Ракты зерттеудегі халықаралық агенттіктің (РЗХА-МАИР,1982) адамға қауіптілік дәрежесі бойынша осындай химиялық заттар, екі химиялық топқа бөлінеді.
I-топ дәлелденген адам үшін канцерогенділік заттар: аминодифинил; мышьяк оның қосындылары асбест; бензол; бензидин; бис (хлорметил) және хлорметилді эфир; хром және кейбір оның қосындылары; күкіртті иприт; нафтиламин,күйе,смола жәнеминералды май;винилхлорид.
II-топ адамға ықтимал болотын канцерогенді заттар, оның өзі екі бөлім тобына бөлінеді : ПА,болу дәрежесі жоғары ПБ болу дәрежесі көп емес.
IIА-бөлімшесіне жататындар: акрилноитрил, бензапирен,берилий оның қосындылары; диэтилсульфат; диметил-сульфат;никель оның кейбір туындылары;о –толуидин.
Екі топтағы көптеген канцерогендер жануарларға арналған.
IIА бөлімшедегі канцерогендер эпидемиологиялық мәліметтер бойынша қауіпті делінеді, бірақ онаң өзінде бәсекелестері бар.ПБ бөлімшедегілері эпидемиологиялық мәліметтерге қарама қайшы.
1- класс- шектен тыс қауіпті. Олардың өндірілуіне тиым салынады .
2 -класс - жоғары қауіпті, осы класс заттары мен 1- класстың заттары, адаммен қатынас жасау саласынан алынып тасталуы керек.
3- класс - орташа қауіпті. Құрамында 2 -және 3- кластық заттары бар өнеркәсіптік материалдар, шикізат, аралық өнімдер, оларға тиым салу мүмкін болмаған жағдайда деконцерогенизация жасау ұсынылады.2- және 3- кластық заттар үшін канцерогенділік көрсеткіші бойынша шектету міндетті болып табылады.
4-класс - аз қауіпті. Бұл кластық заттары үшін шектеу қою (лимиттеуші) көрсеткіші бойынша, ШРЕК қалыптастырылған.
Шығу тегі бойынша канцерогендер - химиялық, физикалық және биологиялық болады.
Химиялық канцерогендер :
көп циклді ароматты көмірсутектер (КАК) - бенз(а)пирен;