Өндірістік канцерогенді факторларға адам ағзасына еңбек үрдісі барысында әсер етуі кезінде кәсіби қатерлі ісіктердің дамуына алып келетін физикалық және химиялық факторларды жатқызады. Бұл ісіктерді сапалық белгілері бойынша басқа себептерден пайда болған қатерлі ісіктерден ажырату мүмкін емес, бұл мәселені шешу кезіндегі ең басты критерийіне сандық көрсеткіштер – белгілі бір өндіріс жағдайында жұмыс істейтіндерде ісіктердің ерте және жиі дамуы жатады.
Ағзаның канцерогенді факторлармен тікелей қатынасымен (мұржа тазалушылардың тері ісіктері, шаңы көп кәсіп түрі өкілдерінің өкпе ісігі және т.б.) немесе канцерогенді заттар шоғырланатын (бауыр) және шығарылатын жолдарда (қуық) кәсіби ісіктер өте жиі кездеседі. Радиацияның бластамогенді әсеріне тіндердің жоғары сезімтал (қан түзуші тіндер) болуы да аса маңызды.
Өндірістік канцерогенді факторларды анықтау үшін 2 әдісті қолданады.
эпидемиологиялық
Эпидемиологиялық әдістің өзі жеткілікті ақпарат бере алмайды, себебі өндірістегі немесе тұрмыстағы кез-келген фактор өз алдына жеке әсер етпейді.
эксперименталдық
Эксперименттердің көмегімен бірқатар химиялық заттардың бластомогенді қасиеттері анықталды, бұл жаңа ғылыми бағытқа – онкогигиенаға бастама берді.
Канцерогенездің кез-келген түрінің алғашқы кезеңі, генетикалық өзгерген жасушалардың инициациясы-индукциясы болып табылады. Келесі кезеңі – промоция, ісікті анықтағанға дейінгі кезең, иницирленген (бастама алған) жасушалардың селекциясымен және олардың басқа түрге айналған фенотипінің пайда болуымен байланысты.
Канцерогенездің екі кезеңіне де қажетті буыны (звеносы) жасушалық пролиферация болып табылады. Канцерогендердің көбісі иницирлеуші әсерге ие, олардың тек кейбіреулері үшін ғана промоторлық эффектісі негізгі болып табылады.
Өндірістік канцерогенді факторлар.
Халықтың қатерлі ісіктен зардап шегуінде кәсіби факторлардың әсер үлесі, дамыған елдерде кең ауқымдарда ауытқып тұрады яғни халық арасындағы барлық қатерлі ісік жағдайларының көрсеткіші 4-тен 38 %-ға дейін. Кәсіби аурулардың статистикасында өндірістік факторлармен байланысты дамитын онкологиялық аурулар ережеге сәйкес көрініс таппайды.