3. 1991-2000 ЖЫЛДАРДАҒЫ
ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ
ДАМУЫ
Қазақстанның тәуелсіздік алып егеменді мемлекет болуы, эконо-
микада кеңес өкіметі жылдарындағы төтенше орталықтандырылған жо-
спарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуі тарихтағы ерекше
бетбұрыс болды. 1991 жылғы республикада жүргізілген социологиялық
зерттеулердің қорытындысы көрсетіп бергендей Қазақстан үкіметінің
бұл алған бағытын халықтың 85% қолдаған [146;18]. оның ішінде орал
қаласының тұрғындарының болғандығы даусыз. Үкімет республика
экономикасын нарықтық қарым-қатынасқа көшіру үшін 1991 жылдың
ақпан айында Жоғарғы экономикалық кеңес құрады. Кеңестің мақсаты
нарықтық қатынастарды енгізудің мүмкін жағдайларына байланысты
мәселелермен шұғылдану болды. КСРо ыдырағаннан кейінгі кездегі
осы реттемелі әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикаға орал
қаласы да біртіндеп көшті. орал қалалық Кеңесі №1573 қаулысымен
1991 жылдың 28 қыркүйегінде Координациялық Кеңес пен қаланы
реттемелі нарықтық экономикаға көшіруге даярлау бойынша жұмыс
комиссиясын құруға шешім қабылдады. Бұл кезеңде республикада
нарықтық реформаны жүзеге асыруға бағытталған үш бағдарлама
қабылданған еді. олар:
1) 1991-1992 жылдарға арналған мемлекеттік меншікті мем-
лекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы;
дағдарысқа ұшырағандарға қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік-
экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасы, яғни экономи-
каны тұрақтандыруға және нарыққа көшуге арналған бағдарлама;
2) 1993-1995 жылдарға арналған мемлекеттік меншіктен алу мен
жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы.
Бұл бағдарламалардың негізгі мақсаты -өндірістік қатынастардың
жаңа түрін қалыптастыру, шынайы нақтылы меншік иелерін жасау,
меншік иелерінің жаңа тобын құру болды. осы кезден шағын және
орта бизнесті дамытуға негіз салынды. Көтерме-сауда буынын қоса
алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет
көрстеу саласында бәсекелестік орта пайда болды.
3)1995-1999 жылдарға арналған бағдарлама. ол 1995 жылғы
желтоқсандағы заң күшіне енген «Жекешелендіру туралы» Жарлықтан
басталып 1999 жылға дейін жалғасты. осы кезден жекешелендірілуші
обьектілер тек ақша қаражатына жүзеге асырылды.
110
111
Әрине бұл бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде республикадағы
сияқты орал қаласы да үлкен дағдарысты бастан кешірді. Әсіресе
дағдарыс экономика саласында ерекше орын алды. Ең алдымен
өндіріс салаларына соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар жетіспеді. оның
үстіне КСРо-ның тарауына байланысты республикалар арасындағы
экономикалық қатынастардың үзілуі, бір-біріне тауар жіберу жөніндегі
міндеттемелердің орындалмауы, қаржы-несие мәселелеріне бай-
ланысты қиындықтар келіп қосылып, экономикалық жағдайды
шиеленістірді. Нәтижесінде өндіріс көлемі қай салада болмасын
жылдан жылға қысқарып құлдырады. 1991 жылмен салыстырғанда
өндіріс көлемі облыс бойынша 1992 жылы 18,8 пайызға қысқарды.
Өнім шығарудың күрт төмендеуі машина жасау саласында-23%, тамақ
өнеркәсібінде - 28%, ал өндіріс көлемінің күрт төмендеуі жекелеген
кәсіпорындар бойынша ет комбинатында -27,4%, арақ-шарап зауытын-
да -33%, орал нан өнімдері комбинатында -33,5% болды.
Сондықтан үкімет осындай күрделі экономикалық дағдарыстан
шығу жолдарын іздестіреді. Нарықтық экономикаға көшу
мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органда-
ры құрылады. Нарықтық қатынастарға көшуде республикада Мүлік
жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер мен Салық,
Кеден инспекциялары мен орал қаласында бұл мекемелердің Батыс
Қазақстандық бөлімдері құрылады. осыдан соң Қазақстан мен оның
аймақтарының экономикалық өмірінде үлкен өзгерістер кезеңі бастала-
ды.оның басты көрінісі мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің
жаңа формаларының қалыптасуы болды. олар республиканың бүкіл
аймағындағыдай орал қаласында да акционерлік қоғамдар, жалдық
және кооперативтік кәсіпорындар, біріккен кәсіпорындар, бірлестіктер,
серіктестіктер түрінде құрылды. Мысалы, 1991 жылы орал қаласында
«Комфорт», «вклад», «Уют» жөндеу-құрылыс кооперативтері,
«дархан» сауда-саттық кооперативі, «Ихлас» сурет-көркемдеу ісі
кооперативтері жұмыс жасады. Сондай-ақ меншіктің арендалық түріне
өнеркәсіп кәсіпорындарының 5% көшті.
Меншіктің мұндай жаңа формаларын құру мен дамыту жөніндегі
заңдар қабылданған кезде оларды екі жыл бойы салықтан босата оты-
рып, олардың тұтыну рыногын тауармен толықтыруына, өндіріс көлемін
өсіруіне көмектесу мақсаты қойылған еді. Бірақ өкінішке орай шағын
кәсіпорын иелері қарызға алған қаржысын өнім өндіруге жұмсамады.
олар қаржыны сапасы төмен, шетелдерде өтпей жатқан тауарларды
әкеліп сату тиімді деп есептеп,соған жұмсады. Сондықтан олардың
қаржысы өндірісті айналып өтіп, делдалдық жабық аймақта айналымда
жүрді. Бұл кезде қала көшелері дүңгіршіктерге, олар арақтың ондаған
түріне, қалбырдағы сыраларға, әртүрлі сусындар мен шырындарға,
сағыздарға, спорттық костюмдер мен косметикалық тауарларға толды.
Сөйтіп қала кооперативтері мен шағын кәсіпорындар өнім шығармай
алыпсатарлық арқылы табысқа кенеліп, алғашқы «байлардың» пайда
болу процесі жүрді.
Негізі 1991 жылы халық шаруашылығын дамытуға облыс бойын-
ша 4,4 миллиард сом, қала бойынша 882,5 миллион сом қаржы жұмсалд.
Бұл кезде облыс экономикасының барлық саласында 276 мыңдай
жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс жасап, өнеркәсіп өндірісін
2,6%-ке өсірді. Бірақ жалпы өнім өндіру 1990 жылмен салыстырғанда
8%-ке, өндірістің жалпы өсу қарқыны 1,3%-ке төмендеді.
Жалпы 1990-жылдардың басында қала экономикасының дамуы
қоғамдық өндірістің деңгейінің төмендеуімен сипатталды. Қала эко-
номикасы бүкіл республика аймағындағыдай ауыр дағдарысты бастан
кешірді. облыс бойынша өндіріс көлемі 1991 жылмен салыстырғанда
1992 жылы 18,8%-ке қысқарды және 16651 млн сомды құрады,
3754,2 млн. сомның өнімі алынбай қалды. Қаланың өзінде өндірісте
өнім өндіру 17,3%-ке төмендеді. Қаладағы 39 кәсіпорынның өндіріс
деңгейі төмендеп кетті. Өндіріс көлемінің ең үлкен төмендеуі қаланың
ірі өндіріс ошақтары болып есептелетін «Уралсьреммаш» өндірістік
бірлестігінде -42,9%, «диана» фабрикасында -25%, тері зауытында
-29%-ке азайған. Маңызды өнімдердің 63 түрінің 46 түрі бойынша
өнім шығару 73%-ті құраған, яғни 1991 жылғы деңгейіне жете алмады.
1992 жылдың он бір айының ішінде өнеркәсіп өндірісінің құлдырауы
20%-ке жетті. Нәтижесінде қалалықтар 1991 жылмен салыстырғанда
өнеркәсіп өнімі мен күнделікті тұтынатын товарлардың бестен бір
бөлігін ала алмады. Өндіріс көлемінің қысқаруы өнім шығарудан айқын
көрінді. Мысалы, 1994 жылдың 8 айының ішінде қала кәсіпорындары
1 млрд 366 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдерін шығарды. ол 1993 жыл-
мен салыстырғанда 417 мың теңгеге кем шығарылғанын көрсетеді.
Бұл кезеңде қаладағы ең ірі өндіріс орындары болып саналып келген
«омега», «Зенит», «Металлист», «Агрореммаш», «Уралмебель» тағы
басқа кәсіпорындар қысқартылған жұмыс аптасымен жұмыс жаса-
ды. оның басты себептері шикізаттың жетіспеуі, тұтынушылардың
төлем қабілеттерінің болмауы. оның үстіне республиканың
көптеген кәсіпорындары сияқты орал кәсіпорындары да Ресейдегі
және басқа республикалардағы кәсіпорындармен өнім алмасып
жұмыс істеуге бейімделгендіктен кейінгі кездегі мемлекетаралық
экономикалық-қаржылық қатынастардың, келісімдердің орындалма-
уы, кәсіпорындардың бір-бірінің алдында келісім тәртібін сақтамауы
салдарынан толық қуатпен дұрыс деңгейде жұмыс істей алмаған.
112
113
Бұл жерде мемлекет және кәсіпорын басшылары да тиісті дәрежеде
ұйымдастырушылық қабілетті, жауапкершіліктің үлгісін көрсете
алмағанын да атап көрсетуге болады. Бұрын кәсіпорын басшылары
жоспардың орындалуына жауапты болса, бұл жылдардағы олар жау-
ап беруге тиісті өндірістік көрсеткіштің болмауынан экономикалық
жауапкершіліктің жоғалуына әкелді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев бұл
жылдардағы экономикалық дағдарыстың 85% кәсіпорындар
арасындағы шаруашылық байланыстардың үзілуінен деп атап көрсетті.
оның көрінісі облыс орталығы ретінде орал қаласында орналасқан
кәсіпорындар мен мекемелердің одақтағы ірі өндіріс орындары мен
мекемелерімен байланысының үзілуі болды. Мысалы, орал жөндеу
зауытының Горький автозауытымен, Механикалық зауыттың Минск
трактор зауытымен, «Агротехснаб» мекемесінің Ростов-на-дон зауыт-
тарымен келісімдерінің орындалмауынан шаруашылық байланыс үзіле
бастады.
Бұл жағдай өнеркәсіп орындарынан жұмысшылар мен
қызметкерлердің кетіп қалуына алып келді. Мысалы, 1991 жылы 30435
адамнан 1992 жылдың аяғында өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер
саны 29102 адамға азайған, яғни 5%-ке қысқарды.
1990-жылдардағы еркіне жіберілген бағаның шарықтап өсуі
қоғамдық өмірдің барлық саласына өз әсерін тигізді. Өнеркәсіпте
көтерме сауда бағасы өсті, 1991 жылмен салыстырғанда бұл 1992 жылы
10 есеге өсті. 1992 жылдың өзінде қаладағы баға өсімі тек өнеркәсіптің
өзінде- 3,4; құрылыста- 3,6; азық-түлік тауарларының бағасы -24,2 есеге
өскен, соның ішінде нан мен нан өнімдеріне -12, сүт пен сүт өнімдеріне,
астыққа – 16-36 есеге, сиыр еті, өсімдік майы, көкөніске- 4-24 есеге,
азық-түлік емес товарлардың бағасы – 12,6 есеге, тасымалдау тарифы
-12 есеге, байланыс қызметі -20,3 есеге, тұрмыстық қызмет көрсету -14
есеге өскен. Баға қымбатшылығы сатып алушылық сұранысты тежей
түсті. Мысалы, 1991 жылға қарағанда 1992 жылы халық сатып алған
тауарлардың жалпы көлемі 23,4%-ке аз болды. Қоғамдық өндірістің
төмендеуі әсіресе энергия жүйесіне бағаның өсуіне орай күшейіп,
1994 жылдың 8 айының ішінде 23,4% құрады.
1990 жылдардың бас кезіндегі өндірістің жаппай қысқаруы
жағдайында ішінара кейбір мекемелер өнім шығару көлемін сақтап
қана қоймай алдыңғы жылдармен салыстырғанда көтеріңкі деңгейде
жұмыс жасағандары да орын алды. Мысалы, «Уралполипласт»,
«Аяз»АҚ, «Нан комбинаты», «Арақ-шарап зауыты»тағы басқалары
болды.
осы кезеңде республикалық деңгейде жұмыс жасаған орал
қаласында орталығы орналасқан 1991 жылдың 11 қазанындағы ҚР
Үкіметінің №601 шешімі бойынша құрылған газ өнеркәсібімен айна-
лысушы барлық мекемелерді біріктіруші «Қазақгазпром» мемлекеттік
концерні болды (президенті Е.Р.Әзербаев). ол 1992 жылы 6-шілдеде ҚР-
ның Энергетика және отын ресурстары министрлігінің №48 шешіміне
сай «Қазақгаз» ұлттық компаниясы болып қайта құрылады. Ал 1993
жылы 9 тамызда ҚР МК-нің №851 шешімімен «Қазақгаз» мемлекеттік
Холдинг Компаниясы болып өзгереді. ол өз қарамағына 30-дан астам
мемлекеттік және бірлескен мекемелерді біріктіре отырып, орталық
кеңесі орал қаласында орналасқанмен республика көлеміндегі газ
өндіру және оны тасымалдау, газбен қамту мәселелерімен шұғылданды.
осы салаға қосымша көмек ретінде қалада «Құрылысгаз», «Газқамту»
мекемелері құрылды. Бұл мекемелер республика көлеміндегі мұнай-газ
өнеркәсібінің дамуына өз үлесін қосып, Үкіметтің заңдық-жарғылық
жобалары мен нұсқауларына сай өз жұмыстарын ұйымдастырып от-
ырды.
осыған қарамастан қала экономикасы бұл жылдарда жаппай
дағдарысты бастан кешіріп, өнім шығару көлемі азайып, өндірістің
дамуы тоқтай бастады. 1992жылы қаладағы 39 кәсіпорын өндірісі
құлдырады. 63 түрлі маңызды өнім түрлерінің 46 түрі бойынша өнімділік
1991 жылғы деңгейіне жете алмай 73%-ке ғана орындалды.1994
жылдың өзінде қала кәсіпорындары халық тұтынатын товар өндірісін
18% қысқартты, ал өмірлік қажетті азық-түлік өнімдерінің барлық
түрлерін, нан, макарон және майонезден басқасын 20%-ке қысқартты
[103,21]. Сөйтіп 1991-1996 жылдарда орал қаласындағы өндіріс көлемі
бірнеше есе қысқарып, қаржыландырудың барлық көздері бойынша
күрделі салымдар көрсеткіші ең төменгі деңгейге жетеді. Мұның өзі
нарықтық экономикаға көшуде жіберілген қателіктер республиканың
экономикасын тұтастай қамтумен қатар орал қаласына да өз әсерін
тигізгенінің дәлелі болды.
Нарықтық экономикаға көшу кезінде мұндай дағдарыстардың
орын алуы жіберілген қателіктерге байланысты болды. олар:
Бірінші, экономикалық реформа моделінің барлық елге бірдей сай
келмейтінін ескермей, Ресей үлгісімен жүру;
Екінші, экономикалық реформаның реттілікпен, белгілі бір
жүйемен жүрмеуі: қажетті заң жүйесі жасалмай тұрып, жеке меншікке
көшуде ең алдымен бағаны ырықтандыру. Бұл елде инфляцияға алып
келді.
Үшіншіден,заңдар қабылданғанмен, олар сөз жүзінде қалып
қойды, өйткені заңды жүзеге асыратын механизм жасалмады.
Төртіншіден, инфляцияны тежемеу, ақша-несие ресурстарының
бей-берекет жұмсалуы, ақша айналымының қатаң бақыланбауы.
114
115
Бесіншіден, қылмыс, жемқорлық, заң бұзушылық әрекеттердің
өріс алуы, олардың қоғам дамуына кедергі жасауы.
Алтыншыдан, басшы орындағылар экономикалық дағдарыс
мәселесін тежеу мен одан шығу механизмін білмеді.
Сондықтан республикада дағдарыстан қалай шығу керек деген
мәселе көтерілді. Тұтастай республикада да, қаланың өзінде де тез
арада экономикалық гүлденуге қол жеткізу туралы арманнан бас тар-
тып, кезек күттірмейтін шаралар мен экономикалық реформаларды
тереңдету бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстары қолға алына
бастады. Ең алдымен республика көлемінде бағаны ырықтандыруды
белгілі бір жүйеге келтіру керек деген тұжырым пайда болды. Бірақ
бағаны ырықтандыруда әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғарғы таза пай-
да алуды мақсат етті де нәтижесінде баға өсіп, экономиканың төмендеуі
тоқталмады.
осындай жағдайда Қазақстан республикасының осы жаңа
кезеңдегі жүзеге асырған алғашқы шараларының бірі – жекешелендіру
ісі болды. 1991жылы қабылданған жекешелендіру заңына орай
басқа аймақтармен қатар орал қаласында да Жекешелендіру
Басқармасының филиалы ашылады. оның мақсаты экономиканы де-
монополизациялау мен жеке меншіктенушілер тобының қалыптасуы
мен кәсіпкерлікті қолдау процесіне ықпал ету болды. 1991 жыл-
дан бастап және алғашқы кезекте өте кіші көлемдегі (бір немесе
бірнеше кісінің қызметімен іске қосылған) ұсақ, шығыны көп, төмен
рентабельді сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет
көрсету кәсіпорындарын (дүкен, шаштараз, жөндеу цехы, асхана
сияқты жерлерді) жекешелендіру жүргізілді. Мысалы, 1992 жылы
осы салалар бойынша облыста 89, қалада 60 кәсіпорын жекешелен-
се, 1993 жылдың 1 қаңтарына қалада 14 дүкен (дүкендердің жалпы
санның 10%), қоғамдық тамақтанудың 20 кәсіпорны (жалпы санның
10%), тұрмыстық көрсету кәсіпорнының 16-сы (жалпы санның 37%),
11 павильон мен дүңгіршектер жекешеленді. дүкендердің көпшілігі,
сауда саласының 45 мекемесі өңдеуші кәсіпорындар, колхоз, совхоз-
дар баланысына берілді. Бірақ бұл істің бір кемшілігі - негізінен бұл
жұмыс орындарының көпшілігі іс басындағыларға ғана тиесілі болды.
Жалпы қалада 43 дүкен жекешеленіп, 146 дүкен арендалық шартпен
жұмыс жасаған, оның 87-сі азық-түлік дүкені болды. Жалпы алғанда
бұл кезеңдегі қаладағы жекешелендіру ісі баяу жүрді, сауда саласы
мекемелерінің 70%-тейі мемлекеттік сектордың бақылауында қалды.
осыған қарамастан Республикалық және коммунальдық меншіктегі
өнеркәсіп обьектілерін жекешелендірудің облыстық бағдарламасына
1992 жылы 111 кеңшармен қатар қаладағы нт-консерві комбинаты,
«Агротехсервис» бірлестігі, «Уралськсельстрой» концерні енгізілді.
Жекешелендіру басталған кезден 1993 жылға дейін қалалық меншік
комитеті 48,0 млн сомның обьектілерін сатты. Ал облыс бойынша 1992
жылы 130 обьект жекешелендіріліп, нәтижесінде бюджетке 159 мил-
лион сом аударылған, оның 132,2 миллион сомы республикалық, 26,8
миллион сомы жергілікті бюджетке аударылды.
Екінші кезекте кәсіпорындармен қатар қалалық Кеңес пен ве-
домстволар баланысында тұрған тұрғын үйлерді жекешелендіру ісі
жүргізілді. Бұл кезеңде қаланың жалпы пәтер қоры - 47000 болған,
оның 22000 - Жергілікті Кеңеске, 25000- ведомствоға тиесілі болды.
1992 жылы осы баланстардағы 47 мың пәтердің 4,5 мыңы жекешеленді.
Жекешелендіру басталған кезде шаруашылық есеп бөліміне 16525
өтініш қабылданды. осы өтініш нәтижесінде 8136 пәтер жекешеленген,
оның ішінде 3254-жергілікті кеңестерге, 4882-ведомстволарға,1704-
өмірлік пайдалануға берілсе, оның ішінде 678-сі мүгедектерге, 12-әскери
қызметкерлерге, 35-медицина қызметкерлеріне, 30-мұғалімдерге, 107-
зейнеткерлерге,4-интернационалист-жауынгерлерге берілді. Жалпы
қаладағы жекешелендіру мәселесіне орай үкімет пен ведомстволар ба-
лансында болып келген тұрғын үйлердің 91% жекешелендірілді.
Ал 1993 жылдан бастап жоғарғы деңгейдегі кәсіпорындардың
жекешелендірілуі басталады. Сондай-ақ 1993 жылдың қазан айынан
бастап орта деңгейдегі мекемелердің акциялары заң жүзінде құрылған
«Инвестициялық жекешелендіру қорларына» тендер жолымен саты-
лып, жеке адамдарға беріле бастайды. Жекешелендіру мен нарықтық
қатынастар процесінің қарқынының күшеюі нәтижесінде облыста 1212
кәсіпкерлік субьектілері әрекет етті. оның 986-сы –кіші кәсіпорындар,
21-кооперативтер, 45-коллективтік кәсіпорындар, 72 серіктестік, 10
акционерлік қоғам, 8 сақтандыру фирмасы болды. Қаланың өзінде
908 кәсіпорын қызмет істеп, онда 19 мың жұмысшы жұмыс жасады.
Бірақ бұл кәсіпорындар нарық механизмін толық түсінбегендіктен
қала экономикасының перспективалық дамуына емес, керісінше
коммерциялық әрекетте жұмыс жасады.
1990 жылдардың басындағы қала экономикасындағы дағдарыстың
көрініс алуының бір себебі қаржы тапшылығы болды. Мысалы, 1993
жылы қаржының жетіспеуі 520 миллион сомды құрады. Мұндай
тапшылық ең алдымен қала бюджетіне келіп түсетін кірістің уақытында
түспеуіне, коммерциялық әрекет жолымен айналып кетуіне байланы-
сты болды. осы қаржы қорын дұрыстау үшін 1993 жылы 14 қаңтарда
мемлекеттік ресурс пен қаржыны пайдалану дұрыстығын тексеру үшін
арақ-шарап зауыты (дир. Жүкеев), кондитер фабрикасы (дир. Родио-
нов), «Казгалантерейторг» (дир. Кузнецова) кәсіпорындары тексерістен
116
117
өткізілді. Бұл тексеріс барысында қаланың бірқатар кәсіпорындары мен
мекемелеріндегі көптеген бұрмалаушылық фактілер анықталды. Мы-
салы,
орал арақ-шарап зауытының өзі 56 рет бұрмалаушылық жолмен
16,4 миллион сомның тауарын, кондитер фабрикасы 10,4 миллионның,
«Казгалантерейторг» кәсіпорны 2 миллион 890 мың сомның өнімін
коммерциялық жасырын жолмен сатқандығы анықталды. Сөйтіп бұл
кәсіпорындар бюджетке түсетін ақша көлемін азайтты.
Қала экономикасын дағдарыстан шығару үшін 1996-1998
жылдарға арналған экономикалық реформаларды тереңдету және
қаланың атқарушы билік органдарының әрекетінің жоспары мен
атқару шараларының бағдарламасы жасалады. Бұл бағдарлама ең
алдымен әлеуметтік сала обьектілерін қысқартуды, ақылы қызмет
көрсетуді өсіруді, бюджеттің қаржылану режимін қатайтуды көздеді.
осы бағдарламаға орай 1995 жылы қыркүйекте қаланың әкімшілік
аппараты қалада құнды қағаздар рыногын ұйымдастыру жұмыстарын
жүргізеді. осы бағытта Ресей Федерациясының шектес облыстары
мен Павлодар қаласындағы құнды қағаздармен жұмысты зерттеп,
нарық қатынасының жаңа формасының бірін пайдаланады. Яғни
1996 жылдың қаңтарынан қалада бюджет пен бюджеттік ұйымдар
мен мекемелер арасында вексельдік есептесу жүйесін енгізеді.
Сондай-ақ қалалық әкімшілік бюджеттік салықтың түсімін өсіру
үшін, мекемелердің финанс жағдайын жандандыру үшін, төлем төлей
алмаушылық мәселелерін шешу үшін өнеркәсіптік клиринг жүйесін
енгізеді. оған өнеркәсіп мекемелері мен ұйымдардың басым бөлігі
қатысады.
Негізінен қалада өндірістің құлдырау процесінің азайып,
экономикалық дағдарыстан шығу 1997 жылдан бастап көрініс ала
бастады. Бұл ең алдымен инфляция деңгейінің төмендеп, өндіріс
көлемінің өсуінен байқалды. осы кезеңдегі инфляция деңгейінің
төмендеуі былайша көрініс алды:
1994жылы – 157,5 %, 1995 - 152,7 %, 1996 123%, 1997 -104,8%,
1998-104,0%, 1999 -116%, 2000 -108,4%.
