Ms access деректер базасы. 1 Деректер базасының құрылымы



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата05.12.2022
өлшемі361,11 Kb.
#55015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Документ 1

2.2. Конструктор режимі 
Конструктор режимін іске қосу үшін Жаңа кесте терезесінде Конструктор тәсілін 
белгілеп, ОК түймесін басу керек. Сондай-ақ, Конструкторда бұрыннан бар кестенің 
құрылымын өзгерту кезінде де, қажетті кестені белгілеп, Конструктор түймесін шерту
арқылы 
осы 
режимді 
қосуға 
болады(2.5-сурет). 
2.5-сурет.Кесте конструкторының терезесі. 
Бұл терезеде кесте құрылымын қарастырушы өзі анықтайды. Терезенің жоғарғы 
бөлігінде өріс атауларын, олардың типтерін және сипатын анықтау керек. Мұндағы
сипаты деген бағанды толтыру міндетті емес. Өрістің типін анықтау үшін мәліметтер 
типі бағанадағы сәйкес ұяшықты шерту керек. Сонда белгіленген ұяшықтың оң жақ 
шетінде тізім символы () пайда болады.Символды шертіп, ашылған тізімнен қажетті 
типті таңдау керек. Таңдалған типтің қасиеттері кестенің төменгі жағында бланкіде 
анықталады. Мұнда да тізім символын пайдаланып, қажетті қасиетті таңдауға болады. 
Өрістің берілген қасиеттеріне байланысты өріске қарағандағы мәліметтер енгізуге 
болатындығы анықталады. Кез-келген өрістің негізгі қасиеті – оның ұзындығы. Осы 
ұзындыққа байланысты өрістің қанша информация сиятыны анықталады. Символдар 
бит немесе байтпен кодталатынын ескерсек, өріс ұзындығы да байтпен өлшенеді деп 
есептеледі. 
Кез-келген өріске тән өзіндік қасиет –оның қолтаңбасы (подпись). Қолтаңба - өрістің 
тек қана формаларда бейнеленетін арнайы атауы. Оны өріс атауымен шатастыруға
болмайды. Әр түрлі өрістерге бірдей қолтаңба берілуі де мүмкін. Бұл жағдай, өрістің 
атаулары әр түрлі болғандықтан, компьютер жұмысына кедергі жасамайды. Жалпы, 
қолтаңбаны барлық уақытта анықтау міндетті емес. Оны өріс атауына қарағанда толық 
болғандықтан пайдалы деуге болады. 
Өрістің әр түрлі типтеріне сәйкес әр түрлі қасиеттер анықтау мүмкін. Типтер 
тізіміндегі әрбір типке қысқаша мәлімет берейік: 
1. Текстік тип. Текстік информацияларды енгізу үшін қажет. Оның негізгі қасиеті- 
өлшемі, ол 256 символдан аспайды. 
2. Сандық тип. Сандық берілгендерді енгізу үшін қажет. Осы тип өрістің өлшемін 
бірнеше нүсқалардан таңдауға болады: бүтін, разрядты бүтін,жылжымалы 
үтірлі. Бүтін сандар – 32768 бен 37 аралығында,көп разрядты бүтін сандар – 


2147483648 бен 2147483647 арлығында және жылжымалы үтірлі сандар 
1.4012945 пен 3.402823Е38 аралығында анықталған болу керек. Нақты сандар 
енгізілетін өріс үшін санның бөлшек бөлігінің өлшемі берілуі мүмкін. 
3. Күні/уақыты типі. Күні мен уақытын енгізу үшін қажет. Типтегі өріс форматын 
алдын-ала таңдап алған дұрыс. Өріс форматының мүмкіндіктері:күнінің толық 
форматы (мысалы, 3.0:09:00:12); қысқа форматы (мысалы, 12.07.74); орташа 
форматы (мысалы, 31-окт-87); ұзын форматы (мысалы, 21 мая 1986г.). 
4. Логикалық тип. Тек қана екі логикалық мәні бар (Иә/жоқ, ақиқат/жалған, т.с.с.) 
берілгендерді енгізу үшін қажет. Оң мәндерінің жазылу түрі өріс 
форматындағы берілген тізім таңдап алынады. Қай формат таңдалса да кестеде 
логикалық жалаушалар жиынтығымен кескінделеді. Жалаушаны тышқанмен
шертіп иә мәні белгісін орнату арқылы,ал жоқ мәні қалдырылу арқылы 
енгізіледі. 
5. Ақшалай тип. Ақшалай көрсетілген информацияларды енгізу үшін 
қажет.Жалпы, оларды сандық типтегі өріске де енгізуге болады, дегенмен осы 
аталған типте жұмыс істеу ыңғайлы. Өріс форматындағы тізімнен қажетті ақша 
бірліктерін таңдауға, олардың шаблонын беруге болады. 
6. Есептегіш тип. Жазбалар кодын анықтау үшін қажет.Олар кәдімгі сандық 
тип,бірақ оның мәндері автоматты түрде өсіп отырады. 
7. OLE типі. Басқа программалардағы объектілердің енуі үшін қажет. Ол үшін 
OLE хаттамасын пайдаланып, таңдалған объектіні берілгендер алмасуы арқылы 
өріске кірістіру керек. Мұндай объектілер қатарына графикалық файлдар 
жатады. 
8. MEMO типі. Өлшемі 256 символдан артық текстерді енгізу үшін қажет. Мұндай 
типтегі өрісте 655354 символға дейін информацияны сақтауға болады. Оның 
ерекшелігі, өрістегі информациялар басқа бір жерде сақталып, ал өзінде сол 
информациялардың қайда орналасқанын анықтайтын көрсеткіштер сақталады. 
9. Орналастыру шебері – кестелер арасындағы байланысты орнататын шеберді 
іске қосу командасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет