Бетпақтан мен шөлдетпей өткізер ем,
Ханеке, ақысына не бересің?
—Балам-ау, сен іздесең кез келейін,
Құдайым сені берді, неге өлейін?
Малымды шөліктірмей сен өткізсең,
Қалыңмалсыз, борышсыз қыз берейін.
—Қыз берсең, сен—атасың, мен—баламын,
Не қылып тең құрбымнан кем қаламын.
Олай-бұлай қызыңның керегі жоқ,
Жалғыз қызың Баянды мен аламын.
Уәде қылып, серт қылсаң, сенсем екен,
Сенген соң не айтсаң да, ерсем екен.
Олай-бұлай қызыңды тіпті алмаймын,
Әлпештеген Баянды берсең екен.
—Қырылды-ау, жас құлыным тамам, Қодар,
Бере көр бір су тауып маған, Қодар.
шөлдетпей бұл Бетпақтан сен өткізсең,
Берейін ақ Баянды саған, Қодар.
—Қареке, бұл лепесің жақсы кеп-ті,
Асығыс жауап айтпақ сіздерге епті.
660
670
680
254
255
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН ҚыЗ
Бейнеттеніп Бетпақтан өткізермін,
Дер күніне іс келісе, алдап кетпе!
—Қодар сұм сүймегенге жұмыр-ақпын,
Құдай білер, бұл іске көнер-ақпын.
Қыз Баянның билеуші әкесі мен,
Серттен қайтпан, шырағым, берер-ақпын.
—Қареке, енді артымнан тез келе көр,
Құдая, қуатыма дем бере көр.
Темір күрек, екі үлкен кетпенменен
Және сегіз көшіңнен мес бере көр.
Сөзімді менің айтқан біле бер,—деп,
Атыңа енді отырма міне бер,—деп.
Ізін сызып Қодекең жөнеледі,
Менің осы жөніммен жүре бер,—деп.
—Байталым, аяңдай көр, бүгін ел жоқ,
Бұл жерде Аягөздей мөлдір сел жоқ.
Бүгінгі айтқан сертке жете алмасам,
Сірә, маған Баяндай бұраң бел жоқ.
Болдырмайды антұрған Қодар жасып,
Һәр жерден жүз кісілік құдық аршып.
Су шыққаннан су шығар құдығының,
Суы жоғын толтырар меспен тасып.
Сол кезде [барлық] жаннан Қодар асып,
Қайраты денесіне құп жарасып.
шауып жүріп аянбай қимылдайды,
Бедеуіне аямай қамшы басып.
Түніменен құдық аршыр түске шейін,
Сондай құдық жасайды беске шейін.
Кейінің өз суы бар, кейінде жоқ,
Меспен тасып толтырар кешке шейін.
690
700
710
256
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Әйтеуір жаннан бөлек қайрат етті,
Уәде қылған сертіне анық жетті.
Жанды аямай қимылдап айла тауып,
Не қылса да Бетпақтан алып өтті.
Аяқ жерде байталы болдырған соң,
Жаяу жүріп тартады көп бейнетті.
Жаяу жүріп табаны шыдасын ба?
Етік қажап аяғы қанап кетті...
[Қодардың жолда айтқан өлеңі]
—Алыс болса ауылды жуытармын,
Байталды біржолата суытармын.
Қанасаң да, аяғым, қарамаймын,
Баянжанды көрген соң ұмытармын.
Уәдесі Қарабайдың жалған ба екен,
Суын алып мырзасы барған ба екен.
Аяғымды қанатып мен келемін,
Белден төсек белгілеп салған ба екен?!
Өзен-суды Қодекең бұрған шығар,
Жалғаншыны Құдайым ұрған шығар.
Қанасаң да, аяғым, қарамаймын,
«Күйеу қашан келед» деп тұрған шығар.
Жылқысы суға қанды, тойып алды,
Қодардың әр нәрседе ойы бар-ды.
Қайтіп күйеу болады ол антұрған,
Бес кез жарым өзінің бойы бар-ды!
Әйтеуір, тоқсан мыңды суарды тез,
Ақылы жоқ, ойы жоқ Қодардан без.
Қайтіп күйеу болады ол антұрған,
Жауырынының жалпағы бір жарым кез!
Тал шыбықтай бойы бар ол Баян қыз,
Жан таңқалған өзгеше жұртқа аян қыз.
720
730
740
256
257
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН ҚыЗ
Өзінің бойыменен бір ісі жоқ,
Содан дәме қылады Қодар арсыз.
Сол күндегі жандардан Қодар мықты,
Өзгеше бір көрсетті палуандықты.
Қайратты жанға өлшеусіз қылып-қылып,
Әйтеуір сол Бетпақтан алып шықты.
Қодар айтты:—Қарабай, құлағың сал,
Менің осы сөзімді жақсы ұғып ал.
Жетісуға бір жетсең тау бөктерлеп,
Һешқашан қауға тартып, шөлдемес мал.
Арғы шеті Аягөз, лепсі, ұржар,
Тоқсан мыңға лайық жақсы жер бар.
Қарекең Бақа айғырға мініп алды,
Қодарға «өзің біл» деп ақыл салды.
Көшіп келіп әлгі айтқан жерлеріне,
Мекендеп, жайлап, қыстап жатып алды.
Қарабай, хан Сарыбай мерген екен,
Сарыбай күні бітіп өлген екен.
Он үш жыл болған екен бұл ауғалы,
Баян Сұлу он төртке келген екен.
Тал шыбықтай бұралған ол бір керім,
Мінеки, өңін айтар келді жерім.
Беті аппақ, ұшы қызыл, қара көзді,
Қиғаш қара қасы бар сондай көрім.
Аппақ керік маңдайлы, қолаң шашты,
шашының ұзындығы ізін басты.
Аузы гүлдің басындай, тісі—меруерт,
Мұндай сұлу жаһанда жаралмас-ты.
Тоты құстай жүрісті, қылығы—наз,
Малың түгіл басыңды берсең де аз.
Сыртынан күлімсіреп сөйлеседі,
Көңілі—қораз, менсінбес жанмен араз.
17-0137
750
760
770
780
258
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Дуасы бар кісідей дидарында,
Тік қарап жақын келмес Қодарың да.
Жасынан есітетұғын, сырттан асық,
Есі-дерті, ынтасы өз жарында.
Жұрт айтатын темірлі күймесі бар,
Қозы Көрпеш дегенде дүниесі тар.
Анда-санда болмаса көрінбейді,
Жалғыз жатып жары үшін болады зар.
Қозының алал жары арнап соққан,
Қодарды кісі дейме елі қорыққан.
Көңілінде қозы Көрпеш тұрған шақта,
Қодар түгіл қорықпайды жанған оттан.
Қас асыл бойы-шетен, қайқы кірпік,
Жақаурап Қодар келсе өйтіп-бүйтіп.
Қара көзін қан басып қарағанда,
Маңына жуымайды Қодар үркіп.
Көңілінде ашық жары Қозыбекем,
Тәңірінің жарлығы екі бола ма екен.
Тантық құлды маңына жуытқызбай,
Қорқытып қойған оны Құдайекем.
Баянды сұлу қылса Тәңірім қылған,
Атағы мен даңқына дүние толған.
Тоқсан байдың жалғызы тоқсан сері,
Сыртынан көзі көрмей асық болған.
Тоқсаны асықтықпен елден безген,
Құмарлығы күшті боп ақылын жеңген.
Тоқсан жолдың аяғы бір жол болып,
Тәңірі айдап жапан түзде кездей келген.
Болмайды тоқсанының бейілі тары,
Бірінен-бірі артық қайраттары.
Бір өзінің күші бар он кісілік,
Нұрқара би баласы—Көсемсары.
790
800
810
258
259
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН ҚыЗ
Елінен іздеп шыққан тоқсан бала,
Тоқсанының ақылы тоқсан сала.
Жүз кісілік өзінің қайраты бар,
Қаратоқа баласы—Бұланқара.
Әр елден іздеп шыққан тоқсан ері,
Һәрбірі жанға өлшеусіз көңілдері.
Қайсы бірін айтайын осалы жоқ,
Аяғы бес кісілік өңкей сері.
Тоқсаны жапан түзде бек сөйлесті,
Қайғысын қыз Баянның көп сөйлесті.
«Бірімізді біріміз күндемелік,
Сыналық бағымызды» деп сөйлесті.
Тазы тау, Тарбағатай белге келді,
Қатын суы жайтөбе жерге келді.
Басына Ақшәулінің шығып тұрып,
Аягөздің бойынан елді көрді.
Сол шақта жалғыз жүрген Қодар мықты,
Байқарсың аяғында кімді жықты.
«Ел шетіне жау келді» деді дағы,
Айқайлап Байқа айғырмен жалғыз шықты.
Сол күнде тамам жаннан Қодар асты,
Сескенбей тоқсанменен араласты.
ықты-жөнді білетін Қодарың ба,
Тау соққандай сол жерде майдандасты.
Әрі-бері тоқсанмен ұрыс қылса,
Біреуі беттемеді, бәрі қашты.
Қодарды батыр қылса Құдай қылды,
Астында Бақа айғыры судай желді.
Әрі-бері тоқсанмен соғысқанда,
Біреуін-біреуіне шоқпар қылды.
Қодардайын көрмессің бейілі тарды,
Үш құлаш темір шоқпар қолда бар-ды.
820
830
840
260
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Бәрін де батыр Қодар жеңіп алып,
Сары азу жалшы қылып малға салды.
Күймедегі Баянды бір көрген жоқ,
«Бұқа—буға» дейтұғын сонан қалды.
Қарабайдың тоқсан бір құлы болып,
Мал жайып иен суда жатып алды.
Енді тоқта, қызықты біз көрелік,
ұмытпасқа айналып бір келелік.
Қодар, тоқсан, Қарабай жата тұрсын,
Балталыдан бір жігіт әпкелелік.
Осындай болса керек ердің ері,
Міне, бір тыңдайтұғын келді жері.
Намыс үшін елінен іздеп шықты,
Тайлақтың кенже інісі—Айбас сері.
«Күшімді мың мен санға теңеймін деп,
Бір санды садағыммен бөгеймін» деп.
Айбас сері елінен іздеп шықты,
«Сұраса қозы Көрпеш, не деймін?!» деп.
«Көңілім қай жекжатқа сенейін деп,
Не қылып тағдыр жетпей өлейін» деп.
Айбас сері елінен іздеп шықты,
«Дұшпанға неге намыс берейін» деп.
Қараңыз сонда Айбастың қылған ісін,
Аямай қайраты мен бойда күшін.
Туысқаны-туғаны, жақыны емес,
Іздейді жетім ұлдың хақысы үшін.
Ер Айбас ойланды да сол ниетті,
Талаптанып өзгеше қайрат етті.
Құр айыл, құр құйысқан тағып алып,
Тұлпармен Көктай деген іздеп кетті.
Тайкөкпен батыр Айбас өрге салды,
Ізімен тоқсан мыңның кетіп қалды.
850
860
870
260
261
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН ҚыЗ
Қаңғырған сары ізімен жүре-жүре,
Белгілеп адаспастай болып алды.
Тайкөкпен кейде шапты, кейде желді,
Қыдырды сергелдеңмен талай елді.
Аз жүрді, көп жүрді ме Құдай білер,
Аяғы Жетісуға о да келді.
Һеш адамнан кем емес, Айбас мықты,
Болдыруды білмейді Көктай тіпті.
«Мөлшері жұрттың айтқан болды ғой» деп,
Жүгіртіп бір биікке келіп шықты.
Қаңғырды батыр Айбас талай жерді,
Ит Қарабай сенделтті есіл ерді.
Сол биіктің басынан қарап тұрып,
Отырған Аягөзде елді көрді.
—Астында патшалардың алтыннан тақ,
Болғай-ақ бұл ісіме бір Тәңірім жақ.
Не етейін бұрынғыңды, Тайкөгім-ай,
Барыңды бүгінгі күн қарыштап бақ.
Жер аулақта үш қызға бір жолықсам,
Құдайдан менің сұрар арманым жоқ!
Құдайым сол тілеуін қабыл алды,
Ел шетіне тал түсте жетіп барды.
Жидек теріп өзенде ойнап жүрген
Алдынан үш қыз душар бола қалды.
Алдынан тұра қалды үш қыз кесе,
Ішінде біреуінің түрі өзгеше.
Таныды көрген жерден кім екенін,
Құмар болып келеді сөйлескенше!
Нұрына көзі Айбастың көріп жетті,
Тал бойы қорғасындай еріп кетті.
«Мынаны кешіктірмей іздеу екен,
Жат жерге қайтіп қояр адам?» депті.
880
890
900
262
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Біреудің айтылмас бөлек бағасысың,
Кіреуке алтын-ды тон жағасысың.
Елдің жөнін сұраймын, шырақтарым,
Тоқта үшеуің, қай байдың баласысың?
—Ағаеке-ау, асылзада сіз бір ерсіз,
Жапан түз, жадағайда кез келгенсіз.
Сөйлеспей Қодекеме мұнда келіп,
Жүрек жұтқан жанбысыз, не қып жүрсіз?
—Жарқыным, сыртың сұлу, болмайды мін,
Иманнан қуаттанып ашылар дін.
«Қодеке» деп қодитып мақтап тұрған,
Ол нәрсең қайдан шыққан, нәсілі кім?
—Қорықпас һеш нәрседен Қодар тайып,
Есітсе мұныңызды үлкен айып,
Қодардың атасы—тау, енесі—жел,
Сар далада кез болған ол бір ғайып.
—Ендеше, Қодарыңды ойға алармын,
Не қылып мен сол иттен кем болармын?
Құдайдан демеу болып бұйрық берсе,
Астына табанымның бір салармын.
—Ағаеке, жақсы айтасыз сөзің майда,
Бір пайда тигізе көр осындайда.
Қодары жеңіп алып, кек әперер,
Алаштан асып туған ер ұл қайда?!
—Астымда Тайкөгім бар тұлпармен тең,
Қодардан қылма қорқыныш маған сенсең.
Жерімнен арнап, іздеп шыққан жаным,
Құдай қосса, керек-ті оны жеңсем.
—Бұл сөзің құлағыма тиді шым-шым,
Көңілім жақын тартар сізге тым-тым.
Жақындық бізге таман сөз айтасыз,
Нәсіл затың, ел-жұртың болар кім-кім?
910
920
930
940
262
263
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН ҚыЗ
—Ақкезең, Ай, Балталы жерден келдім,
Бақалы, балдырғанды көлден келдім.
Сарыбайдың жұрты деп естуші ме ең,
Балталы мен Сақалы елден келдім.
—Ағаеке-ау, бұл бір қызық заман ба екен,
Сізге деген жамандық маған ба екен?
Су аяғы Құрдымнан келген болсаң,
Қой, Қозының, ел-жұрты аман ба екен?
—Сіздерге күмән шығар, өзіме аян,
Елімнен іздеп шыққан кісім Баян.
Қозы Көрпеш падиша халқымызда,
Сақалы, Балталы мен елім аман.
—Адамға бірдей емес жат пенен өз,
Мұндай ер күнде бізге келе ме кез?
«Қозы Көрпеш, қыз Баян» деп айтасыз,
Апалар, жөнін ұқтыр немене сөз?
—Артылмас жасың кіші саған кеңес,
Біреуге бұйырғанды біреу жемес.
Бір мұңшылық айтамыз әншейін-ақ,
Сен тыңдап сұрайтұғын ештеңе емес.
—Құлақ кәрі, бой кіші, ақыл дана,
Аулыңа Көктайменен келдім жаңа.
Апаларың жасырса, мен жасырман,
Сөзіңе ара, шырағым, маған қара!
Құрдымнан сенің үшін іздеп келдім,
Қозы Көрпеш—шын жарың, келін бала.
—Әкеміз Қарабай да мерген шығар,
Қаңғырып талай жерді көрген шығар.
Қозы Көрпеш дегенді біз білмейміз,
Қодарға суға сатып берген шығар.
—Тайкөкпен дамылым жоқ бір жыл желдім,
Сіз үшін жаным құрбан қылып едім.
950
960
970
264
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
шыныңмен көңілің жат болса бізден,
Азап тартып жерімнен неге келдім?
—Тастаңыз жамандықты көңілге алған,
Қодар [деп] айтқан сөздің бәрі жалған.
Қозы Көрпеш—шын жарым болса менің,
Хабары жоқ, аты жоқ қайда қалған?
—«Тіліне Тайлақ бидің ермеймін деп,
Байлығын Балталының көрмеймін» деп.
Ақылы жоқ сор әкең өрге қашқан,
«Жетім ұлға қызымды бермеймін» деп.
—Сәлем де, олай болса, дұғай-дұғай,
Біз жүрміз қайғысында жылай-жылай.
Байқағалы айтамын, бәрі қалжың,
Көкіректе қаяу жоқ, куәм—Құдай!
—Ауыздан шыққан лебіз дін емес пе,
Қалжың да болса айтқаның күнә емес пе?
Ай мен күндей екі асыл жар болған соң,
Бойыңды кірлегенің мін емес пе?
—Ағаеке, іздеп келген бізді ерсің,
Ініңе барсаң сүйдеп айттым дерсің.
Сенбегендік қылмаңыз, біз жамандық
Қылған болсақ, жазасын Құдай берсін!
—Қасыма Баян, Таңсық қыз келесің,
Қозының Айбасы едім, сен көресің.
шапшаң барып жолығып, тез қайт деген
Ініме сәлемдеме не бересің?
—Сәлем де ініңізге, іздеп келсін,
Кешіксе, сорлы Баян дегені өлсін.
Құр жаным менің қалды, көңілім кетті,
Сәлемдемем менің сол—қабыл көрсін.
Алтын-ды тон, жүзігім—белгім болсын,
Қасына не қосса да апам білсін!
980
990
1000
264
265
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН ҚыЗ
—Қосқан соң ақылына екі қызды,
Екеуі жыламсырап көңілін бұзды.
«Сәлем де ініңе» деп әкеп берді,
Жүзік пен тоннан басқа бір тоғызды.
—Апаеке, мұны ешкім көрмес пайда,
Ойланбай іс қыласыз осындайда.
Бір тоғыз сәлемдеме бердіңіз-ақ,
Келген адам сый-сияпат жөні қайда?
—Мен келдім Көктайменен бір жыл желіп,
Көңілімді сіздер үшін Аққа беріп,
Өз басыма сабақты жіп алмаймын,
Көңілім тойды, шырағым, сізді көріп.
—Құдая, сапарына дем бере көр,
Ағаеке, жылдамырақ жөнеле көр.
Жатамыз Аягөзде жайлап, қыстап,
Ініңді кешіктірмей әпкеле көр!
—шырақтарым, сөздерің тым-ақ майда,
Білінбей кім кетеді осындайда.
Әдейі кеп ұрыспай қайтамын ба,
Қодар, тоқсан дейтұғын антың қайда?
—Әзір Қодар кісіге сөз бермейді,
Сіздейдің бір жүзіне бөгелмейді.
Ініңізбен екеуіңіз екеулеңіз,
Кәпірдің қайраты мол, бой бермейді.
—Көктаймен батыр Айбас төмен салсын,
Тәңірі берсе атағы халыққа барсын.
Көзіме көрсет тағы қоя берші,
Құлыңнан таяқ жесем, Құдай алсын.
—Кәпір Қодар ол бір дәу, кім таласар,
Нұсқасын көргеннен соң жаның сасар.
Кері көрінбей қайтыңыз, тілді алыңыз,
Кетпестей сүйегіңе таңба басар.
1010
1020
1030
266
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Сөзіңнің, бәлі, бала, бұзығына,
Тәңірінің тоқтау болмас сызығына.
Бізге өлшеусіз құлыңды мақтай берме,
Көрсет тағы, қарап тұр қызығыма.
Сол кәпір бұл сөзіңнің бәрін білген,
Жылқыда тоқсанменен ойнап күлген.
Үш құлаш темір шоқпар қолында бар,
Жылқыда Байқа айғырмен Қодар жүрген.
«Көңіліміз қай жекжатқа сенелік деп,
Тілеуін мұның да бір тілелік» деп.
Ай мен Таңсық, Баян қыз ере келді,
«Қызығын екі алыптың көрелік» деп.
—Мен—Айбас, сен—Қодарсың, сізді көрдік,
Сөзіңнен тоңыраңдаған тамам өлдік.
Сізді білмей, ауылға ағат өтіп,
Жарлығың қандай еді, жаңа келдік?
Айбас келіп Қодарды сөзден шалды,
Қодар қолға шоқпарын жұлып алды.
Үш қызға мақтанды да келеңсіз құл,
Келістіріп Айбасты салып қалды.
Айбас та жауырынынан ұстап алды,
Өңгеріп ап алдына қойдай салды.
Салақтатып, жортақтап желіп кетсе,
Көктайы көтере алмай жата қалды.
Сол күнде тұрғысында Айбас мықты,
Екеуінің аты орғып дөңге шықты.
Екеуі түрегеле алысқанда,
Келістіріп Қодарды тағы жықты.
Астында жатып Қодар ақырады,
Күндей болып күркіреп, бақырады.
шыдамай ер Айбастың тізесіне,
«Біздің тоқсан қайда?» деп шақырады.
1040
1050
1060
266
267
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН ҚыЗ
Бұрқырап өңкей сері келіп жетті,
Япырым-ау, солар неден үміт етті?
«Қодекемді бас салып жатқан кім?» деп,
Тоқсаны бәрі бір-бір салып өтті.
Бәрінің де сойылын жұлып алып,
Көктайға міне қашып Айбас кетті.
Байқа айғырмен артынан Қодар жетсе,
ұрып жығып, серейтіп және кетті.
—Құба жон жығылғаның бет-ті,—дейді,
Құдайға қылмысты құл шет-ті дейді.
Сіз не қылып жатырсыз, ер Қодаеке?
Дұшпаның қашып сенің кетті,—дейді.
—Бұл тоқсан дәулетімде киім киді,
Кетірді жалғыз кісі біздің күйді.
Бір суырдың ініне ат сүрініп,
Ақ жартасқа бұл басым жаман тиді.
Қас қарайып барады, көз байланып,
Қууға тұрсыңдар ма оңтайланып?
Қуып барып, олжа қып, әпкеліңдер,
Қуа алмаймын, басым тұр шыр айналып.
Батыр қылса Айбасты Құдай қылып,
Ден қойды қайратына бәрі көріп.
Нені қусын Айбастан үміт етіп,
Басы Қодар үйіліп қалды тұрып.
Ер Айбас қайрат қылды, бәрін жеңді,
Үш қыз да қиратқанын көзі көрді.
«Бір тілдесіп қыздарға кетейін» деп,
Орғытып Көктаймен тағы келді.
—Қорықпаңдар, түк қылмайды, мұндай жандар.
Сөзіме менің айтқан сіз наныңдар.
Құдайлықты сенсеңдер, менің інім
Қайраты менікіндей үш есе бар.
1070
1080
1090
1100
268
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Қай адам ер Айбасқа теңеледі,
Үш қыз да қызығына кенеледі.
Қойға қасқыр шақпандай бөріктіріп,
Амандасып, секіртіп жөнеледі.
Іс қылды батыр Айбас бойлай-бойлай,
Қиратып қырды, жойды ерікке қоймай.
«Болысар бізге жан да бар екен» деп,
Күймеге Баян кетті ойнай-ойнай.
Бір торы Айбас кетті бедеуменен,
Бойына Алла берген демеуменен,
«Жолда керек бола ма қайтеді» деп,
Қамшы-жамшы, балға алған егеуменен.
Көктаймен батыр Айбас төмен шапты,
Тамам жолдың мәнісін оймен тапты.
Қыздың берген белбеуі түсіп қалып,
«Қызыл белбеу—құба жон» қоя сапты.
Ер Айбас тоқтамады тағы шапты,
Тамам жолдың мәнісін оймен тапты.
Бір суытқан айғыры шығып кетіп,
«шұбарайғыр жорға» деп қоя сапты.
Сол Айбас бөгелмеді тағы шапты,
Тамам жолдың мәнісін ойлап тапты.
Жанындағы жаулауы түсіп қалып,
«Темірші» деп тау атын қоя сапты.
Ер Айбас бөгелмеді тағы шапты,
Тамам жолдың мәнісін ойлап тапты.
Қарқаралы тақия түсіп қалып,
«Қарқаралы» тау аты сонан қапты.
Ол Айбас тоқталмады тағы шапты,
Төтесін тамам жолдың оймен тапты.
Жанындағы шідері түсіп қалып,
«шідерті» деген өзен сонан қапты.
1110
1120
1130
268
269
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН ҚыЗ
Ер Айбас бөгелмеді тағы салды,
Құлдилап онан да әрмен кетіп қалды.
Көп жүрсе, аз жүрсе де есен-аман,
Бір күні ел шетіне жетіп барды.
Жақындап ел шетіне келе жатса,
Қой баққан кездей болып көрді шалды.
—Қой жайған сейілде, бай, сізді көрдік,
Жасың үлкен кісі деп сәлем бердік.
Бұл қойың кімнің қойы, ақсақал шал,
Жолаушы көптен кетіп жаңа келдік?
—Бар екен әр нәрседе мұның ойы,
Тартқан сымдай көрінер қыздың бойы.
Сен сұрасаң, айтайын, жарқыным-ай,
Ерте кеткен Сарыбай ханның қойы.
—Ақсақал, жан екенсің сөзің майда,
Мен де жат кісі емеспін, мұнымды ойла.
Сарыбай ханның қойы осы болса,
Жалғызы Қозы Көрпеш бала қайда?
—Балам, бір сыр бар білем сіздің бойда,
Білдім бе, білмедім бе, өзің ойла.
Қозыжан айдай болып жүрген шығар,
Қыз ұзатқан осы жерде, жақын тойда.
—Келгенім менің өрден бірталай жер,
Байеке, бір пайдаңды тигізе көр.
Менің айтар мұңым мен шерім де көп,
Тіліңді алса, жалғызды шақырып бер.
Мінезі шалдың дағы текті дейді,
Сөзіне мұның көзі жетті дейді.
«Тілімді алса, шақырып келейін» деп,
Аяңдап тойға таман кетті дейді.
—Қозы Көрпеш жалғыз ұл, кездей келдім,
Әкеңнің белгілі-ақ бір кісісі едім.
1140
1150
1160
270
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Хан иемнен айрылып қалғаннан соң,
Жас бала жалқық судай сені көрдім.
Бір адам аты арық қылды керек,
Жүрсең ертіп барғалы келіп едім.
—Неғылып танымадың, байым зерек,
Ол не еткен адам екен жаннан бөлек?
Жауыр атты мен жабы тоқып жүрсем,
Көрпелдес біз сықылды кімге керек?
—Әкеңді жасыңда алған Жаппар Құдай,
Атадан жалқы туған сен бір сұмырай.
Жауыр атты сен жабы тоқып жүрсең,
Көктайын жауыр қылған саған орай.
Сол байдың айтқанына ерді дейді,
Бір тілеген тілегін берді дейді.
«Кім де болса көрейін, не еткен жан» деп,
Байға еріп қойына келді дейді.
—Ағеке, шақыртыпсың, сізді көрдік,
Жасың үлкен, білемін, сәлем бердік.
Неңе керек қыласыз біз баланы?
Қандай іске жұмсайсыз, міне, келдік?!
—Болдың ба, кішкене едің, құрбым, дардай?
Қайратың басым еді, шығара алмай.
Қайының айлық жерде, жақын жатыр,
Сұм жалғыз, не қып жүрсің бір бара алмай?
—Адамға бірдей емес жат пенен өз,
Жаманнан қасиетсіз бір күнде без. Достарыңызбен бөлісу: |