Мотивация


Медициналық-профилактикалық шаралар



бет3/3
Дата05.10.2022
өлшемі250,95 Kb.
#41491
1   2   3
Медициналық-профилактикалық шаралар.
  • Шаңды кәсіби жұмыскерлерін медициналық тексерістерден өткізумен қатар фотарийлерде ультракүлгін сәулелендіру кеңінен қолданылады, ол адам ағзасының реактивтілігі мен жалпы қарсы тұру қабілетін жоғарылатады және сол арқылы өкпедегі пневмокониоздық үрдістің дамуын басады.
  • Алдын алуда үдіксіз пайдалы шараларға сілтілі ингаляцияларды қолдану (1% көмір қышқылды калий ертіндісі) жатады, ол да пневмокониоздардың дамуын басады, шырышпен және кірпікшелі эпителий көмегімен шаңның сыртқа шығарылуын жақсарта отырып, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатын тазалайды.
  • Тыныстық жаттығулар, арнайы демалыс орындарында болу, жүйелі түрде спортпен шұғылдану (суда жүзу, ескек есу, шаңғы тебу) сыртқы тыныс алу қызметін жақсарта отырып пневмокониоздың алдын алады.
  • Жеке басты қорғайтын құралдарға шаңға қарсы аспираторлар, қорғаныс көзілдіріктері, арнайы шаңға қарсы киімдер жатады. Тыныс мүшелерін сүзгілі және оқшаулаушы құралдармен қорғайды. Кеңінен қолданылатыны- «Лепесток» респираторлары. Шаңның теріге жағымсыз әсері кезінде қорғайтын майлар, пасталар қолданады.

Технологиялық және санитарлық-техникалық шаралар. Шаңнан болатын аурулардың алдын алу шаңды гигиеналық нормалаудан, технологиялық, санитарлық-техникалық, жеке басты қорғайтын құралдарды пайдаланудан және емдеу алдын алу шараларынан тұрады.
Технологиялық шаралар, шаңның әсерінен болатын аурулардың алдын алуда, шешуші шаралар болып табылады, өйткені олар шаң түзілу себебін жоюға бағытталған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет