Ms access деректер базасы. 1 Деректер базасының құрылымы



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата05.12.2022
өлшемі361,11 Kb.
#55015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Документ 1

2. Кестелер және оны құру 
Кестелер – МБ-ның негізгі объектілері. МБ жасау 
алғашында кестені құрудан басталады. Ал, кестеде оның өрістері және өрістердің 
типтері мен қасиеттері анықталады. Бұл МБ терезесіндегі Құру түймесін басудан
басталады. Содан 2.1-суретте көрсетілген Жаңа кесте сұхбат терезесі ашылады. Бұл 
терезеде жаңа кесте құрудың бірнеше тәсілдері көрсетілген 
2.1. Кесте режимі 
Жаңа кесте терезесінде Кесте режимі тәсілін таңдап, түймесін басқару арқылы 2.2-
сурет 
кесте 
ұлгісін 
аламыз. 
2.2-сурет. Кесте режиміндегі кестені редакциялау терезесі. 
Осындай қолдануға дайын кесте жасалған соң, қолданушы орын толтырумен 
айналысады. Кестені информацияны толтырмас бұрын оның өрістеріне мағынасы бар
жаңа атаулар беріледі.Ол үшін тышқан курсорын өріс тақырыбына алып арып, тышқан 
түймесін екі рет шертіп, өріс атауын клавиатурадан теру керек. Ал мұндай өрістердің 
типтері, өзіне енгізілген информацияға байланысты. Автоматты түрде анықталады (өріс 
типтері туралы келесі тақырыпта айтылған). 
2.2-суретте көрінген терезенің бірінші жолында, WINDOWS терезелері сияқты
оның тақырыбы және Қысу, Ашу, Жабу түймелері орналасқан. Олардың қызметтері 
Windows терезелеріндегідей. Терезенің оң жақ шекарасында да жазбалар бойымен 
жоғары-төмен жылжу түймелері орналасқан тақта бар. Ал оның соңғы жолында 
жазбалар бойымен жылжыту түймелері, жазбалардың жалпы саны және жазба бойымен 
оңға және солға жылжу түймелері орналасқан. Мұндағы жылжыту түймелерінің 
қызметтері 
мынадай: 
• - ең бірінші ең соңғы жазбаға өту; 
• - курсор алдындағы кейінгі жазбаға өту; 


• - N нөмірлі жазбаға өту, мұндағы нөмір клавиатурадан енгізіледі; 
• - жаңа жазбаға өту. 
Мысал: 16-27 тобының төмендегідей түрде берілген қысқы сессия мәліметтері мен 
Access – те жаңа кесте толтыру керек болсын. 
Аты-жөні 
Информатика Физика 
Матанализ 
Геометрия 
1 Алдырбаева Бану 




2 Айтбозова Қарлығаш 




3 Амирханов Бақытгүл 




4 Дүсебаева Жанар 




5 Жұматаев Бақыт 




6 Шығарбай Айгүл 




7 Уалиханова Забира 




Оны орындау алгоритмі мынадай: 
1. МБ терезесінде Кесте тапсырмасын бір шерту керек. 
2. Осы терезедегі Құру түймесін шерту керек. 
3. 2.1-суретте көрсетілген терезеден кесте режимін таңдау керек. 2.2-суретте 
көрсетілгендей кестеде өріс атауларын 
нақтылау керек.(1-аты-жөні;2-информатика;3-физика;4-матанализ;5-геометрия). 
4.Өріс атаулары жазылған бағандарға сәйкес мәліметтерді 
клавиатурадан теріп енгізу керек. 
Енді кесте толтырылды деп есептеліп, терезені жабу 
түймесі басылсын. Сонда экранға кестені жабуды растайтын, сонан соң оған атау 
сұрайтын және кілттік өріс анықтайтын сұхбаттық терезе шығады. Соңғы терезе 2.3-
суретте көрсетілген. Оған “Иә” деп жауап берген дұрыс. Сонда кестеде кілттік өріс 
пайда болады.Оның Қою деп анықталады да, онда жазбалар нөмірлері сақталады.Кесте 
жаңа жазбалар енгізгенде кілттік автоматты түрде толтырылады. 
2.3-сурет. Кестеде кілттік өріс құруға мүмкіндік 
беретін сұхбаттық терезе 
Жалпы алғанда кесте бірегей немесе кілттік өріс анықталуы мүмкін.МБ-мен жұмыс 
істеу кезінде берілген енгізуді мүмкіндігінше аз қайталау талап етіледі. Егер қандай да 
мәліметтер бірнеше рет қайталап енгізу керек болса, онда МБ-ы бірнеше байланысқан
кестелер құру керек. Олардың құрылымдық жеке-жеке анықталып, арасындағы 
байланыстарды сенімді жұмыс істеу мен қадайда бір кесте жазбасы бойынша екінші 
кестедегі жазбаның бір мәнді табылуы мақсатында, арнайы өрістері болуы қажет. Ондай 


өрістерді бірегей өрістер деп атайық. Сонымен бірегей өріс мәндері қайталанбайтын 
өріс. Егер кестеде ешбір бірегей өріс болмаса, оны қолдан жасауға болады. Мысалы, 
шифр өрісін анықтау арқылы. Бірақ, мұндай өріс жазбалары қайталанып келуі мүмкін. 
Яғни, жазбалар саны көбейген жағдайда шифрлардың әр түрлілігін қадағалау қиынға 
соғады. Сондықтан, бірегей өрістегі жазбалар қайталанған жағдайда компьютер сигнал 
беретіндей болғаны жөн. Міне, осы мақсатта кілттік өрістер құрылады. Кілттік 
өрістермен программа ерекше жұмыс жасайды. Олардың бірегейлілігін бақылап 
отырады және кестені сол өрістер бойынша жылдам сорттай алады. Сондықтан Access-
те кесте құрылымын анықтау кезінде оның өрісін кілттік өріс етіп алу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет