М.ҚОзыбаев атындағЫ


Ықшамдалған құрмалас сөйлемдерге



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата21.01.2017
өлшемі0,58 Mb.
#2330
1   2   3   4   5   6

Ықшамдалған құрмалас сөйлемдерге 
қойылатын сызықша мен үтірлі сызықша 
 
Қазақ  тіліндегі  құрмалас  сөйлемдердің  түрлі 
дәрежелі  өзіндік  ықшамдалу  жолдары  бар.  Оның 
біразы жоғарыда айтылды. Ажыратушы сызықша мен 
үтірлі  сызықшаны  сөз  еткенде,  ықшамдалған 
құрмалас сөйлемдердің төменгі түрлеріне тоқталамыз. 
1)  Сабақтас  сөйлемдегі  бағыныңқы  сыңардың 
толық  айтылып,  басыңқы  сыңардың  ықшамдалуы 
нәтижесінде  жасалған  мынадай  ерекше  ықшамдалған 
құрмалас  сөйлем  құрылымдарында    үтірлі  сызықша 
қойылады. Мысалы: Су тасыса, - жиегіне; ер тасыса, - 
еліне.  Ер  арыса,  -  аруақ,  ат  арыса,  -  тулақ.  Қорқақты 
көп  қуса,  -  батыр  болады.  Гүл  өссе,  -  жердің  көркі; 
қыз  өссе,  -  елдің  көркі.  Тисе,  -  терекке;  тимессе,  - 
бұтаққа. (Мақалдар) 
Мұндай құрылымдарда ықшамдалушы басыңқы 
сөйлем  мен  толық  айтылатын  бағыныңқы  сөйлемнің 
бастауыштары ортақ іс иесін бейнелейді. Ондай ортақ 
бастауыш  бағыныңқы  сөйлем  құрамында  жұмсалады 
да,  ықшамдалушы  басыңқы  сөйлемде  қайталанып 
айтылмайды. 

2) 
Бұл 
типтес 
ықшамдалған 
құрмалас 
сөйлемдердің  қатарына  толық  сыңары  болымсыз  де 
етістігінің  қатысымен  жасалған,  екінші  сыңары 
ықшамдалған  салалас  құрмалас  сөйлемдерді  де 
жатқызуға  болады.  Мысалы:  Жау  жоқ  деме,  -  жар 
астында; бөрі жоқ деме,- бөрік астында. (Мақал) 
3) Құрамындағы екі сыңары да толық айтылып, 
оларды  байланыстырушы  жалғаулықтары  (себебі, 
өйткені,  сондықтан,  сол  себепті  т.б.)  айтылмайтын 
себепсалдар 
салалс 
құрмалас 
сөйлемдердің 
ықшамдалуы 
ажыратушы 
сызықша 
арқылы 
белгіленеді.  Мысалы:  Талап  әр  балада  бар  –  оған 
талас  қылуға  болмайды.  (Абай)  Данилов  туралы  еш 
нәрсе айта алмаймын – онымен әзір жете танысқаным 
жоқ.  (Ы.Алтынсарин)  Жақсы  сөзді  ел  жаттар  –  ел 
жаттар сөзде салмақ бар. (Ж.Жабаев) 
4) Құрамындағы екі сыңары да толық айтылып, 
оларды байланыстырушы жалғаулықтары ғана (бірақ, 
ал,  алайда,  сөйтсе  де  т.б.)  айтылмайтын  қарсылықты 
салалас  құрмалас  сөйлемдердің  ықшамдалуы  үтірлі 
сызықша  арқылы  белгіленеді.  Мысалы:  Елемес  бір 
нәрсе  айтайын  деп  еді,  -  Шымырбек  тыңдамай  кетіп 
қалды. (С.Ерубаев) Сағатов қарсыласпақ болып еді,  - 
Рахымовтың тыңдағасы да келмеді. (З. Шашкин) 
 
Жалпылама – түсіндірмелі қатынаста 
келген бастауыш пен баяндауыш арасына 
қойылатын қос нүкте 
 

Қайсыбір 
қос 
сыңарлы 
іліктес 
салалас 
құрамындағы  алдыңғы  сөйлемнің  баяндауышы 
мыналар деген көптік жалғаулы есімдіктен болады да, 
соңғы  сөйлем  бастауышы  санамаланған  бірыңғай 
баяндауыштары  бар  олар  деген  көптік  тұлғалы 
есімдіктен жасалады. Мысалы: Төргі үйде отырғандар 
мыналар:  олар  –  Абыздың  туыстары,  жолдастары, 
таныстары. (Б. Бұлқышев). 
Мұндай  іліктес  салалас  құрмалас  эллипсистік 
құбылысқа жиі ұшырап, мынадай жаңа құрылымдарға 
ықшамдалып отырады: 
1)  Екінші  сыңардағы  бастауыш  (олар)  түсіп 
қалғанда,  ондағы  бірыңғай  баяндауыштар  бірінші 
сыңардағы  баяндауышты  айқындап,  екінші  сөйлем 
желісінде 
келген 
оңашаланған 
айқындауыш 
қызметінде  қолданылады.  Мысалы:  Төргі  үйде 
отырғандар 
мыналар: 
Абыздың 
туыстары, 
жолдастары, таныстары.  
2)  Ал  ықшамдалу  мұнымен  тоқталмай,  бірінші 
компонент  ықшамдалғанда,  яғни  ондағы  мыналар 
деген  сөзден  болған  баяндауыш  айтылмаса,  жоғарғы 
сөйлемдерден  басқа,  тұрлаулы  мүшелері  жалпылама-
түсіндірмелі  қатынасты  келген  жаңа  синтаксистік 
құрылым 
пайда 
болады. 
Мысалы: 
Адамды 
мақұлықтардан  бөліп  алған:  еңбек,  от,  сөз.  Жаңа 
қалада салынған құрылыстар: үлкен кітапхана, көрме 
залы, опера театры.  
 
БӨЛУШІ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ 

 
Сөйлем 
құрамындағы 
сөздер 
тұрлаулы, 
тұрлаусыз  мүшелерден  және  оқшау  желіде  келген 
түрлі  синтаксистік  оралымдардан  тұрады.  Сөйлем 
құрылымын 
түзуші 
және 
оның 
предикаттық 
мазмұнын  ұйымдастырушы  негіз  –  тұрлаулы 
мүшелер.  Алайда,  сөйлем  мазмұнын  тек  тұрлаулы 
мүшелер  арқылы  жеткізе  беру  мүмкін  емес.  Жалаң 
тұрлаулы  мүшелер  сөйлем  мазмұнын  түгел  қамти 
алмайды.  Сөйлем  мазмұнының  толықтығы  тұрлаулы 
мүшелермен  бірге  тұрлаусыз  мүшелердің  қатысуын 
керек етеді. Тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі тұрлаулы 
мүшелерді және бірін-бірі анықтап, ондағы айтылмақ 
ойдың қажетті мәнін жеткізеді. 
Осындай 
тұрлаулы 
және 
тұрлаусыз 
мүшелерден  жасалған  сөйлемдер  тура  желілі 
құрылымдар  болып  табылады.  Тура  желілі  сөйлем 
мүшелері  бір-біріне  бағына  байланысып,  бір  ғана 
синткасистік байланыс желісін түзеді. Мұндай сөйлем 
мүшелерінің  арасына  ешқандай  тыныс  белгісі 
қойылмайды.  Мысалы:  Біздің  еліміз  сәулетті 
болашағына алып адыммен бара жатыр. Қазақ жеріне 
тәуелсіздік  келді.  Бейбіт  еңбек  дабылы  шырқай 
көтерілді.  
Сөйлем  мазмұнының  толық  болуы  тұрлаулы 
және 
тұрлаусыз 
мүшелердің 
қолданылуымен 
шектелмейді,  бұлардың  үстіне  әр  түрлі  синтаксистік 
оралымдардың  ұатыстырылуын  қажет  етеді.  Атап 
айтқанда,  жай  сөйлем  ішіне  оқшау  сөздер  (қаратпа 

сөз, қыстырма сөздер мен сөйлемдер, одағай сөз, жоқ, 
иә  сөздері),  сөйлемдегі  оңашаланған  мүшелер, 
басыңқы  сөйлем  ішінде  қолданылған  бағыныңқы 
сөйлемдер  және  төл  сөздер  жиі  кірістіріліп  отырады. 
Жай  сөйлем  ішіне  кірістірілген  мұндай  синтаксистік 
категориялар 
сөйлемнің 
негізгі 
мүшелерімен 
(тұрлаулы  және  тұрлаусыз  мүшелерімен)  тікелей 
байланыспай,  өз  алдына  сөйлемдегі  синтаксистік 
байланыстың екінші (қосымша) желісін жасайды, жай 
сөйлемді  күрделендіріп,  сөйлем  ішінде  әр  түрлі 
тыныс  белгілерінің  қолданылуына  негіз  болады. 
Аталған  синтаксистік  категориялардың  қатысымен 
жасалған  жай  сөйлемдерді  күрделенген  сөйлемдер 
деп  атасақ,  ондай  құрылымдарда  қойылатын  тыныс 
белгілерін бөлуші тыныс белгілері деп атаймыз.     
 
Оқшау сөзді сөйлем құрылымдарында 
қойылатын бөлуші тыныс белгілері 
 
 Сөйлемде  жиі  қолданылатын  синтаксистік 
категориялардың  бір  тобына  оқшау  сөздер  (қаратпа 
сөздер,  қыстырма  сөздер  мен  қыстырма  сөйлемдер, 
одағай  сөздер  және  оқшау  мәнде  жұмсалған  жоқ,  иә 
сөздері)    жатады.  Аталған  сөздердің  кірістірілуімен 
мағынасы  әр  түрлі,  құрылысы  жағынан  бір  типтес 
күрделі сөйлем құрылымдары түзіледі. 
Мұндағы  үтірлердің  дара  және  күрделі  болып 
жұмсалуы оқшау сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне 
байланысты:  оқшау  сөз  сөйлемнің  алдында  және 

соңында  келсе,-  бір  жағынан,  сөйлем  ортасында 
келсе,  екі  жағынан  да  үтірмен  бөлінеді.  Тура  желілі 
сөйлемнің  бір  компонентіне  қатысты  түсіндірмелі 
сөйлем  (немесе  дербес  мәнді  сөздер  мен  сөз 
тіркестері)  бөлуші  жақша  арқылы  ерекшеленеді. 
Мысалы:  Қазіргі  жағдайларда,  сірә,  бригадаларды 
агрономдардың  басқаруы  тиімді  болса  керек. 
Дегенмен  мен  өкілдік  жасаған  бес  болыстың 
қазақтары  (көпшілігі  кедей  болатын)  сол  жылдың 
көктемінде  мың  десятинадай  жерге  егін  септі. 
(С.Мұқанов) 
 Оңашаланған 
мүшелерге 
байланысты 
қойылатын бөлуші тыныс белгілері 
Бөлуші 
тыныс 
белгілерін 
тудырушы 
синтаксистік  категориялардың  қазақ  тілінде  өнімді 
жұмсалатын  бір  тобына  сөйлемнің  тура  желісінен 
тысқары 
қолданылатын 
оңашаланған 
мүшелер 
жатады.  
Күрделі  сөйлем  ішінде  жиі  қолданылатын 
оңашаланған  мүшелерді  негізгі  екі  топқа  бөліп 
қарастыруға 
болады: 
бірі 
– 
оңашаланған 
айқындауыштар,  екіншісі  –  сөйлемдегі  әр  түрлі 
оңашаланған мүшелер. 
Оңашаланған 
айқындауыштарған 
байланысты қойылатын бөлуші тыныс белгілері 
Күрделі 
желілі 
сөйлем 
құрылымдарында 
оңашаланған  айқындауыштардың  мынадай  негізгі 
түрлері кездеседі: 
1) тұлғалас оңашаланған айқындауыштар

2) атау тұлғанлы оңашаланған айқындауыштар, 
3) бірыңғай мүшелерден жасалған оңашаланған 
айқындауыштар. 
1.  Тұлғалас  оңашаланған  айқындауыштар. 
Бөлуші 
тыныс 
белгілерін 
тудырушы 
басқа 
синтаксистік 
оралымдар 
сияқты, 
тұлғалас 
оңашаланған 
айқындауыштар 
да 
сөйлемдегі 
синтаксистік  байланыстың  екінші  желісін  жасайды. 
Мысалы:  Қой  қырқу  Асаубайдың  ең  сүйікті  ісі 
болатын (М. Тиесов).  
Бұл  сөйлемдегі  сөздер  өзара  бір-біріне  бағына 
байланысу  арқылы  әр  түрлі  сөз  тіркестерін  жасайды 
да,  белгілі  сөйлем  құрылымын  түзеді.  Берілген 
сөйлемде  синтаксистік  байланысқа  (гипотаксис) 
түспей,  тыс  қалған  бірде-бір  сөз  жоқ.  Осыған  орай, 
құрамындағы  сөздерді  өзара  бір-біріне  бағына 
байланысқан  бұл  типтес  сөйлемдердің  ішіне 
ешқандай  тыныс  белгісі  қойылмайтынын  байқау  да 
қиын емес. 
 Қазақ  тіліндегі  сөйлем  біткеннің  бәрі  бірдей 
тура  желілі  құрылымда  келе  бермейді.  Мәселен, 
жоғарыдағы  сөйлемнің  бір  мүшесін  басқа  сөздер 
арқылы қабаттап айтатын болсақ, берілген тура желілі 
сөйлем құрылымы өзгереді де, басқа бір жаңа сөйлем 
құрылымына  айналады.  Атап  айтқанда,  өзі  қатысты 
мүшемен  тұлғалас  оңашаланған  айқындауышы  бар 
сөйлем құрылымы жасалады: Қой қырқу, әсіресе оны 
электрмен қырқу, Асаубайдың ең сүйікті ісі болатын.  

Мысалдағы  қарамен  жазылған  сөз  топтары 
синтаксистік  байланысқа  түскен  сөздердің  тура 
желісін  көрсетсе,  қалған  сөздер  (әсіресе  оны 
электрмен  қырқу)  синтаксистік  байланыстың  екінші 
желісін жасайды.  
Тұлғалас 
оңашаланған 
айқындауыштар 
сөйлемдегі  орын  тәртібі  жағынан  айқындалатын 
мүшелерден  соң  келеді.  Тұлғалас  оңашаланған 
айқындауыштар  күрделі  сөйлемнің  тура  желісіндегі 
айқындалатын  мүшемен  тұлғалас,  кейде  қызметтес 
болады.  Сөйлемнің  тура  желісіндегі  анықталатын 
мүше 
қандай 
тұлғада 
тұрса, 
оңашаланған 
айқындауыш  та  сондай  тұлғада  келеді.  Демек,  олар 
грамматикалық  тәсілмен  қиысады  (үйлеседі).  Бірақ 
бұл  қиысу  сөйлемдегі  сөз  байланыстарының  тура 
желісіндегі  бастауыш  пен  баяндауыштың  жақ,  шақ, 
сан  жағынан  қиысуы  сияқты  (предикаттық  байланыс 
сияқты)  емес,  қиысудың  басқаша  түрін  жасайды. 
Бірінде  қиысушы  сөздер  өзара  бір-бірімен  бағына 
байланысса  (паратаксис),  бірінде  екі  тең  компонент 
бір-бірін дәл қайталау арқылы үйлеседі. 
Мұндай  қиысушы  сөздер  (айқындалатын  сөз 
бен айқындауыш) тек атау тұлғада емес, түрлі септік 
жалғауы  арқылы  немесе  септелмейтін  басқа  сөздер 
тұлғасында  да  келе  береді.  Мысалы:  Біздерге,  ауыл 
еңбекшілеріне, мал азығын өнімді даярлау жүктеледі. 
Біз,  білімді  жас  жеткіншектер,  олардың  осы  тарихи 
ісіне көмекші боламыз. Мен саған өзімше, педагогша, 
айтамын. 

Тұлғалас  оңашаланған  айқындауыштың  сөйлем 
мүшелерімен  байланысы  аталған  салалас  қиысумен 
шектелмейді. 
Бір 
топ 
тұлғалас 
оңашаланған 
айқынлдауыштар  айқындалатын  сөздің  қатысты 
мүшесімен 
де 
сабақтаса 
байланысады. 
Ал 
айқындалатын  сөйлем  мүшесімен  жақтас  емес 
тұлғалас 
оңашаланған 
айқындауыштар 
сөйлем 
мүшелерімен  мұндай  синтаксистік  байланысқа  түсе 
алмайды. 
Өйткені 
қазақ 
тіліндегі 
сөйлем 
құрылымдарында  айқындалатын  сөздер  үш  жақтың 
бірінде  жұмсалса,  оларға  қатысты  соңғы  орынды 
тұлғалас  оңашаланған  айқындауыштар  тек  ІІІ  жақта 
ғана  айтылады.  Мысалы:  Ол,  кешегі  жас  жұмысшы, 
бүгін  инженер  болды.  Сендер,  жас  мамандар, 
тәжірибеден  өтуге  барасыңдар.  Мен,  автобус 
жүргізушісі, халық үшін қызмет етемін.  
Берілген  мысалдарда  тек  соңғы  сөйлемдегі 
айқындалушы  мүше  ІІІ  жақта  келген.  Сондықтан  да 
мұндағы  оңашаланған  айқындауыш  тура  желілі 
сөйлем  мүшесімен  (баяндауышпен),  айқындалатын 
сөз (бастауыш) сияқты байланыса алады. Ал алдыңғы 
екі  сөйлемдегі  айқындауыштар  сөйлем  мүшелерімен 
байланыса  алмайды,  өйткені  олар  айқындалушы 
сөздермен жақтас емес.  
Айқындалушы сөйлем мүшесі мен оңашаланған 
айқындауыштардың  табыс,  шығыс,  барыс,  жатыс 
және  көмектес  септіктеріне  түрленуіндегі  қарым-
қатысы мүлде басқаша. Атап айтқанда, айқындалушы 
сөйлем мүшесі де, тұлғалас оңашаланған айқындауыш 

та  таалған  септік  жалғауларын  бірдей  қабылдап  қана 
қоймайды, 
соныменқатар 
олардың 
жақтық 
айырмашылықтары да жойылады. Осыған орай, ондай 
септік 
жалғауын 
қабылдаған 
тура 
желідегі 
айқындалушы  сөз  де,  екінші  желідегі  тұлғалас 
оңашаланған  айқындауыш  та  сөйлемдегі  бір  сөзбен 
бірдей  дәрежеде  меңгеріле  байланысады.  Мысалы: 
біздерге, 
ауыл 
еңбекшілеріне, 
зор 
міндеттер 
жүктеледі. Біздерді, ауыл еңбекшілерін, зор міндеттер 
күтеді т.б.  
Берілген  мысалдағы  сөз  болып  отырған 
компоненттердің байланысы мынадай: 
1)  Біздерге  жүктеледі.    2)  Ауыл  еңбекшілеріне 
жүктеледі. 
1) Біздерді күтеді.         2) Ауыл еңбекшілерін 
күтеді. 
Демек,  барыс,  табыс,  жатыс,  шығыс  және 
көмектес 
септік 
тұлғалы 
оңашаланған 
айқындауыштар  айқындалушы  сөздің  қайталамасы 
ретінде,  дәл  сондай  тұрғыда  сөйлемнің  тура  желілі 
мүшесімен байланысады. 
І, ІІ жақтағы айқындалушы сөз бен оңашаланған 
айқындауыш  сөз  ілік  септігінде  жұмсалса,  сөйлмдегі 
оларға  қатысты  мүше  тәуелдік  тұлғада  келеді  де, 
оның  алдыңғы  ілік  септігіндегі,  сонымен  қатар  әр 
түрлі  жақтағы  екі  компоненттің  қайсысына  қатысты 
болуы сөйлеу тәжірибесінде қиындай түседі. Мысалы, 
мына  сияқты  сөйлемдерді  екі  түрлі  етіп  айтуға 
болады:  1)  Менің,  қатардағы  қойшының,  еңбегім 

жоғары  бағаланады.  2)  Менің,  қатардағы  қойшының, 
еңбегі жоғары бағаланады.  
Сөйлеу  тәжірибесінде  мұның  біріншісінен  гөрі 
(грамматикалық  дұрыс  түрінен  гөрі)  екіншісі 
(грамматикалық теріс түрі) жиі қолданылады.  
І,  ІІ  жақтағы  және  ілік  септік  жалғауындағы 
сөйлем 
мүшесін 
айқындайтын 
оңашаланған 
айқындауыштардың  айқындалушы  мүшеге  қатысты 
сөзбен байланыса алмауы аталған компоненттердің әр 
түрлі  синтаксистік  қызметте  жұмсалатындығын 
көрсетеді.  Тұлғалас  оңашаланған  айқындауыштар 
сөйлем  мүшелерін  ғана  емес,  сонымен  қатар  сөйлем 
құрамындағы  әр  алуан  компоненттерді  (оқшау 
сөздерді,  айқындауыш  мүшелерді,  тағы  басқа 
оралымдарды)  айқындай береді.  Мысалы:  -  Әй, бала, 
кішкене  бала,  сен  неге  сөйлемейсің?  Біздерді, 
студенттерді,  білімді  жастарды,  болашақтың  зор 
міндеттері күтеді.  
Тұлғалас  оңашаланған  айқындауыштар  тура 
желілі  сөйлем  мүшелерінен  бөлуші  тыныс  белгілері 
арқылы  ерекшеленеді.  Ондай  тыныс  белгілері  –  үтір 
мен сызықша (екі жақты).  
Екі  жақты  үтір  арқылы  жеке  сөзден,  сөз 
тіркестерінен  және  сөйлемнен  жасалған  тұлғалас 
оңашаланған 
айқындауыштар 
сөйлемнің 
тура 
желісінен  бөлініп  көрсетіледі.  Мысалы:  Біздер, 
жастар, өмірге әрқашан да байсалдылықпен қараймыз. 
Осыдан  екі  жал  бұрын,  Жарлыкөл  басындағы 

оқиғадан  кейін,  Сұлтанмахмұт  Семейге  оқуға  жүріп 
кетті. (С.Бегалин) 
Құрамында  өзара  үтір  арқылы  ажыратылған 
бірыңғай немесе әр түрлі компоненттері бар тұлғалас 
оңашаланған 
айқындауыштарды 
сөйлемнің 
предикаттық  тура  желісінен  сызықша  арқылы  бөліп 
көрсету қолайлы. Мысалы: Қазіргі заманғы химияның 
қол  жеткен  жетістіктері  тамақтың  синтетикалық 
түрлерін 
– 
яғни 
өсімдіктен, 
жануарлардан 
алынбайтын, 
химиялық 
жолдармен 
жасалатын 
түрлерін – көптеп жасауға әлі де болса мүмкіндік бере 
алмайды. Абайға таңдатса, анау Ербол – қызыл өгізге 
мініп,  тасқын  судан  Абай  үшін  өтіп  келген  Ербол  – 
аспанда тұрғандай жоғары еді. (М.Әуезов) 
2. 
Атау 
тұлғалы 
оңашаланған 
айқындауыштар 
және 
оларға 
байланысты 
қойылатын бөлуші сызықша. 
Қазіргі  қазақ  тілінде  тұлғалас  оңашаланған 
айқындауыштармен  қатар,  сондай  дәржеде  жиі 
қолданылатын 
атау 
тұлғалы 
оңашаланған 
айқындауыштар  да  бар.  Атау  тұлғалы  оңашаланған 
айқындауыштар 
тұлғалас 
оңашаланған 
айқындауыштар  сияқты  сөйлемнің  тура  желісіндегі 
сөздерге  синтаксистік  байланыстың  екінші  желісі 
арқылы  қатысады.  Мұндай  айқындауыштар  көбінесе 
тәуелденген  атау  тұлғада  көрінеді  де,  өзінің 
айқындайтын  сөзімен  тікелей  қатар  келіп,  онымен 
қосарлана  жұмсалады.  Мысалы:  Осы  кеңшардағы 
оның 
досы 
– 
Смағұловпен 
кездестім. 

Республикамыздың  сүйікті,  сұлу  қаласында  –  күн 
жанарлы  Алматыда  тұрып,  асқақ  Алатаудың  таң 
ғажайып  бейнесіне  тамсанбай,  таңданбай  тұра 
алмаймыз.  
Атау  тұлғалы  оңашаланған  айқындауыштар 
мерекелік  саяси  ұрандарда  өте  жиі  қолданылады. 
Мысалы: 
Адамзаттың 
жарқын 
болашағы 
– 
бейбітшілік жасасын! Қазақстан астанасы – Астанада 
салтанатты жиналыстар болып өтті. 
Мысалдағы 
негізгі 
предикаттық 
сөйлем 
желілері (қарамен жазылған тізбектер)  
а) бейбітшілік жасасын! 
ә) Астанада салтанатты жиналыстар болып өтті.  
сөздердің өзара бір емес, екі түрлі синтаксистік 
байланыс  желісі  арқылы  берілетіндігін  аңғартады; 
қалған  сөздердің  (адамзаттың  жарқын  болашағы, 
қазақстан  астанасы)  атау  тұлғалы  оңашаланған 
айқындауыштар екенін дәлелдейді.  
Берілген 
мысалдардан 
атау 
тұлғалы 
оңашаланған 
айқындауыш 
қатысты 
сөйлем 
құрылымдарында  да  тура  желілі  негізгі  сөйлемдер 
мен  синтаксистік  байланыстың  екінші  желісінде 
келген  дубликат  сөйлем  мүшелері  –  оңашаланған 
айқындауыштар бар екенін көріп отырмыз. Айырмасы 
– 
тұлғалас 
оңашаланған 
айқындауыштар 
айқындалатын  сөздерден  соң  орналасып,  онымен 
грамматикалық  бір  тұлғада  келсе,  атау  тұлғалы 
оңашаланған  айқындауыштар  өзінің  айқындайтын 
сөзінен бұрын келіп, онымен тұлғалас болмайды.  