1994 жылы бюджеттің 27,2 млн теңгесі немесе 33,7% халық
шаруашылығы обьектілерін қамтамасыз етуге бөлінгендіктен осы
кезеңде өндіріс көлемінің өсуі мынадай деңгейде орын алды:
1995 жылы -93,1%, 1996-100,1%,1997- 105,2%, 1998-104,2%,1999-
123,4%,2000-125,8% .
орал қаласындағы инфляцияның төмендеуі мен өндіріс көлемінің
ретке келе бастауына әсер еткен 1995-1999 жылдар арасындағы
инвестицияның келуі болды. оның қала экономикасының жекелеген
салаларына қандай мөлшерде келгенін С.1-қосымшадан көруге бола-
ды. Мысалы, өнеркәсіп саласына 1995 жылы 2240 млн теңге инвести-
ция келсе, 1997 жылы - 3199,3 млн, 1999 жылы - 51263,3 млн, 2000
жылы - 96313 млн теңге инвестиция келді. Ал құрылыс саласына ин-
вестиция 1997 жылдан қарқынды түрде келе бастайды. ол 1997 жылы-
2,4 млн болса, 1999 жылы -390,2 млн сомға жетті. осы инвестицияның
келуі нәтижесінде қала экономикасының жекелеген салалары дами
бастады. 1998 жылға қарай қаланың жалпы өнімінің 53% өнеркәсіп,
12% көлік және байланыс, 4% ауыл шаруашылығы, 31% басқа салалар
құрады.
Бұл кездегі қаланың негізгі өнеркәсіп салалары:
- машина жасау;
- тамақ және ұн-жарма шығару;
- ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу;
- жеңіл өнеркәсіп болды.
1990 жылдардың аяғында қаладағы түрлі меншіктегі және әр
саладағы 110-нан астам кәсіпорындар әртүрлі өнімдерді шығарды. Ең
ірі және даму деңгейі жоғары сала - машина жасау саласы болып, оның
маңызы күннен күнге артып отырды, бұл ең алдымен одан түсетін
пайданың молдығымен байланысты болды. Бұл кезеңде қалада машина
жасау саласының негізін үш қорғаныс кәсіпорны – «Зенит» АҚ, «оме-
га» АҚ, «Металлист» АҚ және екі ғылыми-зерттеу институты –«Ги-
дроприбор», «Микрография» құрады. олар Қазақстанның әскери-теңіз
күштерінің, Интергаз ААҚ, КПо б.в., Ренко-Ақсай ЖШС-нің және өзге
елдердің тапсырысымен жұмыс жасады. Негізінен бұл кәсіпорындар
өнеркәсіптің мұнай, газ өндіру саласы үшін қажет жабдықтарды,
әскери кемелер, катерлермен қатар су асты құралдарын, өнеркәсіп
құралдарын, ауа, су ортасы экологиясын өлшейтін құралдарды, меди-
цина мен тамақ өнеркәсібіне арналған құралдарды шығарады.
Жалпы 1997 жылы орал қаласындағы өнеркәсіп құрылысының
жеке салаларының үлес салмағына келсек ол мынадай деңгейде көрініс
алды:
Машина жасау саласы -18%
Құрылыс өнеркәсібі - 3%
Тамақ өнеркәсібі -20%
Жеңіл өнеркәсіп -7%
Ұн-жарма -17%
Қуат (энергетика) -19%
Басқа салалар -16% .
Қала өнеркәсіп орталығы болғандықтан өзінің қатарлас сала-
сы ауыл шаруашылығын қамтамасыз етуші ролін осы кезеңде де
жалғастырды. Бұл мақсатты орындай отырып, ауыл шаруашылығы
118
119
үшін «Мотор» шағын кәсіпорны «Тай-12» шағын тракторын шығарып,
механикалық және «Агромашжөндеу» зауыттарымен бірлесе отырып
Т-4, дТ-75, МТЗ-82 тракторларына арналған қосымша бөлшектер
жасаудың жаңа технологиясын енгізді. Сөйтіп бұл өндіріс орындары
фермерлер сұранысын қанағаттандыра отырып, өз өнімдерін Белорус-
сия, Ресей, Өзбекстан мен Қытайға шығару жөнінде шарт жасасты.
Халыққа қажетті тұтыну тауарларын қамтамасыз етуде «диана»АҚ,
«Нұралы»АҚ, «Тері»АҚ, «Аяз»АҚ көп істер атқарды. диана АҚ «ЛЛ
және Персагинг корпорейшн» фирмасымен 120 мың әйелдер киімін
тігіп беру туралы шарт жасасты. Мұндай келісім шарттар өнеркәсіп
орындарының жағдайының көтерілуіне, өндіріс құрал-жабықтарын
жетілдіріп, жаңартуға және талапқа сай келетін жаңа технологиямен
өз өнімдерін шығаруға мүмкіндік берді.
Жергілікті шикізатты пайдалана отырып халыққа қызмет
көрсетуші кәсіпорындар, әсіресе тамақ өнеркісібінің дамуына үлес
қосушы кәсіпорындар «Береке»АҚ, «орал» және «Желаев» дәнді қайта
өңдеу комбинаттары, «Нұржанар» АҚ, «Шабыт» АҚ тағы басқалары
болды. «Береке» АҚ сүт өнімдері түрлерін көбейту және оларды
шығару көлемін арттыру жұмыстарын жүргізіп, 15-тен аса жаңа өнім
түрлерін шығару технологиясын игерді..
1992 жылы қаланың экономикалық өмірінде өзіндік орын алған
әртүрлі меншік түрінде жұмыс жасаған жұмысшылар санын д2-
қосымшадағы кестеден көруге болады.
1999 жылы қалада 50 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс жасаған, оның
21-і қосымша пайдамен жұмыс жасаса, 29-шығынмен жұмыс жасаған
кәсіпорындар болды. осы кезеңде қаладағы шаруашылық жүргізуші
субьектілер саны -2860-қа жеткен, оның 310-мемлекеттік, 2514-жеке,
36-шетелдік болды. Шаруашылықтар көлеміне қарай ірісі - 48, орта-
шасы -214, шағыны -2598 болып бөлінді. Бұл кәсіпорындар өндірген
өнеркәсіп өнімінің көлемі 1999 жылы -31,6 миллиард, 2000 жылы 80,6
миллиард теңгеге жетті. Мұның барлығы қала экономикасын сауықтыру,
жолға қою бағытында атқарылған жұмыстар еді. Тәуелсіздіктің жиыр-
ма жылының соңғы он жылының ішінде атқарылған жұмыстардың
нәтижесінде
қаланың өнеркәсібі өндіріс көлемін артыруда едәуір
жетістіктерге жетті. Мыслы 2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айына
қаладағы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 55,0млрд. теңгеге жетіп, өсу
қарқыны 109,4% құрады.
Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемінде өңдеу өнеркәсібіне 67,4%,
электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 26,8% тиесілі, су-
мен жабдықтау жүйесіне -5,6%, кен өндіру- 0,2%.
Қаланың 25 ірі кәсіпорындарымен жүргізілген мониторинг
қорытындысы бойынша 15 кәсіпорын өнім көлемі бойынша алдыңғы
орында болды. олардың қатарында «ЗКМК» АҚ-62,1%, «УМЗ ААҚ»-
11,3%, «Металоизделий»з-д-4,6 есе, «КазАрмапром» ЖШС-2,5 есе,
«ҚҚМ оӨК»-86,7%, «ҚҚС оӨК»-41,2%, «Шаныбек»ЖШС-6,2%,
ЖК«Исаев»-79,9%, ШТФ«Надежда»-21,6%, , Желаев ХПП на-34,6%,
«Уральскагрореммаш» АҚ-31,6%, «ЗККСМ»- 2,3 есе құрады. Жоғары
көрсеткіштер өндіріс көлемінің артуымен түсіндіріледі.
Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығындағы ел экономикасын
көтерудің бірден бер жолдарының бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті
дамыту болды. 1990 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстандағы
«ҚазКСР-індегі шаруашылық іс-әрекетінің еркіндігі мен кәсіпкерлікті
дамыту туралы» заңы қазақстандық жеке кәсіпкерлік істің дамуына
негіз салды. Сондай-ақ КСРо Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 8
тамыздағы №790 «Кіші кәсіпорындарды құру мен дамыту жөніндегі
шаралар туралы» шешіміне сай нарықтық қатынастарға көшуде кіші
кәсіпорындар жүйесінің құру ісінін тез дами бастағанын да атап өтуге
болады.
Қазақстандағы кәсіпкерлік құрылымның дамып, өсуіне 1992
жылдың 5 мамырындағы «Қазақстан Республикасындағы 1992-
1994 жылдарда кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік
бағдарламасы туралы» шешімі ықпал етті. осы кезеңде кіші
кәсіпорындардың өсу қарқыны жүзеге асты. Бұл ең алдымен кіші
кәсіпорындарға жеңілдік берген, мемлекеттік бюджеттен қаржылық
қолдау берген салық саясатымен байланысты болды. осы кезеңде
жеке еңбек әрекетіне патентік жүйе жойылып, орал қалалық Кеңесінің
шешіміне орай 323 азаматты кәсіпкерлікпен айналысуға тіркеу
мен куәлік беру ісі жүргізілді. оның 80%-і сауда-саттық қызметпен
айналысуға куәлік алды.
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі шаралар»
туралы Қазақстан Республикасының Президентінің жоғарыда аталған
Жарлығы бойынша 1997 жылдың 19 маусымынан бастап шағын
кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі аймақтық бағдарлама
жасалды. осы бағдарламаға сай бос тұрған ғимараттарды өндірістік
мақсаттарға пайдалану үшін шағын кәсіпкерлік субьетілеріне беру ісі
қолға алынды. Іскер азаматтарға тендер арқылы қаладағы 23 обьект
сатылып, пайдаланылмай тұрған 20 ғимарат жалға берілді. олардың
қатарында «Квант», «Экспо» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
болды. 1990 жылдардың аяғында қалада 2 мыңнан астам жеке
кәсіпкерлер тіркелді. Шағын кәсіпкерліктің әртүрлі салалар бой-
ынша дамығанын 1998 жылғы қаңтар айындағы мәліметтегі орал
қаласындағы шағын кәсіпкерліктің құрылымынан көруге болады:
1.өнеркәсіп -6% 5.қоғамдық тамақтану - 1%
120
121
2. ауыл шаруашылығы – 1 % 6. қызмет көрсету -19%
3. құрылыс – 12 % 7. туризм - 1%
4. сауда – 53% 8. көлік - 4%
басқалары - 3% .
Бұл шағын кәсіпкерлік іс екінші санаттағы банкілердің
қаржыландыруы арқылы жүргізілді. Қаржылар бұл банкілер арқылы
3-6 айлық қысқа мерзімге және жоғарғы %-тік бағамман (30-38%)
беріліп отырды. осы екінші санаттағы банкілер арқылы 390 шағын
бизнес тұлғаларына 1 миллиард теңгеден астам несие берілді.
Нәтижесінде 2000 жылдың аяғында облыс бойынша шағын бизнеспен
айналысушылардың күшімен 18 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.
Шағын кәсіпкерлікті дамытуда 1992 жылы құрылған «Шағын бизнес
орталығы» ассоциациясы мен бизнес - инкубатор ерекше орын алды.
«Шағын бизнес орталығы» ассоциациясы 1996-1998 жылдарда шағын
кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік емес шетел қорлары арқылы 600
мың доллар, мемлекеттік еңбекпен қамтамасыз ету қорлары арқылы 4
млн теңге тарты. Шағын кәсіпкерлікті қолдап, дамыту бағытында бұл
кезеңде қалада 2 шағын бизнес орталығы, бизнес-инкубатор, 3 кеңес
орталығы жұмыс жасап, кәсіпкерлерді заңдылықтар туралы және
нормативтік мәліметтермен қамтамасыз етіп, бизнестік жоспарларын
дайындауға көмек көрсетті. Сондай-ақ нарықтық экономикаға сай өз
өнімдерін насихаттау үшін ет, шұжық өнімдері мен ұннан жасалған
тағамдарға, ішімдік пен минералды су, сыра өнімдеріне «сапа күні»
өткізіліп отырды.
Жалпы нарықтық экономика кезіндегі аймақтық саясаттың
құрамдас бөлігі ретінде шағын бизнестің кәсіпкерлік ортасының
қалыптасуы қаланың халықшаруашылық комплексінің дамуымен
өзара байланысты үздіксіз процесс болды. Өйткені кәсіпкерлік қызмет
белгілі бір деңгейде өзінің іс-әрекетінде жетістікке жетуге бағытталған
халықтың белсенділігін көтерді, жұмыссыздық мәселесін белгілі бір
мөлшерге төмендетті, финанс жүйесін жандандырды, халықтың са-
тып алушылық қабілетін өсірді. Шағын бизнестің ұсақ өндірісі нарық
сұранысына тез бейімделе алушылығымен ерекшеленді. Сондай-ақ
шағын кәсіпорындар жүйесінің дамуы жергілікті шикізат ресурстары
мен өндіріс қалдықтарын кеңінен пайдалануға да мүмкіндік берді. оны
Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылдың
18 ақпанындағы Қазақстан Халқына арналған Жолдауындағы: «... біз
шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытудың принципті түрде жаңа
идеологиясын жасауымыз керек. Әрбір кәсіпқой қазақстандық осы
ортаға еніп, инновациялық экономикада өзін таба білуі керек»,- деген
сөзі кейінгі жылдардағы Жолдауларда да нақтылана түсті.
Президент тапсырмасын орындау барысында қалада шағын бизнес
дамытылды. 2011 жылдың 1 қазанына қаладағы есепті деректер бой-
ынша қалада 21829 шағын бизнес субъектісі тіркелген, (соның ішінде
3431 заңды тұлға, 18398 жеке кәсіпкерлер) олардың 18385 (2381 заңды
тұлға, 16004
жеке кәсіпкер) қолданыста (84,2 %), еңбек ететіндер саны
37707 адамды (18978 заңды тұлға, 18729 жеке тұлға) құрайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 60757,0 млн.теңге сомасын-
да өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді. Өнім өндіру, жұмыстар
мен қызметтердің жалпы көлемінде сауданың ең жоғары салмағы
сақталады.
Салық комитетінің нақтыланған деректері бойынша қаладағы
өнеркәсіп өндірісі бүгінгі таңда ет пен бидайды қайта өндеуге
мамандандырылған, заңды және жеке тұлғаларға бағынышты нан-
бөлке, макарон және кондитер өнімдерін, т.б. тауарлар (өнеркәсіп
пен азық-түлік тауарлары) өндіретін 79 шағын қайта өндеуші цех-
тармен іске қосылған, олардың қолданыстағысы 37 мини-цехтар, 357
адам еңбек етеді, 107 Достарыңызбен бөлісу: |