22
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Барамын деп, ай, балам, бара алмассың,
Ерте кеткен Баянды таба алмассың.
Елі-жұртың қақсайды «бармасын» деп,
Жұрттың тілін алмассаң, оңалмассың.
—Өлімін бе, ай, шеше, тірімін бе,
Алдауына адамның кірермін бе?!
—Қалтақ балам, жүрмісің кетейін деп,
Кетіп мені сергелдең етейін деп.
Айтсам тілім алмадың, ей, жүгірмек,
Ажалыңа асығып жетейін деп.
—Ай-һай, шеше, ай, шеше, кетейін де,
Құлдан өлсем, жан болып не етейін де?!
Сол секілдер қақсатқан, сірә, мені,
Қарабайдың түбіне жетейін де.
—Асқан тауы бір қиын бел-ді, балам,
Мұнша неге қақсаттың мені, балам.
Айтсам, тілім алмадың, ай, жүгірмек,
Ажал айдап жүр де осы сені, балам.
—шеше, мұнша мұқаттың ажарымды,
Мен білгенмін Аллаға жазарымды.
Енді бұлай болған соң, кеткенім-ақ,
Құлдан салса, көрермін ажалымды.
—Жайып қойған түсерсің торға, балам,
Бір шыбындай жаныңды қорға, балам.
Арасында аңдыған жауы көп-ті,
Өлім іздеп жүрмесең, барма, балам!
—Ақылымды тұра тұр бөлмей, шеше,
Тірі болсам, кетпен-ді келмей, шеше.
Құдай қосқан жарымды іздемесем,
Не қылайын жан болып, өлмей, шеше.
—Қақсап қалсын Қарабай мендей, балам,
Содан ары кетерсің, келмей, балам.
350
360
370
22
23
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
Айтсам, тілім алмадың, ей, жүгірмек,
Қайтып содан келмессің, өлмей, балам.
—Ақылымды тұра-тұр бөлмей, шеше,
Тірі болсам, кетпен-ді келмей, шеше.
Сарсаң қылған сол мені Қарабайды
Қара жерге қойман-ды енбей, шеше.
—Мен қайтейін, балам, сен кеткеннен соң,
Жалғыз ұлым ғаламнан өткеннен соң.
«Емшек берген, ары жат»,—дерсің, балам,
Баян сұлу жарыңа жеткеннен соң.
—Айыр емшектен сүт берсең, емейін бе?
Емген сүтім татиды көмейімде.
Ондай атты күн туса, ай, жан шеше,
«Емшек берген, ары жат»,—демейін де.
—Сен кеткен соң, ай, балам, мен өлермін,
Кеткеннен соң ішімнен күңіренермін.
Еңбекпенен өсірген, жарықтығым,
Сен кеткен соң, мен қайтіп күн көрермін.
—Сен өлмессің, ей, шеше, мен өлермін,
Құса болып бармасам енді өлермін.
«Өледі» деп тілеме мені, шеше,
Есен болсам, мен қайтып бір келермін.
—Асқан тауы бір қиын бел-ді, балам,
Ерте кеткен таппассың елді, балам.
Айтсам, тілім алмадың, ей, жүгірмек,
Кетсең, сірә, сен жоқсың енді маған.
—Дүниеден осылай өтпен, шеше,
Қалай қусам мен осыған жетпен, шеше?
Қарабайдан хақымды алғаннан соң,
Қайтіп саған бір келмей кетпен, шеше?
380
390
400
24
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Тәңір шешер көңіліңе хақың, балам,
Ерте болар малыңды бақсаң, балам.
Тілімді алмай барасың, әй, жүгірмек,
Енді маған сен жоқсың, кетсең, балам.
—Артылған соң тоқтамасын көшім, шеше,
Еш қайғырар жоқ менің достым, шеше.
Енді бұлай болған соң кеткенім-ақ,
Көріскенше күн жақсы болсын, шеше!
—Ай-һай,балам, ай, балам, кетемісің,
Кетіп мені сергелдең етемісің?!
Ақ сүтімді сауармын көкке, балам,
Менен кетіп мұратқа жетемісің?
—Ақылымды өзіме салма, шеше,
Баяндай қыз Алашта бар ма, шеше?!
Жақсы жолға барайын деп тұрғанда,
Жаман сөзді аузыңа алма, шеше!
—Ала тұрған Баянды сен бе, балам,
Сенің жұртың бұл сенен ел ме, балам.
Айтсам, тілімді алмадың, ей, жүгірмек,
Барғаныңнан, қайтейін, келме, балам!
—Сәнаменен сарғайып іші толсын,
Естірткен сол тазша байғұс болсын.
Ақ сүтіңді емгенім сенің, шеше,
Маған деген қарғысың алғыс болсын.
—Ай-һай, балам, ай, балам, менен кеттің,
Құлазыған көңілімді тентек еттің.
Ақ сүтімді сауармын көкке, балам,
Еш қызығын көрмейше өнер еттің!
Қақылдайды, қақсайды жазған бала,
—Қақсасаңда, ей, шеше, жоқпын саңа.
Үшбу жолда сен мені қарғай бердің,
Емшегіңнің ақ сүті аруланбай.
410
420
430
24
25
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
Шешесі қалған жеріне бір айналып келіп, ат сұрағаны
—Құдай маған қоймады ат,—деді-дүр
Қылған екен атам маған бір бата,—дейді.
Құдай қосқан жарымды іздер едім,
Қандай атты мінейін, апа?—дейді.
—Есен-аман, Қозыекем, жүре көрші,
Жарыңменен бір ойнап күле көрші.
Жүгеніңді шылдырлат, жаным балам,
Қарағанын бетіңе міне берші.
Қонған жері ауылыңның қап-қараған,
Мың жылқыны шұбыртып ат қараған.
Мың жылқыдан бір жылқы қарамады,
Қозыкүрең жаман тай жалт қараған.
Қозыкүрең жаман тай қарап тұрды,
ұстай алып мойнынан жүген ұрды.
Мың жылқыдан бір жылқы қарамады,
Жойқансыздың тұқымы қайда құрыды.
Жүгендесе жаман тай құнан болды,
Ақыр заман, қараңғы тұман болды.
Ерте кеткен Баянды іздеймін деп.
Не басыңа сенің [балам] лаң болды?
Ерте ерттесе, құнан дөнен болды,
«Құдай сақтағаннан» деген болды.
«Ерте кеткен Баянды іздемейін,
Баяндай қыз бар ма екен мұнда да оңды?».
Өзі мінсе, дөнені бесті болды,
Сәнаменен сарғайып іші толды.
Ей, Жасаған жар Құдай, өзің оңда,
Көргенім жоқ бұрын еш мұндай жолды.
Бір сөз айтса, түгел жұрт мат болыпты,
Алты жасар бестісі ат болыпты.
440
450
460
26
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Қозыекемнің сорына, азаматтар,
Бірге жүрген Қарабай жат болыпты.
Жүреді екен Қозыеке сөзге қанып,
Құдай қойды көңіліне қайғы салып.
Енді іздемек болыпты Баянды,
Арымас ат, таусылмас азық алып.
Қозыекеме жиылды жұрты дулап,
Азаматым, тұра тұр мұны тыңдап.
Күн көремін деп жүрген жалғыз ұлдан
Қайран ана айырылып қалды жылап.
Қозы Күрең астына мінді дейді,
Құрсай садақ беліне ілді дейді.
Періштелер түсіне аян беріп,
Қосыларын Баянға білді дейді.
Қозы Күрең мінді де кетті дейді,
Көл-дарияның бойына жетті дейді.
Көл-дарияның бойына жеткеннен соң,
Көпір салып үстінен өтті дейді.
«Әуре-сарсаң, Құдайым, не етіп едің,
Әурешілік жолменен кетіп едім.
Жүрген сайын жолыма кесір қылып,
Ау, Жасаған Құдайым, не етіп едім?!»
—шөлден жүрме, Қозыекем, атың сусар,
Баянға қыз Алаштан қайдан ұқсар.
Бір бөгеттен құтылып бара жатса,
Қиқулының қырық бөрі болды душар.
«Үш уақытта Аллаға жүрдім жылай,
Әуре-сарсаң, Құдайым, қылдың былай.
Бір бөгеттен құтылдым деп едім ғой,
Тағы да аңдып жүр ме едің мені, Құдай?!»
470
480
490
26
27
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
Жұрт жақтырып сөзімді қолқалаған,
Қайғырмаңыз өткен соң енді оған.
«Қайтатұғын бір амал болар ма» деп,
Қасқыр болып шешесі доталаған.
Ғазірейіл келіпті жаппар-фәрмен,
Бір басыңа зор келсе, жаның қарман.
Енді өзің жаратқан пендең еді,
Әу, Жасаған, болмаса кетті дәрмен.
Кете алмайды Қозыекем үйге қайтып,
Сарсаң қылды сол тазша қайдан айтып!
Қиқулының қырық бөрісі келсе жетіп,
Қырық кез оқпен кетіпті бір-бір атып.
Қозы Көрпеш іздеді ауған елді,
Алла Тағалам жаратты асқар белді.
Бір бөгеттен құтылып бара жатса,
Асқаралы бір тауға тағы келді.
Арымас ат, жыртылмас тон қылыпты,
Таусылмастай азығын мол қылыпты.
Асқаралы тау душар болса алдынан,
Қылышпенен шапқылап жол қылыпты.
Жалғыз туған бір ұлдан ел қашыпты,
Асқаралы көрмеген тауды асыпты.
Бір бөгеттен құтылып бара жатса,
Он екі айлық қырық күн шөл басыпты.
Сарсаң болды Қозыекем үйден кетіп,
Он екі айлық, қырық күн шөлден өтіп.
Он екі айлы, қырық күн шөлден өтіп,
Ел шетіне Қозыекем келді жетіп.
«Үш уақытта сиындым, Алла, саған,
Мұндай қатты азапты қылдың маған.
Бір бөгеттен құтылдым, өзің оңла,
Ендігіден сақтай гөр, Құдай тәубам!»
500
510
520
28
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Қозы Күрең мінді де, желді дейді,
Жаңа тапты Қозыекем елді дейді.
Айдалада қайғырып келе жатса,
Бір кемпірдің қасына келді дейді.
Жаңа тапты Қозыекем елді дейді,
Бір кемпірдің қасына келді дейді.
«Әлдеқалай бұ да бір адам-ды» деп,
Қол қусырып сәлемін берді дейді.
Кемпір берген сәлемін алды дейді,
Ол бір сәна көңіліне салды дейді.
Қол қусырып Қозыекем сәлем берсе,
Таң-тамаша сол жерде қалды дейді.
—Көкірегің қайғылы, көңілің жарық,
Келесің қайсы жақтан, атың арық.
Атың арық, өзің аш, қаңғып жүрген,
Жаным, қалай адамсың жүзің сарық?
—Мен алыстан келемін қиуадан,
Ата ғұрпын білмеген болдым надан.
Қалайымды сұрайсың, ау, енеке,
Әуре қылған Құдайым мен бір адам.
Хаса мырза Қозыекем депті дейді,
Киік атып, аң етін жепті дейді.
—Атың арық, өзің аш, қаңғып жүрген,
Жаным, қалай адамсың депті дейді.
—Мен үйімнен шыққалы алты ай болды,
Мінген атым астымда тайдай болды.
Естідің бе, білдің бе, ау, енеке,
Қарабайдың ауылы қайда болды?
—Жалғыз ешкім білмеді келгеніңді,
Мен де айтайын өсітіп білгенімді.
Қарабайдың ауылын көрсетейін,
Бастап, балам, айт сана бір жөніңді.
530
540
550
28
29
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
—Талай нәрсе түседі көңілімізге,
Көп кейітпей айт сана енді бізге.
Атым арып, жолаушы кейіп келдім,
Қарабайдың ауылын көрдіңіз бе?
—Көрсетейін, саспай тұр, елді, балам,
Расыңды айт сана енді маған.
Қарабайдың ауылын сұрай беріп,
Мұнша сұрап Қарабай нең-ді, балам?
—Қамшыласам жүрмейді атым тосаң,
Ене, менің сорыма болдың қасаң.
Көп кейітпей айт сана енді бізге,
Қарабайдың ауылын көрген болсаң.
—Біле алмадым Қарабай әлдеқайда,
Әлі де болса атың мен тоның сайла.
Арып-ашып, әй, балам, мұнша іздеп,
Не қатты ісің бар еді Қарабайда?
…
*
Құдайдан жоқ екен тым-ақ тәтті,
Іздеймін деп, енекем, сілем қатты.
Білмесеңіз, енеке, енді айтайын,
Қызы бар ма үйінде Баян атты?
—Жаңа жетіп келесің елге, балам,
Қатты жүріп атыңды желме, балам.
Қарабайдың ауылын сұрай беріп,
Сарыбайдың жалғызы—ол сен бе, балам?
—Аягөзді жағалай бітер қайың,
Өксіп болған Баянды уатайын.
Қарабайдың ауылын көрсет сана,
Біратола атымды суытайын.
—Жер-дүниені келдің сен түгел құртып,
Қарабайды қалыппын мен де ұмытып.
Жаным балам, бұлай бір қарай түсші,
Көріне ме ештеме қарауытып?
*
Бір сөз танылмады
560
570
580
590
30
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Ене, мені жамандап табалама,
Құдай әуре қылғандар оңала ма?
Қарауытып бірдеме көрінеді,
Қарабайдың ауылы сол бола ма?
—Қарабайды сұрадың мұнда келе,
«Тұр» деп әуре қыласың мені неге?
Әбден болжап қарашы, жаным балам,
Қара мола, қара адыр көріне ме?
—Қара мола, қара адыр көрінеді,
Көрсеткелі енекем ерінеді.
Қара мола, қара адыр көріп тұрмын,
Қарабайдың жайлаған жері ме еді?
—Қара мола, қара адыр көріне ме?
Сен тұр деп әуре қыласың мені неге?
Қара мола көрінсе, бойы оның,
Қара адыр көрінсе, қойы оның.
—Қара мола көрінген—бойы ма оның?
Қара адыр—жайылған қойы ма оның?
Қара мола, қара адыр көріп тұрмын,
Қай жағынан жүремін енді соның?
—Сен қайдан тауып келдің мұнда ғана,
Жайлаушы еді сол жерді жылда ғана.
Қара адырды қақ жарып, жаным балам,
Сол молаға барғайсың тура ғана.
—Сізден басқа жұрт маған ел емес-ті,
Қарабайдың қылығы жөн емес-ті.
Әлі менің ақылым жеткен жоқ-ты,
Әй, ене-еке, тауып бер бір кеңесті.
—Жеткіншектен айырылған жер таянды,
Қылған ісің, Қозыекем, жұртқа аян-ды.
Алтын күйме ішінен шығушы емес,
Енді қайтсең көрерсің сол Баянды.
600
610
620
30
31
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
—Мың жылқыдан мініппін ат шабанын,
Құдай, сірә, қоспасын жар жаманын.
Әлі менің ақылым жеткен жоқ-ты,
Сен таба гөр, енеке, бір амалын.
«Қозы Көрпеш құл болып түсер қойға»,
Сөйтер ме деп жігіттер келеді ойға.
—Жұмыршақты басыңа кие салып,
Тазша болып барғайсың Қарабайға.
—Тауды, тасты күңірентер жел ескенде,
Баян қайда жүреді ел көшкенде.
Барғаннан соң Қарабай бір сөз сұрар,
Не деп жауап берейін сөйлескенде?
—Жасағанның ісіне жоқ-дүр шараң,
Мен қайтейін, оңласын Алла Тағалам.
Барғаннан соң Қарабай сөз сұраса,
Кісілікке жүремін дей гөр, балам.
Тартады екен Қозыекем күйді дейді,
«Енді қайтіп көрмен-ді үйді» дейді.
Бір тоқтыны сол жерде соя салып,
Жұмыршағын басына киді дейді.
—Есен-аман баламды келтіргейсің,
Қодар құлдан өзгесі не етер дейсің.
Зиян келсе, а, балам, содан келер,
Ебін тапсаң, Қодарды өлтіргейсің.
—Енеке, Қодар бізді не етер дейсің?
Өстіп менің дүнием өтер дейсің.
Өзгесінен сақтасын бір Құдайым,
Есіктегі Қодар құл не етер дейсің?
—Сен, сірә, барар болсаң енді үйіне,
Қарабайдың құлдары талай неме.
Қисық құлын кәпірдің не деп болмас,
Асы болып Құдайға, олай деме.
630
640
650
32
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Тазша болып Қозыекем кетті дейді,
Аягөзден сал байлап өтті дейді.
Әншейін-ақ қаландар адам болып,
Қарабайдың еліне жетті дейді.
Қарабайдың қасына келді дейді,
Тәңір салған ісіне көнді дейді.
Қарабайдың қасына келіп тұрып,
Қол қусырып сәлем берді дейді.
—Уағалайкүм,—Қарабай,—сәлем,—дейді,
Мен көрмеген бұ қалай адам?—дейді.
Атың арық, өзің аш, қаңғып жүрген,
Жаным, қалай адамсың, балам?—дейді
—Ел ішінде қаңғырған мен бір ғаріп,
Келіп едім алыстан атым арып.
Күн көрейін деп едім, әй, атеке,
Сіздей ғана біреудің малын бағып.
—Ақылыңды білмеген баламысың,
Енші бөліп берейін, аламысың?
Мен де өзіңдей перзенттен кемтар едім,
Маған бала, жарқыным, боламысың?
—Қарабай ата-еке, кез болып келдім саған,
Өзіммен туысқан жоқ еді ағам.
Әлі де болса сізге де болайын да,
Сізден артық табылмас маған адам.
—Жылқы бақсаң, міне көр қара жалдан,
Еш зиян көрмессің кемпір-шалдан.
Өз еркіңе салайын, жаным балам,
Сүйгеніңді баға гөр мынау малдан.
—Келе жатып мен өзім ойлағанмын,
Ойлап-ойлап ой түбін қоймағанмын.
Өз еркіме салсаңыз, ай, атеке,
Жаныма тыныш, әйтеуір, қой бағамын.
660
670
680
32
33
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
—Қартайғанда мен қойды бақтым,—дейді,
Тазша, жаңа жаныма жақтың,—дейді.
Үйге барып Қарабай қуаныпты:
«Мен бір қойшы, жігіттер, таптым» дейді.
Бүгінгі өткен нешесі туған айдың,
Еш қадірін білмейді Баян байдың.
Бір Баянның дертінен, азаматтар,
Алты ай қойын бағыпты Қарабайдың.
Бай болыпты Қарабай мыңғырыпты,
Қозыекемді алып келіп құл қылыпты.
«Бұған да енді бір амал табайын» деп,
Бір тоқтының аяғын сындырыпты.
Қойға мінген қара атан бақырады,
Қозы Көрпеш шыңғырып, ақырады.
«Мұрындары зерлі қой қалды» деп,
Қозы Көрпеш дауыстап шақырады.
шыңғырады бір адам, қата ма екен,
«Тыңдаңдар, балаларым, тазша ма екен?»
Со тазшаның аяғын сындырғаны—
Асыранды Баянның тоқтысы екен.
Қарабайдың жайлауы Телікөл-ді,
Ауыл көшсе, сол Баян жорға мінді.
«Мұрындары зерелі қой қалды» деп,
Жорғасымен қайырылып Баян келді.
—Алты қанат ақ орда қалады тұл,
Өз-өзінен не қылып сынады бұл?
Денем сүйген тоқты еді қойдағы бір,
Мұны не қып сындырдың, шұнамыр құл?
—Бұрын, сірә, көрмедің мендей құлды,
Мұнша да әуре қылдың ба мен бір сұмды.
Менен көрме, ақ Баян, Құдайдан көр,
Бұ тоқтының аяғы өзі сынды.
3-0137
690
700
710
34
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Таңдырайын, мұны кім жейді,—дейді,
Денем сүйген бір тоқты еді,—дейді.
Үйге алып Қодарға таңдырайын,
Өңгерт былай, шұнақ құл,—деді дейді.
Қозы Көрпеш көңіліне қайғы салды,
Бір Баянның дертінен бақты малды.
Көтере алмаған тоқтыны кісі болып,
Оң жағынан санынан шымшып алды.
—Асықпай тұр, бедірек, қаның тасса,
Жіміре қыл да іше бер, қарның ашса.
Қойға келген жерімде ондай етіп,
Менің теңім сен бе едің, шұнақ тазша?
—Мұндай тиіп жұмсама құлды, Баян,
Құдай әуре біздерді қылды, Баян.
Әй, аулақта сұрайын осындайда,
Құдай қосқан қосағын кім-ді, Баян?
Баян әрмен жөнеліп кетті дейді,
«Сірә, қалай осы адам?» депті дейді.
Яғни тазшаның айтқан сөзі
Көкейіне Баянның өтті дейді.
Қозы Көрпеш құл болып, қойға түсті,
Жасағанның қылығы сондай күшті.
Бұрын, сірә, ештеме білмейді екен,
Енді Баян ішіне пікір түсті.
Амал тауып Баянға бара алмады,
Жақындатып қасына ала алмады.
Алты ай қойын бақса да Қарабайдың,
Содан артық ештеме таба алмады.
Қойды тастап, Қозыкем жылқы бақты,
Қарабайдың жанына жаңа жақты.
Көгал жерге желіні тартып барып,
Жұмырықпен қазықты бір-ақ қақты.
720
730
740
750
34
35
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
Жылқы түнде кете-дүр жер дүниеге,
Қайтара гөр, Қодар құл, дүлдүл мін де.
Қарабайдың жылқысын сол алпыс құл
Әзер түгел қылады алпыс күнде.
Тазша ғаріп кетіпті ерте тұрып,
Айқай сала-дүр тазша иттей ұлып.
Баға алмаған жылқысын алпыс құлдың
Бір-ақ өзі келіпті түгел қылып.
Жылқы жаяр Қозыекем айқай салып,
Құрығына шығдасын байлай салып.
Жалғыз жылқы қалмастан жиылыпты,
Келді дейді ауылға айдап алып.
Оны естісе алпыс құл арланады,
Жылқы баққан бір тазша зарлатады.
Ол тазшаның, жігіттер, қылығына
Үйде отырып Қарабай таң қалады.
Қозы Көрпеш бір нені ойлайды-мыс,
Тимесе де, Қодар құл қоймайды-мыс.
Қозыекеммен жылқыға бара жатып,
Аударыспақ алпыс құл ойнайды-мыс.
Қозыекеме алып келіп мал бақтырды,
Мал баққанын тазшаның жұрт жақтырды.
Аударыспақ алпыс құл ойнасқан соң,
Әрқайсысын әр жаққа лақтырды.
Өткен іске өкініп біз не етелі,
Айтып-айтып мұратқа бір жетелі.
Ат үстінен Қозыекем лақтырса,
Алты құлаш түсіпті құл көтені.
Қозы Көрпеш жарына жаңа жеткен,
Арасында Қодардың ниеті кеткен.
Түсіп қалған көтенін саламын деп,
Ептей алмай кұлдардың есі кеткен.
760
770
780
36
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Қозыекем мен Қодар құл жақ ойнайды,
Жеңілсе де қоймайды, тағы ойнайды.
Суға алып барып батырса Қозы Көрпеш,
«Мен өлдім» деп Қодар құл ойбайлайды.
Айдалада алпыс құл қорласыпты,
Айдалаға шыққан соң сырласыпты.
Айдалаға шыққан соң сол алпыс құл,
Бір тазшамен алыспақ ойнасыпты.
Қозы Көрпеш—бір байдың мөлдір көзі,
Сірә, қата кетпейді айтқан сөзі.
Айдалада алпыс құл ойнасқан соң,
Алпыс құлды басыпты бір-ақ өзі.
Қозы Көрпеш сол құлдан жас-ты дейді,
Арақ ішкен Қодар құл мас-ты дейді.
Айдалада алпыс құл ойнасқан соң,
Алпыс құлды бір тазша басты дейді.
Тұс-тұсынан алпыс құл алаң қылды,
Бір тазшаның жанына жаман қылды.
Алпыс құлдың алпысын жығып тұрып,
Ең астына салыпты Қодар құлды.
Бұл тазшада кайғы бар мұңды дейді,
Бір-ақ өзі басыпты құлды дейді.
—Жаңа келген, ей, тазша, тұршы—дейді,
Түгел менің қабырғам сынды,—дейді.
Сірә, Қодар жүрмейді көтін қысып,
Осындайда қояйын мықтай түсіп.
«Қодареке, тұрайын» деген болып,
Басып-басып қойыпты нықтай түсіп.
Тазша бала болар ма мұндай мықты,
Алпыс құлды бір өзі басып жықты.
Қодар айтады тазшаға:—Тұршы жылдам,
Ай, уәй, менің көтімнен боғым шықты.
790
800
810
36
37
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
Тазша ғаріп үстінен тұрды дейді,
Қыран-топан кұлдарды қылды дейді.
Ең астында Қодар құл күрсінеді,
«Құдай мені, жігіттер, ұрды» дейді.
Тазша тұрып, армаған кетті дейді,
Қыран-топан кұлдарды етті дейді.
Енді бір айналып Қозыекем кайтып келіп,
—Қодарекем, күрсініп нетті?—дейді.
—Мұны тазша бұ маған қылған сөйді,
Құдай мені, жігіттер, ұрған сөйді.
Бір отырған орнымнан қозғалтпады,
Түгел менің қабырғам сынған сөйді.
—ыңқылдайсың, бір жаман дерт болды ма,
Мұнша алысып біздерге серт болды ма?
Бір отырған орныңнан қозғала алмай,
Қодареке, бір жерің мерт болды ма?
«Тұр» десе де жатады, сірә, тұрмай,
Айтса, тілді алмайды тазша сұмырай.
—Түгел менің қабырғам қиратылды,
Жазылмаса, ау, мені ұрды Құдай.
—Тазша бізді немене етер дейсің,
Әлі қайтіп тазшаның жетер дейсің.
Қалжа жесең, жазылар жатып-тұрып,
Қодареке, қабырғаң не етер дейсің.
Он сан ноғай жиылып жиын етеді,
Ол жиынға жиылып жұрт кетеді.
—Өкпе-бауыр алып келіп берейік,—деп,
Тазша, малға берік бол,—деп кетеді.
Адам қалмай, жиынға жұрт кетіпті,
Ала тайға, жігіттер, тіл бітіпті.
—Күн жайлатып бір амал таба гөр,—деп,
Қозыекеме сол жерде үйретіпті.
820
830
840
38
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Астын-үстін күнді сол жайлатыпты,
Алып келіп биесін байлатыпты.
—Тағы да бір амалын тауып бер!—деп,
Ала тайға сол жерде ойлатыпты.
—Астын-үстін боран кыл опыр-топыр,
Аңлағанға, Қозыекем, ісін білдір.
«Мына малың қырылды, жаным бике» деп,
Елден бұрын кел дағы мені сыпыр.
Сүй дейді де ала тай қалды дейді,
Жүгіріп үйге Қозыекем барды дейді.
—шапшаңырақ тұра гөр, жаным бике,
Мына малың қырылып қалды,—дейді.
Сол Баянды оятып алды дейді,
Ала тайға жүгіріп барды дейді.
Ала тайға жүгіріп барған екен,
Достарыңызбен бөлісу: |