Атау  тұлғалы  оңашаланған  айқындауыштар 
көбінесе тәуелденген атау тұлғада көрінеді. Бұл факт 
атау 
тұлғалы 
оңашаланған 
айқындауыш 
пен 
айқындалатын  сөз  арасындағы  негізгі  ерекшелікті 
белгілейді. 
Атау 
тұлғалы 
оңашаланған 
айқындауыштарған  тән  бір  қасиет  –  бұлар  өзінің 
айқындайтын  сөзімен  тікелей  қатар  келіп,  олармен 
қосарлана  жұмсалады.  Басқаша  айтқанда,  атау 
тұлғалы оңашаланған айқындауыш пен айқындалатын 
сөйлем  мүшесінің  арасына  басқа  сөз  қойып  айтуға 
болмайды.  Мұндай  қосарлану  қасиеті  атау  тұлғалы 
оңашаланған  айқындауышқа  байланысты  бір  ғана 
бөлуші тыныс белгісін (сызықша) қоюды қажет етеді. 
Атау  тұлғалы  оңашаланған  айқындауыштар 
айқындалушы  сөйлем  мүшелерінен  сызықша  арқылы 
бөлініп жазылады. 
3. 
Бірыңғай 
мүшелерден 
жасалған 
оңашаланған 
айқындауыштар 
және 
оларға 
байланысты қойылатын бөлуші тыныс белгілері. 
Қазақ  тіліндегі  бірыңғай  мүшелерден  жасалған 
оңашаланған 
айқындауыштар 
да, 
тұлғалас 
оңашаланған  айқындауыштар  мен  атау  тұлғалы 
оңашаланған  айқындауыштар  сияқты  күрделі  сөйлм 
жасауда өте өнімді қолданылатын, өзіндік ерекшелігі 
бар синтаксистік оралымдардың бірі болып табылады.  
Бірыңғай  мүшелерден  жасалған  оңашаланаған 
айқындауыш  сөйлемдегі  бірыңғай  мүшелердің  шегін 
ажырату 
мәселесімен 
тікелей 
байланысты 
қарастыруды  қажет  етеді.  Объективтік  шындықтағы 

ұғымдардың  көлеміне  қарай,  сөйлемдегі  бірыңғай 
мүшелерді  соза  беруге  болар  еді  (Мысалы:  алма, 
жүзім,  шие...  өнімді  мол  берді),  алайда  тіл-тілдегі 
сөйлем  жүйесі  ондай  созылыңқылықты  көтермейді. 
Ойға  қатысты  заттар  мен  құбылыс  атауларының 
негізгілері 
аталып,  қалғандары  грамматикалық 
жинақтаушы  тұлғалар  арқылы  қамтылады.  Мұндай 
грамматикалық тәсілдер сөйлем құрамын жүйелеп, ой 
мазмұнын ықшам да толық жеткізуді қамтамасыз ете 
алады. 
Демек, 
бірыңғай 
мүшелердің 
сөйлем 
құрамындағы  саны  грамматикалық  белгілі  тұлғалар 
арқылы  шектеледі.  Қазақ  тіліндегі  аталған  қызметте 
жұмсалатын  грамматикалық  тұлғалардың  негізгі 
түрлері мыналар: 
Мен,бен,  пен,  да,  де,  та,  те,  және,  әрі  сияқты 
ыңғайластық жалғаулықтар; көптік жалғаулары (-лар, 
-лер, -дар, -дер, -тар, -тер); тәуелденген жинақтық сан 
есімдер  (үшеу,  төртеу,  бесеу,  алтау);  тек,  қана  (тек 
қана)  демеуліктері;  мезгіл  үстеулері  (қазір,  бүгін, 
биыл);  тағы  басқа,  осы  сияқты  деген  жинақтаушы 
сөздермен  қабат  қолданылған  есім  сөздерден 
жасалған жалпылауыш сөздер т.б.  
Оларды  екі  топқа  бөлуге  болады:  бірі  – 
жалпылауыш  сөздер,  екіншісі  –  жалпылауыш 
сөздерден 
басқа 
грамматикалық 
тұлғалар. 
Жалпылауыш  сөздерден  басқа  бірыңғай  мүшелерді 
жинақтаушы грамматикалық тұлғалар сөйлемнің тура 
желісін  өзгертпейді.  Мұндай  жағдайда  бірыңғай 
сөздер  сөйлемде  бірыңғай  мүшелер  болып  қызмет 

атқарады.  Ал  сөйлемдегі  бірыңғай  мүшелерді 
жинақтаушы  жалпылауыш  сөздер  сөйлемнің  тура 
желісінде  жұмсалып,  бірыңғай  мүшелерді  екінші 
желіге  ығыстырады.  Осындай  жағдайда  бірыңғай 
мүшелер сөйлемдегі жалпылауыш сөзден болған тура 
желілі  сөйлем  мүшесіне  қатысты  оңашаланған 
айқындауыш 
қызметінде 
жұмсалатын 
болады. 
Мұндай оралымдарды бірыңғай мүшелерден жасалған 
оңашаланған айқындауыштар дейміз. 
Бірыңғай  мүшелерден  жасалған  оңашаланған 
айқындауыштар  күрделі  сөйлем  жасаушы  басқа 
кірістірмелі  оралымдар  сияқты,  сөйлемнің  тура 
желісінен тыс синтаксистік екінші желіде жұмсалады. 
Тура  желілі  бір  сөйлемде  қабаттаса  жұмсалатын  екі 
сөйлем 
мүшесінің 
болмайтынын 
ескерсек, 
жалпылауыш  сөз  бен  бірыңғай  мүшелер  қатар 
қолданылғанда,  жалпылауыш  сөз  әр  уақытта  тура 
желілі  сөйлем  мүшесі  болып,  бірыңғай  мүшелердің 
оңашаланған айқындауыш қызметіне көшетінін айқын 
байқаймыз.    
Бірыңғай  мүшелерден  жасалған  оңашаланған 
айқындауыштар  сөйлемдегі  жалпылауыш  сөзді 
айқындайды.  Жалпылауыш  сөздің  орын  тәртібіне 
қарай,  бірыңғай  мүшелерден  жасалған  оңашаланған 
айқындауыштар екіге бөлінеді: 
1. Айқындалушы сөзден бұрын келген бірыңғай 
мүшелерден жасалған оңашаланған айқындауыштар: 
Біздің  елімізде  жер,  су,  кен  байлығы,  фабрика, 
зауыттар  –  бәрі  халықтың  қолында.  Кемелер, 

автомобильдер,  темір  жолдар  –  барлығы  металдан 
жасалады. Қарашашты Елеусіз, Лиза, Шынар – үшеуі 
әуежайға шығарып салды.  
2.  Айқынлдалушы  сөзден  соң  келген  бірыңғай 
мүшелерден жасалған оңашаланған айқындауыштар: 
Бұл  дүкенде  түрлі  жемістердің  алманың, 
жүзімнің,  шиенің,  өріктің  –  шырындары  сатылады. 
Қазірше  белоктар  тек  тірі  ағзаларда:  жануарларда, 
өсімдіктерде, микроағзаларда – болады. 
Берілген  сөйлемдегі  бірыңғай  мүшелерден 
жасалған 
оңашаланған 
айқындауыштар 
жай 
шрифтпен,  ал  тура  желілі  сөйлемдер  қарамен 
көрсетілді. 
Бірыңғай 
мүшелерден 
жасалған 
оңашаланған айқындауыштарды алып тастағанда тура 
желілі  сөйлем  сақталады  да,  оның  предикаттық 
қасиеті  жойылмайды.  Бұл  жалпылауыш  сөз  қатысты 
құрылымдардағы  аталған  ыңғайлас  компоненттердің 
тура  желілі  бірыңғай  сөйлем  мүшесі  емес,  екінші 
желіде  келген  оңашаланған  айқындауыштар  екенін 
дәлелдейді. 
Бірыңғай  мүшелерден  жасалған  оңашаланған 
айқындауыш  құрамындағы  бірыңғай  сөздер  жекеше 
үш жақта келген сөздер болса, сөйлем  мүшесі  болған 
айқындалушы  жалпылауыш  сөз  көпше  бірінші  жақта 
тұрады;  айқындаушы  компоненттегі  бірыңғай  сөздер 
екінші  және  үшінші  жақта  келсе,  сөйлем  мүшесі 
болған айқындалушы жалпылауыш сөз көпше  екінші 
жақта  тұрады;  ал  айқындалушы  компоненттегі 
бірыңғай  сөздер  үшінші  жақта  келсе,  айқындалушы 

жалпылауыш  сөзден  болған  мүше  үшінші  жақта 
тұрады. 
Қазақ  тіліндегі  оңашаланған  айқындауыштар 
сөйлем  құрамындағы  түрлі  мүшелерді  айқындап, 
онымен 
қабаттаса 
қолданылуға 
тым 
икем 
синтаксистік  категория  болып  табылады.  Сондықтан 
бұлардың 
қатысымен 
түзілетін 
сөйлем 
құрылымдарының  түр-түрі  өте  көп  болуы  ықтимал. 
Осындай  категориялардың  бірі  –  айқындалатын 
сөзден  бұрын  келген  бірыңғай  мүшелерден  жасалған 
оңашаланған айқындауыштардың қазақ тілінде өнімді 
қолданылатын негізгі үш түрін сөз етуге болады:   

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет