3-қадам. Кестені барлық кестелермен байланыстыру мүмкіндігін беретін терезе
ашылады. Программа барлық кестелерге кілттік өрістері бойынша талдау жасайды. Егер
олардың ішінде осы құрылып жатқан кесте өрістерімен аттас өрістері бар кестелер
кездессе, онда оларды осы жаңа кестемен байланыстырды. Ал, егер ондай кестелер
табылмаса, онда бұл терезеде олардың атаулары алдына байланыспаған сөзі тіркелген
тізім көрінеді. Кестелер арасындағы байланысты құрастырушы өзі анықтауына болады.
Ол үшін байланыстар түймесін шерту керек. Байланыс жұмысы аяқталған соң, Әрі қарай
түймесі басылады.
4-қадам. Шебер жұмысы аяқталғаннан кейін орындалатын мынадай үш режимінің
бірі таңдалады. Кестелер құрылымые өзгерту, мәліметтерді кестеге тікелей енгізу,
мәліметтерді Шебер көмегімен құрылған форма арқылы кестеге енгізу. Мұндағы бірінші
жағдайда жаңа кесте үшін құрастырушы режимі ашылады, екінші жағдайда ол кесте
түрінде ашылады (негізінде, бүл режимде МБ терезесіндегі Ашу түймесі арқылы
көшеді), ал үшінші жағдайда жаңа кесте үшін шебер қарапайым форма құрастырады
(қажет болса, оны сақтауға болады).
Терезеде осы режимдердің қажеттісі таңдалған соң Дайын түймесі басылады.
Сонымен, Дайын түймесі басылғаннан кейін кесте құрастыру жұмысын толық аяқтап, 4-
қадамда
таңдалған
режим
бірінде
жаңа
кестені
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: