шаруашылық пен мәдени құрылыспен қатар білім
беру, халықты әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамту жұмыстарына да
басшылық жасады.
1948-1949жылдардағы қаладағы негізгі мәселелер әр ауданның
партия ұйымдарында қаралып отырған. Мысалы,1948 жылы - 46
партия бюросы өтсе, 1949 жылдың өзінде орталық ауданның пар-
тия ұйымында -246, Приреченск ауданының партия ұйымында
-269, Теміржол ауданының партия ұйымында -129, қалалық пар-
тия комитетінде – 780, барлығы 1414 мәселе қаралған. оның ішінде
партияға қабылдау туралы -179, оқу орындарының мәселесі туралы
-14, өнеркәсіп орындарының жұмыстары туралы – 22, үгіт-насихат
жұмыстары туралы -27 және тағы да басқа мәселелер қарастырылған.
Ал қаланың халық шаруашылығы мен мәдени-ағарту саласы
атқару комитеттерінің бөлімдері арқылы басқарылып отырды. 1950-
жылдарда қалалық атқару комитетінің 8 бөлімі жұмыс жасаса, 1960-
жылдарда 10 бөлім қала өмірін басқарған. Қалалық атқару комитеті
1950 жылы қала өмірінің әртүрлі мәселелері бойынша 540 шешім
қабылдаса, 1956 жылы 41 мәжіліс өткізіп, 755 шешім қабылдаған.
олардың қатарында 7. 02.56 жылғы 3-қабатты 18 пәтерлі үй салу
құрылысы, жеке құрылыс жүргізу үшін жер учаскелерін бөлу туралы
шешімдерді атауға болады.
осы кезеңде қалалық депутаттар Кеңесінің құрамында 250
адам болған, оның 141-ер, 109 әйел адам болса, оның 35-қазақ,185-
сі орыс болды. депутаттардың 118-сі өнеркәсіп пен транспорт сала-
сында жұмыс жасайтындар болса, 25-сі-партия-кеңес органдарының
өкілдері, 38-дәрігер,мұғалім, ағарту мекемелерінің қызметкерлері,
25-цех, кәсіпорын жетекшілері, 13-сауда мен қоғамдық тамақтандыру
қызметкерлері тағы басқалары болды. Қалалық Кеңестің 1963
жылғы 1сессиясы қаланы көркейту шаралары туралы, ал 2-сессиясы
қаладағы сауда және қоғамдық тамақтандыру ісінің жағдайы мен оны
жақсарту шаралары туралы болды. Мұның өзі қала өмірінің көкейтесті
мәселелерінің қалалық атқару комитеті мен қалалық депутаттар кеңесі
сессияларының негізгі мәселелері болғанын көрсетті.
Қаланы басқару ісінде ерекше орын алған қаладағы түрлі қоғамдық
ұйымдар болды. Сондай ұйымдардың бірі -әйелдер Кеңестері болды.
Мысалы, 1949 жылы орталық ауданда -7, Приреченск ауданында – 28,
Теміржол ауданында – 20 әйелдер Кеңесі жұмыс жасаған.
Соғыстан кейінгі 1946-1960 жылдарда облыстық және қалалық
партия комитеттері өзінің партиялық принциптеріне сүйене отырып
қоғамдық-бұқаралық ұйымдар арқылы қаланың экономикасы мен
мәдени-тұрмысын қалпына келтіру мен одан әрі дамытуға бағытталған
барлық шараларды жүзеге асырды. Бұл кезеңдегі партияның
басшылыққа алған негізгі принциптері: ғылыми негізделген, дұрыс са-
ясат құру және оны жүзеге асыру, саяси және шаруашылық қызметтің
біртұтастығы, мемлекеттік және шаруашылық органдардың функция-
ларын нақты белгілеп беру және олардың жауапкершілігін арттыру;
бұқараның еңбектегі белсенділігі мен творчестволық инициативасын
дамыта беру; кадрларды іріктеу және тәрбиелеу; мемлекеттік және
қоғамдық ұйымдардың жұмысына бақылау жасау.
осы принциптерді басшылыққа ала отырып, партия өзінің
ішкі жұмысында болсын, мемлекеттік аппаратты басқару ісінде не-
месе бұқара арасындағы тікелей қызметінде болсын ұйымдастыру
жұмысына айырықша назар аударды.
Қалалық басқару аппаратын құру мен оның қызметін
ұйымдастырудың аса маңызды принциптерінің бірі – мемлекеттік
басқару ісіне еңбекшілерді тарту болды. Бұл қалалық еңбекшілер
депутаттарының Кеңесі арқылы жүзеге асты.
Еңбекшілерді мемлекет ісіне тарту жұмыстарымен қатар пар-
тия – кеңес органдары, жергілікті депутаттар Кеңесі мәдени–тәрбие
жұмыстарын да жүзеге асырды. Негізі соғыстан кейінгі кезеңде орал
қаласындағы қоғамдық-саяси өмір партия ұйымдарының басты көңілді
идеологиялық жұмыстарға, әсіресе коммунистерді саяси жағынан да-
ярлау деңгейіне, теориялық оқытуды жақсарту мәселелеріне аударуы-
мен байланысты болды.
Қала еңбекшілерінің арасында саяси үгіт жұмыстарын жүргізуде
қаланың партия комитеті 1947 жылы 25 қарашадағы вКП(б)-ның
«Үгітшілер жүргізетін жұмыстардың кемшіліктері мен оларды жақсарту
шаралары туралы», орталық комитеттің ХІХ, ХХ Пленумдарының
қарар-шешімдерін, Ленинградықтардың ІҮ-ші бесжылдықты төрт
жылда орындау үшін социалистік жарыстарды кеңейтуге шақырған
үндеуін, Москваның зауыт-фабрикаларының 35 директорының жо-
72
73
спардан тыс қор жинауға шақырған ұсыныстарын басшылыққа алған.
осы құжаттарды, бесжылдықтың міндеттерін халыққа түсіндіруде
қалада өз құрамында партия тарихы, саяси экономияны оқып үйрететін
үйірмелерді қамтыған партиялық оқу жүйесі жұмыс жүргізді.
1948 жылдың 1 қаңтарында оның құрылымы мынадай болды:
1.«вКП(б)-ның қысқаша курсын» оқыту жөніндегі үйірме саны -
93, ол 1962 адамды қамтыған;
2. Көсемдердің өмірбаяндарын оқыту үйірмесі –70, олар - 619
адамды;
3. Саяси мектептер - 34, 436 адамды қамтыған;
4. Кешкі марксизм-ленинизм университеті – 1,оның - 301
тыңдаушысы болды;
5. Кешкі пария мектебі -2, оның 180 тыңдаушысы;
6.Сауатсыздар мен аз сауаттыларға арналған мектептер -6, оның 49
тыңдаушысы болған. Бұларда штаттан тыс 180 үгітші жұмыс жасаған,
оның 15 - қазақ болған [35;1]. Жалпы қаладағы бұқаралық саяси үгіт
жұмыстарын 25 - лектор, 163 саяси баяндамашы, 148 үгіт коллективі,
тек қала кәсіпорындарының өзінде 43 үгіт коллективі жүргізген. 1948-
1949 жылдарда бұқаралық-саяси жұмыстарды жүргізуші үгітшілер
қатарында 850 коммунист, 130 комсомол, 210 мұғалім, 120 медицина
қызметкерлері, 78 инженер - техник қызметкерлер болса, тек 35-і ғана
қазақ болған. Партия ұйымдарының тапсырмасымен мәдени орталық
ретіндегі орал педагогикалық институтының оқытушылары қалада
100-ден астам лекция оқыған.
Қаладағы өндіріс, қызмет көрсету, мәдени салалардағы
еңбекшілерді біріктірген бұқаралық-қоғамдық ұйымның бірі –
кәсіподақтар болды. Кәсіподақтардың халықшаруашылық міндеттерді
шешудегі ролін арттыруда БК(б)П орталық Комитеті мен вЦСПС
ХІХ Пленумының қаулылары негізінде облыста 1948 жылдың 10-
қарашасында кәсіптік одақтардың облыстық Кеңестерінің құрылуының
маңызы жоғары болды. осыдан соң облыста 710 фабрика-зауыт
комитеттері мен жергілікті комитеттер құрылды. Соғыстан кейінгі
жылдарда өндірістік жоспарды орындау, еңбекшілерге тұрмыстық
және мәдени қызмет көрсетуді жақсартуда осы кәсіподақ ұйымдары
көп игі істер атқарды. олар социалистік жарыстарды ұйымдастырып,
жаңашылдар қозғалысын қолдап, кәсіпорын әкімшіліктерімен шарттар
жасап отырды. Әсіресе ворошилов зауыты комитеттерінің жұмысын
ерекше атап кетуге болады.
Кәсіподақтар осы кезеңдегі басты идеология бағыт еңбекшілерге
коммунистік тәрбие беру ісіне де көп көңіл бөлген. Кәсіподақ мүшелері
саяси оқуларға тартылып, кәсіпорындар мен мекемелерде бірнеше лек-
циялар мен баяндамалар оқылды.
Қала өмірін ұйымдастырушы қоғамдық-бұқаралық ұйымның бірі
– комсомол мекемелері болды. Қаладағы 94 комсомол-жастар брига-
далары партияның халықшаруашылығын көтеруге арналған қаулы-
қарарларын орындауда қажырлы еңбек етті. 1948 жылы 56 ең жақсы
екпінділер облыстық комсомол ұйымының Құрмет кітабына енгізіліп,
ЛКСМ орталық Комитетінің грамоталарымен марапатталды. Көптеген
кеңес, жиналыс, мәжілістер өткізіліп жастарды іске жұмылдыру жол-
дары қарастырылды. Комсомолдар үнемділік пен сапа үшін жұмыс
жасады. Мысалы, совхоздар министрлігінің зауытында әртүрлі мате-
риалдарды -20 мың сомға, отынды –3 мың сомға, электрэнергиясын - 5
мың сомға үнемдеу ісі жүргізілген. Қала жастары мен комсомолдары
стахановшылдық қозғалысқа белсене қатысқан. Мысалы, 1947 жылы
жоспар орындаудан артта қалып келген Землячка атындағы зауыт 1948
жылдың бірінші жарты жылдықта 150 жас жұмысшының стахановшыл
29 жасының 15-нің айлық жоспарды, 5-нің жарты жылдық жоспарды
орындауының барысында үш айлық жоспарды 114,4%-ке орындады.
Соғыстан кейінгі кезеңдегі қоғамдық өмірде ерекше орын алған
ерікті қоғамдар жұмысы болды. КСРо Министрлер Кеңесінің 1948
жылғы 16 қаңтардағы оСоАвИАХИМ-ді бөлу туралы шешіміне
сай доСААФ, доСАРМ, доСФЛоТ қоғамдары құрылған еді. Бұл
қоғамның орал қаласындағы ұйымдары қаладағы мәдени-ағарту ша-
раларына қатысып отырған. осы кезде қалада доСАРМ-ның 31 баста-
уыш ұйымы, оның 2250 мүшесі, доСААФ-тың 63 бастауыш ұйымы,
3000 мүшесі, доСФЛоТ-тың 26 бастауыш ұйымы, 742 мүшесі
болған.
Бұл ұйымдардың ішінде қалада неғұрлым белсенді жұмыс
жүргізгені доСААФ ұйымы болды. Бұл ұйым қалалық Пионерлер
үйі жанынан «Жас авиамоделистер» үйірмесін ашып, қалалық мек-
теп оқушыларын тартқан. 1949 жылдың он айының ішінде бұл ұйым
қалада 3 лекция, 42 баяндама оқып, жергілікті баспасөзде 4 мақала жа-
риялап, 3 рет радио хабар берген, 10 авиабұрыш ұйымдастырған. осы
ұйымдардың жетекшілігімен №3,6,10 мектептерде «Жас теңізші»,
«Моделистер» атты үйірмелер, №11 ФЗо-да, педучилищеде де ба-
стауыш ұйымдар мен үйірмелер ашылды. Бұл бастауыш ұйымдар мен
үйірмелер қалада 16 лекция, 117 баяндама, 37 әңгіме өткізген.
Қаланың экономикалық, саяси-қоғамдық және мәдени өмірі
тікелей қалалық партия комитетінің бақылауымен жүзеге асырылды.
Қаланың барлық мәселелері қалалық партия комитетінің бюроларын-
да, партия активтерінің жиналысында, сессияларда қаралып отырды.
Мысалы, 1949 жылдың өзінде қалалық партия комитетінің бюросында
қаралған мәселелердің негізгі бағыты мынадай тұрғыда болған:
74
75
1.партияға қабылдау жөніндегі мәселе -179;
2.оқу орындарының мәселесі -14;
3.өнеркәсіптік мекемелердің жұмысы туралы мәселе -22;
4.үгіт-насихат жұмыстарының жағдайы туралы мәселе -27.
Барлығы -780 мәселе қаралған. Ал 1961 жылы қалалық партия
комитетінде 75 негізгі мәселе мен 460 хаттар мен шағымдар қаралған.
оның 43% - коммунальдық пәтерлерді беру туралы, 13% - еңбекке
орналастыру мен жөнсіз жұмыстан шығару, 18% - коммунистердің
тәртіп бұзушылықтары туралы мәселе болған. Бұлардың көпшілігі
мүмкіндігінше партия бақылауымен шешімін тауып отырған.
Жалпы Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары
демократияға қарсы, тоталитарлық жүйе үлгісіне сай болды. дегенмен
қоғамдық өмірде бейбіт көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты белгілі
дәрежеде құндылықтар қайта бағалана бастады. Халықтың санасында
әлеуметтік бағдарламаларға, демократияға бет бұру қажеттігін түсіну
барған сайын айқын пісіп жетіле бастады. Бірақ соғыстан бұрынғы
кезеңде бастама алған қоғам мен партиялық-мемлекеттік басшылықтың
әкімшіл-бұйрық беру тәсілінің арасындағы қарама-қайшылық соғыстан
кейінгі кезеңде өсе түсті. Бұл кезеңде қоғамдық сананың барлығына
әлеуметтік жаңғырудың комплексті бағдарламаларына көшуге осы
кезедегі қалыптасқан қоғамдық-саяси құрылым кедергі жасады.
оның үстіне қиында, қатаң соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде
басшылықтың жұмыс жасап тұрған жүйесі тиімді деген сенімді туғызса,
басшылардың көпшілігі осы басқару тәсілдері мінсіз деп есептеді де,
осы тәсіл бойынша жұмыс жүргізді. 1940-1950 жылдардың басында со-
циализм идеологиясы өзінің шырқау шегіне жетті. Міне осындай күрделі
жағдайда қоғам партия комиттеттерінің қатаң бақылауымен дамыды.
Бұл қатаң бақылау жағдайында 1940-жылдардың ортасындағы және
1950-жылдардың басындағы рухани көңіл-күй тұншықтырылғанмен
жойылып кете алмады.
КоКП орталық Комитеті мен КСРо үкіметі одан әрі
орталықтандыруды жоюға және одақтас республикалардың құқын
кеңейтуге бағытталған шаралар кешенін 1954-1956 жылдар аралығында
жүргізген еді. Бірақ экономика саласының дамуының жалпы
бағыттарын белгілеу, кадрларды тағайындау мен ауыстыру және басқа
көптеген мәселелер басшылықтың, партия ұйымының қолында болды.
Сондықтан республика аймақтарының бәрі де партиялық басшылыққа
тәуелді болды. Қоғамның құрылымы бұрынғысынша жоғарыдан
төменге қарай принципі бойынша құрылғандықтан жұмысшылар
жоғарыдан қабылданған шешімдерді талқылаусыз орындауға тиіс
болды.
1950 жылдардағы еңбекшілердің мемлекеттік басқаруға
қатысуының бір формасы – қалалық Кеңестердің тұрақты комиссия-
лары болды.1953-1954жж. қалада 10 тұрақты комиссия жұмыс жасап,
олар 150 қалалық кеңес депутаттарын қамтыған. осы кезеңде тұрақты
комиссияларда 36 мәселе қаралған.
Көптеген жергілікті қалалық депутаттар Кеңестерінің атқару
комитеттерінің жанында қоғамдық бөлімдер болды және олар өз
жұмысына штаттан тыс қызметкерлерді тартты. олар Кеңестердің
және оның атқару комитеттерінің қаулы-қарарларының қалай орында-
лып жатқанын ұдайы тексеріп отырды, кәсіпорындар мен мекемелердің
жұмысына бақылау жасады, анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар
қолданды
Бұлардан басқа қала тұрғындары халық шаруашылық және
мәдени құрылыс міндеттерін шешуге тұрғын-үй пайдалану кеңселері
жанындағы көше-квартал комитеттері, үй комитеттері, мектеп
жанындағы ата-аналар комитеттері, әйелдер кеңесі тағы басқа
бұқаралық ұйымдар да тартылды.
Қоғамдық-бұқаралық ұйымдардың ішінде жергілікті қалалық де-
путтар Кеңестердің маңызы зор болды. Соғыстан кейінгі жылдарда
еңбекші депутаттардың жергілікті Кеңестерінің сайлаулары маңызды
роль атқарды. Мысалы, 1950 жылғы еңбекшілер депуттаттарының
жергілікті кеңестеріне сайлау науқаны бірінші рет депуттаттардың
сайлаушылар алдында белгілі бір атқарған жұмысы мен тапсырыстар-
ды орындау деңгейі жөнінде есеп беру арқылы жүзеге асты. Өйткені
1952 жылы қазанда болған партияның ХІХ сьезі 1951-1955 жылдарға
арнаған халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспары
жөніндегі директиваны белгілеп, жергілікті кеңестік органдар ал-
дына үлкен талаптар қойып, бесжылдық жоспарды орындауға халық
бұқарасын кең түрде тартуды міндеттеді. Бұл міндеттерді сәтті шешудің
өзі шаруашылық–мәдени жоспарларды орындаудағы кеңестердің рөлі
мен жауапкершілігін көтеруді талап етті. Бұл шаралар жергілікті
Кеңестер мен бұқараның арасындағы байланысты күшейтіп, партиялық
басшылықты жақындата түсті. Сайлау нәтижесінде облыстық депу-
таттар Кеңесіне - 60 адам, қалалық депутаттар Кеңесіне -238 адам
сайланған.
КоКП орталық Комитетінің ХХ сьезі мен 1956 жылғы 30
маусымдағы КоКП орталық Комитеті «Жеке адамға табыну және
оның салдарлары туралы» қаулыны қабылдағанына қарамастан
жеке тұлғаны дәріптеу зардаптарын жою, партиялық нормаларды
бұрмалауды шектеу өлкеде толық жүзеге аспады. оны 1956 жылғы
13 шілдедегі КоКП орталық Комитетінің «Берияның антипартиялық
76
77
және антимемлекеттік әрекеттері туралы» қаулысы талқыланған
Қазақстан КП(б) Батыс Қазақстан облыстық және орал қалалық
комитеттерінің біріккен Пленумынан көруге болады. осы Пленумда
баяндама жасаған облыстық комитеттің бірінші хатшысы М.Шахин де,
одан кейінгі КоКП оК шешімдерін талқылаған 1957 жылғы шілдедегі
облыстық және қалалық партия комитеттерінің пленумдарында
сөйлеген С.Б.Ниязбеков те әміршіл-әкімшіл жүйені, оның сүйеніші
Коммунистік партияны толық ақтады. Мұның өзі демократиялық
сипаттағы реформалар қала, тіпті облыс көлемінде әкімшілік
жүйенің негізін шайқалтпағанын, яғни бұл кезеңде демократиялық
қозғалыстың кең құлаш жая алмағанын көрсетті. дегенмен қоғамды
демократияландыруға бағытталған ХХ сьезд ұйымдық-партиялық
жұмысты, партия қатарын нығайту, оның бұқаралық ұйымдардағы
кәсіподақ пен комсомолдағы басшылық ролін күшейту мәселеріне көп
көңіл бөлді. Бұл кезеңде қалалық партия ұйымдарының қатары өсіп,
сапасы жақсарды. Мысалы, 1954 жылы қалада 191 бастауыш партия
ұйымы мен 22 партиялық топ болған, ондағы партия мүшелері -3733
адам, оның 490-қазақ, 925-әйелдер болған.
Халықтық маңызы бар мәселелер мен КоКП оК ХХ, ХХІ,
ХХІІ сьездерінің қаулылары облыстық партия комитетінің 1954
жылдың қаңтарындағы ХІ-ші, 1955 жылдың желтоқсанындағы ке-
зектен тыс ХІҮ-ші, 1961 жылдың қыркүйегіндегі ХҮІ-шы, 1964
жылдың желтоқсанындағы ХҮІІ-ші шақырылған конференцияла-
рында талқыланып, оларды шешуге бағытталған шаралар жүйесі мен
қалалық партия комитеттерінің алдына қойылған міндеттер анықталып
отырған. Бұл жұмыстардың жауапкершілігін 1970 жылдардың аяғына
дейін облыстық партия комитетінің І-ші хатшылары болған М.Шахин
(1952-1954жж.), С.Тоқтамысов (1954-1956жж.), С.Б.Ниязбеков (1956-
1960жж.), Ш.Қ.Қоспанов (1961-1975жж.) және қалалық партия
комитетінің І хатшылары болған д.С.Инютина, И.Е.Гусев, З.П.Гапонов,
в.Е.Курбатов, С.Е.Костаревтер атқарған.
Өндіріс орындары тек қаладағы өндіріс ісін дамытумен шектеліп
қалған жоқ, олар облыстың ауыл шаруашылығының дамуына да
үлестерін қосты. облыстың ауыл шаруашылық өндірісін көтеруде
ауыл шаруашылық машиналарын, құрал-жабдықтарды, қосымша
бөлшектерді шығаратын өнеркәсіп орындары маңызды роль атқарды.
Мұндай игі істердің бір көрінісі 1954 жылы орал механикалық
зауытының облыс колхоздарына 50 қар қопарғыш пен 25 жол
тартқышты беруі. Қала мен село арасындағы байланысты орнатудың
басты жолы –шефтік көмек болды. Бұл істің дамуына 1968 жылы 20
маусымда ҚазКСР-нің Министрлер Кеңесі мен партияның орталық
Комитетінің №362 «1968 жылғы ауыл шаруашылық өнімдерін даярлау
мен өнімді жинауды қамтамасыз ету шаралары туралы» қаулысының
қабылдануы ықпал етті. орал қаласы еңбекшілері де партияның
басшылығымен осы қаулыны орындау ісіне жұмылдырылады.
Ауыл шаруашылық жұмыстарына шефтік көмек ретінде осы жылы
өнеркәсіп мекемелерінен 2294 адам селоға жіберілген, оның ішінде
127-тракторист, 63-комбайнер, 139- жөндеуші слесарь, 1500-ден аста-
мы қосымша жұмыс күші ретінде барған. Сондай-ақ осы кезеңдерде
әрбір кәсіпорынға белгілі бір аудандар бекітіліп берілген. Мыса-
лы, ворошилов зауыты, Жылу-энерго орталығы -Теректі ауданына,
арматура зауыты, тұрмыстық жөндеу комбинаты –Жымпиты ауда-
нына, механикалық зауыт, теміржол бөлімшесі –Приурал ауданына
бекітілген, бұл кәсіпорындар сенбі-жексенбі күндері осы бекітілген ау-
дан шаруашылықтарына барып көмек берген. Сөйтіп қалалықтар егу,
шөп шабу, өнім жинау кездерінде, сондай-ақ мал шаруашылығы фер-
маларына үлкен көмек беріп отырған. Мысалы, бірнеше жылдар бойы
ауыл шаруашылық жұмыстарында белсенділік көрсеткен социалистік
еңбек ері Л.И.Гуль, Локомотив депосының машинисі М.И.Беднов,
К.Цеткин фабрикасының тігіншісі М.Мұсағалиева, профессорлар
С.А.Ақмурзин, в.в.Иванов, в.И.Ивакин тағы да басқаларды атауға
болады.
Бұл жылдардағы экономикалық-мәдени даму жұмыстары
қаланың партия ұйымы мен қаланың атқару Кеңестері, комсомол
және кәсіподақ ұйымдары, әйелдер Кеңестері арқылы жүзеге асырыл-
ды. олардың жұмысында ірі жетістіктермен қатар олқылықтар мен
кемшіліктер де орын алып отырды. ол 1954 жылы 25 қаңтарда КоКП
оК «Партия және мемлекеттік ақпарат жұмысындағы кемшіліктер ту-
ралы» да және 1954 жылы 14 қазанда КСРо Министрлер Кеңесінің
«Министрліктер мен ведомоствалар құрылымындағы кемшіліктер
мен мемлекеттік ақпарат жұмысын жақсарту шаралары туралы»
қарарында атап көрсетілген. онда: «аппаратта зиянды бюрократтық
тәжірибе қалыптасқан, онда белсенді ұйымдастыру ісіне, нақты істерге
басты көңіл бөлінудің орнына көптеген дерективаларды, резолюция-
лар, хаттар мен есептер құрастыру орын алынған. Бұл штаттардың
қожырауына, жауапсыздыққа, партия, шаруашылық қызметкерлерінің
ұйымдастыру ісінен алшақтап кетуіне алып келді» деп көрсеткен.
осыған орай барлық шаруашылық, кеңестік басшылардың алдына
басқару аппаратын тез қимылдайтын, әрі икемді, нақты істерге қабілетті
ету міндеті қойылады. Жауапкершілікті арттыру үшін үнемі, әрі жүйелі
түрде партия мен үкімет шешімдерінің жүзеге асуын бақылау мен тек-
серу жүргізіліп отырған. Мемлекеттік аппарат құрылымын жақсарту
78
79
ісі едәуір дәрежеде штаттардың қысқаруына әкелген. Мысалы,1956
жылы Қазақстандағы 909,5 мың штаттық бірлікті қысқарту 9 млн.
сомды үнемдеуге, 1957 жылы– 2607 штаттық бірлік пен 1955 –1956
жылы – 9705,5 штаттық бірлікті қысқарту 23 млн. сомды үнемдеуге
әкелді.
Кеңестердің жұмыс деңгейін көтеруге КоКП орталық Комитетінің
1957 жылғы 22 қаңтардағы «Еңбекшілер депуттары Кеңестерінің
қызметін жақсарту және олардың бұқарамен байланысын күшейту ту-
ралы» қаулысының зор ықпалы болды. осының нәтижесінде Кеңестік
органдардың жұмысында бастамалар мен жауапкершілік жоғарлады,
олардың бұқарамен байланысы күшейді. Әсіресе бұл жылдардағы
саяси өмірдегі тағы бір өзгеріс депуттар кеңестерінің тұрақты комис-
сиясын құру болды. Мысалы, 1957 жылы республикада 371 қалалық
тұрақты комиссия, ал облыста 440, қалада 9 тұрақты комиссия жұмыс
жасаған.
Бұл тұрақты комиссиялар еңбекшілерді де, коммунитерді де
мемлекетті басқаруға тартудың бір формасы болды. Коммуни-
стер өздеріне міндеттелген тапсырманы орындау жолында халық
шаруашылығының барлық салаларында да жұмыс жасаған. Мысалы,
1957 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында, транспортта, бай-
ланыс саласында 2698 коммунист жұмыс жасаса, 1961 жылы ол 4099-
ға жеткен. Коммунистер басшылығымен тұрақты комиссиялар билік
жүргізуші органдардың қызметіне бақылау жасап, тексерулер жүргізген.
осыған қарамастан іс жүзінде бүкіл үкімет билігін партиялық және
шаруашылық аппарат өз қолына жинап алды. Әміршіл-әкімшілдік
жүйеге тығыз кіріктірілген кәсіподақтар мен комсомол өз құқықтары
мен бастамаларынан толық айырылды. Бірақ халық болашаққа деген
сенімі мен жақсы өмірге деген үмітін жоғалтпады.
Қоғамда болып жатқан тоқырау мәселелеріне көзжұмушылықпен
қарау орын алды. оған 1959 жылғы КоКП ХХІ сьезінің шешімдері
дәлел болады.
Сондықтан 1964 жылдан басталған шешімдер негізінде саяси
бағыт бұрын іске аспаған мәселелерден келіп шықты, яғни өзгеріс
жасау қажеттігі шегіне жетті деуге толық болатын еді. Сондықтан
да 1960-1980 жылдардағы қаланың қоғамдық-саяси өмірі де
қайшылықты сипаттарымен ерекшеленген. Партияның авангардтық
ролі мен бесжылдық жоспарларды орындауға еңбекшілерді жұмылдыру
қабілетін күшейтуге бағытталған бірқатар игі істер атқарылды. Аяқсыз
болса да өмірге енгізілген шаруашылық реформа өндірісті дамытуға
байланысты ірі жұмыстар атқаруға түрткі болды. олар:
- білім беру мен денсаулық сақтау ісінің жолға қойылуы;
- үгіт-насихат ісінің ықпалды түрде болуы.
осыған қарамастан қоғамда, экономикада қиыншылықтар
мен шешілмеген проблемалар жинақтала түсті. Білім беру ісі мен
мәдени шаралар орыстандырушылық сипатта болды, жергілікті ұлт
мүдделерімен санаспаушылық, оларды шеттету орын алды. оның бір
мысалы 1966 жылы қыркүйектегі өткізілген қала еңбекшілерін мара-
паттау туралы КП қалалық комитетінің бюросының шешімі болды.
онда облыстық «Құрмет тақтасына» енгізуге ұсынылған 30 адамның
ішінде тек 4 қазақ, 1 әйел адам ғана болса, КСРо орден-медальдарымен
марапаттауға ұсынылған облыс бойынша тізімдегі 18 адамның ішінде
бірде-бір қазақ болмаған.
Мұндай жағдайлардың орын алуы, яғни жергілікті ұлт
өкілдерінің ролін есепке алмау, барлық мәдени-саяси шаралардың
орыстандырушылық сипатта болуы осы кезеңдегі қала басшылығының
кімге тиесілі болуына байланысты болғаны да ықпал еткені сөзсіз.
Өйткені 1946-1989 жылдар арасында қалалық партия комитетінің І
хатшылық қызметінде, 1977 жылға дейін қалалық атқару комитетінің
төрағалық қызметінде бірде-бір қазақ ұлтының өкілі басшылық
жасамаған. оны Е-қосымшадан көруге болады.
1970-жылдардың аяғынан бастап партия ұйымдарында кең
қолданылған жұмыстың формасы – коммунистердің есебі болды. Бұл
СоКП ХХҮ сьезі шешімдерінде қолдау тапқан еді. ол тапсырманы тек-
серуге, оның орындалуын бақылауға, тәжірибені зерттеуге, кемшілікті
түзетуге мүмкіндік беретін құрал, әрі коммунистерді тәрбиелеу
мектебі болды. Мысалы, 1977 жылы партияның қалалық комитетінің
бюросында партия мүшесі К.Цеткин тігін фабрикасының директо-
ры М.А.Чистенкованың есебі тыңдалады. осы есеп фабрикадағы
кемшіліктің себебін анықтауға және оны түзетуге мүмкіндік беріп,
нәтижесінде 1978 жылы фабрика пайдаға шықты. 1977 жылы қаланың
бастауыш партия ұйымдарында 639 коммунистің есебі тыңдалған.
оның ішінде басшылық орындағы коммунистермен қатар жұмысшы
коммунистер де болды. Мысалы, «оралпромстрой» тресті үй құрылысы
комбинатының бригадирі, еңбек сіңірген құрылысшы Л.И.Алифанов
та болды.
Қаладағы шаруашылық істі жақсарту мен қоғамдық-саяси
өмірді жан-жақты ұйымдастыру мақсатында қаланың әкімшілік
құрылымына жаңа өзгеріс енгізілді. 1983 жылы 4 мамырда Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша орал қаласында
екі территориялық аудан: Ленин (І хатшысы Б.Т.Исмағұлова) және
Өнеркәсіп (І хатшысы в.А.Кондратенко) аудандары құрылды. Ленин
ауданында 15 өнеркәсіп кәсіпорны, 11 құрылыс ұйымы, 35 транспорт,
80
81
байланыс,сауда мен тұрмыстық мекемелер, 49 мектеп пен мектеп-
ке дейінгі мекемелер, 8 жоғарғы және арнаулы орта оқу орындары,
14 театр, кинотеатр, клубтар болған. Халық шаруашылығында 27,5
мың адам, 34 бастауыш партия ұйымы жұмыс жасаған. Ленин ауданы
мекемелерінде 35 техникалық прогреске ықпал ету Кеңесі, 7 өндірістік
кеңес жұмыс жасап, әрбір 3-ші жұмысшы, барлығы 3600 адам 1983
жылы әртүрлі 750-ден астам техникалық ұйымдастыру шараларын
енгізіп, 1,1 миллион сом экономикалық тиімділікке қол жеткізген.
Өнеркәсіп ауданына келетін болсақ ол қаланың солтүстік бөлігін
қамтыды. Бұл ауданда 41,4 мың адам халық шаруашылығы салала-
рында жұмыс жасаған. 120 бастауыш партия ұйымы болған, оның 26-
сы өнеркәсіп мекемелерінде, 18-і транспорт саласында, 23-і құрылыс
ұйымдарында, 24-і оқу орындарында, 29-сы басқа мекеме - ұйымдарда
болды.
Қаланың барлық шаруашылық-мәдени өмірі осы екі ауданның
атқару комитеттері арқылы басқарылып, коммунистерінің бақылауымен
жүзеге асырылды. Қалалық атқару комитетінің 13 бөлімі жұмыс жасап,
9 есеп беру жиналысын өткізген. Қалалық депуттар Кеңесіне келсек
оның құрамында 300 депутат болған, тек 1981 жылдың өзінде 4 сессия-
сын өткізіп, 17 мәселені қарап, сайлаушылардың 154 тапсырыстарының
113-ін орындаған. Қалалық Кеңестің ұйымдастыру бөліміне келсек
1981 жылы депутаттарды социалистік жарысқа қатыстыру ісін кеңінен
жүргізген. осы шараның нәтижесінде өнеркәсіп, транспорт, құрылыс
және байланыс саласында жұмыс жасайтын 133 депутат жұмысшылар
жарысқа толығымен тартылған. Мысалы, Тері комбинатының депутатта-
ры С.Лукбанова, Б.Сабирова, Ет консерві комбинатынан Е.И.давыдова,
Н.Е.Клинченко өз жоспарларын 4 жылда орындаған. Бұл жылдардағы
коммунистерге ықпал етудің негізгі әдістерінің бірі – партиялық сөгіс
болды. ол коммунистердің өз жұмыстарына қандай жауапкершілікпен
қарайтынына, өндіріс орындарындағы кемшіліктерге байланысты
берілген. Мысалы, 1983 жылы облыс бойынша 86 партия мүшесі мен
партияға кандидаттар қылмыстық жауапкершілікке тартылған. олардың
ішінде қаладағы жөндеу зауытының бас есепшісі М.А.Нечеухин,
зауыт директорының орынбасары в.Ф.Чаплыгин болды. олар 4
мың сом қаржыны иеленгені үшін партиядан шығарылған. Мұндай
өрескел партиялық-басқару тәртіптерін бұзу мәселелері 1983 жылғы
10желтоқсандағы қалалық партия комитетінің ХХХІІІ конференция-
сында орал облыстық партия комитетінің І хатшысы М.Б.Ықсановтың
сөйлеген сөзінде атап көрсетілген. онда: «...қалалық партия комитеті
жекелеген басшылардың, бастауыш партия ұйымдарының жоспарлық
тапсырмаларды жүйелі түрде орындамауымен толықтай келіскен.
Ағымдағы жылда 8 кәсіпорын өнеркәсіп өнімін шығарудың 11 айлық
жоспарын орындамаған, олардың қатарында Арматура зауыты, Зем-
лячка атындағы тері өңдеу зауыты бар. Әрбір бесінші кәсіпорын
еңбек өнімділігін өсіру бойынша жоспарын, әрбір төртінші кәсіпорын
келісім арқылы товар беру шарттарын орындамаған. Бұл көрсеткіштер
өнеркәсіп кәсіпорындарының шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелерінің
маңызды критерийлері болып табылады.
Ал қалалық комитеттің осы кезеңде халықты жүйелі түрде
қамтамасыз ету тәртібін бұзушы нан комбинатының, қалалық сүт
зауытының басшыларына талап қоймай отырғаны қала халқына
белгілі болды. Мұның өзі халықтың наразылығын туғызуы заңды
нәрсе. Сондай-ақ өндіріс орындарында жоспарларды өзгерту, еңбек
тәртібін бұзу әрекеттері де орын алған. Мысалы, Арақ-шарап зауыты
ағымдағы жылда жоспарды 6 рет, жөндеу зауыты 3 рет өзгерткен.
Мұның барлығы қала кәсіпорындарының ритмикалық жұмыс жаса-
уына үлкен нұқсан келтіреді. Еңбек тәртібін бұзу мәселесіне келсек,
Арматура зауытында 10 айда 310 адам жұмысқа келмеген, 29 адам
айықтырғышқа түскен. Сондықтан қалалық комитет алдына қойылатын
басты міндет: қалалық партия комитетінің І хатшысы в.в. Полю-
хов пен атқару комитетінің төрағасы М.Төлебаевтан КоКП орталық
комитеті қаулысы мен еңбек коллективі туралы заңды орындауды
талап ету. Қаладағы жұмыс тәртібінің, жауапкершіліктің төмендеуі
ұйымдастыру жұмыстарының төмен деңгейде болуында, бастауыш
партия ұйымдары мен шаруашылық басшыларына талаптың тиісті
дәрежеде қойылмауында» деп атап көрсеткен.
осы кемшіліктерді жоюды жүзеге асыруда 1980-жылдардың орта-
сында қалада 1138 саяси хабарламашы, 3955 үгітшілер, 400 саяси ба-
яндамашылар, 1800 «Білім» қоғамының лекторлары жұмыс жасаған.
1981-1984 жылдар арасында партия қатарына 1310 адам қабылданған.
олардың 69,5%-жұмысшылар, 39,4%- әйелдер, 70%-комсомол
ұйымының ұсыныстарымен келгендер болды.
1980-жылдарда қалада алты жергілікті Кеңестер жұмыс жасап,
оған 720 депутат сайланған, оның 60%-жұмысшылар, 33,4%-жастар,
40%-партия мүшелері, 21% комсомолдар, 48 %-әйелдер болды. Бұл
жылдардағы Кеңестердің бұқарамен байланыс жасау жұмысының
маңызды каналы –сайлаушылардың аманаттары болды. Мысалы,
жергілікті Кеңестерге сайлау бойынша халық депутаттарының 19-
шақыруында қалалық кеңес депутаттарына 250 аманат берілген, оның
228 орындауға қабылданған. 1986 жылдың наурыз айына дейін 91
аманат орындалған, оның 48-і қалалық кеңес бойынша, 29 –аудандық
кеңес бойынша, 14-поселкалық кеңес бойынша орындалған. 1980
82
83
жылдардың ІІ жартысында да Қалалық Кеңес бұқарамен байланысты
басқа бағыттар арқылы да жүзеге асырып отырған. Соның бірі қала
тұрғындарын тұрақты комиссия жұмыстарына қатыстыру ісі болды.
1986 жылдың өзінде тұрақты комиссия жұмысына 600-дей белсенділер
қатыстырылған. Сондай-ақ 472 адам көше комитеттеріне және 2300-ге
жуық адам үй комитеттеріне тартылған. Жалпы осы кезеңде қаладағы
қоғамдық әрекет етуші ұйымдарда 14 мыңнан астам адам жұмыс
жасаған.
1980 жылдардың аяғында басты бұқаралық ұйым ретіндегі
депутатар Кеңесі мен атқару комитеттері іске жауапкершіліктен
шеттеліп, қағаз басты ұйымға айналады. Қалалық партия комитеті
қаланың барлық шаруашылық мәселелеріне тікелей араласуды,
басқаруды қолға алады. Бір сөзбен айтқанда қалалық атқару комитеті
қалалық партия комитетінің айдағанына көнуші ұйымға айналады.
оны 1988 жылғы қалалық партия комитетінің қызметін талдау бары-
сында көруге болады. Өйткені осы кезеңде қалалық партия комитеті
барлық назарын экономикалық мәселелерді шешуге арнап, оны өзінің
мәжілістерінде шаруашылық механизмі тұрғысынан қарастырған.
Мысалы, оны «қаладағы мекемелер мен ұйымдарға контейнерлерді
әкелуді ұйымдастырудағы кемшіліктер туралы» деген қалалық партия
бюросының күн тәртібінен көруге болады. Әрине бұл маңызды мәселе,
оған практикалық көмек қажет болды, бірақ бұл партия комитетінің
емес қалалық атқару комитетінің, оның бөлімдерінің жұмысы болуға
тиіс еді.
Сөйтіп Қалалық партия комитеті идеологиялық ұйым ретінде
партиялық-саяси, ұйымдастырушылық мәселелермен айналысуға тиіс
болса да, ол керісінше шаруашылық мәселелермен айналысқан, тіпті
кейде жеке мекемелер айналысатын мәселелерге де араласып отырған.
Мысалы, 1987 жылы 19 тамызда №1 «облагропром» бірлестігінің
өнеркәсіптік- механикаландырылған колоннасына №3-08-75 теле-
фонын орнату туралы» деген арнаулы шешім қабылдаған. Ал шын
мәнінде калалық партия комитеті мұндай ұсақ іспен айналысу орны-
на осы кезеңдегі адамдардың жүйкесін тоздырған «Ұлы отан соғысы
ардагерлері мен еңбек ардагерлеріне телефон орнату» мәселесін толық
дәрежеде шешкені дұрыс болатын еді. Бұл мәселе шешімін таппай
аяқсыз қалып отырды.
Мұндай мәселелер жылдан жылға көбейіп, қаладағы басқару
ісінің де жүйелілігін жойып, нақты шешімдер қабылдау тәртібінің
бұзылуына әкелді. Мұның өзі партиялық аппаратты қайта құруды талап
етті. 1988 жылы Қазақстан КП орталық Комитетінің ХІІІ Пленумының
«Республикадағы партия ұйымдары аппаратының құрылымын қайта
құру туралы» шешіміне сай облыстық партия комитетінің 13 бөлімінің
орнына 8 бөлім құрылып, аппарат саны 2 %-ке қысқартылды.
Қоғамдағы демократиялық қатынастардың тереңдей дамуы
Кеңестердің қызметінен көрініс алады. осы кезде «Барлық өкімет
Кеңестерге берілсін!» деген ұранның жаңадан көтерілуі Кеңестер
ролін күшейту мақсатын көздеген еді. Бірақ осы кездегі компартияның
қызметіндегі кемшіліктер мен тоқыраушылық Кеңес қоғамының сая-
си жүйесіне реформа жүргізу қажеттігіне әкелді. осыған орай 1988
жылғы маусым- шілде айларында өткен Бүкілодақтық ХІХ партия
конференциясында осы реформаны жүргізу қажеттігі атап көрсетілсе,
ол 1988 жылғы 1-желтоқсанда қабылданған «КСРо Конституциясына
қосымша өзгерістер енгізу туралы» және «КСРо халық депутаттарын
сайлау жөніндегі» Заңдарда шынайы көрініс алды. осыған орай саяси
реформаның бірінші кезеңі ретінде 1987 жылғы жергілікті Кеңестерге
сайлау мен КСРо халық депутатарын сайлау болса, екінші кезең –
республикада, облыстарда, қалалар мен аудандарда басқарудың жаңа
жүйесін құру болды. Сөйтіп қала халқы 1990 жылғы наурыздағы Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау науқанына қатыстырылды.
Қайта құру барысында іске асқан демократиялық өзгерістер
бұқара халық арасында әртүрлі көзқарастардың, түрлі қоғамдық
пікірлердің ашық айтылуына, көптеген саяси партиялар мен қоғамдық
ұйымдардың құрылуына жағдай жасады. осы уақытта қалада Респу-
бликада құрылған Социалистік партияның(1992ж.), «Азат»азаматтық
қозғалысының (1991ж.), «Қазақстан Жастар одағының»(1992ж.)
бөлімдері құрылды.
осы жылдарда КСРо-да басталған қайта құру жағдайында
бұқаралық хабарлама органдары елдегі болып жатқан жағдайларды,
өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе респу-
бликада орын алып отырған әлеуметтік, ұлттық қайшылықтар туралы
жан-жақты айтылды. Мұның өзі бұқара халықтың азаматтық және ұлттық
сана-сезімдерінің өсуіне, саяси-әлеуметтік белсенділігінің күшеюіне
ықпал етті. Қайта құру арқасында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық
қайта дамуы, тілі мен мәдениеті туралы талаптарын қоя бастады.
Жалпы қоғамдық-саяси өмірде ерекше орын алған 1990-
жылдарда қозғалған қазақ тілінің статусын және оның өмірлік
ролін күшейту мәселесі қоғамның ең өзекті проблемасына айналды.
Мемлекеттің жергілікті ұлт тарихы мен тіліне назар аудармағанының
қарапайым көрінісі 1980-жылдардың аяғында қаладағы 320 көшенің
тек 36-ның ғана қазақша аталуы. Көптеген көше аттары қаланың та-
рихы мен халықтың әлеуметтік-мәдени ахуалын танытуға қатысы жоқ
84
85
есімдермен аталған. Мысалы, Садовая, Переулочная, Упорный, вок-
залный, деповская тағы басқалары. Көптеген көше аттары жер-су,
қалалардың географиялық атауларын қайталаған. Мысалы, оренбург,
Алматы, Жамбыл тағы басқалары.
осыған орай 1988 жылы қабылданған «Қазақ КСР-індегі тіл тура-
лы Заңды» жүзеге асыру қаладағы осы көше аттарын, сан алуан сөздерді
қазақшалаудан басталды. Қазақ тілін өмірге толық енгізу үшін 1990
жылы 27-қаңтарда орал қаласында «Қазақ тілі» қоғамының облыстық
бөлімшесі құрылып (А.Қадырбаева –төрағасы), құрамына 51 адам
сайланады, оның 14 партия және кеңес ұйымдарының, 13 кәсіпорын
мен мекемелердің, 19 мәдениет пен ағарту саласының қызметкерлері
болған. «Қазақ тілі» қоғамы қалалық әкімшілік жүйесімен бірлесе
және халық талабын ескере отырып қала тарихын зерттей келе көше
аттарын өзгерту қажеттігі және көшелердегі жарнамаларды екі тілде
жазуды басты мәселе ретінде көтеріп, қала әкімшілігі алдына қояды.
Бұл жылдардағы қазақтардың ұлттық дәстүріне, тарихына, тіліне
деген ұмтылысы бүкіл республикадағы сияқты орал қаласындағы
орыс диаспорасының қытығына тиді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс
Қазақстан сияқты облыстармен қатар оралда да қазақ тілінде іс
қағаздарын, ұлтаралық қатынастарды жүргізуден бас тартуға дейінгі
әрекеттер көрініс алды. Әрине олар тілден басталған қадамдар
түбінде әлеуметтік, экономикалық, саяси өмірді де қазақыландыруға
бағытталатынын түсінді. Сондықтан да олар 70 жыл бойы өктем болып
келген психологияның өзгергенін қаламады, «мықтымыз» деп келген
үстемдіктен айырылғысы келмей, нақты арандатушылық әрекеттерге
барды. Қазақ тілінің өмірге енуіне барынша қарсылық көрсетті. Мы-
салы, 1989 жылғы маусымдағы қазақша жазылған көше аттарының
тақтайшаларын қара сырмен бояп кетуі, күштеп жұлып тастауы сияқты
вандалистік әрекеттер, 1990 жылдың 16 тамызында қала және облыс
басшыларының қала халқымен болған жиынында қазақ азаматтары
қазақ тілінде сөйлей бастаған кезде айғайлап, тәртіпсіздік жасаған
әрекеттерден көрінді. Мәдениеттілікке, ұстамдылыққа шақырған
облыстық партия комитетінің басшысы Р.Х.Сүйербаевтың сөзін еле-
мей залдан шығып кеткен жағдайлар орын алған. Мұндай қарсылық
әрекеттер үнемі көрініс алып, күшейіп, сорақыланып отырған. Қаладағы
саяси жағдайдың ең ірі шиеленіскен тұсы «Автономиялы облыстар
мен округтердің праволарын кеңейту, ұлттар жинақы тұрған жерлерде
ұлттық аудандар, сондай-ақ өздерінің территориялық автономиясы жоқ,
саны жөнінен ірі ұлттардың одақтық советтерін құру мүмкіндіктері
бар», - деген пікірдің пайда болуын одақтағы сепаратистік күштердің
өз мүдделеріне пайдалана бастағаны болды.
Әрине қайта құру басталған кезден Қазақстан үкіметі Қазақстанды
мекендеуші этникалық-ұлттық топтардың да тұрмыс-тіршілігіне де
өзгерістер енгізіп, ұсақ ұлттардың статусын мойындады. орал қаласы
көпұлтты қала болғандықтан қаладағы басқа ұлттардың да тарихы мен
мәдениетіне, дәстүріне құрметпен қараушылық назардан тыс қалмады.
Бұл оларды біріктіретін, ұлттың өкілдігін қамтамасыз ететін ұлттық-
мәдени қоғамдардың құрылуынан көрініс алды. Соның бірі 1990 жылы
30 наурыздағы орал қалалық атқару комитетінің №368 шешімімен
құрылған «Казактардың тарихи-мәдени қоғамы» (төрағасы- Ю.в.Баев)
болды. осы қоғам мүшелері сепаратистік әрекеттерге барып, ұлттардың
өзін-өзі билеу дербестігі праволарын кеңейту дегенді желеу етіп, ұлттық
аймақтарда жаңа территориялық, ұлттық-әкімшілік құрылымдар құру,
шекараны қайта пішу туралы ұсыныстарына қосылды. оған орал
қаласын мекендеуші казактар өкілдері Ю.Асманов, Ю.в.Баев тағы
басқаларының әрекеттері дәлел болды. «Тарихи-мәдени қоғам» деп
аталғанына қарамастан қоғам саяси мәселелерін көтеруге әрекет жа-
сап, қаладағы саяси жағдайды шиеленістірді. оның басты көрінісі
-1991 жылға қыркүйек оқиғасы болды. Бірақ оқиға «Азат», «Қазақ тілі»
сияқты қоғамдық ұйымдардың халықтың белсенді тобын сабырлылыққа
шақыруының арқасында бейбіт түрде шешілді. дегенмен бұл оқиға
тәуелсіздікті толық алудың арқасында ғана ұлттық тұтастыққа жетуге
болатынын тағы да дәлелдеп берді.
Қала мен облыстағы ұлттар мәселесін дәйекті түрде шешу үшін
Халық депутаттарының орал облыстық Кеңесі жанынан ұлттық сая-
сат, мәдениетті, тілді, ұлттық және интернационалдық дәстүрлерді,
тарихи және мәдени мұраларды дамыту жөнінде тұрақты комис-
сия құрылады. Комиссия осы кезеңде қалада құрылған «Қазақ тілі»
қоғамынан басқа 6 қалалық ұлттық-мәдени қоғамдар мен орталықтар,
яғни «Корей мәдени орталығы», «Еврей мәдени-ағарту орталығы»,
«Татар мәдени орталығы» , «вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығы
мен казактардың «Тарихи-мәдени қауымдастығымен» біріге отырып
жұмыстар жүргізді. Бұлардың жұмысының негізгі бағыттары ұлттық
тілді оқыту, іс-шараларды келісе жүргізу, қаладағы мәдени-ағарту
шараларына қатысу болды. Бұл мәдени бірлестіктердің жұмысының
нәтижесінде тек 1991 жылдың өзінде селоларға гасторльге 27
көркемөнерпаздар коллективі шығып, 39 спектакль көрсетіп, 314 кон-
церт қойған. Сондай-ақ Жаңа жыл мерекесін, «Наурыз» мейрамын,
«Қысты шығарып салу», «орал өңірі халықтарының достығы»
мерекелерін даярлап өткізу жұмыстары жолға қойылған. осы жылы
жалпы қалалық мейрамдар шеңберінде 48 бағдарлама даярланған,
оның басым бөлігі екі тілде және қазақ тілінде жүргізілген. Мұның өзі
қазақ тілінің мәртебесінің өскендігіні куәсы болды.
86
87
Қаланың әкімшілік-территориялық құрылымына келсек, әкімшілік-
территориялық басқару принципі бойынша 1946-1960жылдарға дейін
қала 3 әкімшілік ауданға, ал 1983 жылы 2 ауданға бөлінген. Бұл шарт-
ты түрдегі бөлінушілік болды. Шын мәнісінде қала бір ған партиялық
қатаң бақылау арқылы басқарылды. Қала мемлекеттің территориялық
бірлігі болғандықтан ол міндетті түрде белгілі бір органдар арқылы
басқарылады.
1946-1991 жылға дейінгі аралықтағы қаланың негізгі басқарушы
ұйымдары облыстық және қалалалық атқару комитеттері, облыстық
және қалалық партия комитеттері болды. Басқаруда ұлттық мүддені
ескермеу, басшылық орындағылардың қазақ тарихын, ұлттық табиғи
ерекшеліктерді білмейтіндігі экологиялық, демографиялық, руха-
ни зардаптарды туғызды. Тарихта «жылмық» деп аталып жүрген
1954-1964 жылдарда басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп,
әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастайды. Қоғамдағы кеңес
және қоғамдық ұйымдардың ролі біршама өседі. Бірақ бұл уақытша
құбылыс болды. Себебі коммунистік идеологияны басшылыққа алған
Н.С.Хрущев республиканың, оның аймақтарының өміріне тікелей ара-
ласып отырды. Ақмоланы- Целиноградқа, Батыс Қазақстанды –орал
облысына айналдырды.
Билік тармақтарының барлығы, қала әкімшілігінің барлық
құрылымы партияға есеп беріп, оның бұйрық-жарлықтарын орындап
отырған. депутаттар «халық қалаулылары» деген атты иеленушілер
ғана болды, шын мәнінде дауыс беруші өз қалаулыларын, яғни халық
депутаттарын көрмеді. дауыс беру сөз жүзінде жүргізілді. депутаттар-
ды халық таңдамады, жергілікті әкімшілік органдар «тағайындады».
Қаланы басқарушы негізгі ұйым атқару комитеті болғанмен осы жыл-
дар аралығында іс жүзінде партия ұйымдары өз үстемдігін одан әрі
нығайту мақсатында атқару комитетінің функцияларын өз құзырына
алды. Мұның өзі қаланың саяси жүйесіндегі өктемшілдіктің орнауының
айқын көрінісі болды.
Қорыта келе айтатынымыз 1946-1990 жылдар аралығында қаланың
әкімшілік құрылымы мен саяси жүйесіндегі басты өзгерістердің
барлығы орталықтың әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің тікелей
бақылауы арқылы жүзеге асып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |