Мұра меМлекеттік бАғдАрламасын іске Асыру ЖӨніндеГі ҚоғАМдыҚ кеңестің ҚұрАМы бАбАлАр сӨзі жүз томдық Ғашықтық жырлар 54 том



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата21.01.2017
өлшемі2,15 Mb.
#2365
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

ұсталарды жидырып алып келді.

ұсталар соғып темір садақ қылды. 

Ер Қозыке садақ атып талап қылды.

Өрмек құрып отырған бір кемпірдің 

Үйін атып, көшіріп мазақ қылды.

Кемпір сөзін балаға тік айтады, 

Ойнап жүрген баланы мұңайтады. 

—Өрмек құрған кемпірді әжуа қылмай, 

Жарыңды іздеп алсайшы!—деп айтады.

Ақылы жоқ бұл кемпір нені айтады? 

Бар сөзін өзі білмей кім айтады. 

—Үйіңді өзім орнына қондырайын, 

Айтқан сөзің түгел айт,—деп айтады.

430


440

450


460

188

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Бір тудың Қарабай мен Сарыбайдан, 

Сендерді тілеп қосты бір Құдайдан. 

Оған неге бармайсың, байғұс балам, 

Құдай қосқан жарың бар—сұлу Баян.

Қозыке бұл сөзді естіп түңіледі, 

Қайғымен ас-су ішпей бүгіледі. 

Ойнап жүрген садағын тастай беріп, 

шешесінен сұрауға жібереді.

Қозыке жылап үйге қайтты дейді, 

Кемпір әбден ұқтырып айтты дейді. 

«Қай мезгілде Баянды көремін» деп, 

Үш күн, үш түн дым сызбай жатты дейді.

Үш күн, үш түн арада өтті дейді, 

Қарны ашар мезгілі жетті дейді. 

—Қарным ашып барады, жан шешеке, 

Қазаныңды ассаңшы,—депті дейді.

Үш күн, үш түн арада өтті дейді, 

шешесіне бір қайғы бітті дейді. 

—Қазанымды асайын, шырағым-ай, 

Жантақ теріп келе ғой ,—депті дейді.

Ер Қозыке жантаққа кетті дейді, 

Жантақ алып үйіне жетті дейді. 

Жантақ теріп келеді жалғыз бала, 

—шешеке, бидай қуыр,—депті дейді.

шешесі жалғызының тілін алды, 

Қазанына бір аяқ бидай салды. 

Жалғыз бала қасында қарап отыр, 

Бидай пісер мезгілі болып қалды.

Бидай пісер мезгілі жетті дейді, 

Күйіңкіреп түп жағы кетті дейді. 

—Бидай салып берейін тойғаныңдай, 

Аяқ ұста, шырағым,—депті дейді.

470

480


490

188

189


ҚОЗы  КӨРПЕш

—шеше, сенен басқаны танымаймын, 

Аса қарыным ашпаса налымаймын. 

шешеке, маған берсең қолыңмен бер, 

Аяқ пен шөмішіңе жарымаймын.

шешесі жалғызының тілін алды, 

Қазандағы бидайға қолын салды. 

Бидайды уыстаған бойыменен, 

шешесінің қолын ұстап тұра қалды.

шешесі жалғыз ұлын күтті дейді, 

ыстық бидай қызуы өтті дейді.

—Адамың атастырған бар ма, жоқ па, 

шешеке, соныңды айтшы?—депті дейді.

ыстық бидай қолынан өтті дейді, 

Бұл қу шұнақ не пәле айтты дейді.

—Ата-анаңның атастырған дымы жоқ, 

Антұрғанға кім айтқан?!—депті дейді.

—Кім көрінген кемітіп мені айтады, 

Өрмек құрған кемпірлер нені айтады?!

Кімге озбырлық қылсам, сол тура басып, 

Еріншек сөз құл десіп мені айтады.

ыстық бидай қолынан өтті дейді,

—Жұрт өсегі түбіме жетті,—дейді. 

Қолым күйіп барады, босатшы енді,

Қалыңдығың бар еді,—депті дейді.

Өкініп ұмытпайды өткен істі, 

Айрылып сүйгенінен қайғы құшты. 

Бидайды қолындағы босатқанда, 

Терісі алақанның бірге түсті.

—Аларсың хордың қызын барсаң, балам, 

ұйықтасам түсімде жоқ мұндай заман. 

Көз алдымда сен мені тастап кетсең, 

Айрылдым жалғызымнан не-дүр шарам.

500


510

520


190

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Есен болсам, келермін айда, анам, 

Алдыңа қойып кетем малды, анам.

Атам қосқан Баянға бару үшін, 

Мен ортаға саламын жанды, анам.

—Сұм шешең сен кеткесін қор болады, 

Жалғызынан айрылған сор болады.

шешеңді зар жылатып тастап кетсең,

Сұмырай шешең біреуге күң болады.

—шешеке, мен тіріде болмассың қор, 

Жалғыз балам бар,—дерсің,—қайнында жүр.

Барған кісі қайынынан қайтпай ма екен, 

Жалғызың бір күн келер, қара да тұр.

—Жалғызым, мен білмеймін келеріңді, 

Білемін барғаннан соң өлеріңді. 

Тәңірден тілеп алған жалғызым-ай,

Үзейін арыздасып күдерімді.

ұша алмас балапан құс бөрі алдында, 

Жүзің ыстық көрінсін көп алдында. 

Сен кеткен соң тоқсан құл күң қылады, 

Қор қылмастан көміп кет көз алдыңда.



Қозыке айтты:

—Ақсақалдар бата оқыр туған айға, 

Иманды құл кіреді кең сарайға. 

Мен түгіл әкем де өліп, өлгенің жоқ, 

Жыларсың өзің үшін бір Құдайға.

Қозыке жүген алып жылқыға барған жері:

Қыстауы Қозыкенің шатқара-ды, 

Сан жетпеген жылқыдан ат қарады. 

Жүгенін сылдыратып тұрғанында, 

Арда күрең қотыр тай жалт қарады.

530


540

550


190

191


ҚОЗы  КӨРПЕш

Ай қараңғы, күн бұлт, тұман болды

Қозыке Баян жасқа құмар болды. 

Арда күрең тай екен жалт қараған, 

Қозыке жүген салса, құнан болды.

Баян сұлу, Қозыке өлең болды, 

Құдай берген жақсыға өнер болды. 

Құдайдан сол уақытта пәрмен болып, 

Ер-тоқымын салғанда дөнен болды.

Көңілі Қозыкенің бітті дейді,

Көп заман сонан бері өтті дейді.

Арда күрең бестіге мініп алып, 

Қозыке үйге аяңдап кетті дейді.

Сонда Қозының жүрерін біліп, шешесінің айтқаны:

шешесіне бір қайғы бітті дейді, 

«Қайғыменен өмірім өтті» дейді. 

—Сан жетпеген жылқың бар, шырағым-ай, 

Оны кімге тапсырдың?—депті дейді.

Парақор би жұрт бұзып төре берер, 

Елді бұзған жаманды Құдай ұрар.

—Мен кеткен соң бір Құдай сақтамай ма, 

Жылқы баққан Жидебай бағып жүрер.

шешесіне бір қайғы бітті дейді, 

«Қайғыменен өмірім өтті» дейді. 

—Қора толған қойың бар, шырағым-ай, 

Оны кімге тапсырдың?—депті дейді.

Қозыке көңілі көшіп кетті дейді, 

шешесінің түбіне жетті дейді,

—Қора толған қой болса, маған десе, 

Аш бөріге жолықсын,—депті дейді.

шешесіне бір қайғы бітті дейді, 

Біткен дәулет түбіме жетті дейді.

560


570

580


192

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Сыймай жатқан желіге түйең бар-ды, 

Оны кімге тапсырдың?—депті дейді.

Жүрмек болып шын көңілі кетті дейді, 

«Малға айналып өмірім өтті» дейді.

—Желіге сыймай жатса түйең, шешем, 

Алакүлік оттасын,—депті дейді.

шешесіне бір қайғы бітті дейді, 

«Қайғыменен өмірім өтті» дейді.

—Жасыңнан ақ сүт берген, қарағым-ай, 

Мені кімге тапсырдың?—депті дейді.

Азған ел қысым көрсе, ұлық жақтар, 

Байы өлсе, қара салып қатыны жоқтар, 

—Мен түгіл әкем де өліп, өлгенің жоқ, 

Қайғырма мен кетті деп, Құдай сақтар.

шешесі кетпесін деп Құдайға ат айтады. 

Хат білмеген ұғып ап жат айтады. 

Жалғызының кетерін білгеннен соң, 

Белін бекем буып ап қатайтады.

—Ауылын Сарыбайдың көргенің жоқ, 

Жалғызым кетеріңді білгенім жоқ. 

шырағым, өзің үшін қайғырамын, 

Болмаса әкең де өліп, өлгенім жоқ.

—Бастаушым бар, жан тілін алма деген, 

Садағыңды беліңнен салма деген.

Сәрсенбі күн жұмысыңды бітір дағы, 

Бейсенбі күн жолыңнан қалма деген.

—Жаста кеткен Баянның беті аппақ,

Бұрынғыдай заман жоқ бұзылған шақ. 

Барма десем болмадың, қуарған қу, 

Қодар атты құлынан жерсің таяқ.

590

600


610

192

193


ҚОЗы  КӨРПЕш

—Қодар деген немене құл ма, сірә, 

Жатқанымнан тұрмайын өлсем сонда.

Бір сөз айтсаң, «өлесің» дей бересің, 

шешем, неге қыласың жаман жора!?

—Тәңірден тілеп алған жалғыз бала, 

Сені маған көпсінген Құдай Тағала. 

Сен кеткен соң тоқсан құл күң қылады,

Арыздасып қалайын бірақжола.

—Құдай басшы, күрең ат жолдасым-ды, 

Баянға қылдым құрбан бұл басымды. 

Жан барында іздейін сүйген жарды,

Бір өлген соң білемін тұрмасымды.

шешеке, мен еркек пе, ұрғашы ма? 

Мен Баяннан басқаны алман, сірә. 

Әкем қосқан Баянға бармасын деп, 

Сөйлеп сөзім өтпейді-ау құрдасыма.

Қыстауы Қозыкенің таулы дейді, 

Қалыңнан ат жүре алмас қауды дейді. 

«Айрылып жалғызымнан қаламын» деп, 

шешесі көкке емешегін сауды дейді.

шешеке үйде отырып күйді дейді, 

Қозыке ұшып жерден тұрды дейді. 

«Сен кеткен соң мен мұны қайтемін» деп, 

Мүкәммал малын далаға үйді дейді.

Жайлауы Қозыкенің бетегелі,

Керме иық, тыран ойлы бөтегелі.

«Сен кеткен соң мен мұны қайтемін» деп,

шашыпты дүниелігін өртегелі.

Қозыке жүрмек болып атқа мінді, 

шешесі жүрмесін деп жылай берді. 

13-0137


620

630


640

194

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Қозыке атқа мініп тұрған жерде, 

шешесі жылап тұрып жауап берді:

—Аттан дағы жүре бер көрінбей-ақ, 

Ашуымды келтірме, жерсің таяқ. 

Барма десем болмадың, жалғыз бала, 

Барғаныңнан еш келме, сөзім сол-ақ.

—Қарғыс емес, алғыс қой қарғағаның, 

Қорқамын ба Қодардан бармағаным. 

шешеке, бүгін жаман түс көрдің бе, 

Көзімше жора қылып қарғағаның.

—Баянға сен барасың намыс қылып, 

Не жақсылық көресің онда жүріп?

«Емшек берген әрі жат» дерсің, балам, 

Әл-ауқатым кім білер мұнда келіп.

Менен жақсы болды ма кеткен Баян, 

Алдында жылап отыр тапқан анаң?!

Киім болса кие кет үйден, балам, 

Сен кеткен соң не болар ғаріп анаң?!

Қозыке амандасып, атқа мінді, 

шешесі жылап үйде қала берді. 

Ақ сүт берген анасын қиып тастап, 

Қозыке Баянды іздеп жолға жүрді.

Қозыке Баянды іздеп кетті дейді, 

Бұ жалған кімге опа етті дейді. 

Ауылдан алты қонып шыққаннан соң, 

Айбас қуып артынан жетті дейді.



Айбас Қозыкенің жатпасын біліп, осы бір іздеп шығады ғой 

деп, ел арасында жай жолаушы болып жүрген екен.

Ақынға Құдай берген тіл мен жақты, 

Білген сөзді қалдырсақ, бізге ұятты.

650


660

670


194

195


ҚОЗы  КӨРПЕш

Айбас сорлы артынан жеткен жерде, 

Баянның айтқан сәлем сөзін айтты. 

Қозыке шаш ал десең, бас алады,

Оң сөзге түспей жаман қас алады. 

Баянның айтқан сөзін естіген соң, 

Елжіреумен көзіне жас алады.

Қозыке жазған хатты оқып білді, 

Көңіліне құпиялап сақтап сырды. 

Сарыбайға жаранып жағамыз деп, 

Айтыпты дұспан болған тоқсан құлды.

—шырағым, сені мендей көрсін,—депті, 

Айбасты анық тіл деп білсін,—депті. 

Әкем мені Қодарға бергелі жүр,

Тірі болса, кешікпей келсін,—депті.

Баянның әр сөзіне мейірі қанды,

Өртеніп іші-бауыры от боп жанды. 

Сәлемдеме бергені көп-ақ еді, 

Қонған-түскен жерлерде ұмыт қалды.

Айбасты Құдай десіп іні қылды, 

Сарыбайдың ауылын іздеп жүрді.

Керде күрең, Бақа айғыр мінген аты

Аягөздің бойына жетіп келді.

Жақсы-жаман кісіні көз көреді,

Тыңдасаң, Қозыкеден сөз келеді.

Аягөздің бойына жеткен күні

Көп қой жайған қойшыға кез келеді.

Екі жігіт қойшыға жетіп келді,

—Қай ауылдың қойы?—деп сұрап білді. 

Сен кеткелі көп заман болып еді,

Қай жақтан келіп тұрсың Айбас?—деді.

680


690

700


196

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Баянның бұзылмаған ойы,—дейді, 

Тал шыбықтай бұралған бойы,—дейді. 

шын танымай тұрмысың, қашқын Айбас, 

Баққаным Сарыбайдың қойы,—дейді.

Айбас пенен Қозыке амал қылды,

Күн жайлатып тазшаны адастырды. 

«Баянжан осы жерге бір келер» деп, 

Алай-дүлей ұйтқытып боран қылды.

Тазша адасып далада өліп қалды, 

Оның киімін Қозыке киіп алды.

Күннің боран болғанын көрген соң-ақ, 

Сарыбай Баян жасқа жетіп барды.

—Баян жас, балқаймақты алшы,—дейді, 

Сөз айтам, құлағыңды салшы,—дейді. 

Мал кетер, күн аңызы жаман болды,

Қарағым, қой алдынан баршы,—дейді.

—Атеке, сіз биік тау, біз бір шынар, 

Ғашық жар бір көрсем деп көңілім құмар. 

Атеке, өзіңізбен бір жүрмесем,

Ноғайдың бозбаласы мазақ қылар.

Баян жас қойға таман қадам басты, 

Қойды көріп көзінен төкті жасты. 

Баян қойға жеткенде күн ашылып, 

Әкесімен бірігіп қой айдасты.

Жұрт білмеген Сарыбайдың қойы көп-ті, 

Баян сұлу Қозыкеге іңкәр бопты. 

Баян сұлу қой айдап жүргенінде

Көлденеңдеп жүрмейді қоңыр тоқты.

—Апеке, не бересің енді,—дейді,

Күрең атты жездемді көрдім,—дейді. 

Айбасекем Бақа айғырмен қасында жүр, 

Сүйінші бер, жездекем келді,—дейді.

710

720


730

196

197


ҚОЗы  КӨРПЕш

Сұлу қыз текеметке түр салады, 

Баян сенбей көңіліне кір салады. 

—Ойбай, күйген жанымды күйдірме,—деп, 

Құйрыққа қамшыменен бір салады.

Қоңыр тоқты шыдамай керіледі, 

Баянменен сөйлесуге ерінеді. 

Қыздың соққан қамшысы киелі боп, 

Қой құйрығы жырмаш боп бөлінеді.

Тоқты жерден бір жұлып шөпті алады, 

Баян сұлу құдыретке таң қалады. 

«Мені неге жазықсыз соқтың, Баян, 

Ақ жүзіңе дақ түссін» деп салады.

Тіліне қоңыр тоқты Баян нанды,

Желкесінен бір тал жүнін жұлып алды. 

Қамшыменен арқасын бір сипады, 

Қазаққа сонан мирас болып қалды.

Сарыбай қызыменен қойға келді, 

Баян сұлу бір шетте жалғыз жүрді. 

Сарыбай қой қайтара кеткен екен, 

Қозыке тазша болып қызға келді.

—Баян, жас, балқаймаққа жаримысың, 

Қыдыр боп жолаушыға даримысың.

Әкеңнің атастырған жары кім-ді,

Тазша боп душарласса, танимысың!

—Сұрасаң, менің жарым—Қозы Көрпеш, 

Қызы едім мен Сарыбай—Баян еркеш. 

Келер атты күн бар ма, ойбай, Тәңірі,

Мен Құдайдан тілеймін ертеңді-кеш?!

—Қойыңа мұнан бұрын келіп пе едің, 

Жарым бар ғой деп анық біліп бе едің? 

Жарыңның қай жерінде белгісі бар, 

Бесікте қалған күнде көріп пе едің?

740


750

760


198

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Сағындым Құдай қосқан, алған жарды, 

Әкемнің жаста айырған пейілі тар-ды. 

Бабай Түкті шашты Әзіз хабар берген, 

Алтын айдар астында меңі бар-ды.

Жеткізді бір тілекке құдыретім, 

Қозыке Баян жастың көрді бетін. 

Баянға күйеулігін білдіргелі 

Көрсетті ашып басын айдар шетін.

Баян жас өз күйеуін біліп алды, 

Тіл қатып бір-екі ауыз мейірі қанды. 

Қозыке қылып тағат тұра алмады, 

Баянның оң бетінен сүйіп алды.

Қар кетіп, қара жерге қақ тұрыпты, 

Сүйген құлға дәулет пен бақ тұрыпты. 

Сағынып Қозыкенің сүйгенінен

Бетіне Баян жастың дақ тұрыпты.

Баян жас өз күйеуін білді анық, 

Түнде алтын күймеге жүрді барып. 

Баян жас өз күйеуін таныған соң, 

Алтын табақ қояды мейіз салып.

Баян жас опа жақпас ақ бетіне, 

Қозыке ерді тазша боп қой көтіне, 

«Үйге кірсем жұрт біліп қояды» деп, 

Алтын күйме құрдырды қой шетіне.

Қозыке қойды бағып үш жыл жүрді, 

Білдірмей Баянменен ойнап күлді. 

Үш жылдан соң, күймеде жатқан жерде

Сарыбайдың тезек терген күңі көрді.

Қара күңнің көргенін Баян білді, 

ұйқылы-ояу сескеніп тұра келді. 

770

780


790

198

199


ҚОЗы  КӨРПЕш

«Барып әке-шешеме айтады» деп, 

Сезіктеніп Баян жас күңді өлтірді.

Бір күн келіп, Баян жас:—Тұршы,—деді,

Үйге таман, шырағым, жүрші,—деді. 

Әке-шешем қуансын, «күйеуім» деп, 

Ақ шымылдық кәдесін қылшы,—деді.

Қозыке Баянменен үйге кірді,

Екеуі ойнап-күліп бірге жүрді.

Алтын айдар белгісін ашып еді,

Қараңғы үй шам жаққандай жарық болды.

Ақ жүзі екеуінің бірдей болды,

шымылдықтың ішінде ойнап-күлді. 

Бетіне жарық сәуле түскендіктен, 

ұйықтап жатқан шешесі оны көрді.

—шырағым, қашан келдің, шыныңды айтшы, 

Кешіктірмей ұзатып алып қайтшы.

Қойды бағып қор болып жүргеніңше, 

Көңілің жақсы жүргендей жылқы бақшы.

Қозыке ертең атқа мінді дейді, 

Айбас құл тазша болып ерді дейді. 

Ауыл жақтан екеуі келе жатса,

Жылқыдағы Қодар құл көрді дейді.

Ауыл жақтан екеуі келді дейді, 

Жылқыдағы Қодар құл көрді дейді. 

—Ауыл жақтан келіпсің, екі тазша, 

Баян не сәлемдеме берді?—дейді.

Алты құлаш ала айғыр мінген атым, 

Айтсам аузым сүйінер қыздың атын. 

Ауыл жақтан келіп тұрған екі тазша, 

Қандай сәлем жіберді біздің қатын?

800


810

820


200

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР



Сонда бұлар айтады:

—Баян жас, ай, Қодеке, десіп отыр, 

Талдай бойы Баянның өсіп отыр. 

Қодар деген сен болсаң , «сәлем,—деді,—

Тірі болса тез келсін» десіп отыр.

—Баян жас, ай, Қодеке, десіп отыр, 

Баян шашын ширатып есіп отыр.

«Өзімнің Құдай қосқан жарым келді, 

шұнақ құл көтін қыссын» десіп отыр.

Қодар құл ашуланып түрегелді, 

Жылқыдағы ала айғырын ұстап мінді. 

Баянға ауызба-ауыз тілдесуге, 

Жылқыдан сегіз кісі елге келді.

Ғашықтар болған машұқ Құдай сүйіп, 

Қодар жүр екі ортада іші күйіп. 

Сегіз кісі жылқыдан келе жатса, 

Алдында Сарыбай жүр түйе жиып.

Сонда Қодар айтады:

—Сарыбай, бейілің жаман болдың сараң, 

Бақсам да көп жылқыңды күнім қараң. 

Қосылып тазшаменен кәміл тапты, 

Күймеде Баян деген бақты қараң.

Сонда Сарыбай сөйлейді:

—Алтын күйме ішінде Баян жаным,

шашбауының шашағы қырық бір талым. 

Сен тұрғанда ешкімге бере қалман, 

Үндемей жылқыңды бақ, Қодар жаным.

Қодар түзден қуанып қайтып кетті, 

Қозыкенің жайланып көңілі кетті.

830


840

850


200

201


ҚОЗы  КӨРПЕш

Жылқыда ала қыстай бірге жүріп, 

Жазғытұрым болғанда елге кепті.

«Мойынына кер төбелдің тұмар тақ» деп, 

шақырды Айбас құлды «отты жақ» деп. 

Ауылға бие байлап Қодар мырза, 

шақырады Қозыкені «желі қақ» деп.

Қодарға күштілігін білгізеді, 

Айбасты ақылменен жүргізеді. 

Қодардың қол ағашын керек қылмай, 

Қолымен жерге қазық кіргізеді.

Сонда Қодар айтады:

—Ақ тұзын әулиенің кен айтады

Ақылы жоқ Қодар құл нені айтады? 

Мынау тазша күшті екен, Әліжаппар-ау, 

«Аударыспақ ойналық» деп айтады.

Қозыке бұл сөзді есітіп тұра келді, 

Қысыр емген тел торы тайға мінді. 

Торы тайға Қозыке мініп алып, 

—Толағай бас Қодарым, келші,—деді.

Өктім-өктім сөйлейді малды кісі, 

Балуанға тұрады әлді кісі. 

Сонша жерден қыз іздеп келгеннен соң, 

Құлдан қайдан жасқанар жанды кісі?

Баянжан тоқсан құлға көз салмайды, 

Қозыкеден басқаны ойға алмайды. 

Ала атпенен Қодар құл тартып еді, 

Қозыке тай үстінен қозғалмайды.

Қозыке бір Құдайға сиынады, 

Тоқсан құл тамашаға жиылады. 

860


870

202

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Қодар құлды ала аттан тартып алып, 

ұршықтай айналдырып иіреді.

Қодар күліп «ойын» деп ыржақтайды, 

Басқа тартқан үкідей былғақтайды. 

—Қодеке, бар болғаның осы ма?—деп, 

Аш белінен қысып ап бармақтайды.



Сонда Қодар ашуланып, жыламсырап долданып сөйлейді:

—Антұрған мынау тазша түпке жетті, 

Мені аударып алған соң, көңілі бітті. 

Кісі өңгеріп ойнаған ойының құрысын, 

Қоя бер, ердің қасы ішіме өтті.

Саудаға Үргеніштей қала бар ма, 

Сөзінде Қозыкенің шала бар ма?

Қодар құлды босатып қоя берді,

Сол жерде тышып қойса, шара бар ма?

Баян алтын күймеде отыр еді, 

Аударысын бұлардың көзі көрді. 

«шырағым, құлдан өлер емес екен»,—

Деп жағасын ұстаумен тәубә қылды.

Көп жылқы жүрді түзде бетіменен, 

Ер Қозыке жүреді еркімен. 

Қодардың жүрегіне бір тиген соң, 

Қашып жүрді жылқының шетіменен.

Сарыбай жұрт асқан бай салтанатты, 

Құдай оған көп қылды қолғанатты. 

Орманбет би ноғайдың бір тап елі 

«Ат шаптырған ас бар» деп сауын айтты.

Баян мен Қозыкені Құдай қосты, 

Екеуі тар күймеде көңіл қосты. 

«Жұрт барған ас жиынға барайын» деп, 

Қозыке Баянменен ақылдасты.

880


890

900


202

203


ҚОЗы  КӨРПЕш

—шырағым, сен жылқыңнан қалма,—деді, 

Садағыңды беліңнен алма,—деді. 

Көп біріксе, бір ауыз жоқ болады

Жұрттан жалғыз жүрсің ғой, барма,—деді.

Қозыке Баян жастың тілін алды, 

Сан жетпеген жылқыда жалғыз қалды. 

Үйде—Баян, жылқыда—ер Қозыке, 

Өзге жаннан түк қалмай асқа барды.

Не болар жұртсыз жалғыз көрген күнім, 

Сайраған көңіл ашып қызыл тілім. 

Жылқыда Баянменен тілдес екен, 

Баласы кер биенің торы құлын.

Қақ басқа құрықпенен құлынды ұрды, 

Енесіне емізбей түңілдірді. 

Қозыке жылқы ішінде күн жайлатып, 

шыңғыртып ноқтаменен буындырды.

Баян дауысын естіп есік ашты, 

Құлынды көріп желіге қадам басты. 

Желіге жеткен шақта күн ашылып, 

Қозыкемен сүйісіп құшақтасты.

Екеуі құшақтасып бірге жүрді, 

Күймеге ойнап-күліп бірге кірді. 

Құшақтасып күймеге кірген шақта, 

Ауылдан екі қатын көріп қалды.

Екеуі төрт күн, төрт түн ойнап күлді, 

Жиыннан жұрттан озып Қодар келді. 

—Үйдегі жылқы баққан тазшаға,—деп,—

Әкелдік көтен, мойын, бауыр»,—деді.

Байларға жақсы-жаман көп келеді, 

Танымаған кісіні жек көреді. 

«Қу тазша жылқы баққан бір тойсын деп, 

Әп келдім ішек-қарын мен өкпе»,—деді.

910


920

930


940

204

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Жылқыда Айбас байғұс жалғыз жүрді, 

Қодар құл тазшаны іздеп ел қыдырды. 

Елден таппай ауылға келген жерде, 

Екі қатын «көрдік» деп хабар берді.

Қодар құл тазшаны іздеп ел қыдырды, 

Елден таппай күймеге жетіп келді. 

Терезеден екеуін көріп қалып, 

«Тазша неғып жатыр?» деп еңіреді.

Қодар жылап күймені үш айналды, 

Қозыкеден кіруге бата алмады.

«Бақыты қараң тазшамен бір жатыр» деп, 

Қодар жылап Сарыбайға жетіп барды.

—Сарыбай, пиғылың жаман кәпір,—дейді, 

Күймеде қызың болды қатын,—дейді.

Неғып шыдап отырсың, Сареке,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет